Бірінші бӨлім: басылымҒа кіріспе ҚҰжаттар
(№1) 1988 ЖЫЛҒЫ 4 ҚАРАШАДАҒЫ ҚАЗАҚ ССР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ШЕШІМІ[111]
Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Қазақ ССР Жоғарғы Сотының мынадай Шешiмі:
СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарманың – Т.Ж.) ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм т.б жөнiндегi Қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын.
Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.
Қазақ ССР-нiң Жоғарғы соты – Т.К.Аймұхамбетов.
Коллегия мүшелерi – Е. Л. Грабарник, Қ.Т.Кенжебаев.
4 қараша, 1988 жыл.
*** *** ***
(№2) 1988 ЖЫЛҒЫ 4 ҚАРАШАДАҒЫ ҚАЗАҚ ССР ЖОҒАРЫ СОТЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ[112]
Байтұрсынов Ахмет. 1870 (нағында 1873 ж. туған – Т. Ж.) Қостанай облысының Торғай ауданында туған. Қазақ ССР азаматы. Партияда жоқ. Арнайы орта білімді. КазПИ-дің оқытушысы.
Ахмет Байтұрсынов 1928 жылдың 5 қазанында Алматыға көшіп келіп, КазПИ-де сабақ берді. 1929 жылдың 2 маусымда Қызылорда қаласында өтетін әдебиетшілер мен тілшілердің жиналысына шақырылады да, сол жерде қамауға алынып, қайтадан Алматының түрмесіне жөнелтіледі.
1921 жылы Орынбор қаласында контрреволюциялық ұйым құрып, Орта Азиядағы пантюркистік ұйымдардың басшысы Валидовпек байланыс жасағаны үшін, қылмыскер деп табылды, сондай-ақ 1927 жылы далада (?) қарулы көтерілісті дайындау туралы мәселені талқылауға қатысты (делініп), сол үшін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58 статьясының 2, 4 және 11 тармақтарына сәйкес жасаған қылмысы бойынша жазаға тартылған.
Дінмұхамед Әділев – 1900 жылы туған. Сырдария округі, Сарысу ауданынан шыққан. Қазақ СССР азаматы. Партияда жоқ. Белгілі бір мекені, тұрақты жұмыс орыны жоқ.
Д.Әдiлев тұтқындалғаннан кейiн оның тергеу iсiнде Ташкентте түскен суреттегі адамдар мен осыдан 8 жыл бұрынғы, яғни, 1921 жылғы бұрынғы алашордашылардың „қылмысты әрекеттерi” туралы күмәндi және қарама-қайшы пiкiрдегi сөздер пайда бола бастаған. Әдiлевтен бiрнеше рет сұрақ-жауап алынған (iсте ол тергеудiң стенограммасы ғана сақталған) және әр жолы шым-шытырық шатасқан, жүйесiз әрi қарама-қайшы жауаптар берген. Көрсетінділері өте ұшқары, сөйлемдердің өзі өзара байланыспайды, пікір қайшылығы көп, өзін-өзі астыртын ұйымның көсемі ретінде көрсеткен ыңғайда жазылған.
Ол (Д.Әділев – Т.Ж.) 1921 жылы Орынбор қаласынан өзінің КирЦИК-ке мүше болып сайланғаны туралы телеграмма алады да, сонда жүріп кетеді. Ішкі істер халық комиссариатында істейді, онда КирЦИК-тің жатақханасында танысы Болғамбаевпен бір бөлмеде тұрды. Сол арқылы бұрынғы алашордашылар Бөкейхановпен, Байтұрсыновпен, Омаровпен, Сәрсеновпен жиі қарым-қатынас жасады. 1921 жылы аталған адамдар Омаровтың бөлмесіне жиналады, онда Байтұрсынов шифрмен (бүркемеленіп) жазылған Валидовтың хатын оқып береді. Соңғы адам (Валидов – Т.Ж.) Бұхара қаласында мұны қолдайтын үлкен күштің тұрғандығын хабарлап, өзімен келісім жүргізу үшін арнайы адам жіберуін өтінген. Бұл хатты талқылаудың барысында өздерінің жасырын ұйымын құру туралы шешім қабылдайды және Валидовпен келісім жүргізу үшін – мұны, Әділевті, ал шетелмен байланыс жасау үшін – Болғамбаевты жіберу керек деп келіседі. Соңғы адам (Болғамбаев – Т.Ж.) «Алашорданың» Торғай бөлімшесінің мөрі басылған арнайы мандатымен (ол кезде Алашорда партиясы таратылып кеткен. Барлық іс-қағаздары, мөрі өкіметке тапсырылған – Т.Ж.) шетел державаларымен келісім жүргізуге кепілдік алады, ал Әділев болса Орта Азиядағы ұйымдармен өкілі болып бекітілді.
Содан кейін оны (Әділевті) Оқу-ағарту халық комиссариатына жұмысқа ауыстырып, оқулықтар әкеледі деген сылтаумен Ташкент қаласына жібереді. Ол онда Болғамбаевтан бұрын барады, Дулатовты, Досмұхамедовты іздеп тауып, өзінің келудегі мақсатын оларға айтады. Дулатов оған: өзінің қызметкері Бірімжановты Бұхарадағы Валидовқа жіберіп қойғанын білдіреді. Соңғы адам (Бірімжанов – Т.Ж.) Бұхарадан қайтып оралған соң, олар Болғамбаев пен Битілеуов (және Әділев – Т.Ж.) үшеуі тағы да Валидовқа барады. Валидов оларға Совет өкіметіне қарсы бірігіп күресу үшін бізге қосылыңдар деп ұсыныс жасайды. Болғамбаев пен Битілеуов ол арадан кері қайтып кетеді де, бұл (Әділев – Т.Ж.) қалып қояды. Содан кейін Валидовтың тапсырмасы бойынша ол Ферғана маңындағы Жанұзақовтың басмашыларына аттанады. Алайда сол күні қызылдар отрядқа шабуыл жасайды, отряд тарқап кеткендіктен, Әділев тағы да Ташкентке қайтып келеді. Өзінің Валидовпен арадағы жүргізген келіссөзінің қорытындысын ол Байтұрсыновқа да, басқа да адамдарға айтпаған.
1927 СССР-дің Англия мен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты үзуіне байланысты олардың бәрі де соғыс басталады деп күтті. Сондықтан да онымен (Әділевпен) кездескен кезде, Дулатов оған: енді бұрынғы Алашордашыларды қуғындап, қысым жасауы мүмкін деген пікір айтты. Осыған байланысты ол: Байтұрсынов, Өзі, Есполов және басқалары соғыс бола қалған жағдайда қарулы көтеріліс ұйымдастыру үшін қырға шығып кетуге келіскенін айтты.
Ол, Әділев, Голощекинді өлтіруді көптен бері ойластырып жүрген. Бұл турасында ол Дулатовпен, сондай-ақ Аймауытовпен пікір алысқан. Содан кейін бұл тақырыпқа қайтып оралмаған.
Әділевтің берген жауабын Байтұрсынов та, Бөкейханов та растамады және төмендегiндей түсiнiк бердi: олар «Алашорда» таратылып, 1920 жылы Совет өкiметi жағына шыққаннан кейiн ешқандай да саяси iспен айналыспаған, ешқандай контреволюциялық ұйым құрмаған. Бұл жөнiнде берген Әділевтің жауабы ойдан шығарылған, олар Валидовтың ешқандай да хат алмаған. Оларға (Байтұрсынов пен Бөкейхановқа – Т. Ж.) Валидовтың бағдарламасы (платформасы) белгiлi болатын, бiрақ та оған бұлардың ешқандай қатысы жоқ.
Сонымен қатар, Байтұрсынов Әділевпен бетпе-бет кездесiп, куәласқанда, ол (Байтұрсынов) соңғы адамға (Әділевке): «Алаш» партиясы құрылған күннен бастап, оның (Әділевтің) ағасымен пікір араздығы бар екендігі, сондықтан да бұған (Әділевке) еш нәрсенi сенiп тапсырмайтындығын айтты. Өз кезегінде Әділев өзiнiң ағасының Байтұрсыновпен қырғи қабақ, дұшпандық қарым – қатынаста болғандығын мойындады.
Қылмыстық iстердiң материалдарында Әділев пен Болғанбаевтың 1921 жылы Ташкентте бiрге болғаны туралы, содан кейiн олардың Валидовпен жолығуы үшiн Бұхараға барғаны туралы деректер бар. Ал ол кезде (Валидовтың – Т. Ж.) қасында бұл екеуi емес, Ташкенттен барған Бiрiмжанов пен Битiлеуов бар болған. Олардың (Әділев пен Болғанбаевтың) берген жауабына қарағанда, Валидовтың көмегiмен шет елге кетудi көздеген, сол үшiн онымен (Валидовпен) келiсiм жүргiзу мақсатымен қызмет орнының командировкасын пайдаланған. Кейiннен бұлардың екеуi, Бiрiмжанов пен Битiлеуов шет елге оқуға кетуге мұрсат алды.
Болғанбаев Хайретдин – 1893 жылы Ақмола округiнiң Нұра ауданында туған. Петропавлдағы совет – партия мектебiнiң оқытушысы. 1920-1921 жылдары Орынбордағы партия совет қызметкерлерiн дайындайтын мектепте сабақ бередi.
Соның iшiнде, бiрiнеше рет қатарынан жүргiзiлген тергеуден соң, Болғанбаев мынадай жауап бердi: Валидовтан келген хатты Сәрсеновтiң бөлмесiнде оқыған Бөкейханов, ал Байтұрсынов онда мүлдем жоқ болатын. Жасырын ұйым ашу туралы әңгiме қозғалмады. Валидовқа мұны (Байтұрсыновты) жiберудi ұйғарды, ал Әділев болса – мұнымен бiрге баруға өз бетiнше тiлек бiлдiрдi, өйткенi ол (Әділев) Валидовтың көмегi арқылы шет елге өтiп кетудi көздедi. Оған да мандат берiлдi, бiрақ ешқандай да мөр басылған жоқ. Валидовқа қандай да бiр уәде беру туралы ұсыныс жасады.
Омаров Елдес – 1892 жылы Қостанай округiнiң Тобыл болысында туған. Қазақ педагогикалық жоғары оқу орындары басқармасында iстеген.
Омаров, өзiнiң 1921 жылы Орынбордағы совпартшколдың оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болғанын, сол кезде Болғанбаевтың сонда оқытушы боп iстегенiн айтты. Сол жылдың көктемiнде Болғанбаев одан Ташкентке командировкаға баруға рұқсат сұрайды, бұл келiсiм бередi. Бiрақ та оның ұзақ уақытқа дейiн қызметке қайтып оралмауына байланысты, ол (Омаров) бұл жөнiнде саяси ағарту басқармасының меңгерушiсi Кенжинге ескертедi. Соңғысы (Кенжин) өзiнiң қарамағындағы қызметкердi Хохловскийге мұның (Омаровтың) көзiнше – Ташкентке Болғанбаевтың тұтқындау және күзетпен алып келу туралы телеграмма салу туралы тапсырма бердi. Бұл тапсырманың орындалғаны – орындалмағанын ол (Омаров) бiлмедi, алайда соңғысын (Болғанбаевты) қайтып Орынбордан көрмеген.
Алайда, тергеушiлер Омарвтың бұл куәлiгiн растайтын немесе оны жоққа шығаратын дәлелдерi, сондай-ақ қызмет орнына қайтпағаны туралы деректердi iздестiрмеген.
Бұл туралы Омарвпен бетпе-бет болған куәлесуде Болғанбаев өзiнiң Орынбордан жолданған телеграмма туралы ештеңе бiлмегенiн айтты, бiрақ та онда қайтып оралмағанын жоққа шығарған жоқ. Оған қоса, Валидовтың хатын Бөкейханов (әуелде Байтұрсынов болатын – Т. Ж.) оқыған кезде, бұрын мүлдем қарам-қарсы пiкiр бiлдiргенiне қарамастан, Омарвтың онда жоқ болғандығын куәландырады.
Омаров, бұдан кейiн Әділевтің Орынборға 1921 жылдың басында келгенiн, Болғанбаевпен бiр бөлмеде тұрғанын, өзiне жұмыс iздеп жүргенiн, ал көктемде Ташкентке кеткенiн айтты.
Сонымен, Орынбор және Ташкент қаласында контрреволюциялық ұйым құрылды-мыс деп тағылған айыпты мойындататын қандай да бір нақты объективті қылмыс дәлелденбеген. Сондай-ақ, өэдерінің Орынбордағы “келіссөзінен» кейін Әділев пен Болғамбаевтың онда қайтып оралмағандығын, жүргізген келісімдерінің қорытындысы жөнінде өздерінің жетекшілерінің бірде-біреуіне хабарламағаны тергеу барысында анықталды.
Тергеудегi жауаптан көрiнiп отырғандай бiр ғана оқиға туралы Әділев пен Болғанбаевтiң жауаптарына үлкен қайшылық бар, бұл Әділевтің берген барлық жауаптарының дұрыстығына күмән тудырады, сондықтан да бұлар қылмысты негiз бола алмайды.
Сонымен қатар, тергеу орнының қолында Орта Азиядағы контрреволюциялық ұйымға саяси немесе әскери көмек, көрсеткен дегенде дәлелдейтін айғақ болмаған.
Сондай-ақ сотталғандарға1927 жылы далада (қырда – Т.Ж.) қарулы көтеріліс ұйымдастырды деп тағылған айып та ешқандай дәлелсіз. Бұл да Әділевтың жалаң сөзіне құрылған даурықпасына ғана негізделген. Бұлмәселе жөнінде жауапқа тартылған Дулатов та, Байтұрсынов та, Есполов та, Ғаббасов та және басқалары да мойындамаған, олар қарулы көтеріліс ұйымдастыруды мақсат етпеген. Олар елдеріне өз өмірлерін сақтау үшін ғана кеткен, себебі СССР мен Англияның арасындағы жағдайдың нашарлауына байланысты екі арада соғыс басталады, сондықтан да бұларды бұрынғы алашордашылар ретінде қуғындап, қысымға алады деп ойлаған.
Халел Ғаббасов — жоғары білімді, Мемлекеттік жоспарлау комиссариатының жауапты қызметкері. Жазда Семей облысындағы Шыңғыстау ауданындағы Шаған селосындағы туыстарына демалыста қыдырып барған кезінде ұсталды.
Жүргізілген тергеу жұмыстарының ішінде қарулы көтерілісті дайындағандықтарын дәлелдейтін бірде-бір нақты дерек табылмады.
Аймауытов, 1928 жылы көктемде Шымкент қаласында Әділевпен кездескенін мойындады. Ол (Д. Әділев) бұған (Ж. Аймауытовқа) өзінің шет елге кетіп қалуды ойластырып жүргенін айтады және Ходжанов арқылы ретін тауып шетелдік паспорт алып беруін өтінді. Содай кейін өзінің (Әділев) Голощекинді өлтіруді ойлап жүргені жөнінде айта бастайды, бірақ Аймауытов оған бұлай істемеу туралы кеңес береді.
ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің секретары Голощекинге қарсы террорлық қастандықты ұйымдастырғаны жөніндегі айыптау да қызыл сөзге құрылған. Тергеудің осы саладағы қорытындыларында Әділевтің өзінің ойын жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекетін және оған Аймауытовтың қатысқандығын дәлелдейтін айғақтар жоқ.
Жұмабаевты, Омаровты, Байтасовты және Жәленовты “Алқа” атты жасырын, ұлтшыл бағыттағы әдеби үйірмені ұйымдастырды және оның жұмыстарына қатысты деген айып та негізсіз. Бұл әдеби үйірме болғандықтан да, өзінің алдына совет өкіметін құлатуды, немесе оған қастандық жасап, күшін әлсіретуді мақсат етіп қоймағаны, сондай-ақ контрреволюциялық қылмыстарды жасауға шақырмағаны тергеу материалдарынан-ақ көрініп тұр. Аталған үйірме мүшелерінің әдеби шығармаларында да мұндай іс-әрекетке шақырған үндеулер кездеспейді. М. Жұмабаев осы үйірменің жетекшісі болғанымен де, өзінің алдына контрреволюциялық мақсат қойған жоқ.
БайтасовАбдолла — 1900 жылы Қостанай округінің Бақбаққара ауданында туған. Саяси экономия қақында пікір қозғаған.
Бірімжанов Ғазымбек— 1896 жылы Қостанай округнің Торғай ауданында туған. Жоғары білімді мал дәрігері. Мемлекеттік сауда басқармасында істеген.
Юсупов Ахметсафа — 1894 жыл Қостанай округінің Бақбаққара ауданында туған. «Еңбекші қазақ» газетінің әдеби қызметкері. Ж. Аймауытовпен бірге Торғайдағы аштарға мал айдап барып, сонымен қоса жауапқа тартылған. Үш-төрт жыл жазаға да кесілген. А.Юсуповке «НКВД-ның жасырын тыңшысы: Дер кезінде хабар бермегені үшін ату жазасына кесілді» деген айып тағылған.
Жоғарыдағыларға қоса осы iс бойынша қылмысты тергеу кодексiнiң ережесi өрескел бұзылған: қылмысты iс қозғау туралы тиiстi қаулы қабылданбастан-ақ, тергеу жүргiзiлген және ол тек қана айыптау әрекетiн көздеген. Барлық айып тағылғандарды прокурордың санкциясынсыз және соған лайық дәлелдi негiздерi жоқ бола тұра түгелдей тұтқынға алған.
Барлық адамдарға тағылған айып қылмысты iстер жөнiндегi заңға сүйенбестен-ақ жүргiзiлген. Тергеу бiр жылдан аса уақытқа созылса да, алдынала тергеу мен айыпкерлердi арнайы күзетпен түрмеде ұстау туралы кесiмдi мерзiм ұзартылмады. Тергеу барысында контреволюциялық ұйымның болғаны туралы: оның программасы, уставы, iс-әрекет мақсматы және оны жүзеге асыруға нықты шаралары жөнiнде ешқандай да обьективтi деректер анықталмады.
Тергеу аяқталғаннан кейiн оның материалдары айыпкерлерге таныстырылмады және олар өздерiн қорғау құқысынан айырылды. Iс осы қалпымен және айыптау қорытындысы шығарылмастан, сотқа қатысы жоқ мекемелердiң қарамағына жiберiлдi, ал олар сол бойынша «сырттай үкiм» шығарды.
Осындай жағдайда Байтұрсынов және басқа да адамдар заңсыз түрде қылмысты iске тартылып, жазықсыз жазаланды.
Жоғарыдағы баяндаған жайдың негiзiнде Қазақ ССР қылмысты iстер кодексiнiң 375 статьясын жетекшiлiкке алып, Қазақ ССР Жоғары сотының қылмысты iстер жөнiндегi коллегиясы мынаны анықтады:
СССР Халық Комиссарлары Советiнiң жанындағы ОГПУ-дың коллегиясының 1930 жылы 4 апрельдегi қаулысы бойынша:
– Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Мер – Якуб, Есполов Мырза - Ғазы, Әділев Дiнмұхамед (Дiнше), Аймауытов Жүсiпбек, Болғанбаев Хайретдин, Бiрiмжанов Ғазыбек, Ғаббасов Халел, Юсупов Ахмед-Сафа.
– 1921 жылы Орынбор қаласында контреволюциялық ұйым құрып, Орта Азиядағы пантюркистiк ұйымның бастығы Валидовпен байланыс жасағаны үшiн;
– Далаға барып қарулы көтерiлiс ұйымдастыру туралы жиналыс өткiзгенi және далаға сiңiп кетуге дайындалғаны үшiн;
– 1927 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелiк комитетiнiң сектетары Голощекинге қастандық әрекет жасауға тырысқаны үшiн;
– Юсупов А. С. – ОГПУ-дiң құпия тыңшысы бола тұра, Бiрiмжановтың Валидовке кеткенiн хабарламағаны үшiн;
РСФСР қылмысты iстер кодексiнiң 58 статьясының 2, 4, 8, 11, 13 тармағы бойынша
ату жазасына кесiлдi.
Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдос, Битiлеуов Дамолла - «Алқа» атты жасырын, ұлтшыл үйiрме құрғаны үшiн;
– РСФСР қылмысты iстер кодексiнiң 58 статьясының 4, 11, тармағына сәйкес –