Тақырып: Жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі
Жоспар:
1. Жасөспірімдік кезең немесе ерте жастық шақ.
2. Кәсіби бағыттылық жасөспірім шақтың орталық психологиялық жаңа құрылымы ретінде.
3. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму.
4. Сенсорлық кемшілігі бар бала психикасының дамуы
Негізгі ұғымдар:пубертаттық кезең, «дағдарыс», акселерация, жеткіншек, жасөспірім, бозбала, бойжеткен, мамандық, өзіндік сана.
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін - өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдік психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербес те жауапты іс - әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік – психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Кеңестік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік – психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептеуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі – үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш ағзаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14 – 14,5 жаста – ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Негізгі әдебиеттер
1. Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ.,Іргебаева Н., Бопаева М., Нығметова Г. Жалпы психология.Алматы. « Білім» баспасы, 2011.
2. Ақжанова А.Т. Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы. Алматы, Нұр-Пресс, 2011.
3. Альмухамбетова Б.Ж. Психология:дәрістер кешені. Талдықорған:ЖМУ баспасы, 2012.
4. Бабаев С.Б. Жалпы психология. Алматы:Заң әдебиеті, 2009.
5. Бап-баба С. Психология негіздері: оқу анықтамалық қолданба. Алматы:Нұр-Пресс,2012.
6. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. Алматы:Принт, 2012.
7. Қ.Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы, 2009.
8. К.С.Жұмасова. Психология. Астана. «Фолиант» баспасы,2010.
9. Мұқанов М., Алдамұратов Ә.Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. А., 1996.
10. Жарықбаев Қ. Психология негіздері Алматы, 2010.
11. Жарықбаев Қ. Психология: Энциклопедиялық сөздік. Алматы.2011. 12. Крайг Г. Психология развития.- СПб.: Питер, 2000. 13. Лентьев А.Н. Проблемы развития психики.- М.: Изд-во МГУ, 1981 14. Мухина В.С. Возрастная психология. – М., 1992 15. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 16. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.- СПб.: Питер, 2005. 17. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004. Қосымша әдебиеттер 6 .Кушембаев Р.К.Психология успеха. Алматы:Ғылым,1999 7. А.Г.Лидерс. Психологический тренинг с подростками:Уч. пособ-ие для вузов. М.,2004 8. А.Р.Лурия. Лекция по общей психологии.Питер,2006. 9. А.Г.Маклаков. Общая психология.Питер,2006 10. Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.Алматы,2004 11. Қ.Жарықбаев. Жантануға кіріспе.Алматы,2005 12. О.А. Карабанова. Возрастная психологияМ,2005 13. Г.Крайг. Психология развития.Питер,2006 14. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2005 15. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2005 16. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2003 17. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2003 18. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2005 19. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2004 20. Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2001 21. С.Б.Бабаев. Көрнекі психология.Алматы,2008. 22. Л.А.Першина.Общая психология.М.,2004 23. С.Л.Рубенштейн. Основы общей психологии.Питер,2004 24. Е.Б.Старовойтенко.Психология личности..М,2004 25. Е.Б.Старовойтенко Общая и проф. психология.М,2003 26. Бап-бабаС. Мың бір тест. Алматы. 2006 27. А.В. Батаршев. Диагностика способности к общению.Питер,2006 28. А.В. Батаршев. Диагностика темперамента и характера.Питер,2006 29. Л.Ф.Бурлачук. Психодиагностика.Питер,2005. 30. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. – М., 1997 31. Кон И.С. Психология ранней юности., М.,1999 32. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты, проблемы.,М.,1999 33. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.-М., 1998 Психология пәнінен емтихан сұрақтары. 1.Психология пәнінің зерттеу обьектісі. 2.Жалпы психология туралы түсінік. 3.Психикалық процестер және психологиялық қасиеттер. 4. Психологияның ғылыми салалары мен тармақтары. 5. Психологияның зерттеу әдістері. 6. Психологияның мақсат-міндеттері 7. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы. 8. Ежелгі психология. 9 .Орта ғасырдағы жан туралы ілім. 10. 19-ғасырдың бірінші жартысындағы психология. 12. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айнауы. 13. Кеңестік психологияның дамуы. 14. Қазақстан психология ғылымының даму жолы. 15.Өлі табиғаттың тірі табиғатқа айналуы. 16.Тітіркендіргіштік , тропизмдер. 17.Құлықтық инстинктің түрлері. 18.Жануарлардың интеллекті әрекеті. 19.Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы. 20.Еңбек әрекетінде сананың , дыбысты анық тілдің дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихи сипаты. 21.Психиканың даму сатылары. 22.Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері. 23.Адамға тән психикалық ерекшеліктер. 24.Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. 25.Адамдар арасындағы қарым-қатынастар. 26.Топ және ұжым психологиясы. 27.Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдер 28.Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні. 29.Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтары және іс-әрекет түрлері. 30.Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы. 31.Жүйке жүйесінің құрылымы. 32.Жоғары жүйке жүйесінің қызметі. 33.Иррадиация , концентрация және индукция – жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары. 34.Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы. 35.Естің қызметі. 36.Естің түрлері. 37.Естің жеке-типологиялық ерекшеліктер 38.Ойлаудың анықтамасы және оның сипаттамасы. 39.Ойлаудың түрлері мен деңгейі. 40.Ойлаудың құрылымы. 41.Сөйлеу негізгі психикалық үрдіс ретінде. 42.Сөйлеудің психикалық анықтамасы және оның қоғамдық мәні. 43.Сөйлеудің түрлері. 44.Психикалық үрдіс және тұлғаның қасиеттері ретінде зейіннің жалпы сипаттамасы. 45.Зейіннің физиологиялық негізі. 46.Зейіннің түрлері. 47.Зейіннің қызметі. 48.Қиялдың түсінігі және анықтамасы. 49.Қиялдың түрлері. 50.Шығармашылық үрдістегі қиялдың ролі. 51.Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы. 52.Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері. 53.Тұлғаның жоғарғы сезімі. 54.Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі. 55.Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы. 56.Еріктік сапа. 57.Тұлғаның еріктік қасиеттері. 58.Адамның еркі және мінез-құлқы. 59.Темперамент анықтамасы. 60.Темпераменттің физиологиялық негізі. 61.Темпераменттің типтері. 62.Темперамент және психикалық іс-әрекет.. 63.Мінездің анықтамасы. 64.Мінездің физиологиялық механизмі. 65.Мінездің қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың ролі. 66.Мінездің типтері. 67.Мінездің қасиеттерінің топтастырылуы. 68.Қабілеттің сипаттамасы. 69.Қабілеттің түрлері. 70.Қабілеттің нышаны. 71.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік тума қасиеттері. 72.Түйсік туралы түсінік. 73.Түйсіктің физиологиялық негіздері. 74.Түйсіктің түрлері,және оларды топтастыру , жіктеу. 75.Қабылдау,оның физиологиялық негізі. 76.Апперцепция және оның қабылдаудағы ролі. 77.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері. 78.Кеңістік және уақытты қабылдау. 79. Қабылдаудың типтік айырмашылықтары. 80. Мектеп оқушысының психикалық дамуы. 81. Бастауыш мектеп кезеңіндегі дамудың әлеуметтік жағдаяты және негізгі психологиялық жаңа құрылымы(таным, өзіндік сананың қалыптасуы). 82. Жеткіншектік кезеңнің психологиялық сипаты. 83. Шетел және кеңестік психологиядағы жеткіншектік кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы. 84. Жасөспірімдік кезең немесе ерте жастық шақ. 85. Кәсіби бағыттылық жасөспірім шақтың орталық психологиялық жаңа құрылымы ретінде. 86. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму. 87. Сенсорлық кемшілігі бар бала психикасының дамуы 88. Ересектік жастағы даму. 89. Ересектік жастағы когнитивті даму. 90. Кәсіби цикл. 91. Орта жастағы дағдарыс. 92. Геронтопсихология. 93.Ұзақ өмір сүру жңне оны анықтайтын фаторлар. 94. Қартаю әлеуметтік мәселе ретінде. 95. Нәрестелік шақтың психологиялық сипаты. 96. Сәбидің психикалық даму ерекшелігі. 97. Ерте балалық шақтағы психикалық даму жағдайы. 98. Мектепке дейінгі кезең. 99. Мектепке оқуға даярлық мәселесі. 100. Жеке адамның психикалық дамуы мен жеке адамның қалыптасуы туралы түсінік. 101. Психикалық дамудағы биогенетикалық бағыт. 102. Баланың психикалық дамуының факторлары, механизмдері мен факторлары. 103. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы. 104. Психикалық дамуды тездету (акселерация) проблемасы. Психикалық дамудың түрлі теориялық көзқарастар негізіндегі жас кезеңдер (З.Фрейд, Э.Эриксон, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин). 105. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерекшеліктері. |