I. Парламснттін түсінігі жэне онын курылымы
I.Заң шығару билігі және оның органдары
Заң шығару билігі түсінігі
Заң шығару билігі - заңдарды, заңды күші бойынша тек конституциядан ғана төмен болатын міндетті құқықтық актілерді кабылдау қүқығы, мүмкіндігі және тәсілдері. Әдетте заңдарды парламенттер қабылдайды (сонымен қатар парламенттен жоғары және парламенттен төмен органдар және басқа да органдар заңдарды қабылдайды). Финляндияның 1999 жылғыКонституциясында, өзге де кейбір негізгі заңдарда заң шығару билігі парламентке, сонымен қатар вето құқығын иеленіп,заңдарға қол қоятын мемлекет басшысына тиесілі деп бекітілген.Соған қоса заң референдум жолымен де қабылдануы мүмкін,мұндай жагдайларда заң шығару билігі тікелей халыққа тиесілі болады. Заңды тек басқа заңмен жойып, өзгертуге болады немесе конституциялық бақылау органы оны күші жоқ деп тани алады.Заң шығару билігі органдары тек заң шығарып коймайды,соған қоса үкіметтің қызметіне бақылау жасайды, өзге дефункцияларды аткарады.
I. Парламснттін түсінігі жэне онын курылымы
«Парламент» термині француздың «parler — сөйлеу» деген сөзінен пайда болған. Парламенттарихи тұрғыда өз бастамасын Ежелгі Грекияның және ЕжелгіРимнің өкілдік органдарынан, континенталдық Еуропадағы Ортағасырлардың басындағы сословиелік-өкілдік мекемелеріненалғанымен, қазіргі заманғы парламенттің пайда болуынАнглиядағы XIII-XIV ғғ. оқиғалармен байланыстырады.Бұл кезде корольдің билігін ірі феодалдардың,жоғары дінбасыларының, қалалар мен селолык жерлердің (кауымдардың)өкілдерінің жиналысы шектеп отырған.Қазіргі замангы парламент - халықтың егеменді еркінбілдіретін, ең алдымен заңкабылдау аркылы аса маныздықоғамдықкатынастарды реттеуге арналған, мемлекеттіңсаясатының негізгі бағыттарын аныктайтын (анықтауғақатысатын), мемлекеттің кейбір жоғары органдарын кұратынжәне аткарушы билік органдарының және жоғары лауазымдытұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын халықтықөкілдіктің жоғары органы. Парламент төмендеқарастырылғанөзге де көптеген өкілеттіктерді иеленеді.Конституциялыкқұқықтың марксистік-лениндіктұжырымдамасы әдетте парламенттің мәніңтөмендетеді жәнемемлекетті баскару жүйесі ретіндеті парламентаризмді жоққашығарады, оның орнына кеңестер жүйесін ұсынады. Парламенттікөпжағдайда басқа себептер бойынша да сынга алып жатады.Расында да қазіргізаманғы ақпараттық қоғамдағы өмірдіңкүрделенуіне, басқару процестеріне қатысты талаптардыңартуына байланысты, басқару процестері үшін техникалық қуралдарды, есептерді, есептегіш машиналарды тартудыңнәтижесінде парламенттің коғамды баскарудағы рөлі төмендеуімүмкін. Ақыр соңындапарламенттің өзінің де кейбір кездеріхалықтың түрлі қабаттарының шынайы өкілі ретіндегі рөлінжоғалтуы байқалады.Бір қатар жағдайларда парламенттікқызметте ұсак мүдделер,жеке мақсаттар, таныстық катынастар басым болуы мүмкін.Соған қарамастан парламентті біржакты бағалау дұрысемес.Парламенттің мәні біресе азаяды, біресе өседі. Белгілібір кезеңдердепарламенттің рөлі өсуі мүмкін және олаткарушы билікке шешуші әсер етеді (мысалы, АҚШ-та 1974жылы президент Р. Никсонның қызметтен кетуіне немесе 1999жылы АҚШ президенті У. Клинтонға катысты импичментпроцедурасына байланысты). Парламенттің шешіміменүкіметті тарату немесе премьер-министрдіқызметінен босату,парламенттегі дауыс берудің нәтижесінде президенттерділауазымынан босату (импичмент) жөніндегі көптеген фактілербелгілі (Боливия,Бразилия, Индонезия, Перу жэне т.б.).Парламенттің рөлітөмендегенімен, аса маңызды мәселелерді,соның ішінде адам қүқықтарына қатысты мәселелерді шешуде олелеулі рөл аткарады.
Соған қоса парламенттің мәнін халифат идеясынанегізделетін фундаменталистік мұсылмандықтүжырымдамаларда жоққа шығарады, бұл кезде парламенттің орнына мемлекетбасшысының жанынан кеңесу органы (аш-Шура) кұрылады.Алайда мүсылманелдерінің басым бөлігінде парламентсайланады, бірақ оның рөлі кеңес берушілік өкілеттіктерменшектеледі.Парламент қазіргі заманғы коғамда аса маңызды рөлгеие.Ол тек заң шығарушы емес, соған қоса түрлі саяси күштердіңмүдделерін білдіруші, келісімге келу аренасы болып табылады.Дегенмен, кейбір кездеріпарламенттің кұрамы, оныңкызметі халыктың наразылығын туғызады. Оппозиция басқарғанадамдар тобы Грузияда, Қыргызстанда, Молдовада жәнебасқа даелдерде парламентті басып алған.