Рәзия РҮСТЕМБЕКОВА. Ұзақ жылдар Мұқанымның жанашыр досы болған аяулы жандар едіңдер

ИМАНЖАНОВА:

Әзілхан! Халима!

Ұзақ жылдар Мұқанымның жанашыр досы болған аяулы жандар едіңдер. 40 жыл өтсе де естеріңнен шығармай әр дәйім жылы лебіз арнап жазған мақала-естеліктеріне балалар да, мен де дән ризамыз.

Баяты сыйластық көңілден.

Рәзия.

(Кемеңгерұлы Қошке. Шығармалар

Құрастырушы филология ғылымының кандидаты

Рәзия Рүстембекова. 1995).

Дмитрий СНЕГИН:

Азильхану и Халиме Нуршаиховым — моим фронтовым друзьям — сердечное обьятие. Здоровья, благополучия и попушкински юного творчества в новом столетии.

Дмитрий Онегин.

("Странное сближение или вокруг Михайловского".

Новеллы. 1999).

Татьяна САРТАКОВА:

Дорогим нашим друзьям, добрым, сердечным людям — Халиме и Азильхану Нуршаиховым, и младшему поколению этой славной семьи — с самыми нежными чуствами, наилушими по-желаниями и неизменным глубоким уважением.

Т. Сартакова.

(Кенеш Жусупов. "Сабыр и дедушка". Повесть. Авторизованный

перевод с киргизского Т. Сартаковой. 1980).

Шамшиябану СӘТБАЕВА:

Аса қадірлі Әз ағаға, аяулы Халима жеңгейге! Зор ілтипатпен.

Шамшиябану Оразай

(Ш. Сәтбаева. "Сәулелі әулет". 1996).

Ардақты ағамыз Әзілхан, аялуы жеңгей Халима!

Қанекеңнің аруағы өздеріңізді әрдайым демеп, желеп жүрсін деп осы кітапты үлкен құрметпен сыйлаймыз.

Сәтбаевтар, Батырбековтар.

("Академик К.И. Сатпаев". Из писем и заметок. 1998).

Сәлкен СҰБХАНБЕРДИН:

Құрметті Халима, Әзілхан! Достық, туысқандық көңілден.

Сәлкен.

("Дәрі дертке дayа, жанға шипа". 1965)

Кеңес ЮСУПОВ:

Ақылшым абзал аға Әзкеңе, қадірлі, қамқор Халекеңе осы кітаптың авторы.

інілеріңіз Кеңестен

("Ақиқат сапары". Әңгімелер. 1977).

Кеңес ЮСУПОВ:

Әзілхан ағаға, Халима апайға адал көңілмен, ақ терін төккен аудармашы інілеріңіз

К.Юсупов.

(Габриэль Гарсия Маркес. "Жүз жылдық жалғыздық"

Роман. Орыс тілінен аударған Кеңес Юсупов. 1985).

Гүлмәрия АЙТМАҒАМБЕТОВА:

Әзілхан мен Халимаға!

Сыршыл да нәзік жүрекпен,

Адамдар жайын жыр еткем.

Қадірлі достар, жерлестер,

Қабыл ал, игі тілекпен

Гүлмәрия.

("Жырлайды жүрек" жинағы. 1985).

Тұрсынхан ӘБДІРАХМАНОВА:

Аяулы Әзекең мен Халима!

Құрмет, ілтипатпен.

Тұрсынхан.

("Көркемдік кілті шеберлік". Жинақ. 1985).

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ:

Асыл сөздің ғашығы, бағалы ойдың ғалымы Әз ағаңа! Сол Әз ағаңды ай астынан бағып-қағып отырған Халима жеңгемізге, әрқашандағы адал, туыс, бауыр көңілден.

Шапау, Мұзафар.

("Маржан сөз". Мақал-мәтелдер. 1978).

Нұрғазы ШӘКЕЕВ:

Ел-жұртта қадірлі, ардақты, абыройлы жазушымыз Әзілхан ағамыз бен Халима апайымызға орыс мықтысы Лесковты қазақшаға аударып шыққан.

Нұрғазы Шәкеевтен.

(Лесков И.Е. "Солақай". Повестер. Аударған Н. Шәкеев. 1983).

(Бұл тараудағы автографтардың бәрі Халима өз қолымен жасап кеткен Картотекадан көшіріліп алынды).

З. ТӨРЕБАЕВАҒА:

Қымбатты Зеке /Зейнеп бәйбіше/!

Халима соғысты бітіріп, Мәскеуден бейтаныс Шар ауданына /Семей облысы/ келгенде аудандық оқу бөлімінің жетекшісі Сіздің қолыңыздан Новотаубинко жетіжылдық мектебіне мұғалімдік жолдама алған. Сіздің қарамағыңыздан мен ол кісіні келіншек етіп алып кеттім.

Содан бері 56 жыл болыпты. Мен Халимамен бірге 54 жыл өте бақытты өмір сүріп, Сіздің бұрынғы мұғаліміңізден

2001 жылы айырылып қалдым. Содан бері ол кісіні үнемі жоқтаумен келемін.

Жазылып жарыққа шығуына Халима қисапсыз еңбек сіңірген бұл кітапты ол екеуміздің атымыздан Сізге зор құрметпен сыйлаймын. Қолымнан қыз алған "күйеу бала" еді деп, арнайы келіп жүздескеніңізге мың рахмет.

Сіздің жерлесіңіз

Әзілхан Нұршайықов.

19.04.2003. Алматы.

P.S. Сіз Алматы мешітіне "Құран" кітабын сұрап барғаныңызда ондағы молдалар ол кітапты Сізге бермеген екен. Әбсаттар болмады, ол болғанда қайтсем де алатын едім деп қатты өкіндіңіз. Осы "Өмір өрнектерімен" қоса "Құранның" өзімдегі артық бір данасын және сыйлаймын қабыл алыңыз.

Әзілхан Нұршайықов.

19.04.2003.

V ТАРАУ

ECTEЛIКTEP

Муза Есенғалиқызы АБДУЛЛИНА,

Қазақстан Республикасының

оқу-ағарту ісінің озаты

Наши рекомендации