Леуметтік қатынастардың конституциялық-құқықтық бекітілуі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Әлеуметтік байланыс — қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік. Бұл түсінікті социологияға француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм енгізген. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады: а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді; ә) аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді; б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды. Әлеуметтік байланыс ұғымы әлеуметтік қарым-қатынастар ұғымын да қамтиды және әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады. Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады. Олар саяси, экономикалық, құқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-қатынастардың қоғамдағы рөлі зор. Ол. әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді. Әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты қоғамның әлеуметтік даму деңгейіне байланысты. Өркениетті, дамыған қоғамда әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады.[1]
Қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың өзара заңдылықтары мен бір-біріне себеп-салдарлығы әлеуметтік детерминизм (лат. determіno — анықтаймын) — принципі негізінде анықталады. Бұл принцип қолданылу мақсатына қарай механикалық әлеуметтік детерминизм, статикалық әлеуметтік детерминизм, жүйелі әлеуметтік детерминизм болып үш түрге бөлінеді.[
Шетелдердің саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық бекітілуі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Саяси жүйені кӛпшілік ғалымдардың кӛзқарасына сүйеніп кӛмегімен халық ӛзінің мемлекеттік, саяси билігін жүзеге асыра-тын мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Саяси жүйенің негіздері Конституцияның “Жалпы ережелер” бӛлімінде бекітілген. Саяси жүйенің негізгі элементі болып мемлекет табылады. Одан басқа элементтеріне саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары ... кіреді. ШЕ Конституциясының 5 бабына қарап елімізде бір идеоло-гияның үстемдігінен бас тартылатындығы бекітілген деп айтуға болады. Себебі, онда Шетелнда идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығы анықталған. Бұл ереже ешбір идеологияның мемлекеттік немесе міндетті идеоло-гия ретінде анықталмайтындығын кӛрсетеді. Әдетте, мұндай ереженің бекітілуінің себебі болып кеңес заманында марксизм-ленинизм ілімінің мемлекеттік идеология ретінде анықталуы, мемлекеттік идеология бола отырып оның мемлекеттің эконо-микалық, саяси және әлеуметтік негіздерін анықтап отырғаны табылды деп есептеледі. Марксизм-ленинизм идеологиясына сәйкестікте кеңестік социалистік мемлекет құрылды. Мемле-кеттің саяси жүйесінің орталық элементі болып кеңестік Конституцияға сәйкес коммунистік партия танылды. Ол қоғам-ның дамуының басты бағыттарын анықтап, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгіледі. Идеологиялық әр-алуандылық ШЕ түрлі идеология-лық кӛзқарастар мен ағымдардың ӛмір сүруі мен әрекет етуіне рұқсат берілетіндігін білдіреді. Бұл түсінік кез келген ағымдар-дың ӛмір сүруіне рұқсат етпейді. Олардың алдына қойылатын шарт – олар Шетелдердің конституциялық құрылысын күштеп ӛзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру идеясын жарияла-мауы тиіс, сондай-ақ әлеуметтік, діни және ұлтаралық араздықты тудырмауы керек. Саяси әр-алуандылық қоғамда түрлі саяси партиялардың және ұйымдардың әрекет етуі мүмкіндігін білдіреді. Заңнамаға сәйкес қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдарда партия ұйым-дарын құруға жол берiлмейдi. Саяси партия деп азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң ӛкiлдi және атқарушы, жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Шетел азамат-тарының ерiктi бiрлестiгi танылады. Саяси партиялардың құрылуы мен қызметіне байланысты заңмен келесідей тиымдар салынады: - Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ; - Шетелдердің аумағында басқа мемлекет-тердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне жол берiлмейдi; - Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп ӛзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемле-кет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағыттал-ған қоғамдық бiрлестiктер (саяси партиялар) құруға және олар-дың қызметiне тыйым салынады; - Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құрамалар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады; - Республикада саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi; - Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мем-лекеттiк органдар мен жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. - Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партия-лардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi;
- Саяси партияға ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси пар-тиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға
мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжат-тарда да, қандай партияға жататынын кӛрсетудi талап етуге тыйым салынады.
Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiн-деттерiн атқару кезiнде Шетел заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен
олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
Саяси партиялар келесідей қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді: 1. ерiктiлiк;
2. тең құқықтылық;
3. ӛзiн-ӛзi басқару;
4. заңдылық;
5. жариялылық.
Шетелдердің жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
Саяси партияға келесілер мүше бола алмайды:
- шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар;
- әскери қызметшiлер;
- ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
- судьялар.
Парламент депутаттарының, мемлекеттік қызметшілердің саяси партиялардағы ақы тӛленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. Қайтыс болу,
партиядан шығу, партиядан шығары-лу, басқа партияға кiру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.
Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партия-ның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және об-лыстардың,
pecпубликалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан ӛкілдiк ететiн Шетел азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке ӛзi қатысады.
Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның
басшы органдары құрылады.
Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден ӛткеннен кейiн жүзеге асырады. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi ШЕ Әдiлет
министрлiгi жүзеге асырады. Ұлттық заңдарға сәйкес саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы,
республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бӛлiмшелерiнiң (филиалдары мен
ӛкiлдiктерiнiң) атынан ӛкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс.
Тiркеушi орган Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде кӛзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген
тәртiбiн бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бӛлiмшелерiнiң
(филиалдары мен ӛкiлдiк-терiнiң) тiзімдерi ШЕ-ның заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай ӛткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды
қайтадан бере алады.
Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:
1) Шетелдердің Конституциясы мен заңдарын бұзған;
2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сӛйлеген сӛздерi орын алған;
4) саяси партия мүшелерiнiң саны Заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде оның қызметін тоқтата тұруға негіз болған тәртiп бұзушылықтар
жойылатын болса, саяси партия ӛз қызметiн қайта бастайды.
Саяси партия:
1) ӛзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша;
2) аймақтардың кемiнде жартысының ӛкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша;
3) соттың шешiмi бойынша таратылады.
Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республи-касының заң
актiлерiнде кӛзделген тәртiппен сот жүргiзедi.
Соттың шешiмi бойынша саяси партия мына жағдайларда таратылады:
1) саяси партиялар туралы заңның талаптарын орындамаған жағдайда;
2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған жағ-дайда;
3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған жағдайда;
4) ШЕ заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асыр-ған не қызметiн ШЕ заңдарын бiрнеше рет (кемiнде 2 рет) немесе ӛрескел бұза
отырып жүзеге асырған жағдайда;
5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң
заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған жағдайда;
6) саяси партия ШЕ Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған жағдайда;
7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған, саяси партия осы Заңда тыйым
салынған қайырмалдықтарды қабылдаған жағдайда;
8) саяси партия, оның құрылымдық бӛлiмшелерiнiң (филиал-дары мен ӛкiлдiктерiнiң) қызметiн ШЕ заңдарында кӛзделген жағдайларда қайта
тiркеусiз жүзеге асырған жағдайда;
9) ШЕ-ның заң актiлерiнде кӛзделген ӛзге де жағдайларда.
Саяси партияның ұйымдастырылуы мен қызметінің мәселе-лері неғұрлым кең түрде “Саяси партиялар туралы” Шетелдердің 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңында реттелген.
21.Мемлекет ұғымына жалпы сипаттама(демократиялық, құқықтық, зайырлы,әлеуметтік)
Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы.Ол-керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті әзін-озі басқаруынан кәрініс табады.Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия- жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқaру органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді.
Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады.
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.