Федерация және оның субъектілері арасындағы құзыретті бөлу бойынша өз ойыңызды анықтаңыз
Федералдық мемлекет теориясында мемлекеттік билікті құрудың басты
мәселесі федерация мен оның субъектілерінің арасындағы құзыреттерді бөлу ерекше орын алады. Қандай да мемлекет болмасын орталық немесе федерация биліктің басым бөлігін өзінде ұстауға мүдделі. Бірақ мемлекеттік-құқықтық тарих мұндай жағдайдың әмбебаптық тетік емес екенін сан рет дәлелдеді. Кезінде ондаған федералдық мемлекеттердің жойылуына себеп болған көптеген факторлардың ішінде құзыреттерді бөлісе алмау да болған. Оларға ең жақын әрі оңай мысал ретінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын келтіруге болады.
Билікті бөлу тек қана саяси шара ғана емес. Федерация мен оның субъектілері арасында мемлекеттік билікті бөлуді құқықтық өнер деп те бағалауға болады. Ал құқықтық өнердің соңында жалпы дамумен қатар, мемлекеттік ұстаным мен саяси жігер, құқықтық саясат пен құқықтық мәдениет және т.с.с. көзқарастар мен құбылыстар тұрады. Сондықтан ондай шараларды толық жүзеге асыра алған мемлекеттер ғана дами және өркендей алды. Сондықтан Америка Құрама Штаттары федералдық мемлекетін құрушылардың бірі Т. Джефферсонның «федералдық мемлекетте орталық пен оның субъектілерінің арасындағы билікті бөлу оның маңызды қағидат болып табылады. Тек қана жауапкершілікті жоғарыдан төмен қарай табандылықпен бөлудің арқасында ғана адамдардың жалпыұлттық мүдде мен
өркендеу үшін атқаратын жұмыстарына басшылықты мейілінше дұрыс ұйымдастыруға болады» деген тіркеске ерекше мән берілуге тиіс, өйткені мемлекеттік басқаруда құқықтардан гөрі жауапкершіліктің нақты бекітілуі өте маңызды.
Жалпы мемлекет теориясы бойынша федералдық мемлекеттерге тән билікті бөлудің сандаған тетіктері мен институттары болады. Осындай құрылымдық элементтердің ерекшеліктері арқасында федералдық мемлекеттердің өзіндік сипаты пайда болады. Сондықтан қазіргі кезде әртүрлі негіздердегі жіктеу бойынша федералдық мемлекеттердің «орталықтандырылған», «орталықсыздандырылған», «шартық»,
«симметриялық», «асимметриялық», «кооперативтік», «конституциялық-құқықтық», «классикалық», «дуальды» және т.с.с. түрлері бар деуге болады. Келтірілген атаулардың билікті бөлуге негізделгені айқын көрініп тұр. Мемлекеттік билікті бөлудің федерацияның да, оның субъектілерінің де мүдделерін толықтай қанағаттандыруға бағытталатыны да айқын. Яғни кейбір кезеңдер мен деңгейлерде олардың арасында теңдік сипатының болатыны да сөзсіз.
Федерация мен оның субъектілері арасындағы құқықтық және тәжірибелік заңдық тепе-теңдікті тұрақты қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Сондықтан жоғарыда көрсетілген тепе-теңдікті сақтау үшін кейбір мемлекеттерде федерациялық қосымша институттар мен тетіктер қарастырылған. Латын Америкасындағы бірқатар федералдық мемлекеттерде «федералдық интервенция» институты бар.
49.Федерация субъектілерінің конст-құқықтық мәртебесін толық ашыңыз.
Федеративтік мемлекеттердің басым бөлігін, ал кейбір кездері олардың бүкіл аумағын федерация субъектілері алып жатады. Кейбір аса ірі қалалар да федерацияның субъектілері болып табылады. Шағын Бельгиядағы федерацияның құрылымы өте күрделі.Онда ұлттық-мәдени және аумақтық элементтер үйлескен.Федерацияның субъектілерінде мемлекеттіліктің элементтері бар, бірақ олар мемлекет емес, мемлекеттік құрылымдар.Олар атауларын өздері анықтайды.Әдетте бұл құрылымдардың аумағын олардың рұқсатынсыз өзгертуге болмайды.Көбінесе олардың өз конституциялары болады, Пәкістанның провинцияларында конституциялар жоқ. Федерацияның субъектілері өздерінің негізгі заңдарын өздері қабылдайды,бұл заңдар орталық органдардың бекітуін талап етпейді. Федерацияның субъектілері өздерінің заң шығару органдарын жергілікті бір палаталы немесе екі палаталы парламент құрады. Федерация субъектілерінде өзінің жеке немесе алқалы атқарушы органы болады.Федерацияның субъектілері парламентте өздерінің палаталарын құрады, ал осы субъектілердің мүдделерін білдірудің арнайы органы болып табылады.Олар бұл палатада халықтың санына қарамастан тендей өкілеттікке ие.Федерация субъектілерінде жоғарғы сотқа дейін жететін,федералдық сотпен қатар әрекет ететін өз сот жүйесі болуы мүмкін,дегенмен көптеген федерациялардың провинцияларында өзінің сот жүйесі жоқ.Олардың өз азаматтығы болуы мүмкін.Әдетте олардың өз рәміздері болады,олар өз арасында саяси емес одақтар құра алады,сонымен қатар өзге мемлекеттер федерацияларының субъектілерімен экономикалық және мәдени сипаттағы келісімдер жасаса алады.Федерация мен субъектілердің өкілеттіктерін ажырату туралы шарттар да жасалуы мүмкін,олар парламентке хабарлануы тиіс.Федерация субъектілері сыртқы істер министрлігінің рұқсатымен басқа мемлекеттерде өз өкілдіктерін ашады.Мұндай өкілдіктер саяси емес,тек экономикалық және мәдени сипаттағы міндеттерді атқарады.Федерацияның субъектісі болып табылмайтын құрамдас бөліктерінің өз конституциялары болмайды.
50-51.Конституциялық бақылау органдары. Конституциялық кеңес – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т.б. елдерде). Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот сияқты, әдетте, аралас негізде жасақталады: мүшелердің бір бөлігін республика президенті, бір бөлігін парламент палаталарының төрағалары немесе өзге органдар тағайындайды. Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік организация Конституцияның мәртебелілігі – билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі жеті мүшеден жасақталады. Бұған қоса республиканың экс-Президенттері де оған өмір бойы мүше болады. Конституциялық кеңестің Төрағасын Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін және республика Президентін қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін – белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Сондай-ақ, сот қолданыстағы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайда, акт Конституцияға сай келмейді деп тану туралы соттардың өтініштерін қарау және конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жіберу өкілеттіктері де Конституциялық кеңестің құзырына жатады. Аталмыш 5 өкілеттік тобын Конституциялық кеңес республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша жасақтайды.
52. Шетелдердегі жергілікті басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.Жергілікті жерлерде басқаруды тағайындалған мемлекеттік органдар,сол аумақтық бірліктің халқы сайлайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдары немесе осылардың екеуі де(тағайындалған мемлекеттік органдар жалпы мемлекеттік мәселелер бойынша басқаруды жүзеге асырады,ал жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары ішкі мәнге ие мәселелерді шешеді, мысалы, Украинада,Францияда)жүзеге асырады. Жергілікті жерлерде басқаруды жүзеге асыратын органдардың сипаты және құрылымы екі фактормен анықталады: 1)мемлекеттік билік және аумақтық ұжым билігінің түсінігіне қатысты түрлі тәсілдермен 2)әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардағы аумақтық ұжымдарды табиғи және жасанды деп бөлу доктринасымен.Мемлекеттердің басым бөлігінде қолданылатын тұжырымдамаға сәйкес тек орталық органдар (парламент, мемлекет басшысы,үкімет,т.б) олардың жергілікті жерлердегі өкілдері федерацияның субъектілеріндегі мемлекеттк биліктің тиісті органдары, сонымен қатар соттар мемлекеттік билік органдары болып табылады.Ал жергілікті жерлердегі сайланбалы органдар мен олар өздері құратын әкімшілікке келетін болсақ, олар жергілікті өзін-өзі басқару органдары және аумақтық ұжымдардың басқармалары ретінде қарастырылады.Мұндай органдар әрқашан сайланбалы сипатты иеленеді.Мемлекеттік және әкімшілік органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өз қалаулары бойынша нақты нұсқаулар беруге құқылы емес,бұл органдардың құқықтық жағдайы заңдармен реттеледі.Өзін-өзі басқарудың аймақтық сайланбалы органдары өзін-өзі басқарудың аймақтық әкімшілігін құрайды.Бұл-жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзырет шегіндегі істерге басшылық жасайтын шенеуніктер. Мемлекеттік аймақтық басқарудың да өз әкімшілігі бар,ал губернаторға,воеводаға немесе префектке бағынатын шенеуніктер. Ағылышын саксондық жүйеге сәйкес төменгі деңгейде және аймақтық деңгейде АҚШ,Англияда,Шотландияда жергілікті мәселелерді шешу үшін тұрғындар кеңесті сайлайды. Әдетте ол 2-4 жылға сайланады,3-7мүшеден тұрады, аса ірі қалаларда 35-50 мүшеге дейін болуы мүмкін.Жергілікті өзін-өзі басқарудың романдық-германдық жүйесі Болгарияға,Италияға,Польшаға, Францияға тән,Моңғолияда,Түркияда,Украинада,басқа елдерде қолданысқа ие. Ол жергілікті органдардың сайлануы мен тағайындалуын үйлестіруге негізделеді. Латын америкалық үлгінің негіздері Испанияның және Португалияның тәжірибесінен бастау алады. Ол Бразилияда Латын Америкасының көптеген испан тілді елдерінде қолданысқа ие. Жергілікті басқарудың және өзін-өзі басқарудың латынамерикандық жүйесі кезінде әкімшіілк-аумақтық бірліктердің халқы сол әкімшіілк бірліктің кеңесін және бас лауазымды тұлғасын сайлайды; кейбір кездері лауазымды тұлғалардың алқасы сайланады. Бірқатар елдерде ең жоғарғы лауазымды тұлғаны халық емес, кеңес сайлайды. Оның қолында жергілікті жерлердегі биліктің негізгі тетіктері шоғырланады және ол кеңестің қызметіне бақылау жасау құқығын иеленеді.Дегенмен бақылау аса көп қолданылмайды.
53.АҚШ конституциясы.АҚШ конституциясы 1787жылы Филадельфия қаласында Конвентпен мемлекет штаттардың өкілдерінен құралған құрылтай жиналысымен қабылданды. Ол салыстырмалы түрде шағын құжат,7баптан тұрады. Преамбулада АҚШ халқының бұл Конституцияны одақты құру,сот төрелігін, ішкі тыныштықты орнату, бірлескен қауіпсіздікті ұйымдастыру, жалпы әл-ауқаттылықпен бостандықты бекіту мақсаттарында қабылдайтыны айтылған. Конституциялық бақылау жалпы соттармен жүзеге асырылады, ал федералдық актілерге байланысты түпкілікті шешімді АҚШ жоғарғы соты, штаттардың актілері бойынша –штаттардың жоғарғы соттары қабылдайды. Президент пен жоғарғы соттың қызметі конгресс қабылдаған заңдардың негізінде жүзеге асырылады, президент заңдарға қатысты вето құқығына ие, ал Жоғарғы сот заңдарды конституциялық емес деп танып, сол арқылы олардың күшін тоқтата алады.АҚШ конгресі 2 палатадан тұрады:Өкілдер палатасы, Сенат.435 депутаттан тұратын Өкілдер палатасы бірмандаттық округтар бойынша 2 жылға сайланады.Сенаторлар 6 жыл мерзімге сайланады, әр штаттан 2 адамнан.Әрбір палата өзінің басшылық және ішкі органдарын құрады. Өкілдер палатасын спикер, сенатта вице президент төрағалық етеді. Жыл сайын бір сессия шақырылады. Атқарушы билік президент жүзеге асырады. АҚШ-та тікелей мағынадағы министрлер кеңесі жоқ, олар президенттің кеңесшілері рөлін атқарады және үкіметті құрамайды,бұл- президенттің кабинеті,оның кеңесу органы. Шешімді президент қабылдайды. АҚШ президенті мен вице-президенті жанама жолмен 4 жылға сайланады.Бір тұлға екі реттен артық президент болып сайлана алмайды. Конституцияда президент өз міндеттерін денсаулық жағдайына байланысты орындай алмаған жағдайда оны қызметінен аластату және президенттің өз еркімен қызметінен бас тартуы жөнінде бекітілмеген. АҚШ президентінің кабинет аса үлкен емес, оның құрамына министрлер және президент өзі осы дәрежені берген тұлғалар кіреді. Қазіргі кезде кабинет шамамен 20 адамнан тұрады. Әлемде АҚШ заңгерлердің саны бойынша 1 орын алады. Елде 2 сот жүйесі бар:Федералдық және штаттық.Олардың екеуін де федерацияның және тиісті штаттың жоғарғы соттары басқарады. Сот жүйесі 3 буыннан тұрады: АҚШ жоғарғы соты, апелляциялық соттар, арнайы сот округтері.Елдің сот жүйесінде басты рөлді АҚШ жоғарғы соты атқарады. Сот 9 мүшеден тұрады. Жоғарғы соттың төрағасы мен судьяларын сенаттың келісімімен АҚШ президенті тағайындайды.
54)Францияның Конституциясы
1. Франция Конституциясының жалпы сипаты және оны өзгерту тәртібі.
1958 жылғы Франция Конституциясы ішкі және сыртқы саяси дағдарыс кезінде, 1946 жылғы Конституцияның орнын басып дайындалды және қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы Президент Ш. Де Голль бастаған үкіметпен жасалды. Ол мықты мемлекеттік билікке ұмтылды. Конституция жобасын жасауды ұкіметке табыстай отырып, парламент жаңа Конституцияның дайындалуына және мазмұнына қатысты бірқатар жағдайларды айтып шықты. Конституция жобасы Консультативті кеңес пен Министрлер кеңесінде талқыланып, 1958 жылғы 28 қазан күні референдумда қабылданды.
Негізінен Франция Конституциясы болып 1958 жылғы Негізгі заң танылады, ол үш құжаттан тұрады: 1789 ж. Адам мен азамат құқығы туралы Декларация; 1946 жылғы Конституция преамбуласы; 1958 жылғы Конституция. Конституцияда жоғарыда аталған екі құжатқа сілтеме бар, ол негізінен мемлекеттің жоғарғы органдары арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. 1958 жылғы Конституцияда сондай-ақ Франция мүшелік ететін кейбір халықаралық актілерге және басқа да негізгі заңдарға сілтемелер бар. Сондықтан кейбір заңгерлер бұл құжат принциптерін «конституциялық блокқа» кіргізеді.
1958 жылғы Франция Конституциясы – 1789 жылғы Декларациядан бергі 17-ші конституция. Ол көлемі жағынан үлкен емес.
Конституцияның негізгі қырлары. 1958 жылғы Конституцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы ережелер; саяси жүйе туралы да ешбір ережелер жоқ, тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы бөлім де жоқ. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жеке ережедер 1789 жылғы Декларацяды бар, кейбір экономикалық, саяси және әлеуметтік принциптер 1946 жылғы Конституция преамбуласында айтылады. 2001 жылы Нью-Йоркта болған терактан кейін Францияда, басқа елдердегі сияқты жеке бостандықты шектейтін заңдар қабылданды.
Францияда саяси партиялар туралы арнайы заң жоқ, олардың құрылуы мен қызметі 1901 және 1971 жылғы ассоциация туралы заңдармен реттеледі.Ассоциацияның 5 түрі қаралады, ұйымды 2 адам құра алады. Партиялар да ассоциациялар сияқты ешқандай келісімсіз, ішкі істер министрлігіне декларация беру арқылы жүргізіледі. Заңды тұлғаның құқықтарын алу үшін де олар осы органдарға тіркелуі қажет.
1958 жылғы Конституция халықпен өкілдер арқылы референдум кезінде жүзеге асатын ұлттық егемендіктің принциптерін жариялады, мемлекеттің республикалық басқару нысаны қайта қаралмайтынын эариялады. Францияның конституциялық құқығы референдумды кеңінен қолдануды көздейді. Референдум үкіметтің ұсынысым нәтижесінде Президентпен не парламенттің екі палатасының бірдей ұсынысымен тағайындалады.
Франция Конституциясында ішкі және халықаралық құқықтың өзара байланысы анықталған, халықаралық деңгейдегі Франциямен ратификацияланған келісім-шарттар ішкі заңнамадан бірыңғайлық шартымен жоғары болады. Өзара жауаптылық принципі негізінде Франция 1992 ж. Еуроодаққа кірді.
Басқару нысаны бойынша Франция – аралас республика, әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша күрделі унитарлы мемлекет. Францияда демократиялық саяси режим.
Конституцияны өзгерту тәртібі. Конституцияға өзгерту енгізуді ұсыну құқығына үкіметтің ұсынысымен Президент ие, бірақ шын мәнінле президент оны өзі істейді. 1958 ж. Конституция қатаң. Оны өзгерту екі кезеңнен тұрады. Алдымен өзгеріс тұралы жоба екі палатамен жеке-жеке көпшіліе дауыспен қабылданады, содан соң заң референдумда абсолютті көпшілікпен не парламент конгрессімен (палаталардың біріккен жиналысы) қабылданады. Бекітудің қандай формасы қойылу керектігін Президент анықтайды.
Соңғы елеулі өзгерістер Конституцияға 1992 ж. (Францияның ЕО кіруіне байланысты жаңа тарау пайда болды), 1995 ж. (референдумға қаттысты), 1998 ж., 2000 ж., 2003 ж енгізілді.
2. Биліктің орталық органдары
Заң шығару билігі Парламентке берілген, ол екі палатадан тұрады: Халық жиналысы (557 депутат метрополиядан, 22-теңіздің ар жағындағы аумақтан) және Сенат (321 мүше). Сайлау кодексіне байланысты белсенді сайлау құқығы 18 жасқа толған саяси және азаматтық құқықтарға ие болған уақыттан берілеіді. Тұрғылықтық цензі бар: сайлау тізіміне коммунада алты айдан артық уақыт тұрған адамдар ғана кіреді.
Бәсең сайлау құқығы Халықтық жиналысқа 23 жастан, Сенатқа 35 жастан басталады. Парламент мүшесіне үміткер бір адаммен шыға алады, бірақ негізінен үміткерлер партиялардан не басқа ұйымдардан шығады. Үміткерлер үшін сайлау кепілі салынады: 200 евродай – төменгі палата үшін, 400 евро – сенаторлар үшін, 2 мың евродай – Президент қызметіне (кепіл дауыстың 5% артық жинаса қайтарылады).
Сенаторлар 9 жыл мерзімге сайланады (3 жыл сайын 1/3 бөлігі сайланып отырады). Сайлау жанама түрде өтеді – 108 мың адамнан тұратын арнайы сайлау коллегиясы сайлайды.
Сайлауды өткізетін орталықтандырылған бірыңғай органдар жоқ. Сайлауды ұйымдастыру ІІМ жүргізуімен өтеді, ол барлық сайлаудағы дауыстарды санайды. Сайлауалды шығындар мен саяси партияларды қаржыландыру бойынша ұлттық есеп комиссиясы сайлауалды кампанияларының қаржылық есептерін тексереді. Ол 5 жылға тағайындалатын 9 мұшеден тұрады.
Сенаторлар мен депутаттар депутаттық индемнитетке ие. Индемнитет мемлекеттің депутаттарды жұмыс кезінде пайда болған тапшылығының қаржылық өтеуін жүргізуге міндеттілігін бекітеді. Олардың жалақысы жоғары, ол екі бөліктен тұрады: негізгі және қосымша ақы. 1995 жылдан бастап парламент мүшелерінің иммунитет құқығы шектелген: қылмыс жасаған жайдайда оларды отырыс кезінде алып кетуі мүмкін.
Парламент құзыреті заң шығару, бақылау, сот, сыртқы саяси және басқа да өкілеттіктерге ие. Өзінің заң шығару қызметін атқара отырып парламент қарапайым, конституциялық заңдар қабылдайды. Конституцияда Парламент заң қабылдайтын сұрақтардың тізімі бекітілген.
Қарапайым заңдарды қабылдау бірнеше кезеңнен өтеді. Үкімет жасаған заң жобасы кез келген палата бюросына түседі, ал депутат пен сенатор заң жобасы өз палатасына түседі. Депутат үсынысы мемлекеттік кірісті кішірейтіп, шығынды өсіруге әкелсе қабылданбайды. Бюро заң жобасын арнайы тұрақты комиссияға береді. Оның құзыреті кең көлемді емес: ол тек заң жобасын қабылдай алады, түзету енгізе алмайды. Комиссиядан кейін жоба төменгі палатаға жіберіледі. Палатадағы талқылау үш оқылымнан тұрады: жалпы талқылау, постатейлік талқылау, дауыс беру. Бір палатад қабылданған заң екіншісіне беріледі, екінші палатада қабылдаса жоба Президенттің қол қоюына жіберіледі.
Заң қабылданған соң Президентке промульгацияға жіберіледі. Промульгациға дайындықты үкіметтің бас хатшысы жүзеге асырады. ОЛ министрлердің қолын жинайды, заңды қажетті қосымшалармен қамтамасыщ етеді. Президент 15 күн ішінде заңды қайта қарауды бүйыру мүмкін. Президенттің вето құқығының екі түрі бар: толық вето – заңның бүкіл текстіне қарсы, «таңдай бойынша вето» - жеке баптарға қарсы. Қол қоймай тұрып заңды Президентт Конституциялық кеңеске жібере алады.
Францияда атқарушы билікте дулаизм көрініс табады. Оны мемлекет Презиlенті мен үкімет (Министрлер кеңесі) басқарады, үкімет ретіндегі Министрлер кеңесіне басшылықты Президент, ал кабинет ретіндегіде – премьер-министр басшылық етеді. Президент бір партияға, ал үкімет басқа партияда бола алады. Үкімет құрамы заң жүзінде Президентпен таайындалуы керек,бірақ шын мәнінде парламенттің төменгі палатасындағы партия мүшелерінің көпшілігіне байланысты.
Президент 5 жылға сайланады. Үміткерлік беру үшін 500 қол жинау керексің: бірақ ол қарапайым халық емес, белгілі бір қызметтегі адам болу керек: парламент мүшесі, департамент кеңесі, Париж кеңесі және т.с.с.
Президент мемлекеттік билік жүйесінде орталық орында. Ол конституцияның орындалуын, аумақтық біртұтастықтың сақталуын, халықаралық келісім-шарттардың жүзеге асырылуын және т,б, жүзеге асырады.
Президент өкілеттігі кең, оны екіге бөліп қарастырамыз: өз бетімен орындалатын және премьер-министрлің контрасигнатурасын қажет ететін.
Президенттің өз бетімен атқаратын өкілеттіктері:
1) Халықтық жиналысты тарату;
2) Елде төтенше жағдай енгізу;
3) премьер-министрді, министрлерді, жоғарғы азаматтық және әскери қызметкерлерді тағайындап, орнынан алып тастау.
4) Конституцияда берілген сұрақтар бойынша заң жобасын референдумға жіберу.
5) Жолдау жіберу;
6) Өз қалауы бойынша Министрлер кеңесіне басшылық ету.
7) Конституциялық кеңеске сұраныс жасау құқығы, оның 3 мүшесін тағайындау.
Кострасигнатураны қажет ететін Президент өкілеттері аз: паралменттің төтенше сессиясын шақыру, декрет және ордонанстарға қол қою, елшілік өкілдерді тағайындау.
Үкімет – Министрлер кеңесі премьер-министр мен министрлерден тұрады. Оларды Президент тағайындайды. Президент өз қалауы бойынша министрлерді тағайынайды, бірақ парламенттегі күштердің орналасуын ескеруі керек: үкімет парламенттің сенімінде болу керек
55.Жапон конституциясы.Жапонияның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1947 жылы 3 мамырда күшіне енді әрі сол кезден бері бірде-бір өзгертуге ұшыраған жоқ. Заңнамалық актінің бұзылмастай біртұтастығының сыры 96-бапта жатыр. Ол бойынша Конституцияға қандай да бір түзету жасау үшін қос палатының кем дегенде үштен екісінің келісімі керек. Мақұлданған өзгертулер онымен қоймай айрықша референдумға салынады немесе жаңа сайлау өткеннен кейін парламенттің қарарына жіберіледі.
Бірайтакетерлігі, 1889 жылғыМэйдзиКонституциясынақарағанда, бұлқұжаттахалықтыңегемендікұстанымдарынашықтүрдежариялайды (кіріспе,1-бап). Парламент – мемлекеттікбиліктіңжоғарғы органы. Олекіпалатадан – өкілдерпалатасынанжәнекеңесшілерпалатасынантұрады. Мүшелеріжалпыхалықтықсайлаунегізіндесайланады. Премьер-министр депутаттардыңішіненсайланады, ал олжетекшілікететінминистрлеркабинеті Парламент алдындажауапкершілікжүктейді.
ЖапонияКонституциясын «пацифистік» деп те атайды. Өйткені, ондажапонхалқыныңбейбітшілік пен тұрақтылықтысақтауүшінқандай да бірсоғыстан, халықаралықжанжалдардықарулықақтығыспеншешуден бас тартуынбейнелейтін 9-бапқа айрықшамаңызартылады. Жапонмилитаризміжаңғыруыныңалдыналғанаталмышбапбіржағынанқолайсыздықтудырады. Өйткені, осыныңсалдарынанмемлекет БҰҰ мүшесіретіндебітімгершілікмиссиясынажәнетабиғиапаттарданқұтқаруоперацияларынақатысаалмайды. Алайда, ісжүзіндетек ел шекарасыныңтұтастығынқоруғатиісжапонәскерісоңғыжылдарышетелкемелерінқорғаймыздеп Аден бұғазындағытеңізқарақшыларыменқарулықақтығысқаұрыныпқапжүр. Сондықтан да Жоғарғы палата 2007 жылытоғызыншыбаптықайтақараутуралышешімгекелді. Ал жапонқайраткерлеріболса, «Тоғызыншыбап» дегенқоғамдықбірлестікқұрып, милитаристіксаясатқамойынбұруғақарсылықкөрсетуде.
56.Қытай Халық Республикасы ұзақ модернизациялау кезеңіндегі социалистік мемлекет болып табылады. ҚКП ОК басшылығымен және нұсқауымен дайындалған Қытайдың қолданыстағы 1982 жылғы Конституциясының жобасы 1982 жылғы сәуір-қараша айларында бүкілхалықтық талқылауға шығарылды және оны Қытай парламенті-Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы қабылдады. Бұл Конституция Қытайдың 1954 жылғы бірінші конституциясын, сонымен қатар мәдени революция кезінде, 1975 және 1978 жылдары қабылданған конституциялық актілерді ауыстырды. Қытайда билікті тармақтарға бөлу көзделмеген. ХӨБЖ-бірпалаталы орган. Оның тұрақты төрағасы және тұрақты басқарушы орган жоқ. ХӨБЖ салалық тұрақты коммисияларды құрады: қаржылық-экономикалық, сырты істер жөніндегі, шетелдерде тұратын қытайлықтардың істері жөніндегі, ұлттар жөніндегі және т.б. Олар заң жобаларын алдын ала талқылайды, соның ішінде заң жобалары Конституцияға сәйкестік тұрғысынан қарастырылады. ХӨБЖ сессиялық тәртіппен жұмыс істейді, сессия жылына бір рет шақырылады. Ол шамамен екі аптаға созылады. Сессияның алдында дайындық отырысы өткізіледі. 1998 жылы ХӨБЖ электрондық дауыс беру енгізілген, біртендеп үйреншікті үйреншікті бірауыздылық жойыла бастады. Қытай Халық Республикасының төрағасы Конституцияға сәйкес мемлекет басшысы болып табылады, бірақ ол әлсіз президент, себебі ол мемлекет басшысының негізгі өкілеттіктерін тек ХӨБЖ немесе оның тұрақты комитетінің шешімі бойынша жүзеге асырады. Мемлекеттік басқарудың жоғарғы органдарының қатарына Қытайдың үкіметі-Мемлекеттік кеңес жатады, дегенмен Орталық әскери кеңес те елеулі ролге ие. Қытайда жалпы және арнайы соттар бар. Жалпы соттар-Жоғарғы халықтық сот және үш дәрежелегі-жоғарғы, орта дәрежедегі жергілікті халықтық соттар. Арнайы соттар-әскери соттар, соған қоса өзге де арнайы соттар құрылуы мүмкін, мәдени революция кезінде мұндай жағдайлар жиі орын алатын. Прокуратураның жоғарғы органы-бас прок.басқаратын Жоғарғы халықтық прокуратура. Жергілікті жерлерде жергілікті халықтық прок. Ал әскерде әскери прокураторалар құрылады.
57.Германияның1949 жылғы Конституциясы ресми түрде Негізгі заң деп аталады, себебі қабылдау кезінде бұл заң уакытша акт ретінде қарастырылады: Германия қосылған соң бүкіл елге арналған конституция қабылданады деп саналды. 1990 жылы біріккен Германия үшін тұрақты конституцияны дайындауға арналған комиссия құрылды, бірақ 1992 жылы комиссия 1949 жылы Негізгі заң қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес келеді деген тұжырым жасап, жаңа конституцияның жобасын дайындаудан бас тартты. Конституцияның жобасын Парламенттік Кеңес талқылап қабылдады. Парламенттік кеңестің құрамына жерлердің ландтагтары сайлаған 65 депутат, сонымен қатар Берлиннен 5 өкіл енді. Германия басқару нысаны бойынша –парламенттік республика, мемлекеттік-аумақтық құрылымы бойынша-федерация, саяси режимі бойынша- демократиялық мемлекет. Заң шығару қызметіне Бундестаг, Бундесрат және Республика президенті қатысады. Республика президенті заңдарға қол қояды және оларды қайта қарау үшін қайтаруға құқылы. Бундестаг(614депутат) аралас сайлау жүйесі бойынша төрт жылға сайланады. Депутаттар еркін мандатқа ие. Бундестагтағы лауазымымен қоса басқа лауазымдарды иеленуге, жеке фирмаларда басшылық етуге тыйым салынады. Бундестагтагтың отырыстарын ол өзі сайлайтын-төралқа-төраға мен оның орынбасарлары басқарады. Бундестагта партиялық фракциялар құрылады. Палатаның төрағасы, оның орынбасары, сонымен қатар фракциялардың санына қарай тепе-тең олардың 23 өкілі ақсақалдар кеңесін құрайды. Бундесрат 69 мүше жерлердің өкілдігі болып тасбылады, бірақ ол сайланбайды. Бундесратта басқару органдары және көмекші органдар құрылады. Бундесраттың төрағасы жыл сайын қата сайланады. Атқарушы билікті президент пен Үкімен иеленсе де, іс жүзінде президент Үкіметтің нұсқаулары бойынша әрекет етеді. Федералдық президент бес жыл мерзімге жанама сайлау арқылы Федералдық жиналыспен сайланады. Германия сот билігін ұйымдастыру көпжүйелілік қағидасына негізделген: федерация мен жерлерде қандай да бір жоғарғы сот органы жоқ.
58.Ұлыбританияныңконституциясы құрастырмалы сипатқа ие. Ұлыбританияның конституциясы төрт санаттағы қайнар көздерден тұраады: статустардан, сот прецеденттерінен, конституциялық әдет-ғұрыптардан, доктриналық қайнар көздерден. Статут-белгіленген процедура бойынша Парламенттің екі палатасы қабылдайтын және мемлекет басшысы – монарх қол қоятын акт. Сот прецеденттері- бұл төмен тұрған соттар осыған ұқсас істерді қарау кезінде жоғары тұрған соттардың бұган дейін жарияланған шешімдерін пайдаоануы. Ұлыбританияда заң шығаруы билігі Парламентке тиесілі.