Бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, сондай-ақ, қазақ тілінде – «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және орыс тілінде – «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және конкурстық негізде мұндай құқыққа ие болған мерзімді баспасөз басылымдарында да жүзеге асырылады.
Осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 6), 7), 7-2) және 8) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қатысты ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жүзеге асырылады.
3. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкес келуіне сараптамадан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттігі туралы шешімді дербес қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
5. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс.
6. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Заң актілерін ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.06 N 298 (2002.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалатын тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің тіркелген нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).