Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын эксперименталды зерттеу әдістемесі мен процедурасы
Жеке тұлғаның ерік сферасын зерттеу әдістемелерінде В.К.Калин (1970) пікірінше, оның сапаларын зерттеу бірнеше қиындықтар бар. Бірінші кезең – ерік қысымының эффективтілігі дәрежесінің сәйкеспеуі. Екінші кезең – зерттелінушінің тестті орындау кезіндегі берілген іс-әрекетке қатынасы.
Эмоция мен ерік бір бірімен байланысты болғандықтан, зерттеу барысында ерік күшін кейбір дәрежеде адам эмоциясының айқындалуын өдшеудің қиындығы туады, өйткені кейбір жағдайда эмоциялық күй ерік сапаларының көрінуін жеңілдетсе, кейбір жағдайда қиындата түседі. Эмоция мен оның көрінуін вегетативті көрсеткіштермен белгілейді. Осындай тенденция адам күйін диагностауда да қолданылады. Ерік сапаларын диагностау үшін, субъектіні бақылау барысында сауалнама кезінде, немесе өзіндік бағалау кезінде алынған субъективті критерийлермен лабороториялық тестердің жауаптарынан алынған объективті критериялерді қолдану керек. Әр түрлі жағдайларда ерік сапасының көрінуі әр түрлі болғандықтан, ерік сапаларын диагностау әрқайсысын дифференциалды түрде қарауды, дифференциалды әдістемені талап етеді.
Ерік белсенділігін анықтау әдістемелерін экстенсивті және эксперименталды әдістемелерге бөлеміз.
Экстенсивті әдістеме субъектінің жүріс-тұрысын табиғи жағдайда бақылау, іс әрекетінің анализі, жеке тұлғаның мінез құлқы және олардың бағалары және сол сияқты әңгімелесу, интервью, сауалнама жүргізу, анкета жүргізу. Бұл әдістемелерді қолдану зерттеушінің ерік белсенділігінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Экстензивті әдістемелер арасында кеңінен қолданылатындары: жинақтаудың тәуелсіз сипаттамалар әдістемесі және өзара бағалау әдістемесі.
Жинақтаудың тәуелсіз сипаттамалар әдісімен қарастырдық. Ерік сапаларын ұпай бойынша бағалағанда кем дегенде міндетті түрде үш талапты сақтау керек:
1) бағалаушылар ерік сапасын бірдей түсінуі керек;
2) баға бір критерий бойынша негізделуі керек;
3) ерік сапалары бірнеше адамдармен бағалануы керек. Осы талаптардың барлығы орындалса, субъектінің ерік белсенділігінің бағасы объективті болады.
Ерік сапаларының түрлері, ерік белсенділігі сияқты, келесі параметрлер бойынша анықталады: күші, тұрақтылығы, кеңдігі және бағыттылығы.
Күш қиындықты жеңуге байланысты сипатталады. Қиындық қаншалықты көп болса, соншалықты күшті ерік жұмсалады. Қиындық деңгейі, субъектінің оны меңгеруіне байланысты анықталады.
2.Өзара бағалау әдістемесін қарастырайық. Бұл әдістемеде субъектілер (мысалы, студенттер) бір бірін бағалайды. Принципі мен бағалар критериі алдыңғы әдістемедегі сияқты.
3.Өзіндік бағалау әдістемесін қарастырамыз. Өзіндік бағалау әдістемесі екі тәсіл бойынша қолданылады. Бірінші тәсілде берілген тізімдегі ерік сапаларын субъект өзінде көрінуіне байланысты, ұпайлық өзіндік баға береді.
Екінші тәсіл әр түрлі сауалнамалар арқылы зертелуші өзін әр түрлі жағдайда қалай ұстайды. Бұнда ерік сапаларының дамуын зерттелінушінің әр түрлі жағдайда қандай жиілікте көрсететінін анықтайды. Ерік сапаларын анықтаудың осы тәсілі Е.П.Ильин пікірінше, объектілеу. Бірақ оның объективтілігі ерік сапасының белгілі бір түрін анықтауға бағытталып, жасалынса көрінеді.
Ерік сферасын субъективті бағалау нәтижелі болуы үшін, бағалаушы зерттелушіні жақсы біліп, онымен бірнеше жыл араласса және оның әр түрлі жағдайларда оның мінез-құлқын көріп жүруі керек. Сондықтан бір адамның ерік жігері туралы кез келген айта алмайды. Сонымен, объективті эксперименталды әдістемелер арқылы ерік сапаларын анықтауға көп көңіл бөлу керек.
Ерік сапаларын эксперименталды диагностауды қарастырамыз. Эксперименталды әдістемелер қазіргі кезде психологиялық зерттеулерде кең өріс алды. Экспериментті ұйымдастыра отырып, зерттеуші, қызықтыратын құбылысты тоспайды, өзі шақырады. Эксперимент әдісінің басқа әдістерден артықшылығы, эксперименталды зерттеуде психикалық құбылысқа шарттық әсер етуі тура есептелініп, құбылыс себебі ашылады.
Әр түрлі өмірлік жағдайлар «ерік күшінің» әр жағынан түрлі дәрежеде көрінуін талап етеді. Бір жағжайда адамнан ұстамдылықты көп талап етсе, екінші жағдай-шешімділікті тағы сол сияқты. А.И.Высоцкий пікірінше, еріктің көп жағы көрінетін эксперименталды жағдайды жасау өте қиын. Сондықтан көбінесе қандайда бір ерік сапасының көрінуіне байланысты эксперименталды жағжайлар жасалады, мысалы, табандылық, ұстамдылық, дербестік тағы сол сияқты.
Студенттердің ерік сапаларының көріну белсенділігі іс әрекет түрткісіне немесе жағдайға ғана емес, ерік әрекетінің кезеңдеріне (мақсат қою, жоспарлау, орындау) байланысты. Мұны эксперименталды түрде тексеруге болады, мысалы, топтан тыс шаралар ұйымдастыру арқылы мағыналы жағынан бірдей топтан тыс шара таңдалынады.
Бірінші шараны жүргізерде әр студент алдына мақсат қойылып, жүргізу жоспары беріледі, екіншісінің алдына – тек мақсат қойылады, ал үшінші шарада студенттер толығымен өздері мақсат қояды, жоспарлайды және орындайды. Эксперимент барысында әр студенттің ерік белсенділігін бағалауда неше студент ұсыныс жасауы, оның іске асуында қандай істер атқарады, басқалардың саналы ұсыныстарын қалай қолдады, шараны өткізуге қандай практикалық көмектер көрсетті, осының барлығы есептелінеді. Студенттердің ерік белсенділігін анықтауда басқа да әдістемелер қолдануға болады. Бірақ, экспериментте ерік спецификасы мақсатқа жетудегі кедергілерді саналы түрде жеңу бейнеленгені дұрыс.
Лабороториялық экспериментке сипаттама берелік.
«Ерік күшін» диагностауға ең бастысы ерік күшін өлшеу болып табылады. Егер зерттеуші немесе педагог ерік сапаларының көрінуін объективті өлшей алса, онда ерік сферасының дамуын бақылай алады.
Соңғы жылдары ерік күшін эксперименталды зерттеу тенденциясы физиологиялық, психологиялық, педагогикалық критерийлерді қолданумен өрістеп келеді. Бірақ бұл ерік сапасының бір түріне – табандылыққа ғана қатысты, ерік күшінің максималды өлшемі емес, күштің өлшемінің өсуіне байланысты оның ұстап тұру.
Басқа ерік сапаларына қатысты ерік күшін өлшеу мүмкін емес және ерікті реттелудің әр түрлі ерекшеліктерін, адамның ерікті жүріс тұрысын сипаттайтын басқа критерийлерді қолданамыз.
Сонымен ерік сапаларының зерттеу әдістеріне толық сипаттама бердік. Ал өз зерттеу жұмысымызды жүзеге асыру үшін шыдамдылықтың даму дәрежесін эксперименталды диагностау тарихы және сипаттамасымен танысайық. Американдық психологтар шыдамдылықты зерттеу үшін астронавтарда «Мұзды су» сынын жүргізген. Астронавтар жалаңаш табандарын мұзды су құйылған ыдыста шыдағанша ұстаған.
Бірақ жалпы қабылданған шыдамдылықты зерттеу моделі ретінде статистикалық күштің берілген максимум деңгейімен өлшенеді. Осындай зерттеу әдісін психолог Игнатьев (1960) қолданған. Ол ерік күшін импулстарды саналы түрде бұлшықет босаңсуына әкелу, зерттелінуші қосымша күшсіз максималды қысымсыз күшті ұстай алмауы ретінде қарастырды. Ерік күшінің өлшемі ретінде ол максималды күшті ұстап тұру ұзақтығын алды, яғни, статистикалық күшпен салыстырғандағы күш ұзақтығы.
Ерік сапаларының шыдамдылық түрін өлшеудің мұндай әдістемесінің көптеген кемшіліктері бар, өйткені, шыдамдылықты көрсететін жалпы уақытқа шаршауды басуға кеткен уақыт, яғни, шыдамдылықты көрсететін физикалық күшті берілген деңгейде ұстап тұруға кеткен қосымша ерік импулстары да есептелінеді. Берілген тапсырманы орындауға кеткен жалпы уақытты фиксация жасаған кезде, бір адам неге шыдамды, ал екіншісінің – шыдамдылығы неге төмен; Қосымша ерік күшін жұмсағандықтан ба немесе адамды қажытпайтын және шаршау сезімін тудыртпайтын қандай да бір гуморальды және биохимиялық факторларға байланысты ма. Максималды күштеу әдістемесін қолданғанның тағы бір кемшілігі – оны ұстаудың қысқа уақытты және зерттелінушілер арасындағы айырмашылықтарды жояды.
Шешімділіктің даму дәрежесін диагностауды қарастырайық. Шешімділік – адамның ол үшін маңызды жағдайда тез шешім қабылдап, оны іске асыруы екенін айтқанбыз. Шешімділіктің даму дәрежесін диагностау бірнеше талаптарды сақтауды қажет етеді.
Бірінші талап: шешімділік анықталатын жағдай, зерттелуші үшін мәнді болуы керек, яғни, шешім қабылдау немесе қабылдамау және әрекетті орындай бастау немесе адам үшін адамгершілік, материалды және физикалық зардабы болса, одан бас тартады.
Екінші талап: Экспериментте жасалған жағдай немесе нақты жағдайлардығы әрекеттерді зерттеу, адамда іс әрекет нәтижесіне деген белгілі бір күмәнді, сенімсіздікті туғызуы, немесе алдамшы немесе нақты қауіп төндіру керек.
Жасалған немесе таңдалған жағдайлардағы адам табысқа жету керек немесе табысқа жетуінде күмәні болуы керек.
Үшінші талап: диогностикалық процес кезінде зерттелуші қабылдаған ешеіміне сәйкес әрекет жасай бастауы керек.
Төртінші талап: таңдалған жағдайға байланысты, шешім қабылдау қиындығы анықталуы керек.
Батылдық дамуының дәрежесін диагностауды сипаттайық. Батылдық дамуының дәрежесін өлшеу үшін адамның ерік күшінің көмегімен санасын қорқудан өз әрекетін және іс әрекетін бақылай алуының көрсеткіштері арқылы жүзеге асыруға болады. Адамда ол қаншалықты жақсы болса, соншалықты қауіпті жағдайда оның әрекеті сапалы болады. Соған байланысты батылдық дәрежесін зерттеушілер Т.А.Калашников (1963), Н.Д.Скрябин (1972а) және А.И.Высоцкий (1979) әдістемелерінде адамдарды батылдық көресету дәрежесіне қарай бөледі.
Зерттелінушілерге жаттығулар жасау тапсырылып, олар қауіпті емес, қауіпті жағдайларда орындалады және олардың сапасы салыстырылады. Егер қауіпті жағдайда жасалынған жаттығулар сапасы төмен болса, яғни, адамның батылдық дәрежесінің төмен екенін көрсетеді, егер жаттығу сапасы жоғары болса, жоғары батылдық дәрежесін көрсетеді.
Батыл адам мен қорқақ адамның нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктері мен вегетативті реакцияларының айырмашылығқтарын салыстыру арқылы да зерттеу жұмыстары жүргізілген (Н.Д.Скрябин). Қорқақтарда батылдар мен салыстырғанда екі түрлі реакция байқалған: жүрек жиырылысының жиілеуі немесе оның фондық деңгейде төмендеуі, яғни, қалыпты деңгеймен салыстырғанда төмендеді.
Жоғары деңгейдегі эмоционалдық және вегетативті реакциялылық әлсіз ерік күшін көрсетеді. Бірақ бірінші зерттеу жұмыстарында батыл адамдардың вегетативті реакциялары қорқақтардікінен аз болмайды. Қауіпті жаттығуларды қайталаудың дифференциалды күші бар. Сонымен қатар вегетативті реакцияның кейбір жағдайларда тек қана пайда болған эмоцияның бейнесі ғана емес, эмоционалды реакцияны басуға бағытталған ерік күшінің дәрежесі екенін де ескерген жөн.
Ерік күші мен эмоционалды қалыптылық – бұл әр түрлі феномендерді бір жағынан, ерекше темпераментке байланысты, төмен эмоционалды қозуғабайланысты қауіпті жағдайларға вегетативті қозғалыстар беруі мүмкін, екіншіден – тапсыпманы орындаудың төмен сапасын көрсете алу.
Сонымен вегетативті қозғалыстарға ғана қарсы адамның ерік сапасы туралы, оның ішінде батылдыққа баға беруге болмайды; жүріс тұрысы туралы мінездемеге зерттеулер жүргізу керек, сонымен қатар іс әрекет сапасы және саны жайлы параметлер болуы шарт. Іс әрекеттің қорқу кезіндегі сан парамерлері, күтпеген қорқу кезінде, өседі, әсіресе қорқақ адамдарда жоғары көрсеткішті көрсетеді. Қорқақтарда әлсіз нерв жүйесі мен қозудың тежеумен басылуы және тежеудің қозғалымпаздығымен бейнеленеді. Іс әрекет процесі барысында қорқақтықтың нейродинамикалық негізі қорқақтықты дифференциалауға көмектеседі.
Қайсарлық даму деңгейін эксперименталды диагностауды қарастырайық.
Қайсарлық деп қиындықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан тез арада мақсатқа жетуге деген талпыныс. Оның даму деңгейін әр түрлі тестермен өлшейді. Сондай тестердің бірі – Торнтон тесті, дұрыс құрылмаған тестен тұрады; сөздер дұрыс жазылмаған, үтір, нүктелер дұрыс қойылмаған немесе сөйлем дұрыс құрастырылмай, бірнеше сөздер жазылмай қалған немесе орны ауысқан. Зерттелінушінің алдына қойылатын міндет тексті толығы мен орнына келтіру. Осы жұмысты орындауға қанша уақыт кетті, және зерттелінушіге кездесетін кедергілерді шешуге кеткен уақыт өлшенеді. Қайсарлықтың көріну деңгейінің бағасы үш көрсеткен бойынша шығарылады: тексті орнына келтіруге кеткен уақыт (ол қаншалықты көп болса, баға соншалықты жоғары), орнына келтірілген текстің саны ( ол қаншалықты көп болса, баға соншалықты жоғары) және тапсырманы орындау барысында кездескен кедергілерді меңгеруі. Бірақ бұл тест сондай адекватты емес, өйткені оның қортындысы зерттелінушінің интеллектуалды мүмкіндіктеріне байланысты (С.Е.Махлах және И.А.Рапопорт).
Соған байланысты шешілу сәттілігі интеллектуалды мүмкіндіктерге тәуелді емес әдістемелерді таңдаған жөн болады. Мысалы, шешімін табуы қиын есептер. Есепті шешуге жұмсаған уақыт қайсарлықтың санды өлшемі болады.
Осы мақсатпен әйгілі Коса есептерін қолдануға болады. Зерттелінушілер суретте көрсетілгендей етіп, шаршылардан моднльдер құрастыруы керек. Алғашқы екеуі жеңіл шешіледі, ал соңғы суреттегі есеп күрделілеу, бірақ оны зерттелуші білмеуі керек. Үшінші есепті шешуге кеткен уақыт қайсарлықтың көрсеткіші болады.
Тағы осы мақсатпен «он бес» ойынын қолдануға болады. Автор Самуэль Лайд. Он бес цифрамен белгіленген бірден он беске дейін шашкалар қарап ішінде тәртіпсіз орналасқан. Бос бір ғана торды қолданып, шашкаларды өсу ретімен орналыстыру қажет. Шашкаларды орналастыруға байланысты шешілген және шешілмеген варианттар болады.
Қайсарлықтың көріну дәрежесін өлшеуге арналған әдістемелердің негізгі шарты зерттелінушінің барлық есептердің шешуге болады деген сенімі болуы керек.
Енді зерттеу жүргізудің мақсатына қатысты қолданылатын әдістемелер мен оның процедурасын сипаттайық.
1. «Ерік күшін бағалау» әдісмесін қолданамыз. Бұл әдістемені Н.Н.Обозов (1997) құрастырған және ерік күшін жалпылап мінездеуге арналған. «Ерік күшін өзіндік бағалау» әдістемесі 15 сұрақтан тұрады (Тіркеме А). Әрбір сұраққа «иә», «жоқ» немесе «білмеймін» «кейде болады» деген жауаптар беріледі. «Иә» деген жауапқа – 2 ұпай, «білмеймін», «кейде болады» деген сұраққа – 1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай қойылады.
Қорытындылағанда жауаптар бойынша ұпайларды қосу керек.
0-12 ұпай. Күш жігері жақсы жетілмеген. Бұл жағдайда адам жеңіл және қызықты істер мен ғана айналысуды қош көреді. Жауапты міндеттерге селқос қарайды. Кез келге өтініш, жауапты іс қатерлі бір жағдайдай қабылданады. Мұнда адамның эгоизмі күш жігердің дамуына мүмкіндік бермейді.
13-21 ұпай. Күш жігер орташа. Кедергілерге кездескенде оны жеңуге әрекет жасалынады. Алайда айналып өтетін мүмкіндік болса, барынша қолданады. Артық жауапкершілікті ерікті түрде мойынға алудан қашады. Сондықтан басшылықпен келісу қиын болады.
22-30 ұпай. Ерік жігер жақсы дамыған. Бұл жағдайда адамға сенуге болады. Ешқандай қорқыныш сезімі болмайды. Алайда принципиалды емес мәселелерде әлдеқайда пейілді кеңге салған жөн.
Студенттердің шыдамдылығын анықтауға Е.П.Ильин және Е.К.Фещенконың құрастырған «Шыдамдылықты бағалау» әдістемесін қолданамыз.
Әдістеме 18 бекітуден тұрады (Тіркеме Ә). Егер берілген бекітуге келіскен жағдайда «иә», келіспеген жағдайда «жоқ» деген жауаптар беріледі.
«Иә» жауабы бойынша: 4,5,8,10,11,12,13,16,17 бекітулер жауаптары және «жоқ» жауабы бойынша: 1,2,3,6,7,9,14,15,18 бекітулерге 1 ұпай қойылады. Жалпы ұпай соны қосылады. 6 ұпайға дейін шыдамдылық бағасы төмен, егер жаулы беруші 12 ұпай немесе одан жоғары ұпай жинаса шыдамдылық бағасы жоғары болып саналады.
«Табандылықты бағалауға арналған» сауалнаманы Е.П.Ильин мен Е.П.Фещенко өңдеген. Сауалнама 18 бекітуден тұрады (Тіркеме Б). Әр бекітуде берілген жағдаятқа, өзіңе қатысты баға берілуі керек. Сауалнамаға «иә» және «жоқ» деген жауп беріледі.
Егер «иә» жауабы бойынша: 1,2,4,8,9,13,14,16,17 және «жоқ» жауабы бойынша: 3,5,6,7,10,11,12,15,18 бекітулеріне 1 ұпай қойылады. Қойылған ұпайларды қосамыз. Ұпайлар саны қаншалықты көп болса, зерттелушінің табандылығына қойған өзіндік бағасы соншалықты жоғары және оның бастаған істі аяғына дейін жеткізетінін куәләндырады.
Келесі «Тәуекелділікке дайындық» әдістемесін қарастырамыз. Оны R.S.K. Шуберт әдістемесі деп те атайды .Ол батылдықты, тәуекелділікті өзіндік бағалауға арналған. Әдістеме 25 сұрақтан тұрады (Тіркеме В). Әр сұрақта берілген іс әрекетке деген өз дайындығыңның дәрежесін бағалау керек. Берілген 25 сұрақтың әр қайсысына сәйкес ұпайды схема бойынша қою керек:
2 ұпай – толығымен келісемін, сөзсіз «иә»,
1 ұпай – «жоққа» қарағанда, «иә» жақынырақ,
0 ұпай – «иәдаә емес, «жоқта» емес.
-1 ұпай – «иәға» қарағанда, «жоқ» жақын.
-2 ұпай – мүлдем келіспеймін, сөзсіз «жоқ».
Қорытындысын шығарғанда «+» және «-» белгілеріне қарап, ұпайлар саны қосылады.
Егер зерттелінуші 20 ұпайдан төмен жинаса, ол адамда үлкен сақтық бар, егер -10нан +10ға дейін ұпай жинаса орташа сақтық, ал +20 ұпайдан жоғары болса, тәуекелділікке, батылдылыққа бейім адам.
Келесі «Әлеуметтік батылдық» әдістемесін қолданамыз. Бұл әдістеме көп факторлы жеке басты зерттеуге арналған Р.Кеттел әдістемесінің бір бөлігі (Фактор H) болып табылады .Әдістеме 13 сұрақтан тұрады (Тіркеме Г). Әр сұрақта үш жауап бар. Өзіңізге жақын жауапты таңдайсыз. Берілген саулнама жауаптарының: «а» және «в» жауаптарына – 1 ұпайдан қойылады. «Иә» жауабы: 1,2,4,6,8,10,12,13 пункттары бойынша және «жоқ» жауабы: 3,5,7,9,11 пункттары бойынша есептелінеді. Ұпайлар саны қосылады.
Қорытындыда жиналған ұпайлар саны қаншалықты көп болса, соншалықты әлеуметтік батылдық айқын.
Зерттеу жұмысын жүргізуде «Эмоционалдық саладағы, іс әрекеттегі, мінез құлықтағы өзіндік бақылаудың көрінуін тексеруге арналған» сұрақтамасын қолданамыз .Сұрақтаманы Г.С.Никифоров, В.К.Васильев және С.В.Фирсова құрастырып, өңделген. Сұрақтама 36 сұрақтан тұрады (Тіркеме Ғ). Берілген сұрақтама бекітіміне өз қатынасыңызды берілген үш жауаптың бірін таңдау арқылы жауап беріледі. Әр жауаптың қасында 0;1;2 ұпайлары қойылған. Эмоционалдық саладағы өзіндік бақылаудың көрінуін: 1,3,10,18,21,24,27,29,32,33,35 пунктерінің жауптары куәләндіреді. Іс әрекет саласындағы өзіндік бақылауды: 4,5,9,11,12,13,14,17,20,22,23,25 пунктер жауаптары куәләндіреді.
Ал, әлеуметтік саладағы өзіндік бағалау: 2,6,7,8,15,16,19,26,28,30,31,34,36 пункттерінің жауаптары. Өзіндік бағалау дәрежесінің көрінуі барлық ұпай қосындысымен анықталады. Ұпай саны қаншалықты жоғары болса, өзіндік бағалау соншалықты жоғары болады.
Студенттердің ерік сапаларын толығырақ зерттеу үшін «Агрессиялық мінез-құлық» әдістемесін қолданамыз. Әдістемені Е.П.Ильин және П.А.Ковалев құрастырған. Бұл әдістеме ұстамдылық және ұстамдықты, агрессиялық мінез құлық типін анықтауға бағытталған
Әдістеме 40 сұрақтан тұрады( Тіркеме Д). Әр сұраққа «иә» немесе «жоқ» деген жауап беріледі. Әдістемені қорытындылағанда «иә» жауабы 1,5,9,13,7,21,37 және «жоқ» жауабы 23,29,33 позицияларда берілсе зерттелінушінің түзу вербалды агрессияға бейімделгенін көрсетеді.
«Иә» жауабы: 2,6,10,14,18,30,34,38 және «жоқ» жауабы 22,26 позициялары бойынша берілсе зерттелінуші жанама вербалды агрессияға бейім екендігін көрсетеді.
«Иә» жауабы 7,11,15,27,35; «жоқ» жауабы: 3,19,23,31,39 позициялары бойынша берілсе зерттелуші жанама физикалық агрессияға бейім.
«Иә» жауабы: 8,12,16,20,32 және «жоқ» жауабы 4,24,28,36,40 позициялары бойынша берілсе зерттелінушінің түзу физикалық агрессияға бейімділігін көрсетеді.
Көрсетілген әр жауап үшін 1 ұпай қойылады.
Жиналған ұпай саны қаншалықты көп болса, адам соншалықты агрессияға бейім.
Түзу және жанама физикалық агрессия ұпайларының және түзу вербалды агрессия қосындысы: егер 20 ұпай және одан көп болса ұстамсыздықты көрсетеді, егер 10 ұпай және одан төмен болса ұстамдылықты көрсетеді.
Зерттеу жұмысына «Өзіндік ұйымдасқандық» сұрақтамасын қолданамыз. Сұрақтаманы құрастырып, өңдеген Е.П.Ильин. сұрақтама 28 бекітімнен тұрады (Тіркеме Е).
Егер берілген бекітіммен келімкен жағдайда «иә»(+), келіспеген жағдайда «жоқ»(-) жауаптары беріледі.
Сұрақтаманы қорытындылағанда «иә» жауабы 1,5,8,10,12,18,20,22,24 және 28 пунктеріне қойылса, «жоқ» жауабы 3,4,7,11,14,15,17,21,25 және 27 пункттеріне қойылса, әрбір сәйкес келген жауақа 1 ұпай қойылып ұпайлар саны қосылады.
Ұпай саны қаншалықты көп болса, ұйымдасқандық соншалықты жоғары болады.
Зерттеу жұмысын жүргізуде «Ұялшақтықты анықтау» әдістемесін қолданамыз. Әдістемені құрастырып, өңдеген Е.П.Ильин. Әдістеме 15 бекітімнен тұрады (Тіркеме Ж). Бекітімді оқып, егер онымен келіскен жағдайда «иә» (+) жауабы, келіспеген жағдайда «жоқ» (-) жауабы беріледі. Әдістеменің қорытындысын өңдегенде «иә» жауабы 1,2,3,4,5,7,8,9,10,13,15 позициялары бойынша және «жоқ» жауабы 6,11,12,14 позициялары бойынша берілсе, сәйкес келген жауаптарға 1 ұпай қойылып, ұпайлар қосындысы шығарылады. Жоғары ұпай көрсеткіші «жасқаншақ, ұялшақ» факторы бойынша ұялшақтықты, шешімсіздікті, сенімсіздікті көрсетеді. Ондай адамдар тәуекелділік жағдайлардан қашады, егер шешім қабылдау керек болса, айналшықтап жүреді немесе оның орындалуын көпке созады.
Сонымен, қарастырылған әдістемелер негізінде ерік сапаларын жан-жақты анықтауға мүмкіндік болады.
Келесі ерік сапасының түрі – қайсарлықты бағалау сауалнамасына тоқталайық. Сауалнаманы Е.П.Ильин мен Е.К.Фещенко дайындаған. Бұл сауалнамада 18 жағдайлар қатары беріледі (Тіркеме З). Осы жағдайларда өзіңді қойып, сіз үшін олар қаншалықты қатысты екенін бағалау керек. Егер берілген бекіту мен келіскен жағдайда «иә», ал егер келіспеген жағдайда «жоқ» деген жауаптар беріледі. Қайсарлық дәрежесін анықтау үшін «Иә» жауабы бойынша: 1,3,4,7,8,10,12,14,15,16,18 және «жоқ» жауабы бойынша: 2,5,6,9,11,13,17 бекітулеріне 1 ұпайдан қойылады. Ұпайлар саны қосылады. Ұпай қаншалықты көп болса, зерттелінушінің қайсарлығы соншалықты жоғары.
Студенттердің физикалық денсаулығын анықтауға байланысты «Өз денсаулығыңызға қалай қарайсыз?» тесті н ұсынамыз.
Тест жеті сұрақтан тұрады. Әр сұраққа үш жауап варианттары қарастырылған. Респондент өзінің ой пікірін білдіретін, шынайы өміріне сәйкес жауапты таңдап алады.
Қортыныдысы:
19-28 ұпай – сіздің физикалық денсаулығыңыз жақсы деңгейде;
9-18 ұпай – сіздің физикалық денсаулығыңыз орташа деңгейде;
0-8 ұпай – сіздің денсаулығыңыз төмен деңгейде.
Келесі зерттеу жұмысында қолданылатын әдістеме Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі, бұл тест сол сәттегі мазасыздық деңгейі (реактивті мазасыздық көңіл күй ретінде) мен тұлғалық мазасыздықты (тұрақты сипат ретінде) бағалаудың сенімді ақпараттық тәсілі болып саналады. Тұлғалық мазасыздық көптеген жағдайларда қауіп ретінде қабылдап, себепсіз мазасызданады. Реактивті мазасыздық қысылу, тынышсыздану, күйгелектеумен сипатталады. Реактивті мазасыздықтың жоғарғы деңгейі зейін мен сезімнің үйлесімін бұзады. Мазасыздықтың өте жоғары деңгейі невротикалық жанжалдың туындауына, эмоциалық немесе невротикалық, психосоматикалық аурулардың қозуына соқтырады.
Дегенмен, мазасыздық барлық уақытта жағымсыз сипатта болмайды. Мазасыздықтың белгілі бір деңгейі белсенді адамның табиғи, өзіне тән мінез ерекшелігі де. Сонымен қатар «пайдалы мазасыздықтың» оптималды жеке деңгейі де болады.
Мақсаты: сол кездегі (реактивті мазасыздық) мазасыздық деңгейін зерттеу және (тұлға мазасыздығы) мазасыздықтың деңгейін анықтау. Тест 16 жастан жоғарыларға пайдаланылады.
Зерттеу тәртібі: эксперимент жүргізуші әдістеме мәтінін оқиды және алдын ала толтырылған парақты сыналушыға береді. Тест 2 мәжеден тұрады: әрқайсысында реактивті және жеке мазасыздықты жеке-жеке бағалаған 20 құптама болады.
Сыналушылар сұрақтың бірінші бөліміндегі (№№1-20) нұсқадағы 4 жауаптың біреуін таңдайды:
1) жоқ;
2) болмауы мүмкін;
3) болуы мүмкін;
4) иә.
Құптама номірінің қарсысына таңдаған жауап нөмірін жазады.
Екінші бөлім (№№ 21-40) нұсқасындағы жауаптар басқаша:
1) ешқашан,
2) кей кезде;
3) жиі;
4) әрқашан.
Нұсқау: сіздерге мынадай (1-20) құптамалар берілген. Әрқайсысын мұқият оқып, қалған жауаптарыңызды көрсетіңіздер. Құптама нөмірінің қарсысына таңдаған жауаптың нөмірін жазыңыз:
1) жоқ;
2) болмауы мүмкін;
3) болуы мүмкін;
4) иә.
Келесі 20 құптама (№№21-40) жауаптары басқаша:
1) ешқашан,
2) кей кезде;
3) жиі;
4) әрқашан.
Сіз таңдаған жауабыңыздық нөмірін көрсетіңіз.
Алынған деректерді өңдеу және қорытындылау. Құптама тұсына жазылған ұпай қосындысы есептеліп №3,4,6,7,9,12,13,14,17,18, яғни ∑1, содан кейін қалған сандар қосындысы №1,2,5,8,10,11,15,16,19,20, есептеліп ∑2, кейіннен мазасыздық деңгейінің көрсеткіші есептеледі.
РМ=∑1- ∑2+35
Осылайша тұлғаның мазасыздық деңгейіде есептелінеді, онда:
ТМ=∑1- ∑2+35
Онда ∑1 - ұпай қосындысы – ұпай жауаптары №22,23,24,25,28,29,31,32,34,35,37,38,40;
∑2 - қалған ұпай қоысндысы №21,26,27,30,33,36,39.
Егер алынған ұпай 30-дан төмен болса, бұл мазасыздықтың төмен деңгейін көрсетеді, 30,45 орташа мазасыздық деңгейі, 46 және одан жоғары, жоғары мазасыздық деңгейін көрсетеді.
Әлеуметтік психологиялық бейімделу әдістемесін К.Роджерс және Р.Даймонд бейімделе алмаушылықты диагностау мақсатында өндеген. Кеңес одағында 1978 жылы Т.В. Снегирева адаптациялаған. Әдістеме 101 тұжырымнан тұрады, зерттелуші оларды оған қатысты және қатыссыздығына байланысты 0- ұпайдан 6 ұпайға дейінгі аралықта анықтайды.
37 тұжырымдамасы тұлға бейімделушілігін сипаттайды (4-6 ұпай) олар І+ белгісімен белгіленеді және төмендегі тұжырымдамалар жатады:
4,5,9,11,12,15,19,22,23,26,27,29,33,35,37,41,44,47,51,53,55,61,63,67,68,72,74, 75, 78,79,80,88,91,94,96,97,98.
37 тұжырымдамасы тұлға бейімделе алмаушылығын сипаттайды. Олар І- белгісімен белгіленіп және төмендегі тұжырымдамалар жатады:
2,6,7,13,16,18,25,28,32,36,38,40,42,43,49,50,52,54,56,59,62,64,65,69,70,71,73,76,77,83,84,85,86,90,95,99,100.
9 тұжырымдама әлеуметтік тілектің субшкаласын құрайды ( «өтірік» субшкаласы) шкала үшін сынды көрсеткіш – 7 ұпай әлеуметтік тілек факторы әсерінен мүмкін болар жауаптың мәнді бұрмаланушылығы. Егер 6 ұпай қойылса оған қауіптілікпен қарау керек. Бұл шкалаларға келесі тұжырымдамалар жатады: субъектіге қатысты тұжырымдамаларды бағалауда 8, 82, 92, 101 - 4,5,6 ұпайлары және субъектіге қатысты емес тұжырымдамаларды бағалауда- 34, 45, 48, 81, 89 - 0, 1, 2 ұпайлар.
20 тұжырымдама нейтралды сипатқа ие. Жүргізілген методиканы өңдеу нәтижесінде келесі сипаттамалар анықталады:
1) әлеуметтік психологиялық бейімделушілік коэффиценті І+ нәтижелерінің суммасы арқылы анықталады - зерттелуші 4,5,6 ұпайлары арқылы бағалаған «бейімделушілік көрсеткіштері» және І- - «бейімделе алмаушылық» көрсеткіштері – зерттелуші 0,1,2 ұпайлары арқылы бағалаған.
Кad=І+(4,5,6)+І-(0,1,2)
Әлеуметтік психологиялық бейімделушіліктің орташа коэффиценті – 57-64 ұпай.
Зерттеуімізде қолданылатын келесі әдістеме К.Роджерстің «Өзін-өзі» қабылдау межесі әдістемесі.
Әдістеме 36 құптамалардан тұрады. Әрбір құптамаға өте дұрыс, әдеттегідей дұрыс, кейде дұрыс, кейде дұрыс емес, көбінесе дұрыс емес, мүлдем дұрыс емес жауаптары беріледі.
Нұсқау: төменде аталған құптамалар адамның өзін-өзі қабылдауын сипаттайды. Ұсынылған ұпайлар межесін қодана отырып, өзіңізге қатысты деңгейін белгілеңіз: 1- өте дұрыс, 2- әдеттегідей дұрыс, 3- кейде дұрыс, кейде дұрыс емес, 4 -көбінесе дұрыс емес, 5- мүлдем дұрыс емес.
Қорытындылау: алынған нәтижелерді түсіндіру үшін құптамаларда 2, 7, 15, 19, 21, 25, 27, 32 жазылған ұпайларды былайшы өзгертіңіз:
1-ді 5-ке;
2-ні 4-ке;
3-ті өзгертпеңіз;
4-ті 2-ге;
5-ті – 1-ге.
Қорытындылау үшін барлық құптама ұпайларын қосу керек.
Түсіндірмесі: қосынды 36-дан 180-ге дейін болуы мүмкін.
Төменгі ұпай (36-110): осындай ұпайы бар адамдардың өзін-өзі қабылдау деңгейі төмен және өзіне деген сенімділіг аз. Олар өте ұялшақ, әлеуметтік дағды тренингтеріне қатысып кеңес алғаны пайдалы.
Орташа ұпай (111-150): сенімділігі жағдайға қарай анықталып отырады, барлық адамдармен бірдей еркін қарым-қатынас орната алмайды. Олар өзін-өзі қабылдау межесіне өздерінің жеке және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арқылы қол жеткізеді.
Жоғарғы ұпай (151-180): бұл топ адамдары өздеріне сенімді. Өздерінің бойындағы құндылығын білетіндіктен, олар жаңа таныстық пен қарым-қатынастан және күтпеген мәселерді шешуден қорықпайды.