СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік кеңесі
«Мемлекеттік іс құжаттарын құрастыру» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:
-Білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);
-Тақырып бойынша құрастырылуға тиісті іс құжаттарын құрастыру. (өз таңдауы бойынша);
- Пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;
- Шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;
Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:
- Құқық негіздері пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;
- Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;
- Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;
- Дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;
- Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады
Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:
- Ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;
- пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;
- күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;
- Тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.
СӨЖ –дің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
№ | Тапсырмалардың мазмұны | Сағ. саны | Тапсыру мезгілі | Бақылау түрі |
1. Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау қаулысын; Оқиға болған жерді қарау хаттамасын толтырыңыз. 2. Беттестіру, Адамды тану үшін көрсету қаулысын толтырыңыз. Түсініктеме беріңіз. 3. Тінту жүргізу туралы қаулыны және тінту хаттамасын жасаңыз. Түсініктеме беріңіз. | 4 апта | Баяндама, конспект баяндау Тест сұрақтарын құрастыру | ||
1. «Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс әрекетімен келтірілген зиянды өтеу» - тақырыбна реферат жазыңыз. 2.Куәландыру жүргізу туралы қаулы мен куәландыру хаттамасын жасаңыз, түсініктеме беріңіз. 3. «Анықтаушы – қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде»- тақырыбына баяндама жазыңыз. | 7 апта | реферат Эссе баяндау конспект | ||
1. Алдын ала тергеу сатысында тергеушімен жүргізілетін тергеу әрекеттері бойынша кесте құраңыз. 2. Сот медициналық сараптаманы тағайындау туралы қаулысын жасаңыз. Айып тағу хаттамасын жасаңыз. 3. «Қылмыстық процесс бойынша процесуалдық құжаттар»- тақырыбына реферат жазыңыз. | 11 апта | Аннотация, тезистер конспект конспект | ||
1 Қылмыстық істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы қаулысын, Істі қосымша тергеуге қайтару туралы мәселені шешу үшін алдын ала тыңдауды өткізу туралы Қаулысын жасаңыз. 2. Қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімді қабылдау үшін алдын ала тыңдауды өткізу туралы қаулысын, қылмыстық ңстерді бөлектеу туралы қаулысын құрастырыңыз. 3. Қылмыстық істерді бөлектеу туралы қаулысын құрастырыңыз. Көрсетілген қаулыларды құрастыру бойынша түсініктеме беріңіз. | 14 апта | тезистер Сөздік құрастыру реферат | ||
Барлығы: |
Глоссарий
алқаби – соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) жөніндегі істі мәні бойынша қарайтын сот;
арыз иесі – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не өзiнiң нақты немесе болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін тұлғаның құқығын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен қорғау үшiн жүгінген тұлға;
басты сот талқылауы – бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
бiрiншi сатыдағы сот – сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істі соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары);
ғылыми-техникалық құралдар – дәлелдемелердi табу, тіркеу, алып қою және зерттеу үшiн құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы құрылғылар, материалдар;
жасырын тергеу әрекеті – осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында өздерінің мүдделеріне қатысы бар қылмыстық процеске тартылған тұлғаларға хабарламай жүргізілетін әрекет;
заңды өкiлдер – күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;
кассациялық саты – iстi бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына өтінішхаттар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы;
электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
қаулы– соттың үкiмнен басқа кез келген шешiмі, анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша іс жүргізу барысында қабылдаған шешiмі;
қорытынды шешiм – қылмыстық процесті жүргiзетін органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болғызбайтын, сондай-ақ істі мәні бойынша түпкілікті түрде болмаса да шешетін кез келген шешiмі;
қылмыстық iс – бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы және (немесе) сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;
мемлекеттік айыптау – прокурордың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттағы, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында айыптауды дәлелдеуден тұратын процестік қызметі;
наразылық – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзген ден қою актiсi;
орталық орган – осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) қарауға және оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) шет мемлекетке жіберуге уәкілеттік берілген орган;
өтінішхат– тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған, процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік шешім қабылдау туралы өтінуі, ал кассациялық сатыда – заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш;
процесс прокуроры – прокуратураның басшысы осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүктеген прокурор;
процестік әрекеттер – осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн әрекеттер;
процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім;
процестік шешiмдер – қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарылған актiлері;
санкция– соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық қудалау органының процестік әрекетті жасауына берген рұқсаты не қылмыстық қудалау органы жасаған немесе қабылдаған процестік әрекетті немесе процестік шешімді прокурордың бекіту актісі;
сот– сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот;
сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап оны прокурор мәні бойынша қарау не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жібергенге дейін іс бойынша іс жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының және қорғаушы тараптың қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы;
судья – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);
тергеулік – осы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретiне жатқызатын, осы Кодексте белгiленген белгілердің жиынтығы;
тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы;
төрағалық етушi – қылмыстық iстi алқалы түрде қарау кезiнде төрағалық ететiн не істі жеке-дара қарайтын судья;
үкiм– айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi;
хаттама – қылмыстық процесті жүргiзетін орган жасайтын процестік әрекет тіркелетiн процестік құжат;
шағым– процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың немесе соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне ден қою актiсi, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық қудалауды жекеше немесе жекеше-жариялы тәртіппен жүзеге асыру туралы талабы;
iс бойынша iс жүргiзу – нақты қылмыстық iс бойынша оның сотқа дейінгі және соттағы іс жүргізуі барысында жүзеге асырылатын процестік әрекеттер мен шешiмдердiң жиынтығы;
экстрадициялық қамақ – шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен қамау туралы шешімін орындау бойынша соттың іздестірілудегі адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында қолданатын қамтамасыз ету шарасы.