Тақырып: Акмеологияның міндеттері

Дәріс1

Тақырып: Акмеология пәні туралы түсінік

Дәрістің мазмұны

Акмеология пәні туралы түсінік

Акмеологияның негізгі мақсаты

Қазақстан Республикасы нарық жағдайындағы адам капиталын қажет ететін қоғамның жаңа сапасына енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл мамандар дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жүзеге асыруды талап етеді, оның мазмұны үнемі өзгеріске ұшырайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайда тиімді әрекет етуге дайын болатын, шығармашыл, кәсіби ұшқыр, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесіне «Қазақстан құқығы», «Өлкетану», «Акмеология» сынды пәндерді енгізуді ұсынған болатын. Орта, техникалық және кәсіптік, жо­ға­ры оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері» сияқты оқу курстары жүргізілуін міндеттеді. «Осындай пәндердің болмауы «әлеуметтік инфантилизмге» әкеледі»,- дейді. Басқаша айтқанда, жастар ересек өмірге бейімделе алмай, келеңсіз жағдайларға душар болады.

«Акмеология», «акмеологиялық мәдениет» ұғымдарын қазіргі таңда басылымдарда көптеп кездестіреміз. Ал енді, осы ұғымдарға тоқтала кетсек. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың бас кезеңінде қолданысқа енген ұғым. Бұл ұғымды ең алғаш рет 1928 жылы Н.А.Рыбнико­в ұсынған. Кейін Б.Г.Ананьев бұл ұғымға анықтама беріп, оның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен. Ол адамның онтогенездік дамуын зерттейтін ғылымдарды былайша орналастырады: эмбриология, морфология және физиология, педалогия, акмеология, геронтология.

Акмеология – жас ғылым. Әйтсе де, қазіргі уақытта бұл ғылым саласы қарқынды дамуда. «Акмеология» ұғымына акмеолог ғалымдар әртүрлі түсініктемелер береді:

- әлеуметтік маңызы бар мәдениет, шығармашылық, әдебиет, ғылым, техника, білім салаларында және адамның өзінде жүзеге асатын, кәсіби шеберлік шыңына және жасампаздық әрекетінің өнімділігіне жетуге бағытталған өзіндік қозғалысында ересек адамдардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік жүзеге асуына әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайлар, факторлар мен заңдылықтар туралы ғылым (Кузьмина Н.В.);

- жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық және техникалық пәндер тоғысында пайда болған, адамның ересектік даму кезеңін, әсіресе, оның бұл даму жолында жоғары дәрежеде жетістікке жету заңдылықтары мен құрылымдарын зерттейтін ғылым (Деркач А.А., Бодалев А.А.);

- шоғырланған ғылым. Психологиядан айырмашылығы, адамның нәтижеге жетудегі жасампаздығының заңдылықтарын зерттейді. Оның қызметінің нәтижелілігін бағалау өлшемдерін тұжырымдайды, даму және өмір сүру жағдайларын зерттейді: ғұмырнамасы, шығу тегі, қоршаған ортасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы (Кузьмина – Гаршина Н.В., Лунева Л.Ф.);

- ересек адамның жасампаздық әрекетінде өзін-өзі жетілдіру әдістерін және шығармашылық әлеует шыңына жету жағдайларын, тәсілдерін, жолдарын, заңдылықтарын зерттейтін шоғырланған ғылым (Хозяинова Г.И.);

- білім беру жүйелерін дамыту жағдайында педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзін-өзі дамытуы туралы ғылым (Максимова В.Н.);

Сонымен, «акмеология» дамуы және әрекет етуі барысында тұлғаның биікке шығуы туралы ғылым.

Ресейде арнайы акмеолог мамандарын дайындайтын кафедралар, зерттеу орталықтары, академия бар. Сонымен қатар, акмеология саласын қамтитын арнайы басылымдар, арнайы сайттар ашылған. Қазақстанда да бұл ғылым саласының дамуына өте үлкен көңіл бөлінуде. Акмеология философия, педагогика, психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Жас ерекшелік психологиясында қарастырылатын ересектік кезеңде оқыту, білім беру, дамыту арқылы адамды кемелдендіру. Акмеологияда тұлғалық жетілуімен қатар кәсіби шыңдалуға баса назар аударылады. Қазіргі кезде кәсіптік бағдар беруді акмеология ғылымына жатқызуда. Себебі, өзіне сай кәсіпті таңдаған адам ғана, яғни кәсіптік қажеттілігін қанағаттандыра алған адам өз кәсібінде шыңға жете алады. Ересектік кезең – күш-қуаттың таситын кезеңі. Бұл кезеңде әрбір адам бір кәсіптің иесі ретінде қалыптасуы қажет.

Дәріс 2.

Тақырып: Акмеологияның міндеттері

Дәрістің мазмұны

Наши рекомендации