Фигура және оның түрлері
Азақ әдебиеті
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де әжептеуір қажет тәсіл-аймықтау яки тіркестерін дағдылы айрықша айшықпен құру.Мұндағы мақсат- сөздерге ерекшелеп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олар-ң оқырманға әсерін күшейту. Қ. ж. фигураның алты түрін көрсетеді: 1. арнау, 2.қайталау, 3.шендестіру (антитеза), 4. дамыту, 5.инверсия, 6.элипсис.Бұған З. Қабдолов 7-ші бір түрін қосып айтады.1)Арнау. Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе арнау дейді. А. Б. арнауды үшке бөледі: жырлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.Жырлай арнауда 1 адамға не бір нәрсеге емес, көпшілікке қайырыла сөйлейді.Жазушы не біреуге, не көпшілікке қайрыла сөйлесе ж/е сол сұрағанына жауап күтсе сұрай арнау дейді. Сұрай арнау 1 түрі – риторик сұрау (гр – рит- шешен) – ойын сұрау, жауап ретінде айтушылық. Қаһармандар-ң ауыр халін мұңды, зар күйде суреттеуде зарлай арнау шығармада ерекше рөл атқ/ы.2)Қайталау – белгілі 1 ұғымға назар аударту үшін 1 сөзді не сөйлемді қайта қайта айтуда қай/у д.а. Қайт-ң да 1 неше түрі бар. Жай қайталау, анафора – (гр. – биіктеу, жоғары шығу) - өлеңнің әр жолы ылғи 1 сөзден басталып отыруын айтады, эпифора ( гр. ері - соңғы , phoros - алып, жүру ) – белгілі бір сөз, тіркес жол алғанда қайталанады. (күн мұнары, күн шұбары) Алдыңғы пікір-ң алған соңғы пікірге қатыстырып, қайталап айту еспе қайталау.3)Инверсия (лат. Inversion – орын ауыстыру) – сөздердің әдеттегі грам-қ түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстыру, өзгеше тіркестер құру.4)Шендестіру (гр. centitesis – қарама – қарсылық ) мағына жағынан біріне-бірі қарсы, аралары алшақ жатқан екі нәрсені бетпе-бет қоюды шендестіру (антитеза) дейді.М: Қара жерге қар жауар,Қарды көр де, етім көр,Қар үстіне қан тамар,Қанды көр де, бетім көр.5)Дамыту (гр. – градация – біртіндеп күшейту түсу). Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды, алд. Оқиғадан соңғы оқиғаны күшейтіп айтуды дамыту дейді. М: Қиқу салып қузға ұшқан, қуздан суық мұзға ұшқан, Мұздан суық бұлтқа ұшқан, Қарулы қыран кім еді?6) Элипсис (гр. – ellepsis – сөз тастап кету). Сөйлем құрда айтылуға тиісті кейбір сөздерді тастап жазуды элипсис дейді.Бірақ тастап кеткен сөз-ң мағ/ы оқушыға анық б/п тұрады. М: кеп қалды . . . ойбай, кеп қалды . . .- дегенде жау сөзі тасталынып кетіп отыр.7) Егіздеу яки параллелизм (гр. қатар жүру, қатынасу) – екі удай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мысалы:Көк алма бұлт сөгіліпКүн жауады кей шақтаӨне бойың егіліп,Жас ағадыЖауған күнмен жаңғырып,Жер көгеріп, күш алар.жасқа қаңғырып,Бас ауырып, іш жанар(Абай)
2.Троп троптың түрлері.Троп грекше tropos-бұрылыс, бұрма деген сөз. Тілімізде өз мағынасында қолданған сөздермен қатар ауыспалы мағынасында қолд сөздер аз емес. Олар әсіресе көркем әдебиетте көптеп кезедеседі. Қ.Ж тропты алтыға бөледі: 1. метофора 2) кейіптеу 3) метонимия 4) синекдоха 5) символ 6) аллегория.Екі нәрсенің ұқсасатығына қарай бір-бірімен ауыстырса оны метафора деп атаймыз. Метофоралық сөздер сын е, зат е және едім, едің, еді, екен деген көмекші етістіктер арқ жасалады: Бала –жүрек ортасы. Бала –ананың қалқасы. Жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді кейіптеу деп атаймыз. М: Ақ киімді денелі ақ сақалды. Кейіптеу арқылы автор жансызға жан беріп, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы, не қуанышты оқиғаны суреиттегенде, оған және табиғат қосылады да, оны бұрынғыдан да күшенйте түседі.Шындық өмірдің әр түрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бір-бірімен байланысып ұштасып жатады. Оның түрлі жағы болады. Осы құбылыстар түрлі жақтарынан не тек қана бір жағын алып, не атын ғана айтып көрсету күнделік сөздерде де, әдебиетте де өте жиі кездеседі. Міне, осылар сияқты не құбылыстың бір жағы, не аттары алынып, өз мағыналарында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің орнына екіншісі алмастырып қолданылса және сол құбылысыты түгел көрсете алса метонимия дейді. М: Ол нанды қаламымен табады. Абайды оқыдым, Пушкинді оқыдым.Синекдоха грек тілінінен аударылған –нысана, бейне, белгі деген мағынаны береді. Образ тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағыасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады.Аллегория гр allegona-пернелеу, меңзеу . Аллегория троптың бір түрі. А-да пікірастарлы болады.Әдебиетте осы айтылған тәрізді дерексіз ұғымдарды деректі ұғымға айналдырып, әр қайсысы бір нәрсені не айуандарды меңзейтін сөз образын аллегория дейді.Аллегория көбіне мысал өлеңдерде кездеседі. Әдебиетте түлкі-қулық, айлакерлікті; арыстан-өктемдік, ақкөгершін-бейбітшілікті сомдайды. Абайдың «Қарға мен түлкі» аудармасы, Сұлтанмахмұттың «Екі тышқаны» , Сәбиттің «Екі текесі» - мысал өлеңдер, аллегориямен жазылған.Троптың бір түрі - кекесін, яки ирония (гр келемеждеу) ; тағы бір түрі –мысқыл яки сарказм (гр-масқаралау). Сарказм иронияның ұлғайған түрі, зілді кекесін. Екеуінің де негізі күлкі.Троптың бір түрі - ұлғайту, яки гипербола (гр үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі – кішірейту яки литота (гр қарапайым)М: Жоғарығы ерні көк тіреп,Төменгі ерні жер тіреп – (гипербола)Етіктейін ерінненЕкі елісі қалыптыҚиған қамыс құлақтанБір тұтамы қалыпты (литота)