Ойлау ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оныңтереңдігі жатады.
Ойлаудын тереңдігі ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастарбейнеленеді. Ойлаудың тереңдігі мен мазмұндылығы ойдыңкеңдігімен де өлшенеді.
Ойлаудың дербестігі дегеніміз – адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігінде, икемділігінде, жеке сын тұрғысынан қарауында.
Ойдың белсенділігі өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоябілуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі міндеттерді шешуде алынған біржақты, ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Сын тұргысынан ойлау ақиқат пен жалған ретінде басқаны немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойларды тәжірибелік өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз.
Ойдың ұшқырлыгы қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың каншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады.Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдістерінде ұзақтау болады.Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді. Басқаларында ойлау әрекеті жай іске асады.
Көрнекілік - бейнелік ойлау. Ойлау міндеттерінің мазмүны бейнелік материалдарға негізделеді. Ойлаудың бұл түрінде баламіндетті шеше отырып, заттардың, құбылыстардың, оқиғалардыңәртүрлі бейнесін талдайды, салыстырады, жинақтауға ұмтылады. Көрнекілік- бейнелік ойлау негізінен қабылдау мен елестетулерге негізделуі қажет. Бұл ойлаудың түрі негізінен өнер адамдарына шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандықтың өкілдеріне тән.
Дерексіз ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарда негізделеді. Бұл ойлау екінші сигнал жүйесінің қызметімен байланысті Дерексіз ойлау нақтылы ойлаудан жан-жақтылығымен ерекшеленіп қоймайды, сонымен қатар шындықты терең пайымдау арқылы іске асады. Бір ғана пікірде біз барлық заттар мен құбылыстарға қатысты байланыстар мен заңдар туралы ойлауымыз мүмкін. Кейбір дерексіз пікірлерде қабылдаулар, елестетулер арқылы болмайтын заңдылықтары қамти аламыз. Дерексіз табиғат туралы, заң туралы, сан және сапа туралы ойлай аламыз.