Тақырып. басты сот талқылауы.
Дәріс мақсаты:Басты сот талқылауын сипаттау.
Қысқаша мазмұны:
1. Басты сот талқылауы сатысының ұғымы, оның жүйесі.
2. Басты сот талқылауының құрылысы. Сот талқылауының дайындық бөлімі, оның түсінігі, мазмұны, міндеттері мен маңызы. Басты сот талқылауын ашу. Сот тергеуі, оның мәні, маңызы және тәртібі. Сот тергеуінің басталуы. Сотталушыдан жауап алу. Сотталушының жауабың жариялау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу. Кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу ерекшеліктері. Жәбірленушінің, куәнің жауаптарын жариялау. Сараптама тағайындау. Сарапшыдан жауап алу. Заттай дәлелдемелерді қарау. Жерлерді және тұрғын үйді қарау. Танытуға ұсыну, куәландыру, айғақтарды оқига болған жерде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және қүжаттарын жариялау. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу негіздері. Сот тергеуінің аяқталуы.
3. Сот талқылауында істі қысқартылған тәртіппен қарау: түсінігі, негіздері.
4. Сот жарыссөзінің мазмұны, тәртібі, олардың мазмұны. Сот жарыс сөзіне қатысушы тұлғалардың репликалары.Сотталушының соңғы сезі: түсінігі, маңызы. Сот тергеуін қайта жаңғырту. Соттың үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуі.
5. Үкім: түсінігі, маңызы, мәні. Үкім қылмыстық іс бойынша сот төрелігінін акті ретінде. Үкімнің, айыптау қорытындысының, айыпталушыны сотқа беру туралы каулының, және басты сот талқылауын тагайындау туралы қаулының ара катынастары. Үкімді шығару. Үкімнің түрлері. Айыптау үкімін шығарудың негіздері. Айыптау үкімінің түрлері. Ақтау үкімін шығару нысандары. Үкімді жасау. Айыптау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықтау және қорытынды бөліктері. Ақтау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықгау және қорытынды бөліктері.
6. Үкімнің резолютивтік бөлігінде шешілуге жататын басқада мәселелер.
7. Үкімді жариялау. Сот отырысы залынан сотталушыны қамаудан босатудың негіздері. Үкімнің көшірмесін ұсыну.
8. Соттың жеке анықтамалары, негіздері, және оның шығарудың тәртіптері. Үкімді шығарумен бірге сот шешетін мәселелер.
1.ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 4-тармағына сәйкес сот отырысыңда тәртіп төрағалық етушіге жүктеледі. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы өкіміне бағынуға тиіс.
ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 2-тармағында көрсетілгендей соттың сот отырысы залына кіруінің алдында сот приставы «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрі орындарынан тұрады.
Сот талқылауына қатысушылардың бәрі сотқа қарап сөйлесетінде, айғақтар бергенде және мәлімдеме жасағанда орындарынан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 3-тармағына сәйкес бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі.
Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің үкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртіпті қайта бұзуы оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге әкеп соғатыны немесе әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертіледі.
ҚР ҚІЖК-нің 327-бабының 3-тармағы бойынша сотталушы тәртіпті қайта бұзса соттың қаулысымен сот отырысы залынан шығарылады.
Сот отырысы залында сот процесінің тәртібін бұзған адамға соттың өкімімен әкімшілік айыппұл салынады.
Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жіберілсе, онда үкім оның көзінше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануы тиіс.
Егер тәртіп бұзушының сот отырысындағы іс-әрекетінде басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық белгілері болса, сот тиісті тәртіппен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау үшін материалдар жібереді.
Бір ескерте кететін жайт, сот отырысы залында суретке түсіруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсіруге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі.
2.Қылмыстық сот іс жүргізу зандылығында мынадай бір бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады: 1)басты сот талқылауының дайындық бөлім; 2)сот тергеуі; 3)сот жарыссөзі; 4)сотталушының соңғы сөзі және 5) үкім шығару.
Басты сот талқылауының ашылуы.Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды. Ол үшін сотталушының аты-жөнін, қандай қылмыс қарастырылатынын, Қылмыстық кодекстің бабы, белімі, тармағы хабарланады (ҚР ҚІЖК-нің 331-бабы).
Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуін тексеру.Сот отырысы ашылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сот отырысына прокурор, сотталушы, қорғаушы, сонымен қатар жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, аудармашы, куәгерлер, сарапшылар мен мамандар және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды (ҚР ҚІЖК-нің 332-бабы).
ҚР ҚІЖК-нің 87-бабына сәйкес, сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот төрешісінің жүктеуі бойынша хатшы мынадай қызмет атқарады:
-сот тараптарының барлығына сот талқылауының күнін белгілеп, шақырту қағаздарын жібереді;
— келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.
ҚР ҚІЖК-нің 90-бабында көрсетілгендей сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін, ол мәселені істі қараушы сот шешеді.
Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.Төрағалық етуші аудармашыға міндеттерін түсіндіріп, шешімдерді, сотталушы мен қорғаушының және жәбірленушінің арыздары мен наразылықтарын, куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды, қойылған сұрақтар, прокурордың, сот төрешісінің, қорғаушының сұрақтарын, үкім мен шешімдерін аударуға міндетті екенін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға әдейі дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі. Аудармашыға, сондай-ақ өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған зандарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін екені туралы ескертіледі (ҚР ҚІЖК-нің 333-бабы).
Куәларды сот отырысы залынан шығару.Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейін сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, олар тәртіп бойынша залда қалуы керек, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуі үшін шара қолданылады. (ҚР ҚІЖК-нің 335-бабы).
Сотталушыныңжеке басынжәне оғанайыптау қорытындысы көшірмесінің уақытылы тапсырылғанынанықтау. Төрағалық етуші сот процесі қатысушыларының қатысуымен сотталушының жеке басын айқындайды. Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, айын, күнін атауын сұрайды. Сонымен қатар немен айналысатынын, білімін, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтай отырып, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін және т.б. айқындайды.
Сотталушының жеке басын айқындау соттың алдында қылмыс жасады деп айыпталып тұрғандығына көз жеткізу үшін қолданылады.
Сотталушының жеке басын айқындағаннан кейін төрағалық етуші сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмесі тапсырылғанын және қашан тапсырылғаньш анықтайды. Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтініш жасаған болса, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс (ҚР ҚІЖК- нің 336-бабы).
ҚР ҚІЖК- нің 393-бабында және осы баптың екінші бөліміне сәйкес жеке айыптау ісі шағымның сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс.
Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардын қарсылық білдіру құқығы.Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерін, сондай-ақ сот мәжілісінің хатшысын, сот приставын, сот сарапшысын, маманы мен аудармашысының аты-жөнін хабарлап өтеді.
Төрағалық етуші тараптардың сот құрамынан немесе сот төрешілерінің бірінен, прокурор, қорғаушы, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдеріне, хатшы, сарапшы, маман, аудармашыға бас тартуды мәлімдеу құқығын түсіндіреді. Бас тартуды мәлімдеу ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негіздер бойынша, осы Кодекстің 89, 90-баптарында белгіленген ережелер бойынша сотпен шешіледі.
Сотталушыға оның құқықтарыи түсіндіруТөрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 69-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді (ҚР ҚІЖК-нің 339-бап).
Жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар (ҚР ҚІЖК-нің 104, 105, 107-баптары және т.б.) жөніндегі істер бойынша жәбірленушіге бұған қоса оның сотталушымен бітімге келу құқығы түсіндіріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы).
Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру(ҚР ҚІЖК-нің 342-бабы). Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған әдейі жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы), бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады (ҚР ҚІЖК-нің 341-бабы), ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі. Төрағалық етуші маманға оның осы Кодекстің 84-бабында көзделген құқықтары мен міндетгерін түсіндіреді және оған өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.
Өтініштерді мәлімдеу және шешу.Төрағалық етуші тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дөлелдер мен қүжаттарды ал-дыру туралы етініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды. өтінішін мәлімдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшін қосымша дәлелдердің қажет екенін көрсетуге міндетті.
Төрағалық етуші сондай-ақ тараптардан олардың талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтініштерінің бар-жоғын анықтауға міндетгі. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пікірін тындағаннан кейін сот мәлімделген әрбір өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс.
Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретінде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
Сот өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрі мәлімдеуге құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 343-бабы).
Сот талқылауына қатысушылардың бірі, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіңдігі туралы пікірін тындайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастырады. Келмеген адамдарды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады. (ҚРҚІЖК-нің 344-бабы).
Сот тергеуі— сот талқылауының басты бөлігі, онда сотталушы мен жәбірленуші, куәгерлерден жауап алынып, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкерлермен оның өкілдерінен істің мән-жайын дәлелдейтін заттай айғақтар алып сотталушының қылмыстық іске қатысы бар, айыпты немесе айыпсыз екендігі және т.б. іске қатысты мәселелер айқындалады.
Сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысынын шағымды баяндауынан басталады.
Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудын жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті (ҚІЖК-нің 345-бабы).
Сонымен қатар, сотталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда, сот қаулысымен сот отырысында айтылады.
Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті не түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және онын тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды (ҚІЖК-нің 345-бабының 1-бөлімі).
Сонан соң сотталушыға алдын ала тергеу не анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенін түсіндіруге тиіс. Сонымен қоса, өз кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған жш-келііргендей түсініксіздігі түсіндірілуге тиіс.
Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге, қалай әрекет еткендігін, өзін кінәлі не кінәсіз екендігін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі онын өз кінәсін мойындамағаны деп түсініледі. Содан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтынын мойындамайтынын (толық, ішінара) сұрайды. Егер сотталушы бүл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі. Сонан соң сот дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібін талқылайды. Егер іс бойынша бірнеше сотталушы болса, онда сот олардан жауап алу тәртібін шешеді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойышна сот қаулы шығарады.
Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі. Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.
Сотталушыдан жауап алу.ҚІЖК-нің 348-бабына сәйкее сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді. Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етуші жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды. Сот сотталушыға іс бойынша сұрақтар қояды. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтіңде қойылуы мүмкін.
Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтініші немесе соттың бастамашылығы бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот мәжілісінің хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотгалушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 348-бабы).
Сотталушының алдын ала тергеу және жауап алу кезіндегі айғақтарын жария ету(ҚР ҚІЖК-нің 349-бабы).
Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны не киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда;
— сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;
— іс сотталушы болмаған кезде қаралғанда;
— сот талқылауымен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда жол беріледі.
Тиісті жауап алу хаттамасындағы не сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер дыбыстық, бейнежазбаларды, кино көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына жазылады.
Жәбірленушіден және куәгерлерден жауап алу.Жәбірленушіден жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 350-бабының бөліктерінде көзделген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады. Жәбірленушінің ерекшелігі ол куәгер сияқты сот отырысы залынан шығарылмайды. Ең алдымен жәбірленуші содан соң куәгерден жауап алынады.
Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді.
Куәға сондай-ақ ҚР КДЖК-нің 82-бабында көзделген өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни кьізметшілерге - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі. Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа да құқыктары куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығы түсіндірілгені туралы қолхат алынып, хаттамаға тіркеледі.
Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған бірақ айғақ беруге тілек біддірген адамдарға көрінеу жалған айғак бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Терағалық етушінің рұқсатымен жәбірленуші сот тергеуінің кез келген уақытында беруге құқылы. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.
Төрағалык етуші куәгерге сұрақ қойып, сотталушыға, жәбірленушіге қарым-қатынасын анықтайды. Куәнің берген жауабынан оның берген бағасын білуге болады. Сонан соң төрағалық етуші куәгерден іс бойынша керген-білгенін айтуға ұсыныс жасайды. Куә жауап бергеннен кейін, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтініші бойынша сот отырысында осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды. Сот төрешілері куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейін сұрақ қояды. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс. Және де олар бір-бірімен сотта естіген ақпаратпен ауыспауы керек. Куә өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды (цифр, күн, уақыты, аты және тегі, жер аты және т.б) оқып шығуға рұқсат беріледі.
Бұл жазбалар соттың талап етуі бойынша пайдаланылады. Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі. Бүл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тігілуі мүмкін.
Куәнің және оның жақындарының кауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 351-бабы).
Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу(ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы). Кәмелетке толмаған жәбірленуші, куәгерден жауап алудың өз ерекшеліктері бар. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтің қатысуымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де занды өкіддері шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ қоя алады.
Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдыңда төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді. Айғақ беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылык туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.
Тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.
Он сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсіруін жария етуге:
а)бұл айғақтар мен олардың сотга берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болған кезде;
б)олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінщ немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде жол беріледі;
в)егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
г)сотталушы жауап беруден бас тартқан кезде;
Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтардың алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер олар дыбысталған не көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына тіркеледі.
Сот талқылауындағы сараптама(ҚР ҚІЖК-нің 354- бабы). Алдын ала тергеу жұмыстарында сараптама жүргізілмеген болмаса, ал сотта оны жүргізу керек болған жағдайда сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, ҚР ҚІЖК-нің 32-тарауында жазылған ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Төрағалық етуші сарапшыны тағайындап, оған сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының кешірмесі тапсырылады және ҚР ҚІЖК-нің 83-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысын кейінге қалдыруға құқылы.
Төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сотталушы, қорғаушы, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерлердің сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады.
Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың, прокурордың пікірлері тындалуға тиіс. Сонан соң мәселені қарап және ол бойынша тараптардың пікірін тындап, сот өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.
Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті.
Сарапшы сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға, сотталушы, жәбірленуші мен куәгерлерге сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекетіне қатысуға құқығы бар. Сарапшыға заң негізінде немесе одан тыс сұрақ қоюға болмайды. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және сот мәжілісінде жария етеді. Сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айьштаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды (ҚР ҚІЖК-нің 355-бабы).
Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттелген байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабының 10-бөлігі).
Заттай дәлелдемелерді қарау(ҚР ҚІЖК-нің 356-бабы). Тергеу барысында іске тігілген жөне жаңадан алынған заттай дәлелдемелер сот тергеуі барысында сотта қаралуға және тараптарға ұсынылуға тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде тараптардың өтініші бойынша да сондай-ақ соттың бастамасымен де жүргізіледі. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарауы үшін ұсынылуы мүмкін. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдардың заттай дәлелдемелерді қараған кезде анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайларға соттың назарын аударуға құқығы бар.
Алдын ала тергеу жұмыстарында іске түрлі себептермен тіркелмеген және алынбаған жағдайда заттай дәлелдемелерді қарауды сот олар тұрған жерде белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізуге тиіс.
Тергеу іс-әрекетінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету(ҚР ҚІЖК-нің 357-бабы).
Сот өтініш білдірген тараптардың сұранысын, іс үшін маңызы бар куәландырылған мән-жағдайларды, тергеу іс-әрекетінің хаттамаларын жария етуге құқылы.
Сот отырысында тараптар сонымен қоса іс үшін маңызы бар құжаттарды көрсетуіне болады. Бұндай жағдайда сот дәлелденген үкім шығарып, ол іске тігіледі.
Ал егер тараптардың біреуінің жауабына келіспейтін болса сот алдын ала болған тергеу жұмысындағы жауабын оқиды. Бұл жағдайда тергеу жұмыстарының құжаттары алынып, хаттамалары оқылады.
Іс болған орынды және үй-жайды қарау(ҚР ҚІЖК-нің 359-бабы). Тергеу жұмыстарында іс болған орынды қарау толық және кейбір жағдайлар түсініксіз болған жағдайда, іске қатысты орынды және үй-жайды карау сотпен шешіледі. Сот қарауына айыптаушы және жақтаушы жақ та қатысады. Қажет болған жағдайда куәгер, сарапшы, маманды сот шақыруы мумкін.
Қарау орнына келген соң төрағалық етуші сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды да сот қарауға кіріседі. Бұл ретте сотталушыға, жәбірленушіге, сарапшы мен маманға қараумен байланысты сұрақтар берілуі мүмкін.
Тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерінде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгілер алу үшін көрсету сот талқылауында тараптардың қатысуымен, ҚР ҚІЖК-нің 226,229, 238, 239-баптарында және 33-тарауында көзделген ережелер сақтала отырып, соттың қаулысы бойынша жүргізіледі (ҚР ЩЖК-нің 360-бабы).
Мемлекеттік айыптаушы айыптау дәлелдемелерін зерттеу аталған өтініш туындаған сәтке қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтініш білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда сот жәбірленушінің, қорғаушының, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің пікірін тындап, олардың өтініштерін қанағаттандыруға құқығы бар.
Қорғаушы тарабының сотталушының, қорғаушының сот тарабының немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша ұсынылған және іске тігілген дәлелдемелерді зерттеуден бас тартуға құқығы бар. Мұндай бас тартуды соттың қанағаттандыруы міндетті.
Сот тергеуінің аяқталуы(ҚР ҚІЖК-нің 362-бабы). Төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін тарапта-рға, олардың сот жарыссөзінде, ал соттың үкім шығару кезінде тек сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екендігін түсіндіреді, тараптардан, олар сот тергеуін толықтыруды қалай ма және немен толықтырғысы келетінін сүрайды. Сот тергеуін толықтыру туралы етініш мәлімделген жағдайда, сот бүл етінішті талқылайды жөне оны шешеді.
Өтінішті шешкен және кажетті сот әрекетін орындаған соң, сондай-ақ сот тергеуін толықтыру туралы өтініш туындамаған немесе сот оларды дәлелді түрде кабылдамаған жағдайларда төрағалык етуші сот тергеуін аяктадды деп жариялайды
3.Істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы (КР ҚІЖК-нің 363-бабы). Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер:
—сотталушы өзінің кінәсін толық көлемінде, оның ішінде өзіне қойылған талап-арызды мойындаса;
—сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процеске қатысушылардың құқығына нұқсан келтіретін, осы Кодексте белгіленген ережелердің бұзылуына жол берілмесе;
—процеске қатысушылар іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берушілігі дау туғызбаса және оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізіледі.
Істі сотта талқылаудың қысқартылған тәртібі сотталушы мен жәбірленушіден жауап алудан тұрады. Сот жарыссөзі және қаралған істі аяқтау ҚР ҚІЖК-де белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Қысқартылған сот талқылауы он күн мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім сот төрешісінің дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Сот егер айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу барысында сот отырысында зерттеуді талап ететін мән-жайлар белгіленген болса, сот тергеуін толық көлемде жүргізу туралы қаулы қабылдауы мүмкін
4.Сот жарыссөзінің мазмұны мен тәртібі(ҚР ҚІЖК-нің 364-бабы). Сот тергеуі аяқталғаннан соң төрағалық етуші сотгың сот жарыссөзіне көшетінін хабарлайды. Сот жарыссөзі — бұл сот тергеуі, айыптаудың және қорғаушының сөздерінен тұратын бөлігі, онда алдын ала тергеу және сот тергеуінің қорытындысы шығарылып, дәлелденген істер сарапталынып, сотталушының айыпты не айыпсыз екендігі жөнінде пікірлерін айтады, берілген жаза және басқа да сұрақтар жөнінде соттың қаулысымен шешім қабылданады.
КР ҚІЖК-нің 364-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот жарыссөзі айыптаушының, сотталушының, корғаушының, жәбірленушінің немесе оның өкілінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.
Егер тараптардың ұсынысы бойынша сот жарыссөзіне уақыт белгіленсе төрағалық етуші оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзіліс жариялайды.
Іске қатысушылардың сөздерінің реттілігін олардың ұсыныстары бойынша сот белгілейді, бірақ барлық жағдайларда бірінші болып айыпталушы сөз алады.
Егер мемлекеттік айыптауды бірнеше мемлекеттік айыптаушы қолдаса, іске бірнеше жәбірленуші, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері, азаматтық талапкерлер мен олардың өкілдері, сотталушылар қатысса, төрағалық етуші өз сөздерінің кезектілігін өзара келісуі үшін оларға уақыт береді. Қажет болғанда бұл үшін сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін. Егер аталған адамдар жарыссөздегі өз сөздерінің кезектілігі туралы келісімге келе алмаса, сот олардың пікірлерін тындап болып, сөз кезегі туралы қаулы алады.
Сот жарыссөзіне қатысушылар өз сөздерінде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуін қайта бастау туралы өтініш жасай алады.
ҚР ҚІЖК-нің 364-бабыньщ 6-бөлігіне сәйкес сот сот жарыссөзінің ұзақтығын белгілі бір уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалык етуші, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзі қаралатын іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.
Сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөзінде айтылғандар бойынша тағы бір реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерін (репликаларын) білдіруге құқылы. Соңғы ескертпені айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесілі.
Әрбір сот жарыссезіне қатысушы сотқа ұсынатын тұжырымын жазбаша түрде табыс ете алады. Олар:
1)жасалуына сотталушы айьшталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;
2)бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нак қандай қылмыстық занда көзделген (бабы, белігі, тармағы);
3)сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
4)сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме;
5)оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;
6)сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе;
Ұсынылатын тұжырымның сот үшін міндетті күші жоқ.
Сотталушының соңғы сөзі(ҚР ҚІЖК-нің 365-бабы). Сот жарыссөзі аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді. Сотталушының соңғы сөзі — бұл сот талқылауының соңғы аяқтау бөлімі, онда аддын ала тергеу ісінің қорытындысын шығарып, тәртібіне баға беріледі.
Сотталушыға оның соңғы сөзі кезінде ешқандай сұрақ коюға жол берілмейді. Сот тәжірибесінің көрсетуі бойынша, соңғы сөз сотқа өтініш ретінде тұрады. Сотталушының соңғы сөзі негізінде өз кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтынын, жазасын жеңілдетуін, қылмыстық міндеттен босатуын сұрайды.
Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес. Төрағалық етуші, егер сотталушының сөзі қаралған іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.
Егер сот жарыссөзіңде сөз сөйлеуші немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуін қайта бастайды. Қайта басталған сот тергеуі сот аяқталған соң сот жарыссөзін жаңадан ашады және сотталушыға соңғы сөз береді.
ҚР ҚІЖК-нің 367-бабына сөйкес сотталушының соңғы сөзін тындап, сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, ол туралы төрағалық етуші сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды. Үкімнің жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға сот төрешілері кеңесу бөлмесіне кетер алдында хабарлануы мүмкін.
5. Үкім— бұл кеңесу бөлмесінде сотталушының айыпты не айыпсыздығын, оған жаза қолдану керек немесе оны қылмыстық іс жургізуден босатуын шешетін сот шешімі. Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкім шығарады.
Сот үкімі сотқа қандай болмасын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесінде шығарады. Үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде осы іс бойынша соттың құрамына енетін сот төрешілері ғана болады, өзге адамдардың, соның ішінде запастағы сот төрешісінің болуына жол берілмейді.
Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (сот төрешісі) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы. Сот төрешілерінің талқылау және үкім шығару кезінде орын алған пайымдауларды жария етуге құқығы жоқ. Сот төрешілері кеңесінің құпиясы хаттамаға енгізілмейді. ҚР ҚІЖК-нің 369-бабына сәйкес сот үкімі заңды және негізді болуға тиіс. Сот үкімінің зандылығы деп — қылмыстық іс жүргізудің барлық талабына сай нормаларымен орындалғандығы, оның ішінде қылмыстық тәртіп нормаларының дұрыс қолданылуын айтамыз:
Егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады, Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады (ҚР ҚІЖК-нің 369-бабының 3-бөлігі).
Сот үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде мынадай мәселелерді шешеді (ҚР ҚІЖК-нің 371-бабы):
1)жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;
2)бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық занда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы);
3)сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
4)сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме;
5)оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;
6)сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе;
7)сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс;
8)жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазада босатуға не қылмыстық жазаны тергеуді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда кейінге қалдыру туралы негіздер бар ма;
9)бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің қандай түрі мен режимдегісінде жазасын өтеуге тиіс;
10)азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма;
11)азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек;
12)заттай дәлелдемелерді не істеу керек;
13)іс жүргізу шығыстары кімге, қандай мөлшерде жүктелуге тиіс;
14)сот сотталушының құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе;
15)Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін, 88-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
16)қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлардың болуы туралы;
17)сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18)бұрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы.
Ақтау үкімін шығару кезінде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз іс-әрекетімен ақталушыға келтірілген зиянды өтеу туралы мәселе жөнінде шешім қабылдайды.
Сотталушы бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыпталған кезде сот әрбір қылмыс бойынша жеке-жеке шешеді.
Егер қылмыстың жасалуына бірнеше сотталушы айыпталса, сот оның жасадған әрекеттегі рөлі мен дәрежесін айқындай отырып, әрбір сотталушыға қатысты барлық мәселелерді шешеді.
Сот негізгі мәселелерді шешіп, мынадай қосымша мәселелерді шешуге көшеді:
— сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;
—сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы;
—жеке қаулы шығару қажеттігі туралы. Сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселені шешу.Алдын ала тергеу немесе сот талқылауы кезінде сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайларда сот үкім шығару кезінде бұл мәселені тағы да бір рет талқылауға міндетті. Сотталушыны әрекет жасаған уақытта есі кіресілі-шығасылы күйде болған немесе қылмыс жасағаннан кейін оның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оларды игеру мүмкіндігінен айыратын психикалық науқаспен ауырған деп таныған сот, қылмыстық істі тоқтатуға және егер қорғаушы іске айып тағылған сәттен бастап қатысса және іс құрамында үш сот төрешісі бар сотта қаралса, сотгалушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
Егер қорғаушы қатыспаған жағдайда ҚР ҚІЖК-нің 54-тарауында көзделгендей «Ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу» осы тарауда қарастырылған соттың қарауы бойынша қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 372- бабы).
Істі алқада қарау кезінде сот төрешілерінің кеңесу және шешім қабылдау тәртібі(ҚР ҚІЖК-нің 373- бабы). Істі алқалы қарау кезінде үкім шығарудан бұрын сот төрешілерінің кеңесуі болады. Төрағалық етуші мәселелерді сот төрешілерінің шешуіне, осы Кодекстің 371-бабында олар қалай аталса, сондай реттілікте және тұжырымда қояды. Әрбір мәселені шешу кезінде, осы баптың үшінші бөлігінде кезделген жағдайларды қоспағанда, сот төрешілерінің ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Барлық мәселелер көпшілік дауыспен шешіледі. Төрағалық етуші барлық жағдайларда өз дауысын соңғы болып береді.
Егер қылмыстық саралану туралы немесе жазалау шарасы туралы басқа сот төрешілерінің пікірлері сәйкес болмаса, онда ақтау үшін берілген дауыс неғұрлым жеңіл қылмысты көздейтін зан саралануы бойынша және неғұрлым жеңіл жаза тағайындау үшін берілген дауысқа қосылады. Ерекше жаза түрі — өлім жазасы — кінәліге тек барлық сот төрешілерінің бірауызды шешімі бойынша ғана тағайындалуы тиіс.
Азшылықта қалған сот төрешісі кеңесу бөлмесінде ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы. Ерекше пікір төрағалық етушіге тапсырылады және ол оны жабық конвертпен іс материалдарына тігеді. Ерекше пікірмен аппеляциялық қадағалау сатысындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Сот төрешісінің ерекше пікірі барлығы туралы іске қатысушыларға хабарланбайды, ерекше пікір сот отырысы залында жария етілмейді. Сот ерекше пікір жөнінде үкімге қол қоюдан бас тартуға болмайды.
Үкімдердің түрлері.ҚР ҚІЖК-нің 374-бабына сәйкес сот үкімі айыптаушы немесе ақтаушы болуы мүмкін.
Айыптау үкімі.Айыптау үкімі сотталушының қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы сот шешімінен тұрады.
Айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиіс емес және сот талқылауы барысында сотгалушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәледенген жағдайда ғана шығарылады. Айыптау үкімі:
1) сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады.
Сотталушы өтеуге тиіс жазаны тағайындаумен айыптау үкімін шығара отырып, сот оның түрін, мөлшерін, режимін және мерзімді өтеуді есептеудің басталуын дәл айқындауы қажет.
Сот, егер осы қылмыс үшін адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескерту мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстің 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда айыптау үкімін адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, шығарады.
Сот, егер үкім шығару кезінде:
1)сотталушыға осы үкіммен тағайындалған жазаны қолданудан босататын кешірім актісі шмғарылған;
2)Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабында белгіленген алдын ала қамауды есептеу ережелерін ескере отырып, осы іс бойынша сотталушының қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкімін жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.
Егер оны шығару кезінде сотталушы қайтыс болса, сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімін қылмыстық жазаны өтеуді кейінге қалдыра отырып шығарады.
Ақтау үкімі.Сот ақтау үкімімен сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде оның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін таниды және жариялайды.
ҚР ҚІЖК-нің 376-бабының 2-бөліміне сәйкес ақтау үкімі мынадай жағдайларда шығарылады, егер:
1) қылмыс оқиғасы болмаса;
2) сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса;
3)қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.
Аталған негіздердің кез келгені бойынша ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады.
Егер ақтау үкімі шығарылған жағдайда қылмыс жасаған адам анықталмай қалса, үкім занды күшіне енгеннен кейін сот қылмыстық істі прокурордың өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттігі туралы мәселені шешуі үшін соған жібереді.
Мәселелерді шешкеннен кейін, сот үкімді жасауға кешеді. Үкім сот талқылауы жүргізілген тілде баяндалады. Үкім қолдан жазылуға, оны шығаруға қатысушы сот төрешілерінің бірі машинкаға басқан не компьютерлік тәсілмен дайындаған және барлық сот төрешілерінің қолы қойылуға тиіс, ерекше пікірінде қалған сот төрешісі да үкімге кол қояды.
Үкімдегі түзету ескертілуге және үкім шығарылғанға дейін кеңесу бөлмесінде барлық сот төрешілерінің қол қоюымен куәландырылуға тиіс. Үкімге ол жарияланғаннан кейін өзгеріс енгізуге жол берілмейді (ҚР ҚІЖК- нің 377- бабы).
Үкімнің барлығы да құрылымы бойынша бірдей. Үкім кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Үкімнің кіріспе бөлімінде(ҚР ҚІЖК-нің 378-бабы):
1)үкімнің Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
2)үкімнің шығарылған уақыты мен орны. Сот төрешілері бірнеше күн бойы кеңескен жағдайда, үкімнің шығарылған күні оның жария етілген күнімен айқындалады;
3)үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкілдері, аудармашы;
4)сотталушының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған жылы, айы, күні және жері, тұрғылықты орны, жұмыс орны, кәсібі, білімі, отбасы жағдайы және сотталушының жеке басы туралы іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
5)жасағанына сотталушы айыпталып отырған қылмысты көздейтін қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы) көрсетіледі.
Сонымен қоса үкімде қылмыстық істің ашық немесе жабық сотта қаралғаны көрсетілуі керек.