Тақырып. Шетелдердiң конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.

1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.

2. Конституциялық құқықтың пәні. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектілері.

3. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.

4. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі. Оның құқық саласының мамандары үшін маңыздылығы.

Қазақстан Республикасының егемендi мемлекеттiгiнiң қалыптасуы және даму кезiнде, маман заңгерлер дайындау мен олардың жалпы саяси бiлiм шеңберiн кеңейту кезiндегi шетелдердiң конституциялық құқығының маңызы. Конституциялық реформа тәжiрибесiнде шетелдердiң конституциялық дамуының ерекшелiктерiн және жалпы ерекшелiктерiн пайдалану. Оқылатын елдердiң негiзгi топтары. Жоғары дамыған елдер. Орташа дамыған елдер. Үшiншi әлем елдерi. Шығысеуропалық елдер. Жаңа тәуелсiз мемлекеттер (ТМД және жақын шет елдерi). Әлемнiң конституциялық құқығы картасы. Конституциялық құқықтың дамудағы жалпылық және ерекшелiгi.

Шетел мемлекетiнiң конституциялық құқығын оқуда салыстыру тәсiлi, нақты құқықтық және тарихи анализ. Сонымен қатар конституциялық құқық ғылымының дамуы мен қалыптасуы, кеш пайда болуының себептерi (басқа конституциялық құқық ғылымдарымен салыстырғанда). Заң мектебi. әлеуметтiк бағыт. Институцианализм. Конституциялық құқық ғылымының басқа саяси ғылымдарымен, сондай-ақ саясаттанумен қарым-қатынасы. Шетелдердiң конституциялық құқығының қазiргi ғылыми шетелдердiң конституциялық құқықтың ғылымдағы либералды және консервативтiк ағымдар.

Кейбiр елдердегi (АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Франция, жапония) шетелдердiң конституциялық құқығының ғылымы. Мұсылмандық конституциялық құқықтық доктрина. Шетелдердiң конституциялық құқығының қайнар көздерi. Негiзгi қайнар көзi – Конституция. Конституциялық органикалық және жай заңдар. Соттық прецеденттер және конституциялық қадағалау органдардың шешiмдерi. Конституциялық салт–дәстүр (конституциялық келiсiмдер, конвециялық нормалар). Елбасы және Үкiмет (регламентарлық актiлер) қабылдаған нормативтiк актiлер. Парламенттiк регламенттер. Доктринальды қайнар көздер. Мемлекет аралық интеграцияның органдарының актiлерi.

Қазiргi кезеңде барлық мемлекеттерде өздерiнiң ұлттық құқықтық жүйесi бар.

Соның iшiнде ерекше көңiл бөлiнетiн құқық саласы - конституциялық құқық. әр-бiр мемлекет өз елiнiң тағдырын шешкенде, яғни қандай да бiр күрделi кезеңнен өткен кезде ең алдымен заң шығаруда: бiрiншiден, өз елiнiң ұлттық ерекшелiктерiн, дәстүрлерiн жан-жақты ескере отырып, екiншiден басқа елдердiң осыған ұқсас саладағы мәселелердi шешу тәжiрибесiн дұрыс бағалау әрi оны iс жүзiнде қолдануын бiлуi керек.

Құқықтық тәртiптi нығайту және реформалау кезiнде құқықтық ғылымның ұсынған шешiмдерi – егерде ол салыстырмалы құқықтық әдiске сүйенiп шешсе нәтижелi болуы ықтимал. Сондықтан осы салыстырмалы құқықтық әдiс, қай шетелдiң құқықтық жүйесiнiң қандай күрделi мәселелерiнiң қандай жолмен шешiлгендiгiн ескере отырып, оны ұлттық құқықтың сәйкестелген саласында қолдануға болады.

Конституциялық құқық құқықтануда үш аспектiде қарастырылады:

нақты мемлекеттiң құқық саласы ретiнде;

ғылым ретiнде;

жоғары заң бiлiмi жүйесiндегi оқу пәнi ретiнде.

Осы үш мағына тығыз байланыста болғандықтан бiртұтас болып табылады. Олардың қызметiн бiрiктiретiн конституциялық құқықтық ғылымы.

Конституциялық құқықтың заң ғылымы ретiнде қалыптасуы үшiн мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру нысандары мен тәсiлдерiн құқықтық реттеу, яғни мемлекет органдарының қызметi, құрылымының дамуы белгiлi бiр жоғарғы деңгейге жетуi әрi осы деңгейде қалыптасқан құқықтық қатынастарды реттейтiн конституциялық және құқықтық нормалардың құрылуы қажет болды.

Конституциялық құқық ғылымына 18 ғасырда саяси философия көп әсер еттi (Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Локктың еңбектерi). Осы аталғандардығ еғбектерiнде көптеген қағидалар, конституциялық-јґјыјтыј доктриналардыЎ жасалуына мҐмкiндiк туЈызды. Конституциялық-құқықтық доктрина жеке дара болып қана қоймай, юриспруденцияның басты, негiзгi саласы болып табылады.

Бұл қағидалар:

халықтық егемендiк;

билiктi бөлу;

конституцияның жоғарылығы;

негiзгi құқықтардың ажырамайтындығы.

Немiс ғалымы, заңгер Лабандтың еңбектерiнде егемендiк – халықтық емес, мемлекеттiк деп түсiндiрiлдi және монархиялық билiкке өз еркiне қарай өзiн-өзi шектеу бостандығы берiлдi.

Францияда Парламенттiк республика қалыптасқандықтан француз өкiлi А.Эсмен еңбектерiнде парламентаризмге көп көңiл бөлiндi. Олар – халықтық егемендiк – мемлекеттiк билiктiң қайнар көзi деген қағидадан бас тарта алған жоқ. Эсмен екi палаталық парламент моделiн қарастырды және жалпы сайлау құқығын шектеу көзқарасын ұстанды. Англияның заң мектебiнiң өкiлi – А.Дайсидiң еңбектерi де ол елде классикалық болып саналады. Оның ұстанған көзқарасы – парламенттiң жоғарылығы, құқықтың басымдылығы. Егемендiк халықтық емес, парламенттiк. Оның шығарған актiлерiнiғ мазмұны мiнсiз. Ал, құқықтың басымдылығы – бостандықты қамтамасыз ету кепiлi.

Ұлыбританияда 1678 жылы қабылданған Хабеас корпус акт – қазiргi конституциялардың алғашқы қағидаларының бiрi, жеке бас бостандығының кепiлдiгi. Сонымен қатар Ұлыбританияда – халық өкiлеттiгi органы ретiнде парламенттiң жоғарылығы концепциясы қалыптасты және ол монархтың абсолюттiк билiгiне қарама-қайшылықта болды.

Конституциялық құқықтың қалыптасуы мен құрылуы ұзақ процесс болғандықтан, оған дүниежүзiндегi кейбiр оқиғалардың конституциялық құқықтық бастама алуына үлкен әсер еткенiн айта кету қажет.

Шетелдердiң контитуциялық құқығы - құқық саласы ретiнде оның нормалары ненi реттейтiнi анықтап алу қажет. Конституциялық құқықты - кез-келген елдiң ұлттық құқығы саласы ретiнде қарастыру үшiн оның пәнiн бiлуде туындайтын көзқарастарды Үш топқа бөледi:

конституциялық құқықтың реттеу пәнi қауымдық билiктi жүзеге асырады;

осы құқықтың нормалары ненi қорғайды, кепiлдендiредi деген сұраққа жауап бередi;

аталып өткен екi топтың үйлесiмдiлiгi, яғни, қауымдық билiк пен адам бостандықтарының өзара әрекетiн қамтамасыз етедi.

Конституциялық құқық қоғам мен мемлекеттiң құрылысының негiзiн құрайтын, мемлекеттiк билiктi тiкелей жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Бұл қатынас адам, қоғам және мемлекеттiң әрi мемлекеттiк құрылыс пен оның қызметiн анықтайтын негiзгi қатынастар.

Шетелдердiң конституциялық құқығы - конституциялық құрылыстың негiзiн, адам мен азаматтың бостандықтары мен мiндеттерiн, басқару нысаны мен мемлекеттiң құрылыстың нысанын, мемлекеттiң басқару органдарының және жергiлiктi басқару органдарының, сайлау құқығы мен сайлау жүйесiн бекiтетiн нормалардың жиынтығын құрайтын, әр мемлекеттiң негiзгi құқық саласы.

Шетелдердiң конституциялық құқығының жүйесi. Конституциялық құқық күрделi жүйе болып табылады. Оған iшкi құрылысты сипаттайтын өзара әрекет ететiн көптеген бөлiктер мен элементтер жатады. Конституциялық құқықтың жүйесiнде бұл негiзгi бөлiктер мен элементтер – оның негiзгi қағидалары мен институттары және нормалары.

Конституциялық құқықтың жалпы қағидалары – конституциялық құқық саласында белгiленедi. Бұл қағидалар қоғамдық қатынастарды тiкелей емес, өзiнiң нақты конституциялық нормалары арқылы реттеледi.

Шетелдердiң конституциялық құқығының институттары – бiртектес, бiрiмен-бiрi өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтiн, әрi жеке топты құрайтын конституциялық құқықтық белгiлi бiр нормаларының жүйесiн бiлдiредi. Олардың қатарына, адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесi, сайлау құқығы, конституциялық қадағалау, президенттiк институты, азаматтық және өзге де институттар жатады. Бұл iрi институттардың өздерi бiрнеше бөлiктерден құралады.

Шетелдердiң конституциялық-құқықтық нормалары – мемлекетпен белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында белгiленген, жалпы бiрдей әрекет ережелерi. Конституциялық-құқықтық реттеу - қандай да бiр қоғамдық қатынастарды реттеу, дамыту, қорғау мақсатында нормативтi-ұйымдастырушылық әрекет ету. Конституциялық-құқықтық нормалардың iшкi құрылымы: гипотеза, диспозиция және санкция. Мысалы, Француз Конституциясында 16-бап мынандай нысанда белгiленедi: Республиканың бекiтiлуi, ұлттың тәуелсiздiгi, оның аумағының бiртұтастығы немесе халықаралық мiндеттiлiктерiн атқару кезiнде қандай да бiр қауiпке ұшыраса, ал мемлекеттiк билiк органдарының Конституциямен бекiтiлген қызметi бұзылса (гипотеза), республика Президентi аталған жағдаяттарға (диспозиция) талап ететiн шаралар қолданады (санкция). Бiрақ қай мемлекеттiң констиуциясын алса да, онда құқық нормаларының барлық элементтерiнiң бiр бабында орын алуы сирек кездеседi. Көптеген жағдайларда конституциялық құқықтық нормалар толығымен заңдылықтардың екi немесе одан да көп баптарында мазмұндалып, көпбаптық нысанына ие болды. Гипотеза - құқықты жүзеге асыру жағдайы, санкция – құқықтың бұзылғаны үшiн жаза, шара.

Конституциялық құқық субъектiлерiнiң құқықтық мәртебесi - органдар мен ұйымдардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, құқық қабылеттiгiн анықтайтын жалпы құқықтардың жиынтығы.

Шетелдердiң конституциялық құқығының қайнар көздерi:

конституция;

конституциялық және органикалық заңдар;

заңдар;

атқарушы билiк органдарының заңға бағынышты актiлерi;

соттық прецеденттер;

конституциялық әдет-ғұрыптар;

дiни мәтiндер;

доктринальды қайнар көздер және т.б..

Наши рекомендации