Р қылмыстық кодекс

Ж

3. ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған заң

Р қылмыстық кодекс

4.ҚР-да мемлекеттік билік тармағы қалай бөлінген.

(заң шығарушы, атқарушы, сот билігі )

2-топ:

1.ҚР конституциясы қай жылы, қашан қабылданды

(1995 ж 30 тамыз )

2.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.ҚР Конституциясының нешінші бабында көрсетілген. (15 бап 1 тармағы )

3.Білім туралы заң қашан қабылданды ( 2007 ж 27 шілде )

4.ҚР Баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды,неше тарау, неше баптан тұрады.

(2002 ж 8 тамыз, 10 тарау 53 бап )

3-топ:

1.Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылатын ең жоғары заңдық күші бар құқықтық акт қалай аталады (конституция )

2.Конституция бойынша қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы болып табылатын лауазымды тұлға.

(Президент )

3.Мәжілістің тоғыз депутатын сайлайды.

(Қазақстан халықтарының ассамблеясы)

4. ҚР азаматтары қанша жастан бастап судья бола алады.

( 25 жас)

4-топ:

1. ҚР Президентінің кезекті сайлауын хабарлайтын орган. (мәжіліс )

2. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын лауазымды тұлға. (әкім )

3. Конституция бойынша мемлекеттің қорғауында болады.

(ана мен бала )

4. Неке және отбасы туралы заңы (2007 ж 27.07 )

2 тапсырма « Жалғасын тап»

1-топ:

o ары таза жігіттің ( жаны таза )

o қылмысы жаманды құдай табады (жүрісі жаманды ит қабады )

o тура биде туған жоқ (туғанды биде иман жоқ )

o ұрлық түбі (қорлық )

2-топ:

o тәртіпке бас иген құл болмайды(тәртіпсіз ел болмайды )

o тәрбиелі (тәртіптің құлы )

o жақсы тәртіп әдетке айналса ырыс

(жаман тәртіп әдетке айналса қырсық )

o Біреуге ор қазба -...(өзін түсерсін )

3-топ:

o Қылмыскер кісіден қорықпайды (ісінен қорқады)

o Дау бітімі төрешіден болмас (айтушыдан болады)

o Ер жігіттің мойнында (қыл арқан шірімес )

o Өтіріктің құйрығы... (бір тұтам )

4-топ:

o Сөз шынына тоқтайды (пышақ қынына тоқтайды)

o Дау мұраты (біту )

o Жігіттің құны жүз жылқы (ары мың жылқы )

o Қолыңмен істегенді -...(мойнынмен көтер )

3 тапсырма « Сөз шебері»

Бұл кезеңде сайыскерлер таңдаған еркін тақырыптары бойынша өз пікірлерін ортаға салады.

1. Отбасындағы балалар құқығы

2. Ата-аналардың міндеттері мен құқықтары

3. Заң және әділдік

4. Жасөспірім және заң

5. Жастар және еңбек

6.«Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
7.«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»

8.«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»

9.Қазақ халқындағы мұрагерлік ұғымы

10.Адам құқықтары конституцияда.

4 тапсырма Заңды білу-парыз. (Заңды оқы, өз ойынмен айт)

1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.

13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
• Түзеу жұмыстары;
• Қамау
• Бас бостандығынан айыру болып табылады.

Наши рекомендации