Дәріс тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу пәні, мәселесі және салалары, негізгі ұғымдары.

ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ

1. Жас ерекшелік психологиясы пәні.

2.Жас ерекшелік психологиясының салалары.

3.Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары.

4.Жас ерекшеліктері психологиясының отандық психологтардың еңбектеріндегі

мәселелер.

1.Даму дегеніміз не? Ол немен сипатталады? Объектінің басқа өзгерістерінен дамудың принципиалды өзгешелігі неде? Объект өзгере алатындығы, бірақ дамымайтындығы белгілі. Осыдан өсу-бұл объекттің сандық өзгерісі, оның ішкі құрылымы және оның құрамына кіретін жекелеген элементтер мен процестердің өзгеруінсіз. Мысалы, баланың физикалық өсуін өлшей отырып, оның сандық өсуін көруге болады. Өсу құбылысы психикалық құбылыстарда да бар. Мысалы, сөйлеу қабілетінің функциясының өзгеруінсіз баланың сөздік қорының өсуі. Осыдан өсу – бұл даму емес, бірақ оның симптомы бола алады.

Жас ерекшелік психология бөлімдері: балалық психология, жасөспірім психологиясы, ересектік психология, қартаю және кәрілік психология немесе геронто психология.

Жас ерекшелік психологиясы басқа ғылымдармен: философиямен, педагогикамен, медицинамен, анатомиямен, және физиологиямен тығыз байланысиы. Сондай-ақ психология ғылымының жалпы психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология сияқты бөлімдермен де тығыз байланысты.

Жас ерекшклік психологиясы келесі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған:

1. Ғылыми – зарттеушілік.Олардың қойылымдары кезінде ғылымпәні әртүрлі деңгейде қарастырылыды: дамудың жалпы заңдылықтар деңгейінде және өмірдің жекелеген кезеңдерінде олардың спецификалық көрініс беруінің деңгейінде.Бұл мәселелер объект пен зерттеу пәні аса толық және терең түсінуге бағытталған.

2. Диагностикалық. Олар адам дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның сипаттарының индивидуалды және тұлғалы ересектік дәрежесін бағалауға және білуге, әртүрлі жастағы адамдардың психикалық дамуындағы әртүрлі ауытқуларды бағалауға, психикалық дамудың потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.

3. Коррекциялық. Психикалық дамудағы дефекттерді түзетуге және әртүрлі ауытқуларды тудыратын себептерді алып тастауға бағытталған. Жас ерекщелік психологиясы пәнінің күрделілігіне байланысты психологиялық ғылым тармақтарында әдістемелік тұрғыдан аса бір байы, нәрлісі.

Жас ерекшелік психологиясы пәні- әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын, адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Даму психологиясы психология ғылымының бір саласы,19 ғасырдың аяғында өмірге келген.

Пәнің зерттейтін салалары мынандай: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл салалар оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Зерттеу әдістері:

1. Ұйымдастыру әдістері- салыстыру, лонгитюд, комплексті;

2. Эмпирикалық әдістер- бақылау, өзіндік бақылау, эксперименталды әдістер, психодиагностикалық әдістер( тест, сауалнама, сұрақ-жауап, әлеуметтік өлшем әдісі, интервью, әңгіме);

3.Мәліметтерді өңдеу әдістері- сандық және сапалық талдау;

4.Интерпретациялық әдістер- генетикалық және құрылым әдістері;

Психологиялық дамудың қозғаушы ғылымы бола меңгерген және жаңа мазмұнының арасындағы ішкі қайыршылықтар. Психиканы дамыту проблемасын түсінудегі маңызды мәселе сана мен іс-әрекет бірлігі. Іс-әрекет пен сана өзара тығыз байланысты адамзат іс-әрекетін зерттеу жолдары психикаға анализ жасауға мүмкіндік береді.

Бала дамуындағы қозғаушы оның жас ерекшеліктерін анықтайтын себептер Л.Н.Леонтьев еңбектерінде де қарастырылады. Мысалы: мектеп жасқа дейінгі жаста бала қоршаған адамға тәуелді; олардың талаптармен санасады .Мектепке дейінгі жастан дамудың келесі стадиясына өткенде баланың бүкіл қарым-қатынасы жүйесі өзгереді. Баланың психикасының қалыптасуы тікелей жетекші әрекетпен шарттасады. Жетекші әрекетке байланысты баланың жасына тән психикалық жаңалық болады.Баланың психикалық дамуы проблемасы қазіргі отандық психологиядағы негізгі мәселелердің бірі. Көптеген көрнекті психологтар: П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская т.б. бұл проблеманы шешудің әртүрлі жолдарын көрсетеді.

Дамудың қозғаушы күштері. Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен қарым-қатынасына, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, қоғам мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешіледі. Кейбір қарама-қайшылық жаңа қарама-қайшылықпен ауысады. Егер олардың шешімі табылмаса, дамудың тежелуіне, дағдарысқа әкеп соқтырады. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайларына, қоғамдықмаңызды әрекетке қарай ұмтылады, осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.

Дамудың әлеуметтік жағдайы- әр жас кезеңінің өзіне ғана тән және сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы балалардың өмірі олардың спецификалық өмір мазмұнына толы: қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынасы, белгілі бір жас кезеңіндегі жетекші әрекеттер: ойын, оқу, еңбек. Сонымен бірге әрбір жас кезеңінде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады. Дамудың әлеуметтік жағдайы- бұл бір жас кезеңіндегі ішкі процестердің дамуымен және сыртқы жағдайлардың үйлесімділігімен сипатталады

Жас дамуындағы дағдарыстар. Дағдарыс- бұл бір жастан екінші жас кезеңіне өту кезінде психикада өзгеріс болып, даму секірмелі сипатта болатын өтпелі кезең. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен жиі кофликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді.

Жетекші әрекет- адамдардың белглі бір жас кезеңінде пайда болатын және қалыптасатын, негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.

Жетістіктер- белгілі бір жас кезеңінде ғана пайда болып, сол кезеңдерді басқа кезеңдерден ажыратуға көмектесетін психикалық процестер мне жеке бастағы сапалы өзгерістер.

Жас ерекшеліктері психологиясының отандық психологтардың еңбектеріндегі сұрақтары.

Жас ерекшелігі мен педагогикалық психологияның дамуы мен қалыптасуы тарихында Ресейде К.Д.Ушинскийдің) 1824-1871) еңбектері көрнекті орын алады. Ол, психология ғылымы тәрбие мақсатын анықтау, әдістерді өңдеу, оқыту және тәрбиелеу қортындысын бағалау, педагогикалық тәжірибеге анализ жасау және толықтыру үшін маңыздылығын атап көрсетті.К.Д. Ушинский педагогикалық процесті анықтайтын ғылымдар иерархиясын бекітті. Педагогика, деді ол тек антропологиялық ғылымдар: анатомия, физиология, психология, философия, логика т.б, соның ішінде психологияға сүйеніп тұтас жеке басты тәрбиелеу жоспарын өңдейді деді.К.Д. Ушинский өз жұмыстарында оқу іс-әрекетінде ес, зейін, сөйлеу, ойлау, сезім т.б. психикалық процестердің маңызын атап көрсетті. Ғалым негізгі психологиялық-педагогикалық проблеманы ойлауды дамыту деді. Оның көзқарасы бойынша оқыту қортындысы ойлауға қатысты.Әсіресе, ол салыстыруға көп көңіл бөлді, себебі салыстырусыз түсінік болмайды, түсініксіз білім болмайды.К.Д.Ушинский адамның тұтас психологиялық концепциясын жасады. 19- шы ғасырдың 20-30 жылдарының басында даму психологиясында биогенетикалқ және социогенетикалық бағыттардың күресі күшейе түсті.Осы жылдары психологияның теориялық негіздерінің қалыптасуында көп жетістіктер болды.

Осы жылдары Л.С.Выготский (1896-1934) А.Р.Лурия (1902-1977) А.Н.Леонтьев(1903-1979) психикалық дамудың мәдени-тарихи теориясын өңдеді.

.С Бнготский оқыту мен дамудың өзарақатынасын қайта қарады. Ғалымдардың көрсетуінше оқыту тиімді болады, егер даму бірінші болса.

Әрі қарай жас ерекшелік психологиясының проблемаларын С.Л.Рубинштейн (1889-1960) өңдеді. «Жалпы психология негізінде» психиканы қалыптастыру проблеммаларына жан-жақты тоқталады.

С.Л.Рубинштейн психиканың даму заңы бойынша бала жетіледі және дамиды, тәрбиелеу және оқыту кезінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.

1. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.

2. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.

3. Выготский Л.С. Педагогическая психология.- М.,1991.

4. Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.

Қосымша әдебиеттер:

1. Баркан А.И. Его величество ребенок какой он есть. Тайны и загадки.- М.,1996.

2. Безруких М.М. Знаете ли вы своего ученика?- М.,1991.

3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М.,1968.

4. Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве.- М.,1990.

5. В мире подростка/ Под ред. Бодалева А.А.- М.,1982.

Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық процестерінің дамуы

Жоспары:

1.Бастауыш класс оқушыларының қабылдау ерекшеліктері

2.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ес,елестері

3.Ойлау ерекшеліктері

4.Эмоция,сезім көрсеткіштері

5.Ерік

Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:

1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет;

2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;

3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;

4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.

Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс.

Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.

Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі — оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм, оқылған кітап не әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді, олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі.

Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды ұқыпты орындайды, іс үстінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін қүру, оның орындалу сапасын бақылау, қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру жолымен танымдық әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.

1.Қабылдау Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.

Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.

Сөйтiп, қабылдау — түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.

2.Ес– күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. 1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. 2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан ӛткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда ӛтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды. 3) Сӛздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сӛз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі кӛбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. 4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға кӛмектеседі. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді. Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты кӛрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам кӛп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады. Генетикалық есте хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы беріліп, қайта жаңғыртылады. Ӛмір сүру қызмет атқару барысында нерв жүйесінің ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық және типологиялық ерекшелігі қалыптасады Естің даралық ерекшеліктері. Естің даралық ерекшеліктері біріншіден, жеке адам ерекшеліктерімен байланысты болады. Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Естің жақсы сапаларының бірі - даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. Естің жеке сапалары түрлі үйлесім табуы мүмкін. 1. Ең тәуірі – бірден есте сақтау мен бірте – бірте ұмытудың үйлесуі. Ес ерекшелігі осындай адамдар материалды бірден есте сақтайды; 2. Есте самарқау сақтау бірте – бірте ұмытумен үйлеседі. 3. Бірден есте сақтау тез ұмытумен үйлеседі. Ес сапасы осындай адамдар материалды «тез қағып алып», есте сақтайды. 4. Ең жеміссіз ес самарқау сақтап, тез ұмытумен сипатталады. Есі осындай адамдар жаттауға кӛп уақыт жұмсайды, бірақ қажетті нәтижеге жете алмайды. Естің типологиялық ерекшеліктері. Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, әртістерде – эмоциялық ес жақсы дамыған болса, композиторларда – есту, суретшілерде – кӛру, философтарда – сӛздік – логикалық ес жақсы дамиды. Естің дамуы, сол тәрізді, адамның мамандық әрекетіне де тәуелді, ӛйткені психика әрекет үстінде кӛрініс берумен бірге қалыптасады да.

3.Ойлау Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен біліиді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның нақтылы іс-әрекетімен щарттас блумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т.б.) айтатындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады.

Эмоцияпсихологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі таңда психология ғылымында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Осыған байланысты Э.Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зерттеуін қарастырамыз. П.Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі: жиілік, прототиптілік, бейкатегориялық, доминанттылық.

А.Ортони, Дж.Клор, А.Коллинз және басқалар еңбектерінде өздерінің эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық күйлер жататындығын атап көрсеткен, яғни жағымды немесе, жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік феномендер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.

Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрайды. Себебі эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетіп, мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Яғни эмоция субьектіге тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.

Эмоционалдық байланысқа деген қажеттілікті адамның екі жақты немесе көп жақты қарым-қатынасқа қажеттілігі негізінде түсіндіруге болады:

а) өзін басқа адамдар тарапынан қызығушылық пен ықылас білдіру құралы ретінде сезінеді;

б) айналасындағылармен ынтымақтастықта болып, олардың күйзелісі мен қуанышын бөліседі. Бұл қажеттілікті бұзушылар әртүрлі тәсілдермен әртүрлі жағдайларда жүзеге асырады.

Эмоционалдық байланысқа қажетіліктің жүзеге асырылатын негізгі саласы оқушылардың өзін қоршаған адамдармен жанұядағы, ауладағы, сыныптағы, мектептегі және т.б. тұлғааралық қатынасы болып табылады.

Оңашалануға қажеттілік – бұл баланың өз-өзімен немесе ойдағы бір адаммен көп жағдайда оңашада, кейде басқа адамдар қатысуымен жүргізетін уайымдау нәтижесінде және әрқашан түсіндіріле бермейтін ішкі диалогқа деген қажеттілігі.

Бала бойындағы оңашалануға деген бейімділіктің дамуы және оны жүзеге асыру оның әлеуметтік, жеке дамуындағы маңызды көрсеткіш. Себебі айналадағыларға жол табу үшін алдымен өзіңе жол табу керек.

Әдетте ашықтық-тұйықтық тұлғалық қасиеттер ретінде қарастырылады. Бірақ мұндай көзқарас бір жақты. Ол ашықтық пен тұйықтықтың осы тұлғалық қасиет ретінде ғана көрінбейтіндігін, сонымен бірге белгілі бір жағдайларда оқушының мінез-құлқы ретінде көрінетіндігін ескермейді.

Мектепке түсу бала сезімдерінің жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы балаларда (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоционалды келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бір-қалыпты отыра алмайды. Өйткені, өзіне ие бола алмай, сезімнің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, кіші мектеп жасындағы арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.

Сыныбы жоғарлап, есейген сайын бала мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.

Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттіліктеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу — бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде жақсы қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, косманавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу — кез келген баланың арманы.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Отанды, туған елін сүю сезімдері көріне бастайды. Осындай сезімдерді, тіпті бірінші сынып окушысынан да байқауға болады. Мәселен, оқушылардың «Мен Қазақстанда тұрамын», «Біздің бәріміз де Қазақстанда тұрамыз» деген шағын пікірлерінің өзінен де осы іспеттес сезімдердің іргетасы қалана бастағанын көруге болады. Бала сыныптан-сыныпка көшкен сайын моральдық сезімдерінің шеңбері кеңи түседі. Мәселен, жер жүзіндегі кейбір елдердің еңбек адамдарының ауыр халіне күйзелетінін, олардың ортақ мүддесі бар екендігін аңғара алады. Бұдан былай балалардың Отан, ұжымдық туралы түсініктері белгілі мәнге ие бола бастайды. Мәселен, төртінші сынып оқушысына «интернационализм» деген сөзді қалай түсінесің десең, ол: «Бұл барлық ұлттардың бірдейлігі, біздің сыныптта оқитын қазақ, орыс, украин, еврей балалары бір-бірімен өте тату тұрады»,— деп жауап берген. Екінші бір оқушыдан: « Ұлттық мақтаныш дегенді қалай түсінесің?»— деп сұрағанда, ол: «Бізде жоқ емес зат жоқ, бізде қорғасын да, темір де, көмір де, нан да, ет те мол. Шетелдердің бірде біреуінде мұндай емес. Біз соған мақтанамыз»,— дейді. Осы жауаптар төртінші сынып оқушыларында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасып калғанына жақсы дәлел бола алады. Осы жастағы балалардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға (мектеп алаңын көгалдандыру, темір-терсек, ескі-құсқы қағаз жинау, балалар бақшасын шефке алу т.б.) белсене қатысуы да моральдық сезімдердің жақсы нышаны екені белгілі.

Кіші мектеп жасындағы балалардың ұялу сезімдері де онан сайын жетіле түседі. Ұялу — баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы ұялу деуге болмайды. Бұл — баланың танымайтын адамға тосырқау, немесе осы жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте-бірте сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін пандық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады.«Жақсы», «жаман» деген сөздердің мәнін айыра бастауы балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқаңдығын байқатады. Мәселен, таза жүріп-тұруға дағдыланған кейбір балалар ойын жүріп үсті-басы былғанып қалса, бұған қатты қынжылады, ол, әсіресе, әке-шешесінен катты қысылады. Мұндайда оған жақтырмаған пішін көрсету не зілсіз ескертпе жасаған абзал. Бұл онда ұялу сезімінің беки түсуіне себепші болады.

Мектепке түскен баланың ұялу сезімі жаңа мазмұнға түсіп, күрделенеді. Енді бала өзінің түрлі ағат істеріне бүкіл ұжым алдында жауап беретінін, мұның оңай нәрсе еместігін аңғаратын болады. Тәжірибелі ұстаз баланың ұялу сезімін аса сабырлылықпен ескеріп отырады, өйткені туысынан жүйке жүйесі әлсіз, босаң балалардың ұялу сезімін елемесе, қиын халге ұшырайды. Әсіресе, не болса соған ұяла беретін балалардың психологиясына мұғалім байсалдылықпен қарауы қажет.

Ерік туралы жалпыОйланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-козғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.Ерік дегеніміз – адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауғе байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білгеннен жақсы байқалады. Мәселен, үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін туру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғы­мыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (баска адамдардын кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан.. Тек еңбек ету арқылы ғана адам амалдарын кимылдарын көрсетіп, түрлі қажетте-рін өтей алады. Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз- еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастауда, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау- бірінші жәнеекінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі. Еріктің мағынасы кең. Еріктік амалды талдау Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін жақсы көруге болады. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мекткепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсетін талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсатты қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болады. Кез-келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті. Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түіндегі ырықты қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнісіндегі ерікті қимыл бұл кезеңде болмайды. Балалардың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, яғни өз қозғалысын, денесін басқараалудан көрінеді. Баланың өз қозғалыстарын басқара білуіне тілі шығуының маңызы зор. Тілдің шығуы ерікті қимылды ретеп, тежеп отыру үшін аса қажет. Үш жасар балада ырықты қозғалыстар біршама жетілген. Бірақ қозғалыстарды қалай болса солай меңгере алудыңмәні шамалы. Мұнда бала өзінің көңілі ауған нәрсесіне ғана емес, орындауға қажетті нәрселерге де бойын тұрақтата алуы тиіс. Баланы осы қасиетке тәрбиелеуде талап қою, оған шамасы келетін тапсырмалар беріп, орындатқызып отыру ерекше маңызды. Баланың еркін тәрбиелеуді неғұрлым жас кезінен бастау қажет. «Баланы жастан» деп халық бекер айтпаған. Бала тілі шығып, жүре бастағаннан кейін, үй ішіндегілердің қылығына еліктейді, ол әрбір нәрсені өзі істеуге тырыса бастайды. Оның өзі киініп, тамақтанғысы, ыдыс- аяқты жинап, үй сыпырғысы келеді. Бұл – бала табиғатына тән, заңды қасиеттер. Ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру, баланы бірлесіп ойнауға, ойын тәртібіне төселдіру арқылы да оның ерік сапаларын тәрбиелеуге болады. Ерік тәрбиесінде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбек адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудің де маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте еліктегіш келетіндігі белгілі. Олар өмір тәжірибесінің аздығынан кез келген халықтарға( тіпті жаман болса да) еліктей беретіндігі өткен тарауларда айтылады. Сондықтан әр бір тәрбиеші ата-ана ерік тәрбиесінде де өз мінез- құлқына бекем болып, балаға жаман мінезді көрсетпеуге тырысуы тиіс. Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кеэдеседі. Соның бірі – қыңырлық. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш. Ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа мазасызданып, теріс қылықтар жасайды. Осындай әдеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды

Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы

Жоспары:

1.Кіші мектеп оқушыларының жеке бас «мен»ұғымы

2.Кіші мектеп өзара қарым-қатынасының өзіне тән белгілері

Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі дамып, өзгеріп бір деңгейден диалектикалық жолмен өтіп отырады. Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп дифференцияланып дами келе, жаңа сапалардың пайда болуына әзірлік жасалады. Даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактор қатысады:

1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүруде қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысы ерекшелігін білдіретін бала организмінің ортамен өзара қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, өсіп келе жатқан адамның денсаулығын, қалыпты өмір тұрмысын қамтамасыз етеді.

2. Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен, адамдардың ортасы. Бұл баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Олардың сипаттары, олардың еңбекке, басқа адамдарға қатынасы, олардың істері мен сөздері мен талаптары, дағдылары мен ұмтылыстары бала өсіп, дамитын рухани ортаны құрайды.

3. Баланың белсенділігі. Даму процесіндегі әрекет ететін үшінші күш болап саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өзінің белсінділігін туғыза алмаса, оған ұсінілған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы, әрекет күткен нәтиже бермейді және баланың дамуына әсер етпейді.

Баланың организм дамуы мен оның жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Баланың даму процесі, оның қоғамдық белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы бас үш фактордың әсерімен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы: осы факторлардың біаде – бірі, ол қандайда бін кемеліне жетілдінілген болса да, басқа екеуінен ерекшелеріп жеке әсер етпейді. Барлық іс – осы басты үш күштің өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп береді.Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнкеті психолог Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен тең деген және оқумен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.Осыған орай бала дамуының екі деңгейі болатындығын ең алғаш ұсынды.

1. Бала дамуының қол жеркен аймағы – яғни баланың үлкендеадің көмегінсіз орындай алатын істері.

2. Бала дамуының жақын аймағы – тек үлкендердің қатысуы арқылы атқара алатын істері.Бала осы екінші аймақты меңгеру арқылы дамиды.Оған жету үшін, ойын, күшін,қабілеттерін сарқа жұмсайды.

Жақын даму аймағы, қол жеркен аймеқпен өзара қызметтесе отырып, бала оны біртіндеп игеріп әкетеді.Сөйтіп қол жеткен рймақтың жоғары сатысына көтеріліп, жақын аймаққа өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметті өрістетуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол бір жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып, жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезаңінде даму туралы іс - әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту ретінде айтуға болады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан – жақты, үйлесімді, толығырақ дамыса, ол есейген кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады, оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мінісіндегі педагогиканың міндеті баланың ертеңгі күніне меңзейді. Ғалым – психологтар Л.В.Заеков, А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин лабороторияларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеу жұмыстары жасалды.С.А.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова – Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі шарты екенін көрсетті.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,адамның әр – түрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.Мұндай анықтама интеллектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Қаншалықты мәселе күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл – ой қызметі де соршалықты кең, ауқымды, демек, даму меңгейі де жоғары болады.

Осы мәселе төңірегінде еңбек еткен әртүрлі авторлар оқушының дамуының әртүрлі белгілерін атап көрсетеді. Мысалы, П.П.Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса; Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов «даму» ұғымының мәнінде:

1. Оқу материалын жылдам меңгеру;

2. Өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру дағдысын;

3. Негізгіні және көмекшіні анықтай білу дағдысын;

4. Оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытынылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда, барлық авторлар даму туралы ойларын оқыту барысында қабылдаудың, естің, зейіннің, ойлаудың, тілдің дамуы деген қорытындымен тұжырымдайды.

Оқыту барысында сабақтардың дамытушылық функциясын арттыруды басты мақсат етіп қояды. Бұдан шығар қорытынды білім берудегі басты міндет білім, білік, дағды қалыптастыру ғана емес, баланың ішкі күштері мен мүмкіншіліктерінің ширай түсуі. Ол үшін бала әрекет етуі керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының оыс кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген мақсатты шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі сипаттамалар береді. Мәселен: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, әрекет, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, объектінің жаңа функциясын көре білу, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа объект, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әреетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды; ақылдың алғырлығын; әрекетті сынай, бағалай білу қабілеті, идеяларды іске асыру қабілетін, болжай білу қабылеттерді атайды.

Шығармашылық әрекетте репродуктивті, көшірмелік әрекет болмайтын: шабыт орын алады. Ол адамның барлық ішкі резервтерін сарқа жұмсауды талап етеді, ақырғы нәтижені көре білу, интуиция сияқты кезеңдерден өтеді. Шығармашылық әрекет жайлы басқа да психологтардың көзқарастары да назар аударарлық.

Шығармашылық әрекеттің ең негізгі күре тамыры интуицияны жоқ етуі деп есептейді (Я.А.Понамарев, М.С.Скаткин т.б.).

Осы еңбектерге және өз тәжірибемізге сүйене отырып, біз шығармашылық әрекет деп мәселені баланың өз бетінше өзгеше шешуі, бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жол шешімдерін таба білуі, шешімнің тапқырлығы, сонылығы деп білеміз.

Бүгінгі бастауыш мектепте баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда әсіресе тіл және математикадан оқушылар үнемі білімдік жаттығулар, типтес есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар орындау, бір шешім іздеу, оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Ал ілуде бір кездесіп қалатын қалыптан тыс жаттығулар тек өте жақсы оқушылардың орындауы үшін беріледі, өйткені ол барлық бала үшін міндетті таасырма емес. Мұндай жағдайды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды.

.

2.«Жеке бас»деген ұғымға «Мен»деген мәнді кіргізеді.Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда қандай орын алатынын ойлап,қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді.Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының,не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болмағаны жақсы.

Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы,керісінше,осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады.

Кіші оқушының жеке басына тән қасиеттері тек «Мен»деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай,тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады,мінезі,ерік-жігері қандай,ашуланғыш,не сабырлы келе ме,әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай,осы жөнінен де алып қарауға болады.

Кіші мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі,оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында,сабақтарда,үзілісте жолдастарымен араласқанда,қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс.7-8 жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр болуы.

Кіші оқушылардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы,әдетте,өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді.Кіші мектеп оқушысының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді.Әрине 9-10жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі,зеректілігі,батылдығы үшін берген баға өте ынталы және егер бұл баға өз қалағанынан басқаша болса,қатты қынжылады.Ол қатты ұзаққа бармайды.Олар үшін әсіресе,мұғалімнің берген бағасы қатты әсер қалдырады.Алайда,А.И. Ликина,Н.А.Жулидова т.б.жүргізген нашар оқушылар тобына арнайы зерттеулер,біріншіден,балалардың өзін өзі бағалауы әдетте оларға мұғалімнің және сыныптың бағасымен бірдей болатынын қөрсетті.

Наши рекомендации