ПРЕДСЕДАТЕЛЮ СОВНАРКОМА КАЗССР ТОВ. ИСАЕВУ ОТ ДЖУМАБАЕВА МАГЖАНА. Г. АЛМА-АТА, ЛЕСНАЯ № 89 (КИРОВА, 103) ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО
Я, как контрреволюционный алашординской деятель и как революционный националистический писатель, был изъят из среды строящих социализм казахских трудящихся и пролетарской властью справедливо и вполне заслуженно на надлежащее время был изолирован от социалистического общества.
Находясь некоторое время в исправительно-трудовых учреждениях, под благотворным воздействием единственно правильной и верной в мире исправительно-трудовой политики советского государства, сам непосредственно участвуя на некоторых гигантских социалистических стройках, я пересмотрел свою идеологию и всю свою общественно-литературную деятельность и окончательно убедился в безусловной реакционности и в подлой преступности националистической алаш-ордынской идеологии, которую я исповедал и которой я руководствовался во всей своей общественно-литературной деятельности, окончательно убедился в кровной враждебности казахским трудящимся и всей социалистической стране националистической алаш-ордынской идеологии и всей подлой предательской работы националистов алаш-ордынцев.
В результате этого пересмотра и этого убеждения я раз (и) навсегда осудил все свое прошлое, общественное и литературное, бесповоротно порвал с своим преступным прошлым, с национализмом, с националистами – алашордынцами и бесповоротно решил безраздельно отдать остаток своей жизни на служение социалистическому обществу, как преданный сын социалистическому обществу, как преданный сын социалистической Родины.
С этой своей заветной мечтой и с этой своей единственной целью я несколько месяцев тому назад, с разрешения соответствующих органов, приехал в Казахстан, где небывалый расцвет социалистической страны и цветущая жизнь казахский трудящихся меня лишний раз убедил в преступности и подлости моей и всех националистов алаш-ордынцев деятельности и меня окончательно укрепили в моем твердом решении порвать раз (и) навсегда с контрреволюционным национализмом, с националистами, как с врагами революции, социалистической Родины и казахского народа, и безраздельно отдать себя на служение социалистической Родине, как совершивший тяжелое преступление, но окончательно исправившийся, переродившийся преданный сын ее, Родины.
Открыто, чистосердечно и бесповоротной твердостью заявляю об этом Вам, главе Правительству социалистического Казахстана и строящему счастливую жизнь всему Казахскому народу и с данным письмом обращаюсь к Вам и прошу о предоставлении мне возможности показать и доказать свое бесповоротное перерождение, окончательную перековку, свою преданность социалистической Родине на деле, на творческой работе, в частности на литературной творческой работе, дав мне возможность печататься в Казахстане, прошу предоставить мне возможность доказать, что служившее долго и преступно реакции и казахской контрреволюции мое перо, после перековки, после перевоспитания меня советской трудовой политикой, будет честно, преданно и, надеюсь, плодотворно служить социалистической Родине.
При этом письме прилагаю три стихотворения, как образцы моего творчества последнего времени.
Одновременно довожу до Вашего и всего социалистического общества, сведения, что в настоящее время я начал работать над темой, где ставлю себе художественный показ единственно правильной в мире советской исправительно-трудовой политики, где, в поэме, будут даны типы двух казахов – преступника бытовика и преступника-националиста и пути исправления, перевоспитания их при одновременном показе неподдавшихся и поддающихся исправлению заклятых врагов народа, отбросов ощества. М.Джумабаев. 21 мая 1937 года»
Қ.Алдажұманов, Ақынның соңғы үміті. «Қазақ әдебиеті». 21.08.1992.
~~~~~~~~~~~~~~~
ТҮСІНІКТЕР
ОГПУ – объединенная государственное политическое управление, организованное в 1922 году в замен ВЧК – Всероссийской Чрезвычайной Комиссии, в последующем ВЧК заменил НКВД [Народный Комиссариат Внутренних Дел), а НКВД – в свою очередь, КГБ (Комитет Государственной Безопасности).
Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Жалпылама түйген ой
А.Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев т.б. ісі.
Д. Әділовтің өзін жай бандит емес, саяси тұтқын ретінде көрсету үшін атқарылған «сырынан» басталған. Содан кейін 1920-1922 жылдары әрекет айтылған. Яғни, тентектің – ел қайраткері болудан, «қарақшы боп» әлгісі келмегендіктен шыққан.
Дінше Әділов 1) Өжет, 2)Оқиғаға құмар, 3) Қызба және халқына жаны ашитын тентек болса керек.
Екі істе де оның берген куәлігі – ұзақ-ұзақ. Менің жазып ала-алмағаным:
1. Қызылорда қаласында болуы керек, Тұрар Рысқұлов сонда келеді. Кісі кіріп-шығып жатады. Міржақып дулатов та барады. Бірде Діншені ауыз үйде қалдырып, оңаша 5 минуттай сөйлеседі. Іле кісі келіп қалып, Рысқұлов оларды қарсы алуға шығады да, әңгіме үзіледі. Сырқа шыққан соң Міржақып Дулатов: 1922 жылы Ташкент ұйымы туралы сөз бастап, енді түсіндіре бастап едім- дейді. Барлық екі істегі адамдарға Д.Әділовтің берген мінездемесі бар. Сол арқылы жауапқа тартылған.
2. М.Тынышпаев - өзінің Жетісу өңіріндегі, революцияға дейінгі және одан кейінгі істерін баяндайды. Чинанский бар, Анненковпен 1 рет кездескен. Одан бас тартқан. 1922 жылы ұйымды, Валидовты мойындайды. Жалпы етек-жеңін жимай кең сөйлеген. Алғашында бәрін айтса да кейін кейбір деректерінен бас тартқан көзбе-көз кездесуден кейін (Халел, Жаһанша Досмұхамедовтар). Жетісулықтарда – Жандосовты, Рысқұловты баласындай әлпештепті. Тұрарға – 14 жасында бала кезінде ақша жиып беріпті. Бұл ащықтығы, донос үшін емес, ол өзінің ауырып отырып «сандырақтадым» - дейді.
Істегі (06610) ең көп куәлігін берген М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков. Іс – осы үшеуінің есімімен басталады.Тергеушінің басты мақсаты – осы үшеуінің қылмысын ашып, жазаға тарту.
3. Алдыңғы іс ( А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов т.б.) сәтті аяқталған. В.Попов. Олошанский енді осы арқылы сенсация жасамақ болған. «Қазақ ұлтшылдығы» кампаниясы Колбиннің науқаны сияқты. Бұны Голощекин қадағалап отырған. Тергеудегі адамдарды да (М.Әуезов) айыпты деп сөз сөйлеген. Істі алдыңғыға қарағанда тартыншақтап жүргізген.
Бір топ адамды шығарған. 1932 жылы ашаршылық әсер еткен сияқты. 1932 жылы центрден бастап тергеу барысы бәсеңдеген.
ІҮ. Адамдардың арасындағы қарым-қатынастар туралы:
а) «Алашордашылар» өз алдына бір идеологиялық топ. Ішіне бұрынғы кадрлардан басқасын кіргізбеген. Д.Әділовтен басқасы нақты мәлімет бермеген. Идеясы, мақсаты, күрес жолы, сенім-пайымы бар. Сатпаған. Ал өзара көзқарастары олардың айналасына қарап қалыптасқан.
Мысалы,
1)А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Ермеков, Е.Омаров.
2) Х.Досмұхамедов,Ж.Досмұхамедов, Иса Қаш., Жәленов
3) М.Тынышпаев, Б.Сүлеев, О.Жандосов т.б.
Бұлар идея десе бір жерден шыққан. Адал да қасиетіне орай. М.Әуезовтің және Ә.Ермековтің, Х.Досмұхамедовтің жек көруі – оны ОГПУ-дің агенті деп қараған. Оған Т.Рысқұловтың хатын Ходжановқа көрсетіп Ж.Досмұхамедовтің үйін тінтігені себеп болған.
Х.Досмұхамедов пен Ж.Досмұхамедов содан араздасқан.
«Сұғанақ сұр» - сол оқиғаға арналған.
Халел – іскер, сөйлеуге ұғымды, хатқа сараң.
Жаһанша - өткір, орып сөйлейтін, кейіп айтатын адам. Заңды өте жақсы білген.
Әлімхан – қызба, күйіп-пісіп сөйлеп, күйіп-пісіп жазады. Өжет. Тергеушіден қаймықпаған.
М.Тынышбаев – аңғал, оны бәрі де онша ірі тұлға емес деп есептейді. Сөзді шұбатып, есеп бермей, есептемей жазады.
Иса Қашқынбаев – еркін сөйлеп, жайып салады. Неге босатты, соның сөзін пайдаланып, алдауы ма екен. Мурзин Мұхтар – нағыз бір сөзді, ештеңе білмеймін деп отырып алған.
б) «Алаштар» - жалпы коммунистерден өте сақтанған. Сенбеген. Алайда – Т.Рысқұлов, Ходжановты іш тартқан. С.Сәдуақасов олар қатты бағалап, еркін пікірін білдірген. Зады, Голощекин осы үшеуінің үстінен «факты» жинақтаған. Тергеушілер үнемі әр адамнан осы үшеуі туралы сұрайды. Бұл үшеуі де бір-бірімен айтысқан. Айтыстың мәні мынау:
1) Т.Рысқұлов С.Ходжановқа биліктен басқа Түркістан құруды айтады, С.Ходжанов қазақ елін құруды айтады.
2) С.Ходжанов С.Сәдуақасовқа 1922-1925 жылдары Қазақ Республикасын құруды, оңтүстікке солтүстік халқын көшіруді айтады, ал С.Сәдуақасов оған қарсы. Ол солтүстік облыстарды Қазақстан құрамына Ежовтың кіргізбейтінін біліп, әзірше автономия, кейін құрайық дейді. Ал Ежов тездетіп санақ жүргізіп, Сибирге Сарыарқаны қосып қою болды.
3) Т.Рысқұлов пен С.Сәдуақасовтың арасындағы мәселе: Т.Рысқұловтың орыстарға, Сталинге арқа сүйейтіні, екіншісі 1922 жылы Сарымолдаевқа «Алашты тұтқындау» туралы жазған хаты, үшінші – Т.Рысқұлов коллективизацияны тездетейік деген сөзіне қарсы, болуы, төртінші – Қазақстан шикізатына қатысты, Қазақстанда завод ашуға қарсы болмадым деуі.
Жалпы, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов бір-бірімен тіл батысып отырған. Т.Рысқұлов пен С.Ходжанов тек совет өкіметін қолдаған. Сол арқылы үшеуі де колонизацияға қарсы.
ә) Нағыз белсенді - Ә.Байдильдин, Меңдешов, С.Сейфуллин, Нұрмақов болған. Бұлар «Алашты» әшкерелеген, қуған. С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» соларға ат қойған, кейін өкінген, әрине.
Ү. Жалпы екінші істе ешқандай «заттай» айғақ жоқ. Ал, әр томда - 1 том жинаған. Мысалы, № 06610 ісі – 420 беттен басталады. Алғашқы томы қайда, ол жойылған. Себебеі әр түрлі документтер сонда болуы керек. Мысалы, 1957 жылы Мұхаңның блокнотын қайтарып берген. Демек, құртылған-ау. «Сұғанақ сұр» - Ташкент КГБ-де болуы мүмкін. Ондағы сұрақтың тергеуі жоқ.
ҮІІ. Кейде бір-бірін қостап, кейде бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер бар. Мұны алдыңғы айтқанның доносы деп ұғамыз ба, жоқ шындық па. Сөздің әртүрлі шығуы түсінікті. Олардың дені күшейіп, түрме сырын біліп қалғандар. Демек сыр ашпауға тырысқан. Ал сөйлегендердің мінезі бар. Аңсап т.б., қорқу да бар. Әркім өзінше амал іздеген.
Мысалы, «Алашордашылар» - І істе З.Валидовты бірде біреуі мойындамаған. Ал 06610 – ІІ істе М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, И.Қашқынбаев бірден мойындаған. Неге, түсініксіз. Сондай-ақ бірінің айтқанын екіншісі білмеген. «Бір-бірімізбен аразбыз» - дегенді бәрі айтады. Демек, соны айтып, өзге сыр ашпауға бекінген. Ол А.Байтұрсыновтың әдісі. 1922 жылы З.Валидовке барғанын бәрі мойындаған. Қалған жанға ауыз ашпаған 06610 –істе. Соның нәтижесінде тергеушілер № 06610 істе – ешқандай жаңа іс аша алмаған. Бұл да « әдістің» әрекеті.
ҮІІІ. «Орынбор» - А.байтұрсынов және Ташкент – М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов арасында байланыс аз. А.Байтұрсынов ұсталған соң, солтүстіктер - Ә.Ермеков т.б. оларды сатқан – Ташкенттік топ деп есептеген. Оған Х.Досмұхамедовтың Т.Рысқұловтың хатын Ходжановқа беруі себеп болған. Жаңағы босатып жібергендердің ішінде – «тыңшылардың» болуы да мүмкін.Ә.Ермеков пен Х.Досмұхамедовтің арасының суыны содан. Кейін түсінеді. Х.Досмұхамедовтің М.Тынышпаевпен араздасуына – оған сеніп берген хатты С.Ходжановқа айтуы. Оның тінтуі себеп болған. Өзін жан досы Жаһанша ұстап бергендей әсер қалдырған. Бұл таза психологиялық, адами сезім.
ІХ. Т.Рысқұлов кім? Ол 1923 жылы өз жағына әулиеаталықтарды жиған. Сонсоң: Сарымолдаевқа – «Алаштың» және С.Ходжановтың үстінен тергеу, тыңшы қойдырып, ұстатпақ болған!
Сонда ел қамын, ер азаматты – жеке басының мүддесіне жығып бергені ме? Хат сол күйінше қалса жақсы. Кейін оның басқа жолын тауып, тергеуді қозғаттырса ше? Ол мүмкін де, мүмкін емес те?
Мүмкін кейін суынып, ішін тартуы да мүмкін. А.Байтұрсынов, М.Әуезов онымен сөйлесіп жүрді емес пе? Неге М.Тынышпаевқа ара түспеді? Шамасы келмеді ме? Қайдам. Өзіне қауіп төнетінін сезгені анық.
Х. Әлімхан Ермеков әу бастан «мен совет өкіметінің» саясатын, өндірістік саясатты жақтадым – дейді. Халел Ғаббасов екеуі тергеушімен қатты егескен, қасарысқан. А.Байтұрсынов «Мұхтар екеуің хат жаз» дегені рас-ау!
Ә.Ермековтың газетке «ашық хатының» екі тезисі бар. Салыстыру керек еді. Оны жазып үлгере алмадым. Мазмұны өзгелеріне ұқсас. «Түлкінің терісін аударатындай» етіп, құбылтып отырады. Идеологияға келіспедім дейді. 1920 жылы Русановтың экспедициясы болған. Одан мұғалімдік.
Ж.Ақбаев тергеушілерген жарытып ештеңе айтпаған. Бір-екі куәлігі ғана бар.
ХІ. Қорытынды. Қалайда бұларды тұтқында ұстау керек болған. Голощекиннің жарлығы. Ол тергеу барысында білініп қалады.
Істі Москва «факті жеткіземіз» деп кері қайтарған. Одан кейін тергеу жүргізілмеген. Бірден «үштіктің» үкімі шыққан. Ату жазасының болмауы сондықтан.
ХІІ. Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасовтың атылуы – олар кезінде Ежовпен Семейде Жер туралы (Сибревкомға қарсы) айтысқан. Бұған Ежовтың тікелей өштік әрекеті бар. Ал, Ахметсафа Юсупов – «ОГПУ-дің тыңшысы» дейді. Зады, «Алаштықтар» әдейі кіргізген. Біліп отыруы үшін. Сол үшін атқан.
Ал, Ә.Байдилдин ше? Ол бар сырды ашқан. Енді артық куәнің керегі жоқ.
Д.Әділов ше? Оған себеп бар. Тек, түк қатысы жоқ Х.Ғаббасов пен Ж.Әим. ала кеткені болмаса.
06610 – босатылған адамдардың себебін айта алмаймын.
1) шындығы солай
2) екінші жағынан «құмға сіңіп, переселендерге қарсы жолақ құрған» деген С.Уюстиновты неге босатты? Әлде, дәлелденбеді ме? Иса Қашқынбаев та 1922 жылы ұйымда бар. Неге босатты? Әлде тек халыққа беделі барларды ғана тұтқынға ұстау керек болды ма?
Жалпы екі істің арасындағы жұлынған бет пен жоқ томды оның сыры болуға тиісті. Енді оны қалпына келтіре алмайсың.
Тегінде: тілге – сақ, сөзге – сараң, тек қорытып шешілген дұрыс екен. Детальға барсын – біткені, бір ұшығын шығарады екен.
М.Әуезовтің есімі 2-3 жерде ғана ұшырайды. Оның өзінде себепсіз. Жай ғана. Тек: А.Байтұрсынов ісіндегі Ә.Байділдиннің куәлігі ғана себепші болған. Оған жауабы бар.
Ал, Ж.Аймауытовтың 2-3 жерде атын атағаны бар. Оны Голощекиннің мақаласында аталған. Бұл – арандату. М.Әуезов хатында Ж.Аймауытовты атайды да газетті көрсетеді. Содан кейін «Ә.Байділдин и другие дегендегі и другиені өшіріп тастапты.
Екінші: содан кейін: «Төрт жолды» жазып, артынан өзі баттастырып тұрып өшіріпті. Сол жерде де Ж.Аймауытовқа қарсы пікір болуы мүмкін.
Иса Қашқынбаев, 1922 жылы Т.Рысқұловқа барғанда М.Әуезов болды – дейді («кажется»). Шын ба, жоқ тергеуші Иса Қашқынбаевты қазып отыр ма? Сұйық. Ол кезде М.Әуезов Ташкентте болды ма, қарап, салыстырып, анықтау керек.
Керек пе, жоқ па? – Т.Ж. Ойлану керек.
[1] ІІ томның алдыңғы қатарына берілген №№ 1-12 сұрақ-жауаптар (Х.Ғаббасовтың, Е.Омаровтың, Ғ.Бірімжановтың, М.Есполовтың, А.-С.Юсуповтың жауаптары) уақыттық рет саны бойынша І томға орналасуы керек еді. Алайда, авторлықтың басылымның шартына сай дербес оқылатын барлық мағлұматтаррдың арасындағы мазмұндық жалғастықты сақтау үшін және көлемнің шектеулігіне қарай ІІ томға кіріктірілді. Ескерте кетер тағы бір өкінішті жай, көшіріп алған дәптеріміздің жоғалып кетуіне байланысты, бұл көрсетінделердің мұрағаттық тәртібін толық сақтауға – көрсетінділердің нақты беттерін көрсетуге мүмкіндік болмады. Оған ғафу өтінеміз. Негізінен, алғашқы реттегі №№ 1-12 көрсетінділердегі көшірмелер тергеу ісінің І томның – 128 -160, 203-220, ІІ томның – 347-370, ІІІ томның – 6-25 беттері арасын қамтиды. – Т.Ж.
[2] Бұл арада Мәскеуде тұратын Ә.Бөкейхановқа көмек ретінде ақшалай қаржы жию туралы сұрақ қойылса керек. Тергеушілер бұл қаражатты астыртын ұйымның жұмысы үшін жиналған астыртын ұйымның жарнасы ретінде қарастыруға ұмтылған – Т.Ж.
[3] Көлемі 2 беттік бұл жауаптағы жазу мәнері басқа жауаптардың жазу үлгісіне ұқсамайды. Машинкаға да басылған түстар да бар. Жауаптың беттері қайшымен қиылып құрастырылған, қағазы да басқа – Т.Ж.
[4] Хайреддин Болғанбаевтің осы тұстағы тергеушіге берген жауаптары бірыңғай ретті емес. Жеке-жеке беттерге жоғарыдағыдай «из Оренбурга в город Ташкент, в город Бухару, 1921 год» , «Адилов», «Байтұрсынов» деген тақырыпшалар қойылған. Сондай-ақ жауаптар абзац сайын бірін-бірі қайталап отырады. Олардың жалғасын, не басын мазмұны арқылы ғана аңғаруға болады. Кейбір жауаптардың соңына қолы қойылмаған. Сондықтан да біз жауаптарды мазмұны арықылы ғана ретке келтіріп, жүйелеп, қолы қойылған бетті соңына қойдық. Тігіндідегі бұл ретсіздікті – асығыстықтық, не тергеушінің, не жауапкердің салақтығы деуге бола ма? Біздің ойымызша, бұл көрсетінділер қысым астында, зорлықпен, кезекті қинаудан кейін қағаз бетіне түсуі мүмкін. Осындай сәйкессіздікті байқағандықтан да жауаптың нақты беттерін көрсетудің қажеттігі жоқ деген шешімге келдік – Т.Ж.
[5] Нақты танылмады, «Алибеков» деп те, «он» деп те оқуға болатын сияқты – Т.Ж.
[6] Өзге жауаптардың мазұнына, Қазақ ССР Жоғарғы сотының анықтамасына жүгінсек, бұл арада Ғ.Бірімжановтың бұдан бұрын Бұқараға жүріп кеткені, не одан қайтып оралғаны туралы сөз қозғалуы мүмкін – Т.Ж.
[7] Солай оқыдық. Нақты тегі ме, адамның аты ма, ойда әр кісінің аты тұрса да, нақты сол адам екеніне көз жетпегендіктен де, көрсетпедік – Т.Ж.
[8] народностей, народов деп те оқуға болады – Т.Ж.
[9] Бұл арада З.Валидидің Каспий теңізіне қалай барғанын, түйе керуенімен қалай жүргенін, ондағы кейбір оқиғаларды Х.Болғанбаев пен оның серіктеріне айтып берген <…>.
[10] Осы арада жазу мәнері ауысқан. Басқа адам жазған – Т.Ж.
[11] Бұл арада: мандатқа «Алашорданың» Торғай бөлімшесінің мөрі басылға – деген сөз айтылса керек. Өзге жауаптарда сондай дерек көрсетіледі – Т.Ж.
[12] Мәтіннің мазмұнына қарай осы арадағы «Я разговаривал с преподавателем совпартшколы Жумабаевым, в общей форме» деген сөйлемнің орыны кейінге ауыстырылды – Т.Ж.
[13] Тергеудің осы тұстағы тігінділерінде ретсіздік бар. Жылы, күндері, жауап беруші мен тергеушінің қолдары бірде жазылып, бірде жазылмаған. Оның себебін: А. –С.Юсупов ОГПУ –дің «тыңшысы» ретінде неге бұл мәліметтерді дер кезінде айтпағаны туралы сұрақ алынып, соны жалпы істен алып тастаған кезде, беттердің реті ауысса керек. Өйткені тергеуші де басқа адам – Т.Ж.
[14] А.Юсупов ол жолы «Қызыл отау» үгіт-насихат поезінің құрамында барған – Т.Ж.
[15] Тергеудің басталуына себепкер болған суреттің түсірілу сыры осында толық келтірілген – Т.Ж.
[16] Бұдан кейін жоғарыдағы жайларға қарсы бағытта шағын уәж білдреді – Т.Ж.
[17] Тергеушіге берген М.Есполовтың бұл көрсетіндісі оның өзге куәліктерінде сөз бе сөз қайталанады. Тек ішінара кейбір сөйлемдер мен пайымдаулар аздап қана өзгеріске ұшырап отырған. Біз осы көрсетіндіге тоқтадық – Т.Ж.
[18] Бұл көрсетінді Д.Қамзабекұлының «Алаштың рухани тұғыры (А.Ел-шежіре», 2008 301-302 бет) атты басылымынан алынды – Т.Ж.
[19] Ж.Аймауытовтың үйіндегі заттарды тәркілеу актісі, жауаптар Д.Досжанның «Абақты» атты кітабындағы жарияланым бойынша беріліп отыр – Т.Ж.
[20] Сонда. Кейін осы мәселе бойынша М.Тұрғанбаев жауапқа тартылып отырғандықтан да беріліп отыр – Т.Ж.
[21] Сонда.
[22] Бұл ілеспе Ш.Елеукеновтің «Мағжан» атты монографиясынан алынды. Қауіпсіздік комитетіндегі хаттамаға сүйенсек, 1929 жылы 20-шілде күні Мағжан Жұмабаев тұтқындалып, жауапқа тартылыпты. Ал зиялы зерттеуші Шерияздан Елеукенов айналымға түсірген дерек бойынша Мағжан Жұмабаев 1929 жылы 6-шілде күні Қызылжар қаласында тұтқындалып, төмендегі ілеспе хат арқылы Алматыға жөнелтіледі – Т.Ж.
[23] Д.Досжанның жарияланымы бойынша – Т.Ж.
[24] Д.Досжанның жарияланымы бойынша – Т.Ж.
[25] Тергеу ісіне Әбдірахман Байділдиннің 15-тен астам көрсетіндісі тіркелген, оның кейбіреуінің көлемі машинкамен басылғанда 45 парақтан (90 беттен) асады. Мұндағы әр пікір партиялық үрдіске тән «өткір, ұстамды, ашық» және әр сөзі шегелене жазылған. Өзінің Бутырька түрмесінің №90 камерасында жатқанын да ұмыт қалдырмапты. Соның ішінде, ҮІ томның 133-189-беттері аралығын қамтитын «Менің Алашордашыларға қарсы күресім және коммунистермен жүргізген жұмысым» атты жолдары тығыздалып, парақтың екі жағына бірдей машинкаға басылған 90 беттік ұзақ көрсетіндісінің мазмұны ерекше «құнарлы». Бұл ұзақ көрсетінді 1929 жылдың 26-қазан күні басталып алғашқы аптада 133-149 беттері хатқа түскен. Ал қалған 150-160 беттері 2-қарашаға дейін, 176-189 беттері 20-қарашаға дейін тасқа басылған. Сондай-ақ, бұған қосымша ретінде тағы да «Алашорда әдебиетшілерінің идеологиялық ықпалы» туралы 12 парақ (24 бет) сыни пікір білдірген. Егерде айыпталу бағытындағы қыжылдарды қырнаса кәдімгі көркем пайым, сыни талдау болып шығар еді. Біз үзінді келтірумен шектелеміз - Т.Ж.
[26] Д.Әділевтің «Допольнительные показания Адилева Динмухамеда от 1929 года 28 декабря г. Кызылорда» деген сияқты көрсетінделері І томда берілген түсініктерді сөз бе сөз қайталайды. Біз сол көрсетінділерге қосылған жаңа куәлік сөздерін берумен шектелуді жөн көрдік – Т.Ж.
[27] Бұл тергеу Москвадағы Бутырка түрмесінде өткен. Тергеушілердің өзгеруіне байланысты тұтқындар белгілі бір дәрежеде әділетті үкімді күткен. Алайда мұнда да Д.Әділев алға суырылып шығып, әр қайсысына «қылмыс үлестіріп шыққан. Ол өзінің осы қосымша көрсетідісі арқылы ІІІ томдағы ойдан құрастырылған «Алашордашылардың» әр қаладағы құпия ұйымдарының жасанды сызбасын жасап, М.Дулатовтың үстінен тағы да қосымша «куәліктер» айтып берген. Тергеуші – Павлов. Көрсетінділер сарындас, мазмұндас болғанымен де, белгілі бір тұлғалар мен оқиғаларға берген жауаптарында оларды «ұлтшыл» етіп көрсету пиғылы басым. Сондықтан да мазмұн қайталауларына қарамастан мазмұндап береміз. Өйткені тергеудің ендігі барысы соған байланысты өрбиді – Т.Ж.
[28]М.Дулатовтың мәлімдемесі араб қарпісен жазылған. Мәлімдеменің аудармасы 17-18 бетке берілген. Көк сиямен жазылған қосымша жауап 31-39 беттерді қамтиды. Ал парақтың екі жағына бірдей жазылған аударма – 19-30 беттерге тіркелген. Содан кейін 41-57 беттерде араб қарпімен жазылған екінші көрсетінді бар – Т.Ж.
[29] Бұл хаттың түпнұсқасы І томда берілген болатын. Сонда да томдықта тіркелген реті бойынша мәтіннің қазақша аудармасын беріп отырмыз.
[30] (Жиыны төменде тізімде көрсетілген 42 адам – Т.Ж.
[31] Бұл ІІІ томдық тергеуге М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, И.Қашқынбаев, С.Қадырбаев, М.Мұрзин, Д.Сүлеев, М.Әуезов, М.Күдерин т.б жиыны 30 адамның сұрақ-жауабы қамтылған. Әр томның аты әр адамның жауап беру ретіне байланысты өзгеріп отырған.
Бұл іс - А.Байтұрсыновтың тергеу ісінің жалғасы ретінде тіркелген. Сондай-ақ дербес ІІІ том есебінде хатталған. Тергеу – 1920-1922 жылдардағы Валидовпен, Шоқаевпен қоса Рысқұлов жөнінде де сұрақтар беріліп, айғақтар жинақталған. Соған қарағанда Т.Рысқұловты да ұстауға дайындалған дайындалған сияқты. Тынышбаев пен Досмұхамедов Халел алғашқы сұрақ-жауапта астыртын саяси ұйым бар деген ыңғай білдіргенімен де, біресе қостайды, біресе жоққа шығарады. Орынбор, Ташкент, Семей бөлімі деп бөлінген.Бұған алдыңғы томдағы – Д.Әділов пен Е.Омаровтың, т.б. көрсетінділері қоса тіркелген.
Іске қатысты құжаттар, соның ішінде М.Әуезовтің тергеудегі төрт жауабы түгел көшіріліп алынып еді. Алайда түрлі себептермен олардан көз жазып қалдық. Ал М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовтің жауаптарының ксерокөшірмелерін түпнұсқа ретінде көреге қою үшін әр түрлі мұражайлар мен олардың өмірін зерттеген ғалымдар, шығармашылық топтар (кинорежиссерлар, театр режиссерлар, суретшілер және олардың ұрпақтары) жоғалтпауға уәде беріп алса да, қайтып біздің қолымызға түспеді. Сондықтан да тергеу ісінен барынша тиянақты мағлұмат беру үшін кей тұстарда сұрақ-жауаптардың аудармасын бердік. Ол үшін қауымнан кешірім өтінеміз. – Т.Ж.
[32] Жоғарыда атап өткеніміздей, алдыңғы томның көрсетінділері осы томға жалғаса қосылғандықтан да, сұрақ-жауаптардың ретін ажырату өте қиынға соғады. Сондықтан да сұрақ-жауаптардың реті мен беттерін жеке жазып алған екенбіз. Тергеу ісінің барысынан толық мағлұмат беру үшін және алдағы уақытта зерттеушілердің бір кәдесіне жарап қалар деген ниетпен назарға ұсынуды жөн көрдік. Айыпкердің аты, содан кейін сұрақ-жауаптың беттері көрсетілді – Т.Ж.
[33] Екінші топтағы басты тұлға ретінде қарауылға алынған М.Тынышбаев Х.Досмұхамедовтің жауаптары өте көп әрі көлемді болып келеді. Мысалы, тек қана М.Тынышбаевтің алғашқы кезеңдегі жауаптарының өзі ғана 92-100, 102-108,111-113, 123-126, 131-132, 140-142, 153, 159 беттердің аралығын алып жатыр. Екі қайраткердің стенограммаға түскен алғашқы жауаптарында абдыраушылық та бар. Мұны М.Тынышбаев «қатты ауырып тұрып, жауапты тексермеппін» деп келесі жолы қадағалап оқып, қол қояды. Бұрмаланып толтырылған көрсетіндіден келесі жолы екеуі де бас тартып, беттесу кезінде сөздері бір жерден шығады. Біз, түрме психологиясын көрсету үшін бір бірімен өте мазмұндас жауаптарды іріктеп бердік – Т.Ж.
[34] Бұл көрсетінді тергеушінің 6 қыркүйекте М.Тынышбаевқа қарата қойған: ”Сіз Ташкенттегі астыртын ұйымға тартылған Күдерин Жұмақаннан, Әуезов Мұхтардан, Қожамқұлов Насырдан, Көшкімбаевтан басқа, тағы кімдердің қатысқанын білесіз? Түркістандағы көтеріліс туралы Күдериннен хат алыпсыз ғой. Оспанов Әлімхан садыр мен матайлардың, Алакөл ауданы тұрғындарының Қытайға босып жатқанын Сізге хабарлапты ғой”– деген сұрағына берген жауабы – Т.Ж.
[35] Біз, үш томдықтың алғысөзінде ескертіп өткеніміздей, жиырма жылдам астам тартпада сақталған түрме құжаттарының ксерокөшірмелерінің біразын әр түрлі мұражайлар уақытша алып, кері қайтармағандғын, бір күнге сұрап алған кейбір азаматтар да сондай мінез танытқандығын, ал көрсетінділер көшірілген бір дәптердің жоғалып кеткендігін айтқанбыз. М.Тынышбаевтің осы қазан айының бірінші, төртінші, қараша айының бесінші жұлдызындағы көрсетінділерінің ксерокөшірмелерін жасатып алып, оны дер кезінде қазақшаға аударғанымыз есімізде. Амалсыздан, осы арада сол аударманы ұсынуға мәжбүр болып отырмыз. Тергеушінің 1930 жылғы 1 қазан күні М.Тынышбаевқа қойылған сұрақтары негізінен оның осы 1918-1920 жылдар арасындағы «Алашорданың» тең төрағасы және әскери кеңестің мүшесі ретіндегі атқарған қызметін қамтыды. Соның ішінде атаман Анненковпен майдан шебіндегі кездесулеріне баса тоқталды. Жетісудың орыс, қазағын қан қақсатқан қанқұйлы ағайынды Мамонтовтардың 10 мыңдық партизанына қарсы соғысқан алаш жасағына М.Тынышбаев қару-жарақ, киім, азық-түлік апарған. Ол кезде «Алашорданың» Шығыс бөлімінің әскері кеңес өкіметі жағына шыға қоймаған кезі. Біз тым ұзақ әрі шұбалаңқылау баяндалғандықтан да, тергеудің жауабын мазмұндап қана береміз – Т.Ж.
[36] Тергеу ісіндегі жауаптар бірыңғай көрінгенімен, олардың көрсетіндісінің арасында өзгелердің аты-жөні кездесіп, түсінік берулерінің себебі, тергеу – сұрақ ретінде жүргізілген. Тыңшылардың мәліметіне сүйеніп берілген сұрақтарға қайтарған жауабы тергеушінің ыңғайына орай қағазға түскен. Сондықтан да оны нақты көрсетінді деп қарауға болмайды – Т.Ж.
[37]Әлиханов Фазыл-Ағзам өзінің 1930 жылғы 3 октябрь күні тергеуші Волоховқа берген бұл жауабында Ә.Ермековтің үстінен іс қозғайтындай ақпараттар берген. Қатрынан алынған екі жауап бір-бірін толықтырып тұр. Істі қалайда контрреволюциялық, бандалық қарулы көтеріліспен байланыстыру үші шетке ауып кеткен, не жер аударылған адамдардың Ә.Ермековаен байланысын сұраған. Содан кейін барып оның жеке басына көшкен сияқты. Ә.Ермековтің жауабы солай құрылғандықтан да, жүйесіз жауаптарды тыныс белгілері мен абзацтар арқылы ретке келтіргендей болдық. Әйтпесе, тергеуші мен жауапкердің өздеріне ғана белгілі жайларды дөп табу мүкін емес. Әңгіме, жер аударылғандар мен жер ауып кеткендер туралы болса керек. Бүгінді сұрап, кешегі күнді еске алған сияқты. Мысалы, Р.Марсеков Шығыс Түркістанға 1922 жылы 0оныс аударып кеткен болатын. Ал көптеген тергеулерде ол Ж.Ақбаеваен бірге Балқаш, Ақтоғай өңіріндегі қазақтардың көтерілісін ұйымдастыруға қатысты – делінеді. Тергеуші осы арада сол мәселені көтеріп отыр. Ауру меңдегеніне қарамастан Жақып Ақбаевті де сол үшін тұтқынға алған. – Т.Ж.
[38] Д.Д. – Жаһанша Досмұхамедов – Т.Ж.
[39] Тергеу барысында тергеушілердің қандай қитұрқыға барғанын танытатын түрме тыңшысының не жансыздың бұл «домалақ көрсетіндісі» Мұхтар Мұрзин мен И.Қашқынбаевтің арасындағы оңаша әңгіменің мазұнын жеткізген. Түрмеде өзін ер мінезді жігіт ретінде танытқан М.Мұрзиннің көрсетінділерін, өкінішке орай, көшіріп алмаппыз. Ал күйеуінің үстінен «донос жазған» әйелдің тағдыры туралы «Ұраным – Алаш!..» атты түрме әфсанасында тинақты баяндалғандықтан және осы жинақта сол әйелдің «доносы» берілген тұстағы түсініктемеде баяндалатындықтан да, бұл арада осы есертпемен шектелеміз – Т.Ж.
[40] Тыңшының сөзі – Т.Ж.
[41] Жауап І томның 427-443 беттердің аралығын қамтиды. Өзінің қолжазбасы, қарындашпен жазылған, ал 444-448-беттер машинкамен басылған - Т.Ж.
[42] Бұл – ұлттық, саяси асары өте терең, бүгінгі күнгі тарихшылардың санасын бұлдыратып жіберген үлкен дау. Тұтас қазақты да үшке бөлдің пиғылы бар. Егер, сол тұстағы Қазақ автономиясы Түркістанға қараса: 1) Бүкіл солтүстіктегі облыстар – Ресейдің құрамында мәңгі қалып қояды. 2) «Түркістандық» құрылымды ұстанғандар Түркістан федерациясының құрамынан Қазақ автономиясын құру бағытын ұстанды. Сол үшін осы тергеу ісінің ілгегіне айналған ағайынды Дінше және Байсейіт Әділевтердің Ақмола уезіне тиісті жер бөлісі мен салық мөлшерін анықтау үшін келіп, Бетпақ далада бейбастатқтық ұйымдастырған «Қараноғайды» Сөйтіп, Сарысу ауданын Түркістанның құрамына өтуіне үгіттеу мақсатында Т.Рысқұолв пен С.Қожановтың тарсырмасымен келген Д.Әділев қылмысқа ілігеді. 3) Смағұл Сәдуақасов, Әлімхан Ермеков, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытовтар: біріншіден, солтүстік облыстарды әуелі КАССР-ның құрамына алуды, екіншіден Қазақстан жеке Автономиялы республика болсын – деген пікірді ұстанды. Әрине, бұл Ә.Бөкейханов бастаған «Алашорда» қайраткерлерінің өмірлік ұстанымы әрі кеңес қызметінде жүрген ұлт мүддесін көздеген қазақ қызметкерлеріне тапсырған аманаты. Бұл – аса қастьншықпағыр әрі өте нәзік саясат. Осы бағытта, яғни, Батыс Сібірге қарайтын қазіргі солтүстік бес облысты Қазақ автономиясына қарату жөніндегі Губком төрағасы Ежов пен Ғаббасовтың, Әуезовтің, Аймауытовтың арасында өткен бұл айтысты С.Сәдуақасов шұғыл түрде шешті. Ол Қазаткомның өкілі ретінде мәжіліс шақырып, Батыс Сібір ревкомына қарасты Семей губкомын таратып, оның орынына Қазақ автономиясына қарасты Семей губревкомын құрып, ол міндетті екі айдай өзі атқарып, кейін орынына М.Әуезовті тағайындап кетті. Бұл мәселе қайта көтерілгенде, Ежов бұл жолы Мәскеудің ерекше өкілі ретінде тағы да жер бөлісі жөніндегі комиссияның төрағасы болып келеді. Комиссия мүшелері С.Сәдуақасов пен Ә.Ермеков дербес және тұтас Қазақ автономиясының тетрриториясын сақтап қалу туралы өз пікірлерін түбегейлете ұсынып, жүзеге асырды. Соның нәтижесінде Қазақ АССР-нің, кейінгі Қазақ ССР-нің, соның негізінде Қазақстан республикасының шекарасы қалыптасты. Тергеу ісіндегі айтыстың астары осы. Бұл біздің «Ұраным – Алаш!..» атты еңбегімізде жеріне жете талданғандықтан да, бұдан әрі қазбалап жатпаймыз – Т.Ж.
[43] Бұдан кейін әр бапты тағы қайталай еске алып жауап қайтарады. Ондағы айтылған мәселелер өзге жауаптарда айтылатын болғандықтан да бұл арада қысқарта көшірілді. Осы тектес хатты «18/І – 1931» жылы екі рет көшіріп жазған. Үш мәлімдеменің арасында онша мазмұндық айырмашылық жоқ. Сондықтан да іріктеп алуға тура келді - Т.Ж.
[44] Тергеу орындарына қарата жазылған бұл анықтаманы Жақып Ақбаевтің қызы Аспазия зерттеуші М.Құлмұхамедовка табыстапты. Біз сол айғақты М.Құлмұхамедтің «Алаш ардагері» (А. Атамұра. 1996. 144-147 беттер) атты кітабынан алып ұсынып отырмыз. Осы тұста Ж.Ақбаевқа алаш ісіне қоса Балқаш өңірінде қарулы көтеріліс ұйымдастырды деген айып тағылып, қосымша тергеуге тартылған. Науқасына қарамастан Жақып Ақбаев 1930 жылы 8 тамыз күні тұтқынға алынды – Т.Ж.
[45] Тергеу ісінің І томының 527-528 беттеріндегі Өлкелік комитеттің хатшысы Ф.И.Голощекинге жазылған бұл Мәлімдеменің алдыңғы мәлімдемелерден еш айырмашылығы жоқ. Тек бір абзац қана қосылған – Т.Ж.
[46] «Алашордашылардың» тергеу ісіне тартылған екінші топтың соңына ала «Біләл Сүлеевтің, Даниал Ысқақовтың, Әбдірахман Мұңайтпасовтың және басқалардың» үстінен №2370 тергеу ісі (кейінгі қайта тіркеу бойынша №06610 іс) жүргізіліп, олардың жауаптары ІІІ томға тіркелген. Бұл азаматтарға нақты айып тағылмаған, тек көрсетінділерде аты аталғаны үшін ғана тергеуге тартылған. Олардан алынған сұрақ-жауаптар да бір-екі протоколдан аспайды. Оларды айыптылардан гөрі куәлардың қатарына жатқызуға болады. Солардың бірі – Даниал Кәкітайұлы Ысқақов – Т.Ж.
[47] Показание написано по требованию следователя ОГПУ самим Халелом Досмухамедовым.
[48] Имеется в виду национально-государственное размежевание Средней Азии, в результате которого были образованы Узбекская и Туркменская советские социалистические республики, Таджикская АССР в составе Узбекской ССР, Киргизская автономная область в составе РСФСР, а Сырдарьинская и Семиреченская области, также Каракалпакская автономная область вошли в состав Казахской АССР.
[49] Бұл мәлімдеменің жылы көрсет ілмеген. Алайда барлық салыстырулар бұл мәлімдеменің 1931 жылдың мамыр айында жазылған деп болжауға мүмкіндік береді. Өйткені, Н.Қожамқұлов 1930 жылды4 мамырында 2л3 0ама00а алынба5ан болатын – Т.Ж.
[50] Бұл түс ініктемеде негізінен Ә.Ермековтің Жер туралы пікірі қамтылған. 1931 жылғы19 ноября қараша күні деп белгіленген түсінік те тура осы мағыналас - Т.Ж.
[51] Түрмеде ұзақ уақыт тергеуге тартылмаған адамның бірі осы Қошке Кемкңгеров. Бұл мәлімдеме Д.Қамзабекұлының жарияланымынан алынды (Қ.Кемеңгерұлы. Шығармалары. Құрастырған Д.Қамзабекұлы. А.Алаш. 2005 199-200 беттер) – Т.Ж.
[52] Тергеушілер бір жыл бойы Д.Әділевтің көрсетіндісінде аты аталған адамдардың бәрін де тұтқынға алған. Соның бірі – 1931 жылы 8 тамызда ұсталған Алдаберген (Алдарбек) Үмбетбаев. Бұл М.Тынышбаевтің сөзі өтетін, «Алашорда» әскерінің сапында барлаушы қызметін атқарған айтулы азамат. Өкінішке орай бұл адамға қатысты өмірбаяндық деректер тергеу ісінде де қат. Бір-екі рет қана қосымша жауап берген. Оның жауапқа тартылуына Д.Әділевтің: «Жаздай туған жерімде болып 1922 жылы күзде Ташкентке қайтып келіп Қожановқа жолықтым. Тура сол кезде Москвадан Түркістан халық комиссариатының төрағасы Рысқұлов келді. Мен Рысқұловпен сәлемдестім. Қожанов екеуі өзара әңгімелесті. Менің сонда білгенім: Валидов Ташкентке жасырын келіпті, басмашылар қозғалысы күйрепті, Әнуар Паша із-түзсіз жоғалып кетіпті. Мен Ферғанада жүргенде Ташкент ұйымы Тынышбаевтің ескі досы Үмбетбаевты сонда жіберіпті. Соның көмегімен Валидов Ташкентке келіпті»,– деген көрсетіндісі.
Осы мәліметтің негізінде М.Тынышбаев пен А.Үмбетбаевті беттестірген– Т.Ж.
[53] Бұл беттесуден тергеушілердің қандай қорытынды шығарғаны түсінікті. Ә.Ермеков пен Х.Досмұхамедовтің арасындағы өкпе қай күні, қандай жағдайда өтті, мұның жекебасылық қана мәні бар еді. Тергеушілердің Ә.Ермековтің астыртын ұйымның мүшесі болғаны қақында мәлімет ала алмағаны беттесудің барысында анық көрінеді. Екі дегдар өзара амандасып, дидар көрісіп, алдағы жауаптардың мазмұнын ішкі түйсік арқылы емеуірінмен білдірісіп алған сияқты. Өйткені бұдан кейінгі екеуінің жауаптары бір жерден шығады. Ендігі беттесудің кезегі 1930 жылдың 31 қазаны күні тұтқындалған Жаһанша Досмұхамедовке келді – Т.Ж.
[54] Сонда – Т.Ж.
[55] Мәскеуде тұратын, жұмыссыз болғандықтан да қаржыдан қиналып жүрген Ә.Бөкейхановқа демеу ретінде ең жақын әріптестері қаржылай көмектесуді ойластырған. Олардың бұл мақсатын тергеушілер: «Астыртын ұйымның мүшелік жарнасын жинады»,– деп түсіндірген. Ату жазасына бұйырылған «Х.Ғаббасовқа тергеушінің берген сұрағы: Тағы кімге көмек бердіңіз?
Жауап: Әуезовке 70-80 сом аудардым. Одан қаражатқа өте қат боп жүргені туралы хат алдым. Біз 10 теңгеден жиып бердік. Одан басқа ешкімге ақша бергемін жоқ.
Сұрақ: Сіздердің араларыңызда жер мәселесі туралы сөз қозғалды ма?
Жауап: Жоқ».
Бұл сұрақ Х.Ғаббасовпен байланыстырыла М.Әуезовке де қойылған – Т.Ж.
[56] Жауаптардың астарына қысқаша түсінік: Д.Әділевтің «астыртын ұйымның тізімі мен құрылымын сызған» көрсетіндісін тергеуші Х.Досмұхамедовке: «М.Тынышбаев сызып берді»,– деп сендірген. Ал «Алқа» әдеби үйірмесін «астыртын ұйым» деп көрсеткен. Сөйтіп, Тынышбаев пен Досмұхамедовті бір-біріне қарсы қоюға ұмтылған. Сондай-ақ, шекараға жақын орналасқан матай мен қаракерей елінің сырт асып кетуіне: «М.Тынышбаев жетекшілік етті, астыртын үгіт жүргізді»,– деген айып тағып, Лепсі уезіндегі біраз адамдарды ұстап, түрмеге қамаған.
«Айыптау қорытындысында» жоғарыдағы көрсетінді:
«Бiз, ұйым мүшелерi, байлардың жер аударылуына және олардың мал-мүлкiнiң тәркiленуiне қарсы шара қолданып, оларға алдын-ала ескертiп отырдық, сөйтiп науқанның жүргiзiлуiне бөгет жасадық. Соның iшiнде, менiң өзiм бiреулер арқылы Тұрысбековтерге, Тәңiрбергеновтерге және Есенқұлға тағы басқаларға, сонымен қатар Лепсi уезiндегi өзiм шыққан «найман» руының байларына хабар бердiм (Тынышбаевтiң жауабынан, № 2370-iс, 1 т., 125-парақ және Х. Досмұхамедовтiң жауабынан, 207-парақ)»,– деген мазмұнда «өңделіп» жазылған.
М.Тынышбаевтің: «Мұны қалай түсінесіз, оны өзіңіз біліңіз»,– деп өзі ерік бергеніне сүйене отырып, мұны біз де жала деп қабылдаймыз - Т.Ж.
[57]Бәріне тағылған айып ұқсас. Соның бірін ғана мысалға алдым – Т.Ж.
[58] Айта кетейік, бұл кестені сызған Дінмұхамед Әділев болатын. Бұл – «Алаштың» екі көсемін бір-біріне қарсы қою үшін тергеуші Поповтың қолымен жасалып отырған, жоғарыда аталып өткен қитұрқы арандату «актісі» болса керек – Т.Ж.
[59] Х.Досмұхамедовтің бұл көрсетіндісі де алдыңғы сұрақ-жауапты қайталайды. Ішінара сөздер мен сөйлемдерге өзгеріс енгізген. Алайда, мәтін арасындағы қосымша пайымдаулар мен емеуіріндердің астары тереңдеп, көзқарасы қалыптанып, бұрынғы жауаптарын нақтылай түсетіндіктен де назарға ұсынуды жөн көрдік. Оны: «коллективтендіру шарасы... еңбекшілерді аштықтан, қорлықтан құтылдыратын ең пәрменді шара ретінде толық қостаймын»,– деген астарлы пікірі растайды. Өйткені тура осы кезде 2,5 миллион қазақты жусатып салған ашаршылық басталып кеткен болатын. Х.Досмұхамедов соны біле отырып, астарлы емеурін таныту арқылы әшкерелеп отыр – Т.Ж.
[60] Бұл оқиғаның шындығын қауiпсiздiк комитетiндегі тергеу iсi толықтай дәлелдейдi. Тергеу iсiне тiркелген төменде біз келтіретін хат соның айғағы. Бұл хатты Мұхтар 1928 жылдың басында алған. Әлихан Бөкейхановтың оның үйiнде қонақта жатқаны сол қаңтар, ақпан айлары болса керек. Себебi: Әлiмхан Ермеков Ленинградтағы Мұхтардың мекен-жайына Әлихан Бөкейхановқа арнап хат жолдаған. Ол хатты 1928 жылы 21-наурыз күнi ОГПУ-дiң тергеушiлерi қолға түсiрген де, iле ОГПУ-дiң КССР бойынша төтенше өкiлi Петросянға:
«Осы хат арқылы Әлiмхан Ермековтiң Мұхтар Әуезовтiң атына жолдаған құжаттары мен оның фотокөшiрмелерiн жолдап отырмыз»,– деп түсiнiктеме берген.
ОГПУ-дiң бұл түсiнiктемесi Ташкент қаласынан жолданған. Хаттың сыртына: «Ленинград. Декабристер көшесі, 14 үй, 1 пәтер. Мұхтар Әуезовке – жолдаушы Әлiмхан Ермеков. 25/II – 28 ж»,– деп жазылған да, iшiндегi сөз Әлихан Бөкейхановқа арналған. Яғни, дәл осы күндерi Әлиханның Мұхтардың үйiнде жатқандығын Әлiмхан Ермеков бiлген. Хат түпнұсқада орыс тiлiнде жазылған. Мұнда жеке бастың дербес iсiмен қоса бiз назарға iлiктiрiп отырған саяси мәселелер де қамтылған. Рухани бостандық жолындағы күрестiң бiр белгiсi болғандықтан да хатты толық келтiремiз. Оның үстiне, бұл жазбаның – түпнұсқасының қайта қолға түсуi неғайбыл нәрсе ғой. Сонымен, Әлiмхан Ермеков Мұхтар арқылы Әлихан Бөкейхановқа сәлем жолдайды. Ескерте кететiн жай, хатты көшiрушiлер «Әлеке!» дегендi «Ада» деп жазыпты. Мұның «Аға» деген сөз болуы да мүмкiн. Бiз «Әлеке!» дегенге тоқталдық – Т.Ж.
[61] Бұл хаттың тергеу орындарына «Алаш ісі» басталмай тұрып түскеніне қарағанда хат М.Әуезов Ленинградта жүргенде «қолды болған» сияқты. Тәркіленген хаттар жеке бөлімге жинақталса да, іске тікелей қатысы болғандықтан да осы араға кіріктіріп отырмыз – Т.Ж.
[62] Шындығы сол ма, жоқ, жорта домбытқаны ма, әйтеуір Ә.Ермековтің кеңес өкіметінің саясатын талдай келіп, өзінің бұл платформаны жақтайтын сыңай танытқаны анық байқалады. Мұның соңы «өздерінің қателіктерін мойындаған» әйгілі «Ашық хат» жазуға алып келді.
[63] Тергеу барысында ең көп түсініктеме берген және ең көп қарсылық шағымын жазған Әлімхан Ермеков. Әр хатында алдыңғы түсініктемессі мен шағымдағы пікірін қайталай келтіріп, оны өзінше жаңа дәйекпен негіздеп отырған. Сондықтан да оларды бір-бірін сәл ғана өзгеріспен қайталап көшірген дерек ретінде қарастыруға болады. Әсіресе, тергеу аяқталар кездегі қарсылық шағымдар сондай. Сондықтан да оның 1931 жылғы 19, 20, 25 сәуірдегі, 3, 10, 28 қазандағы және 7, 17 қарашадағы, 7 желтоқсандағы түсініктерін мен қарсылық шағымдарындағы жаңа айғақтарды ғана іріктеп алдық. Бұдан бұрынғы айтылған себепке байланысты қазақ тіліне аударылған мәтінді ұсынып отырмыз – Т.Ж.
[64] Осы бетте Ж.Аймауытовтың суреті бар. Көзін қысыңқырап түскен. Кеудесіне №2870 деп жазылған – Т.Ж.
[65] 15 июня 1937 г. был первый допрос Жумахана Кудерина, 4 августа 1937 г. – дополнительный допрос. Больше допросов не зафиксировано в деле. 28 октября 1937 г. был предъявлен протокол об окончании следствия (на нем есть подпись Ж.М.Кудерина). 11 ноября 1937 года было составлено Обвинительное заключение. 6 марта 1938 года Ж.Кудерин дал расписку в том, что ознакомлен с копией обвинительного заключения по его делу, есть личная подпись 7 марта 1938 года он был расстрелян.
Дополнительный протокол .допроса Ж.Кудерина 24 октября 37 г. 11 января 1938 г. принято постановление о приобщении к делу Ж.Кудерина документов из дела №11384, изобличающем Ж.Кудерина как участника организации. Приобщили к следственному делу Ж.Кудерина как следственный материал особым томом № 2. Возможно, были еще допросы (без протоколов) и пытки... О чем свидетельствует данная рукопись. 221. 1 декабря 1937 г. уже было известно Обвинительное заключение Л.Ж.Күдеринаның түсінігі – Т.Ж.
[66]Ж.Күдериген қатысты құжаттардың барлығы оның әйелі Татьяна Георгиевна Кудерина-Насонова мен қызы Лариса Жұмахановна Кудеринаның «Недалекое прошлое» атты кітабінен алынды – Т.Ж.
[67] Элеке -Әлеке - Әлихан Бөкейханов. «Жаңа мектеп» - журнал. Желкен – Молдағали Жолдыбайұлы – Т.Ж.
[68] Хаттың жазылған күні көрсетілмеген – Т.Ж.
[69] Бұл ілеспенің тарихы бірінші бөлімдегі сұрақ-жауаптарда толықтай түсіндірілген. Ә.Ермековтің М.Әуезов арқылы Ленинградтағы Ә.Бөкейхановқа жолдаған хаты. Хат ОГПУ-дің қолына түссе керек. «Дорогой друг, Аға!» дегеннің қазақша баламасы «Қымбатты бауырым, Әлеке!» - дегенді білдірсе керек. Ал осы «Әлеке» деген сөз аудармада «Аза!» деп қате жазылған сияқты. Ол сөзді мәтіннің ішінде ғана пайдаландық. – Т.Ж.
[70] Лиза - Әлихан Бөкейхановтың қызы – Т.Ж.
[71] Араб қарпімен, қара сиямен жазылған. Жылы көрсетілмеген. Әдебиет туралы пікір таластың 1926 жылы белсенді түрде қозғалғанын ескерсек және сол жылы Ж.Аймауытовтың Орынбаорда екенін қаперге алсақ, бұл хат 1926 жылы жазылды деуге толық негіз бар – Т.Ж.
[72] Бұл құжаттарды тауып, қазақшаға аударып, түсініктемелерін жазып, жарияланымға ұсынған ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов.
[73] Ұлтбаспасөз – Ұлттық баспасөз.
[74] Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының Қырғыз (қазақ – С. Қ.) өлкелік комитетінің деген сөздердің қысқартылғаны.
[75] Облыстық комитетіне.
[76]Құжатқа «Ж. Ежовтың жеке өзіне. Даярлаңыз. Съезден кейін шешетін боламыз... 11.ІV.25. деген нұсқау жазылған, қол қойылған. Нұсқау иесінің кім екенін дәл анықтау мүмкін болмады.
Ежов Николай Иванович (1895-1940). Еңбек жолын Путилов зауытында слесарь болып бастаған. 1916 жылдан әскер қатарында. 1917 жылы большевиктер партиясы қатарына өткен. Азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия қатарында, дивизияның әскери комиссары. Онан соң партия жұмысында: РК/б/П Марий облыстық комитетінің жауапты хатшысы, 1923 ж. наурыздан 1924 ж. маусымға дейін Қазақстанның Семей губерниялық партия комитетінің жауапты хатшысы. 1924-1930 жылдары Қыробкомының (Қазақстан облыстық партия комитетінің – С. Қ.) ұйымдастырушы-нұсқаушы бөлімінің меңгерушісі, ССРО Егіншілік халық комиссарының орынбасары, 1930-1934 жылдары РК/б/П ОК-нің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1935 жылы ОК-тің хатшысы, 1936-1937 жылдары Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары. 1938-1939 жылдары Су транспорты халық комиссары.
[77] Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының Орталық Комитеті.
[78] РК/б/П Өлкелік Комитетінің Ұйымдастыру бюросы.
[79] Киргизиядағы – Қазақстандағы.
[80] Қырөлкеком – Қырғыз өлкелік Комитеті.
[81] Бұл кезде «Ақжол» газетінің редакторы И. Тоқтыбаев болатын.
[82] Құжаттың төменгі жағында: «Ж. Красаткинге. Танысып шығу үшін. Одан соң Ачуринге беріңіз...», «Еске алынды. 28/ V», – деген жазулар жазылып, жауапты адамдар қолдарын қойған. Олардың есімдерін анықтау мүмкін болмады.
[83] Құжаттың сол жақтағы жоғарғы бұрышында: «1 дана», «Еске алу үшін» деген жазулар бар.
[84] Сталин журнал деп «Ақжол» газет