Тақырып. Шет елдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі
1. Шет мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жіктелуі. «Биліктің бөліну» теориясы.
2. Мемлекет басшысы. Түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны.
3. Президент. Президенттің құқықтық мәртебесі. Президентті сайлау тәртібі: төте, жанама, көп сатылы сайлаулар.
Монарх. Құқықтық жағдайы және тақты мұраға қалдыру тәртiбi. Монархтың абсолюттiк, екi жатық (дуалистiк) және парламентарлық монархиялардағы орны. Ұлыбритания және Жапониядағы монархтардың заңды және деректiк жағдайдағы жалпы арнайы қасиеттерi. Президент және оның құқықтық жағдайы: тiкелей сайлау (Франция, Мексика, Финляндия), жанама сайлау (ФРГ, Италия, Үндiстан), парламентпен сайлау (Греция, Израиль). Президенттiң өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын қысқарту (отставка, өз еркiмен кету), импичмент (сенiмсiздiк).
Мемлекет басшысы қызметiнiң құзыреттерiнiң негiздерi. Финляндия Аланд аралдарының автономиясы, Гренландия және Фарер аралдарындағы автономия. Конфедеративтiк мемлекеттер. Европаның кеңес шеңберiндегi мемлекет аралық интеграция. Ұлттық тәуелсiздiк және ортақ мәселенi шешуге деген ұмтылушылықтың келiсiмi.
Тәжiрибе жүзiнде әлемнiң барлық елдерде мемлекет басшысы институты жүзеге асырылады. Монархияда – монарх, Республикада – президент. Әр елде мемлекет басшысының жағдайы билiктi бөлу жүйесiне қарай әр түрлi:
атқарушы билiк басшысы;
билiк тармағын басқармайды, ерекше мәртебе – арбитр (билiк тармақтары арасында).
Бiр уақытта заң шығарушы, атқарушы, дiн басы болуы мүмкiн;
Мемлекет пен билiк рәмiзi, бiрақ шынайы өкiлеттiкке ие болмайды.
Абсолюттiк монархияда мемлекет басшысы және атқарушы билiк басшысы – монарх (король, сұлтан) болып табылады.
Монархтың тағын мұрагерлiкке қалдыру жүйелерi:
Салилiк – тақты тек ер адамдарға қалдыру (Жапония, Бельгия);
Дәстүрлi кастильдiк – монархтың ұлы болмаса тақтың оның қызына қалуы, яғни тақтың әйел адамға да қалуы (Ұлыбритания, Испания);
-австриялық (габсбургстiк) – әйелдер осы таққа бұл династияның ұрпақтарында ұл болмаса ғана ие болады (Ресейде Павл 1 бекiттi, 1917 жылға дейiн);
-шведтiк – егер осы династияның ұрпақтарында ер адам болмаса, әйелдер таққа ие бола алады;
мұсылмандық – нақты анықталмаған, тұлға, басқарып отырған жанұя – мiндеттi түрде ұлына ғана емес, бос тақты монархтың жақын туыстарының бiреуiне беруi (Кувейт, Катар);
-қазiргi кастильдiк – монархтың тұңғыш баласының ұл, қызына қарамастан тақ берiледi;
-рулық, король рудың басты қолбасшысы болып табылғанда оның мұрагерi ретiнде оның көптеген ұлдарының iшiнен бiреуiн рулық кеңес анықтайды.
Тақты мұрагерлiкке қалдыру Непал, Бутанда ерекшеленедi, тақ нақты династиямен анықталғанмен, король көзi тiрiсiнде өзiнiң мұрагерiн қалдырады, ол үлкен ұлы болмауы мүмкiн.
Ал, Малайзияда король ұрпақтық емес, сайланады. Ол Федерациялық монархиялық субъектiлердiң сұлтандарымен 5 жылдық мерзiмге тек солардың iшiнен сайланады.
Монарх мәртебесiнiң ерекшелiктерi:
-тақ құқығы;
-титулға құқығы. Титулға мемлекетте тек бiр ғана адам ие болады, оған монархтың есiмi, оның нөмiрi, арнайы атау қажет (Мысалы, Ұлы мәртебелi Испания королi Хуан Карлос II);
-хан билiгiнiң рәмiзi – корона, мөр және т.с.с.;
-сарайға және оны қамтамасыз ететiн қызметкерлерiне;
-цивильдiк парақ құқығы, мемлекетпен қаржыландыру;
-жауаптылықтың болмауы;
-церемониал құқығы (iс қимыл регламентi).
Абсолюттiк және дуалистiк монархияда монархтың мемлекеттi басқару өкiлеттiгi шынайы. Формальдiк өкiлдiк – конституциялық монархия, бiрақ кейбiр мемлекеттерде (мысалы, Ұлыбританияда шынайы өкiлеттiктерге ие болады, заңдарға абсолюттiк вето, премьер-министрдi тағайындау, парламенттi тарату). "Ұйғылы өкiлеттiк" себебi, ол көбiнесе запаста тұрады, ал негiзiнде қолданылмайды. Еуропа елдерiндегi "ең күштi" монархтар - Ұлыбритания және Испанияда, орташа – Голландияда, Бельгияда; әлсiз – скандинавия елдерiнде.
Сайланбалы – Польшада 17 ғасырда бос орынға король сейммен сайланған, қазiргi кезде Сауд Аравиясы, Кувейт. Федеративтiк монархия – Малайзия, жоғары монархты тоғыз сұлтанаттың сұлтандары сайлайды.
Президент 4 тәсiлмен сайланады:
Парламентпен;
Таңдаушылар алқасымен;
Ерекше форуммен;
Бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы.
Парламентпен сайлануының артықшылықтары: президент парламент алдында жауапты; президенттi кәсiби мамандардың сайлауы; профессионал сайланады; керi байланыс; көптеген партиялардың көзқарасы; референдумға қарағанда шығын аз. Кемшiлiктерi: парламент депутаттарының мүддесi; ешкiмге белгiсiз адам сайлануы мүмкiн; парламентпен сайланған президент тарихи мәселелердi шеше алмайды.
Таңдаушылар алқасы:
таңдаушылар президенттi сайлау мақсатымен халықпен сайланады;
алқа президенттi сайлағаннан кейiн таратылады.
Арнайы форуммен сайлау:
таңдаушылар емес, мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнiң ерекше форумы. Оған парламент депутаттары мен провинциялардың өкiлдерi (ГФР, Индия, Италия);
арнайы орган шақырылады – Федеральдық Жиылыс, оған Бундестаг депутаттары және ландтаг жерлерiнiң депутаттары енедi;
парламент депутаттары мен провинция өкiлдерiнiң саны;
Италияда парламенттiң барлық мүшелерi.
Бүкiлхалықтық референдум – 2 сатылы жүйе: бiлiктiлiк көпшiлiк (Азербайджан – 67 пайыз) немесе абсолюттiк көпшiлiк және салыстырмалы көпшiлiк. Артықшылықтары: бүкiлхалықтық мандат, бүкiлхалықтық мүдде, халыққа түсiнiктi. Кемшiлiктерi: авторитарлыјқ басқаруға айналуы мүмкiн, заңдарды жүйелi түрде бұзуы мүмкiн, бүкiлхалықтық сайлау – қымбат iс шара, президенттiкке кандидатты нақты бағалай алмау, президент ретiнде демагогты сайлауы мүмкiн (1934 жылы А.Гитлер).
Қойылатын талаптар: азаматтығы тумысынан, жас – 35, 40-45, ең жоғары – 50 (Италия). қосымша талаптар: кейбiр мемлекеттерде (Түркменстан) тұрғылықты ұлт, мемлекеттiк тiл, жоғары бiлiм, нақты анықталған өкiлеттiк мерзiмi (3-7), президент болу құқығын шектеу.