Тақырып. Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
1. Парламент – шет елдердегі жоғарғы өкілді орган. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
2. Шет елдердегі Парламенттердің нысандарының сан түрлілігі. Парламенттің құрамы.
3. Парламенттің қалыптасу тәртібі, оның құрылымы. Парламенттің өкілеттіктері.
Парламент - жалпы ұлттық өкiлдi орган. Парламенттiң дамуы. Қазiргi уақыттағы Парламент және парламентаризм. Парламент нысанының әр алуандылығы. Парламенттiң қалыптасу тәртiбi. Депутаттың құқықтық мәртебесi. Депутаттық мандаттың мазмұны. Императивтi мандат және еркiн мандат. Иммунитет және индемнитет. Интерпелляция. Парламент құрылымы. Екi палаталық парламент және палаталардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Тең құқылы палатасы бар екi палаталы Парламенттер (АҚШ- тағы Сенат және өкiлдер палатасы). Испанияның Сенат және депутаттар палатасы. Тең құқылы емес палаталары бар екi палаталы парламенттер (Ұлыбританияның қауым палатасы және лордтар палатасы, Жапония парламентiнiң өкiлдер палатасы және штат кеңесi). Парламент қызметiнiң негiзгi бағыттары. Парламенттiң өкiлеттiк көлемiне қарай бөлiнуi: абсолюттi шектелген, абсолюттi шектелмеген, декоративтiк.
ГФР парламентiнiң 2 палаталық құрылымының өзiндiк ерекшелiктерi. Жоғарғы палата рөлiнiң жалпы сипаттамасы. Бiр палаталы парламенттер. Парламент құзiретiнiң негiздерi және оны анықтау тәсiлдерi. Парламент қызметiнiң тәртiбi, жәй және төтенше сессиялары. Парламент қабылдайтын нормативтiк актiлер. АҚШ, Ұлыбритания, Индияның парламенттiк тәжiрибесiндегi жеке және бұқаралық билльдер. Қаржылық заңдар. Парламент қабылдайтын басқа да заңдар және олардың түрлерi, қаулылар, үндеулер және т.б. Парламентегi заң шығару процесi.
Заң шығару сатылары. Парламенттiк елдердегi үкiметтiң қызметiне парламентiтiк бақылау жасау. Сенiм және сенiмсiздiк таныту (вотумы).
Заң шығарушылық билiк – жалпы мемлекеттiк өкiлеттiк органмен, ал федерацияның субъектiлерiнде, саяси сипаттағы автономияларда - жергiлiктi заң шығарушы органдармен жүзеге асырылады. Жалпы мемлекеттiк өкiлеттiк орган әр түрлi атауға (ұлттық, Халықтық, Мемлекеттiк жиылыс, конгресс, меджилис және т.с.с.) ие бола алады, бiрақ оларды жалпы атау парламент деп бекiтiлдi.
Парламент француз сөзi "parler" – сөйлеу, латын сөзi "parlаrе" – сөйлеу, сөйлесу. Парламенттiң отаны – Англия болып саналғанмен, оның шығу тегi Ежелгi Греция, Ежелгi Римдегi өкiлдiк органдар, Еуропаның орта ғасырдың басындағы ауқатты өкiлдiк мекеме болса, ал қазiргi парламент 13-14 ғғ. Англиядағы корольдiң билiгiнiң iрi феодалдардың, iрi дiн басыларының, қала өкiлдерiнiң жиналысымен шектелуiмен байланысады.
Ол тарихи және саяси жағдайларға байланысты дамыды. Мысалы: Ұлыбританияда жоғары деңгейде, ал АҚШ, Францияда төмен деңгейдегi сипатқа ие болады.
Халифат идеясына негiзделген фундаменталистiк мұсылмандық концепцияда парламенттiң маңызы жоққа шығарылады (Сауд Аравиясы).
Қазiргi қоғамда парламенттiң маңызы зор, себебi ол әр түрлi саяси күштердiң мүддесiн көрсетедi және келiсiмге, компромисске келудi iздейтiн жол болып табылады.
Парламенттiң құрылымы. Бiр палаталы құрылым және екi палаталы құрылым.
Буржуазиялық парламенттер пайда бола бастаған кезеңде екi палаталы құрылым сипатына ие болды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Еуропа елдерiнiң бiр қатары (Швеция, Дания), жоғары және төменгi палатадан туындайтын демократиялық тенденцияларды ұстану құралы деп түсiндiре келiп, екi палаталық жүйеден бас тартты.
Ал, кейбiр елдерде (Румыния, Польша) керi тенденцияға орын берiп екi палаталық жүйе қайта құрылды.
Англо-саксондық құқықта – Парламент үш бiрiккен мекеме, яғни - мемлекет басшысы, жоғарғы және төменгi палата (Ұлыбритания).
Континентальды құқықта (Германия, Франция) парламент палаталары екеу, ал президент парламенттiң құрамдас бөлiгi болып табылмайды.
Кейбiр елдерде (Жапония, Италия) жоғарғы палата тұрғындармен тiкелей сайланады. АҚШ-та әр штаттардан екi сенатордан сайланады, Италияда - облыстардан жетiден кем болмайтын; Канада, Иорданияда – жоғарғы палата мемлекеттiң басшысымен тағайындалады. Парламенттiң басқарушы органдары: бiржақты спикермен; алқалы орган (президиуммен, бюро, комитеттермен) жүзеге асырылады.
Парламенттiң қалыптасу тәртiбi:
төменгi палата халықпен, ал жоғары палата аумақтық өкiлдiк органдармен (Франция, Голландия);
жоғарғы палата 2/3 мұрагерлiк қағида, 1/3 монарх тағайындайды, төменгi халықпен (Ұлыбритания – қауымдар палатасы, лордтар палатасы);
төменгi палата халықпен, ал жоғарғы палата солардың арасынан (Норвегия, Исландия);
жоғары палатаның кейбiр мүшелерi өмiр бойына (сiңiрген еңбегi үшiн – Италия);
кейбiр бөлiгi президентпен жоғары палатаға тағайындалады;
барлық парламент депутаттары мемлекет басшысымен тағайындалады;
кәсiби белгiсiмен (6 палаталы парламент – Югословия тарихында болған).
Парламенттiң төрт бағыты:
1. халық өкiлi;
2. заңдарды қабылдау;
мемлекеттiк органдарды қалыптастыруға қатысу;
басқа мемлекеттiк органдардың қызметiн бақылау.
Көптеген елдерде (Бразилия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция) парламент мүшелерi – кәсiби парламентарийлер болып табылады. Олар зейнетақылық жеңiлдiктерге ие болады.
Тоталитарлық социализм елдерiнде депутат кәсiби парламентарий болып табылмайды. Себебi, бұл елдерде депутат мiндеттерiн қоғамдық бастамада атқарады (КХР). Депутаттық мандаттардың түрi: еркiн мандат (өзi сайланған округтiң ғана емес, барлық халықтың өкiлi); императивтiк мандат (егер сайлаушылардың мүддесiн орындамаса, мезгiлiнен бұрын шақырылады).
Депутаттық иммунитет – полициялармен тұтқындалуға, ұсталынуға жатпайды және өзi мүше болып табылатын палаталардың келiсiмiнсiз қылмыстық iс қозғалмайды. Иммунитет мынадай жағдайларда берiлуi мүмкiн: сайлану мерзiмiне (Италия, Германия); тек сессия кезеңiнде (Жапония, Франция); сессияға бару және одан қайту жолына (АҚШ).
Депутаттық индемнитеттiң екi мағынасы бар:
парламентте сөйлеген сөзi үшiн жауаптылыққа тартылмайды (Германия, Белоруссияда палата отырыстарында балағаттау мен жалаға индемнитет қолданылмайды);
депутаттың сыйақы алуы, яғни өздерiнiң депутаттық қызметi үшiн қазынадан iрi мөлшердегi сыйақы алып тұрады.
Парламенттiң басты мақсаты заңдарды қабылдау. Парламенттi өкiлеттiгiне қарай топтастырады:
шектелмеген өкiлеттiк (англосаксондық құқық) кез-келген сұрақ бойыншы шешiм қабылдай алады (Ұлыбритания, Италия);
шектелген өкiлеттiк (Франция, Сенегал, Мадагаскар) конституцияларында парламент заң шығара алатын мәселелер көрсетiледi.
Кей мұсылман елдерiнде (Бахрейн, Катар) консультативтi парламенттер болады. Олар заңды монархтың мақұлдауымен қабылдайды, бiрақ олар заң деп аталмайды, себебi олар заңдардың пәнi болып табылатын күрделi қатынастардың барлығы – Құранда және сүннәде реттелген болып есептеледi.
Парламенттiң атқарушы билiктiң және өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiн бақылауы:
саяси сипат (сенiмсiздiк таныту, вотум);
заңды сипат (парламентпен танылған тергеу комиссиясы).
Бақылау нысаны: - жоғарғы мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға сұрақтар қою, сұрақ сағаты – қауымдар палатасына 40 минут, ал лордтар палатасына 20 минут берiледi; дебат – үкiметтiң жалпы саясаты және алдын ала анықталған сұрақтар бойынша; интерпелляция – қоғамның маңызды мәселелерi бойынша пленарлық отырыста министрлердiң түсiнiктемесiн қажет етедi әрi талқыланады, дауыс беру арқылы шешiм қабылданады; сенiмсiздiк таныту мәселесi; парламенттiк тыңдау; парламенттiк тергеу жүргiзу; импичмент – жоғары лауазымды тұлғаларға кiнә тағу және қызметiнен кетiру.
Заң шығару процесiнiң кезеңдерi: заңдардың жобасын енгiзу. Конституцияда заң шығару бастамасы құқығына ие болатын органдар мен лауазымды тұлғалардың жобаларын қарауға мiндеттi (АҚШ, Италияда заң жобасы кез-келген палатаға ұсынылады); заң жобасын талқылау. Пленарлық отырыста талқылау және дауыс беру – оқылым деп аталады. Болгария, Польшада - екi оқылым. Тұрақты комитеттердегi заң жобасы бойынша жұмыс – комитеттiк кезең деп аталады. Бiрiншi оқылым, жобаның қағидалық ережелерi талқыланады, сәйкестелген тұрақты комиссиялардың баяндамасы бойынша оң дауыс берiлсе сәйкестелген тұрақты комитетке жiберiледi. Екiншi оқылым, авторлардың баяндамасы және тұрақты комиссиялардың баяндамасы. Үшiншi оқылым, жоба толығымен талқыланып, дауысқа салынады және тек редакциялық түзетулер енгiзiледi. Талқылау: еркiн және фракциялық.
Заң қабылдау дауыс беру арқылы анықталған көпшiлiктi талап етедi. Израильде кворумсыз, қатысушы көпшiлiгi; Чехияда – жай заңдар әр палатаның құрамының 3/5; Украинада конституциялық құрамының жартысы.
Промульгация және заң шығару. Элементтерi: заңды куәлендiру (нақты үрдiс бойынша қабылданғаны туралы); қол қою; заңды санкцияландыру; жариялануы; орындалуы.