Ескерту. 15-тарау 161-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу

Саласындағы заңнамасын бұзу

1. Сатып алушының өтiнiшi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк берiлген мiндеттемелер және талап қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу, -

Ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен жетіге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану, -

Тауарлары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың бірінші және төртінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер), -

Тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып,

Төлемдердi қабылдаудан бас тарту

1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, қабылдаудан бас тартуы -

Дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

Дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 161-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.10.21 N 80 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем

Карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді

жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының)

Болмауы

1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы -

Дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

Дара кәсіпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 15-тарау 161-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Наши рекомендации