III. Парламент мүшесінің қүқықтық жағдайы

Парламент мүшелерінің құқықтары және

Артықшылықтары.

Жоғарыда аталып өткендей, парламенттің құрамында парламентарийлердің орынбасарлары болуы мүмкін, кейбір кездері отырыстарға өзге де тұлғалар қатысады,бірақ шешуші дауыс қүқығын тек депутаттар, сенаторлар иеленеді. Олардың орынбасарларының, кейбір аумақтардың делегаттарының (АҚШ) тек кеңес берушілік дауысы болады,олар дауыс беруге емес, тек талқылауға қатыса алады. Төменгі палатаның мүшелері түрлі елдерде екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге сайланады, жоғарғы палатаның мүшелері әдетте өз лауазымын бес, алты, тоғыз жыл иеленеді, кейбір кездері тағайындау мерзіміне қарай (Германия, Канада), ал кейбір кездері өмір бойы (Ұлыбританиядағы лордтар) иеленеді.Көптеген елдерде парламенттің мүшелері кәсіби парламентариілер болып табылады және өздерінің депутаттық қызметі үшін қазынадан қомакты сыйақы алады (Бразилияда - жылына шамамен 150мың АҚШ доллары, АҚШ-та - 133 мың (сенатор - 129 мыңАҚШ доллары), Германияда, Францияда, өзге де елдерде – айынашамамен 8-10 мың евро, ¥лыбританияда - жылына 56 мың ф. ст.,Украинада- 17,4 мың гривен (бұл шамамен 2 мың АҚШ доллары,2010 жылдаңбастап бұл сыйақыны екі есе азайту көзделген).Мұндай сыйақының мөлшері жиі өзгертіліп отырады, соның ішінде инфляцияға да байланысты. Кейбір елдерде (Францияжәне т.б.) сыйақының мөлшері екі бөлікке бөлінеді; екіншібөлікті депутаттар парламенттің, тұрақты комиссиялардың отырыстарына баруына, жұмыстағы белсенділігіне қарай алады(тәжірибеде бұл ереже аса қолданылмайды, бірақ Германиядаотырыстарға келмегені үшін айыппұл белгіленеді, Италияда,Ұлыбританияда Парламентте болмаған күн үшін ақы төленбейді).Кейбір елдерде ақы төлеу негізгі бөлікке қоса әрбір отырыс үшін күн сайынғы сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі (Үндістан).Депутаттар зейнетақылық жеңілдіктерді иеленеді. АКШ-та олар зейнет керлікке шыққан соң айлық жалақысының 80%-на дейінгі сомада зейнет ақы алады, оның көлемі Конгресте қызмет еткен еңбек стажына байланысты болады (30 жыл бойы Конгрестін мүшесі болған тұлға жылына 106 мың доллар алуы мүмкін).Көптеген елдерде парламентарийлер тұрғын үймен, медициналық қызмет көрсетумен, пошталық және телефон байланысымен тегін камтамасыз етіледі, еңбек акысын мемлекет төлейтін хатшылармен көмекшілерді иеленеді (АҚШ-та төменгі палатаның мүшелерінде 18 көмекшіге дейін, сенаторларда өзі өкілі болып табылатын штаттың мөлшеріне карай 20-30 көмекшісі болады),сонымен қатар олар салықтарға қатысты жеңілдіктерді иеленеді,ал Францияда депутаттар турғын уй, медициналық қызмет үшінөздері төлейді, салықтарды да толығымен төлейді.Тоталитарлык социализм елдерінде әдетте депутат кәсіби парламентарий болып табылмайды, ол озінің негізгі жұмысын тастамауы тиіс (парламенттік қызмет негізгі жұмыс орны депсаналмайды), дегенмен кейбір депутаттар кейбір жағдайлар да негізгі жұмыс орнынан босатылуы мүмкін. Бұл мемлекеттер де депутат депутаттық міндеттерді коғамдық негізде атқарады,ол тек депутаттық шығындарды өтеуге бағытталатын кішкене сыйақы алады. Кәсіби парламентариймен салыстырғанда депутаттың бұрыңғы жұмыс орнының сақталуы халыкпен тұрақты байланысты сақтау, қарапайым халықтан алшақтамастан оның қажеттік терінбілу мүмкіндігін береді деп саналады. Мүндай тәсілдің жағымды жақтары да бар, бірақ басқа жұмыста тұрақты түрде жұмыс істейтін депутат мемлекет үшін аса маңызды болып табылатын заң шығару қызметіне белсенді түрде қатыса алмайды.Бір қатар елдерде депутаттар мен сенаторлар ерікті мандатқа ие. Олар тек өздерінің сайлау округының емес, бүкілхалыктың өкілдері ретінде қарастырылады (әсіресе, егер олар округтар бойынша емес, жалпы мемлекеттік партиялык тізімдер бойынша сайланса) және сол себепті округ сайлаушыларының тілегін орындауға міндетті емес, сайлаушылармен мерзімінен бұрын кері шақырыла алмайды. Тоталитарлық социализм елдерінде, керісінше, депутат императивтік мандатты иеленеді.Мұндай мандатқа сәйкес, егер депутат сайлаушылардың тілегін орындамаса, оны мерзімінен бұрын кері шақырып алуға болады.Көптеген елдерде, соның ішінде, тоталитарлық социализм елдерінде парламент мүшелері депутаттық иммунитетті иеленеді. Бұл депутатты өзі мүше болып табылатын палатаның рұқсатынсыз полициялық ұстауға немесе қамауға алуға болмайтының, оған қатысты қылмыстық іс қозғауға тыйым салынатының білдіреді. Әдетте депутатты қол сұғылмаушылық құқығынан айыру үшін білікті көпшілік дауыс талап етіледі(Аргентинада үштен екі, ал Финляндияда алтыдан бес). Депутат қылмыс жасау үстінде ұсталған жағдайда ғана оны полициямен ұстауға болады. Иммунитет сайлану кезіндегі бүкіл уакытқа (Германия, Испания, Италия), ал кейбір кездері тек сессия кезінде (Жапония) және сессияға бару және қайту кезеңіне(АҚШ) таралуы мүмкін, ал Ұлыбритания мен Австралияда иммунитет сессия кезеңіне, оған дейінгі және одан кейінгі 40күн ішінде таралады. Иммунитет депутаттық құқықтық тәртіпті бұзуының барлық жағдайларына тарала бермейді (мысалы,АҚШ-та иммунитет ауыр қылмыстарға, конгрессменнің коғамдық тәртіпті бұзуына таралмайды).Францияда иммунитеттек сессия кезеңінде әрекет етеді және қылмыстық заңмен жазаланатын әрекеттерге таралмайды. Нидерландта, Малайзияда депутаттық қол сүғылмаушылық колданылмайды.Жалпыалғанда демократиялық елдерде конституциялық құқыктың дамуүрдістері депутаттық иммунитеттің әлсізденуі мен сипатталады.Депутаттық иммунитет парламенттер мен монархтардың бір-біріне қарсы тұрған кездерінде халық өкілдерін монархтар мен оларға бағынысты мемлекеттік органдардың басып-жаңшуынан қорғау үшін пайда болған және ол заманда шын мәнінде кажет болған. Ал казіргі кезде жағдай өзгерді. Депутаттық иммунитет әрекет ететін мемлекеттердің санының қысқаруы мен қатар конституцияларға депутаттың лауазымдық қызметпен байланысы жоқ істер бойынша заңды жауапкершілікке тартылатыны туралы ережелер жиі қосылуда (дегенмен, мұндай жағдайда тергеудің ерекше нысандары белгіленуі мүмкін).Сонымен катар депутат депутаттық иеленеді. «Индемнитет» термині екі мағынаға ие. Біріншісі -тіпті депутаттың дауыс беру арқылы қолдаған әрекеттер мен парламенттегі сөздері кейін құқыққа кайшы деп танылса да,бұл әрекеттер үшін жауапкершіліктің болмауы. Депутаттың парламентте қызмет ету уақытында жасаған әрекеттері үшін жауапкершілік кейінгі кездері де өмірбойы туындамайды(Испания). Германия,Беларусы және өзге де мемлекеттерде палатадағы отырыс барысында жасалған жала-жабуға, қорлауға таралмайды (бұл үшін қылмыстық құқыққа сәйкес жауапкершілік көзделген).Индемнигеттің екінші мағынасы—жоғарыда сөз болған депутаттық сыйақы.Кейбір кездері бұлайша жауапкершіліктен босатылу депутаттық иммунитет түсінігінің элементі ретінде саналып, ал индемнитет тек екінші магынасы бойынша карастырылады (мысалы, Грекияда).Депутат парламенттің, оның комиссияларының, өзге де органдарының жұмысына катысуға, еркін сөз сөйлеуге және дауыс беруге құқылы, ол парламенттің отырысында немесе одан тыс жерлерде мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына (Вьетнамда - соған қоса президентке) сұрақ кою немесе сұрау жіберу кұқығын иеленеді (ауызша немесе жазбаша түрде өтініш білдіру арқылы); ол өз сауалдарына мемлекеттің лауазымды тұлғаларынан бірінші кезекте жауап алуға және олардың қабылдауына кезектен тыс баруга құқылы. Кейбір елдерде депутаттар парламенттің шешімі бойынша мандатынан айырылуы мүмкін, алайда бұл өте күрделі процедура және оны шешу үшін білікті көпшілік талап етіледі (әдетте үштен екі, ал кейбір кездері алтыдан бес). Депутат белгілі бір қылмыстары үшін сот алдында да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өзі сайланған партиядан шығудың (Үндістан,Португалия), мемлекеттік лауазымды иеленудің (лауазымдардына сәйкес келмеуі), парламент жұмысына қатыспаудың, парламентке сыйламаушылық танытудың, лауазымынан босату туралы өтініш берудің нәтижесінде депутат маңдатынан айырылуы мүмкін.Кейбір елдерде депутат өз калауы бойынша, екіншілерінде палатанын рұқсатымен лауазымынан кете алады, ал үшіншілерінде (Норвегия) - мүлдем ондай құқығы жоқ. Көптеген елдерде кейбір депутаттар бірнеше рет қайта сайланып, өз лауазымын оңдаган жылдар иеленеді (Ұлыбритания, АҚШ). Филиппин Конституциясы Өкілдер палатасына үш реттенартық, ал Сенатқа екі реттен артық қатарынан сайлануға тыйым салады.

Наши рекомендации