ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне білім беру қызметтерін көрсету туралы келісім шарт

Алматы қаласы «____» _________201__ ж.

ҚР БҒМ «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК-ның атынан, АБ № 0137373 03.02.2010 ж. мем.лицензия, Жарғы негізінде әрекет етуші ректор С.Ж.Пірәлиев, бұдан әрі «Университет», бір жағынан, және азамат ____________________________________________ бұдан әрі «білім алушы» деп аталатын,

(білім алушының аты-жөні)

басқа жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:

ШАРТТЫҢ МӘНІ

Білім беру ұйымы:

1.1. Білім алушы ___________________________________оқуын мемлекеттік жалпыға

(білім алушының аты-жөні)

міндетті стандарттарға сәйкес ұйымдастыру және оған толық курсты аяқтағандығы жөніндегі мемлекеттік үлгідегі диплом беру бойынша;

1.2. Білім алушыға білім беру ұйымының оқу жоспарларына сәйкес білім беру қызметін алу мүмкіндігін ұсыну бойынша міндеттемелерді алады.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1)________

(білім алушының аты-жөні, оқу түрі, шифрі, мамандығы)

конкурс қорытындысы бойынша білім беру ұйымына білім алушылар қатарына қабылдау;

2) Осы шартты жасау кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, білім беру ұйымының ішкі қабылдау тәртібін реттейтін тәртіп ережелерімен және басқа да нормативтік құқықтық келісімдермен, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;

3) Мамандарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету;

4) Білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтау, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасау;

5) Білім беру ұйымдары білім алушының кітапхана қорының ақпараттық қорларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуін және оларды пайдалануды қамтамасыз ету;

6) Білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беру;

7) Білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру;

8) Білім алушыны оның келісімісіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеу;

9) Білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беру;

10) Толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға _______________________ біліктілігін беріп, мемлекеттік үлгідегі құжат табыстау.

2.2. Білім беру ұйымының келесідей құқықтары бар:

1) Білім алушыдан осы шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін қадағалауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс әрі құрметпен қарауды талап ету;

2) Білім алушы оқу бағдарламаларын және GPA меңгермеген жағдайда, студентті келесі курсқа өткізбей сол курсты қайта оқуға қалдыру. Барлық студенттер үшін курсты қайта оқуды ақылы негізде жүзеге асыру.

3) Оқу тәртібін, осы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану;

4) Білім алушыдан білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс істеу ережелерін қадағалауды талап ету. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап ету;

5) Оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін білім алушыны ынталандыруды және марапаттауды жүзеге асыру;

6) Білім алушының өз еркімен білім алуын тоқтатқанда, оқудан шығарылған жағдайда келісім шартты бұзу;

7) Бірінші кезекте басқа қаладан келген келесі студенттерге жатақханадан орын беру: мемлекеттік білім грант иегерлеріне оның ішінде ауылдық квотамен келгендерге, жетім балаларға және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға; І және ІІ топтағы мүгедектерге, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға.

2.3 Білім алушының келесідей міндеттері бар:

1) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеру, оқу және практикалық сабақтарға қатысу;

2) Дәлелді себептермен сабақтар жіберген жағдайда, өзі немесе туыстары арқылы болған жағдай туралы хабар беру;

3) Білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар ету;

4) Білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын қадағалау және орындау;

5) Білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарау және оны тиімді пайдалану, оқу мен жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысу;

6) Әскери есепке тұру ережелерін сақтау;

7) Білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына құрметпен және дұрыс қарау.

Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша білім алған азаматтар ауылдық жерлерде немесе қалада орналасқан мемлекеттік білім мекемелерінде кемінде үш жыл мерзімінде қызмет етуге міндетті.

2.4 Білім алушының келесідей құқықтары бар:

1) Қосымша ақыға мемлекеттік стандарттардан тыс қосымша білім беру қызметін алу;

2) Кітапханалар мен оқу залдары базаларында оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізіп, пайдалану;

3) Студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысу;

4) Жоғарыда аталған мүмкіндіктерді осы шартқа қосымша келісіммен бекітілуі арқылы білім беру ұйымының шешімімен жеке оқу жоспары мен жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқу;

5) Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен білім беру ұйымына қайта қабылдану.

АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1 Ата-аналардың және кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың заңды өкілдерінің құқықтары:

1) Білім алушының университеттегі оқу үлгерімі және тәртібі туралы ақпарат алуға;

2) Білім алушының шарт негізінде қосымша қызмет алуға құқылы.

3.2. Ата-аналардың және кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың заңды өкілдерінің міндеттері:

1) Білім алушыларға тұрмыста және оқуда жақсы жағдаймен, интеллектуалды және дене күштерін дамытуын, адамгершілігін қалыптастыруды қамтамасыз етуге;

2) Білім алушыны оқытуға және тәрбиелеуге Университетке көмектесуге;

3) Университетте білім алушының сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

Наши рекомендации