Дәріс№ 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саясаттың субъектілері
Жоспар:
1. Салыстырмалы саясаттану түсінігі, түрлері.
2. Саясаттану субъектілері.
3. Саясаттанудың өнегелік және демократиялық мәні.
Әдебиеттер тізімі:
Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.
Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.
Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.
Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.
Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.
Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.
1. XX ғасырдың 50-шы жылдарында саясаттану пәнінде салыстырмалы саясаттану өрісі қалыптасты. Жалпы келгенде, салыстырмалы саясаттың негізінде – бихевиористтік және жүйелі әдіс тәсілдері жатады.
Көптеген әлеуметтік ғылым секілді, саясаттану өз пәнін басқа құбылыстармен, феномендармен салыстыру арқылы зерттейді. Мысалы, ежелгі заманның ойшылдары, Платон мен Аристотель салыстыру арқылы дамытқан. Нақты осы салыстыру әдісі негізінде Аристотель өзінің басқару теориясын қалыптастырған: монархия, олигархия, демократия. Сонымен қатар, Аристотель салыстыру тәсілі арқылы ежелгі грек-полистердің саясатын зерттеген.
Салястыру әдісін көп қолданған Ш.Л.Монтескье.
Осы салыстырмалы әдіс кеңінен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда 19 ғасырда қолданды. Кейбір оның бөліктері Германиядағы Совинья тарихи құқықтық мектебіне сипатамалы болды. Осы мектептердің ықпалымен 19 ғасырдың аяғында салыстырмалы саясаттың әдіснамасы қалыптасты. Оның қалаушыларының бірі – Фриман Э., ол өзінің «Салыстырмалы саясаттану» деген әйгілі еңбегінде кең таралған тезисті шығарды: «Тарих – ол саясаттың өткені, ал саясат – ол қазіргінің тарихы». Конституциалды мекемелердің тарихын зерттеу үшін салыстырмалы филология мен саясаттың тәсілдерін қолданып, Фримен әр елдің және мемлекеттің тарихи кезеңдерінің ұқсас қасиеттерін тауып, оны бір себеп арқылы түсіндіруге тырысқан.
Салыстырмалы әдіс АҚШ-та ерекше кең колданған. Сонымен, осында өз алдына саясаттанудың тарихи бағыт қалыптасты. Өнің өкілдері – Г.Б.Адамс, А.Уайт, Дж.Барджес және басқалары Американың саяси мекемелерінің тарихи қалыптасуын ежелгі германдардың басқаруынан көрген.
2. Саясаттану субъектілері.
Саясаттану субъектілері дегеніміз – әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партилар, қозғалыстар жатады.
Субъект – белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам, немесе әлеуметтік топ.
Саясаттың субъектісі деген де өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер еңгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым немесе әлеуметтік топты айтады.
Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекет түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және тағы басқа қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың бас субъектісі – адам. Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мүдде.
Тұлғаның саяси өмірге белсене араласуының жан жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды.
Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.
Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.
Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.
Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.
Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.
Олардың барлығы саяси үрдіске не белсенді не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:субъект, жеке тұлға, индивид, тарихы қозғаушы күштер, саяси процесс.