Тақырыбы: Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу
Мақсаты: Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу жүргізу.
Әдістемелік нұсқаулар: Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.
Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, Е. Солтанаеваның «ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары» атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылды.
Бақылау сұрақтары:
1 Ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет кімнің ғылыми еңбегінде сөз болды?
2. Қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылған қандай ғылыми еңбектер бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.
3. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. А., 2005.
№3 тақырыбы: Аударма – ұғымы туралы түсінік. Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.
Мақсаты: Аударма – ұғымы туралы түсінік. Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары туралы айту.
Әдістемелік нұсқаулар: “Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1.Неге аударма-күрделі көп қырлы құбылыс дейміз?
2.“Аударма” – көпмағыналы сөз дегеніміз не?
3.Аударма іс-әрекетінің өмір сүруі дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
№4 тақырыбы: Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматану.
Мақсаты: Әдеби аударматану мен лингвистикалық аударматанудың айырмашылығы, өзіндік ерекшеліктері жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер.
Бақылау сұрақтары:
1. «Лингвистикалық бағыт» аудармада қай грамматикалық категорияларды тірек етеді?
2. Аударма туралы әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.
№5тақырыбы: Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа пәндермен байланысы.
Мақсаты: Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа пәндермен байланысына жан-жақты тоқталу.
Әдістемелік нұсқаулар: Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі – «лингвистикалық бағыт». Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары .
Бақылау сұрақтары:
1. Аударма теориясының қандай негізгі салалары бар?
2. Аударма туралы тілшілердің, әдебиеттанушылардың ұстанымы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№6тақырыбы: Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.
Мақсаты: Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастарға шолу жүргізу.
Әдістемелік нұсқаулар: Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады. Американдық лингвист Дж.Касагранде өзінің «Аударманың мақсаттары» (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі. Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың неше түрін ұсынды?
2.Отандық ғалымдардың аударманы топтастыру туралы қандай пікірлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
№7тақырыбы: Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынасқұралы.
Мақсаты: Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынасқұралы екендігіне талдау жүргізу.
Әдістемелік нұсқаулар: Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Аударма - халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер. Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру . Аударма қазақ даласында атам заманнан пайда болған. Шығыс данышпандарының классикалық шығармаларын аударма не назира түрінде қазақтың өз мұрасына айналған.
Бақылау сұрақтары:
1.Аударма — тілдік және мәдениетаралық қарым –қатынас құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2. Қазақ тарихында аударманың қандай нұсқалары бар?
3. Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарына қайсысын жатқызамыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.
№8 тақырыбы: Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.
Аудармаға қойылатын талаптар.
Мақсаты: Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері мен аудармаға қойылатын талаптарға тоқталу.
Әдістемелік нұсқаулар: Тілдің коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.
Бақылау сұрақтары:
1. Аударма теориясының негізгі әдістеріне,аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
2. Трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген қай ғалым?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.
2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004. – 192 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
№9 тақырыбы: Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.
Мақсаты: Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аудармаға тоқталу.Әдістемелік нұсқаулар: Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады . Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация.
Бақылау сұрақтары:
1.Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы ретінде қандай қызмет атқарады?
2.Негеаударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі дейміз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.
№10 тақырыбы: Аударманың негізгі түрлері.
Жазбаша және ауызша аударманың түрлері, оның негізгі сатылары
Мақсаты: Аударманың негізгі түрлері және жазбаша және ауызша аударманың түрлері, оның негізгі сатыларына түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Аударманың бірнеше түрі бар :
1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі.
2. Жазбаша аударма.
3. Компьютерлік (машинамен) аудару.
Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың қандай түрлері бар?
2.Ауызша аудару, жазбаша аударма, компьютерлік (машинамен) аудару дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
№11 тақырыбы: Аудармадағы трансформациялық үдерістер.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.Қосу трансформациясы.
Мақсаты: Аудармадағы трансформациялық үдерістерге түсінік бепру.
Әдістемелік нұсқаулар: Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау . Орын алмастыру.Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды жатқызуға болады. Сөз қосу дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Сөз түсіру бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Аударманың негізгі үлгілеріне не жатады?
2. Қай еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 2006. – 158 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері . Алматы, 2012. - 296 б.
3.Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті. А., 2005. – 60 б.
№12 тақырыбы: Аударма-технологиялық әрекет.
Мақсаты: Аударма-технологиялық әрекет екендігін дәлелі түрде түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция – латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1. Транслитерация, транскрипция дегеніміз не?
2. Транслитерация қалай жасалады?
3. Транслитерация, транскрипция тәсілдері қай кезде қолданылады?
4. Калька дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№13 тақырыбы:Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы.
Мақсаты: Аударматанудағы баламалық мәселелер туралы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Белгілі аудармашы ғалым Ә.Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады .
Бақылау сұрақтары:
1. Аударма жасау үстінде балама сөздерді табудың қандай пайдасы бар?
2. Көркем аударманың қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
№14 тақырыбы:Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.
Мақсаты: Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдарына тоқталу.
Әдістемелік нұсқаулар: Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздердің аударуда нақтыландыруға тура келеді, немесе керісінше түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аударма мәтінінде кең мағыналы сөзбен береміз.
Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін – сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз мағынасын нақтылау дегеніміз не?
2. Сөз мағынасын ұлғайту дегеніміз не ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Федоров, А.В. Аударма мәселелері / А.В. Федоров. – А., 2007. – 245 б.
2. Алдашева, А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.,– А.,1998. – 215 б.
№15 тақырыбы:Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі.
Мақсаты: Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігін меңгерту.
Әдістемелік нұсқаулар: Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Көркем аударма түпнұсқаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай, қалай ажыратылады.?