ПӘнніҢ таҚырыптыҚ жоспары

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Магистратураның базалық пәндері бойынша

ПӘНДЕРДІҢ ТИПТІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ ДИСЦИПЛИН

По базовым дисциплинам магистратуры

Алматы 2013

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы №611 бұйрығы негізінде бекітілген пәндердің типтік оқу бағдарламаларыОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.

4. Типтік оқыту бағдарламалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ӘЗІРЛЕНГЕН.

5. Бағдарламаларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының Кеңесі баспаға ұсынған № 2 хаттама 15 маусым 2010 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы типтік бағдарламаларын көбейтуге және таратуға болмайды.

1. РАЗРАБОТАНЫ и ВНЕСЕНЫ Казахским национальным университетом им. аль-Фараби.

2. УТВЕРЖДЕНЫ и ВВЕДЕНЫ В ДЕЙСТВИЕ Министерством образования и науки Республики Казахстан.

3.ВВЕДЕНЫ ВЗАМЕН типовых учебных программ утвержденных приказом Министерства образования и науки № 611 от 30 декабря 2009 года.

4. Типовые учебные программы разработаны в соответствии с государственным общеобязательным стандартом образования.

5. Программы рекомендованы к изданию Советом секции РУМС по естественно-научным и гуманитарным специальностям на базе КазНУ им. аль-Фараби. Протокол № 2 от 15 июня 2010 года.

Настоящие типовые программы не могут быть тиражированы и распространены без разрешения Министерства образования и науки Республики Казахстан

@ КазНУ аль-Фараби, 2013

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

«Педагогика» курсының бағдарламасы магистратура бөліміне арналған. Курс 2 кредитке есептелген, оның ішінде 15 сағат дәрісті, 15 сағат семинарды, 30 сағат МОӨЖ-ді, 30 сағат МӨЖ-ді құрайды.

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми білімнің дербес саласы ретінде бөлініп шығуы қазіргі заманғы өндірістің барлық саласы үшін мамандар даярлаудың тиімділігін арттыру мен жетілдірудегі қазіргі қоғамды дамыту сұранысынан туындап отыр. Қазіргі таңда жоғары мектеп түлектерін кәсіби даярлау сапасы тек қалыптасқан кәсіби білім мен біліктің жоғары деңгейімен ғана сипатталмайды. Кәсіби және әлеуметтік рөлдерді білікті әрі жауапкершілікпен орындау мүмкіндіктерін анықтайтын тұлғалық фактор, жаңа идеялар, технологиялар мен шешімдер туындату, ғылыми, практикалық қызмет пен білім беру салаларында тиімді қарымқатынас орнату қабілеттігі бірінші кезекке шығады. Осыған сәйкес, жоғары білім беру білім алушыларды біліммен, білікпен қаруландыруға ғана емес, сондай-ақ мазмұнды күшін, адамның рефлексияға деген әрекетті қабілеттіліктерін және үздіксіз өз бетінше білім алу мен өз бетінше дамуға қажеттілікті ашуға бағытталуы тиіс. Осындай мәселелер арасында білім берудің тиімділігін едәуір дәрежеде анықтайтын оқытушылар кадрын даярлау зор маңызға ие. Қазіргі заманғы жағдайда оқытушы ғылыми ақпаратты тасымалдаушы мен жеткізуші ғана емес, сондай-ақ ол студенттердің танымдық қызығушылығын, өзіндік жұмысы мен ғылыми шығармашылығын ұйымдастырушы болып табылады.

Қазіргі уақытта ЖОО-дағы оқу үдерісі өзінің міндеттері, қарқындылығы мен мазмұны бойынша күрделене түсті. Ол оқытушылардан оқу қызметі заңдылықтарын, оқыту, тәрбие беру, жеке тұлға қалыптастырудың қағидалары мен әдістерін терең психологиялық зерделеуді талап етеді. Білім беруді реформалау, яғни үш түрлі цикл бойынша оқыту (бакалавриат – магистратура - докторантура) және оқытудың кредиттік жүйесі инновациялық білім беру технологияларын сауатты жобалау мен жүзеге асыруға бағытталған педагогика ғылымын және білімді белсендендіреді.

Жоғары мектеп оқытушысы қызметінің тиімділігін анықтайтын көптеген факторлардың ішінде олардың кәсіби-педагогикалық біліктілігі алдыңғы қатарға шығады.

Осы «Педагогика» курсының бағдарламасы (университеттің магистратурасына арналған) жоғары мектепте магистранттар мен аспиранттарды оқытушылық және әдістемелік қызметке дайындауға бағдарланған.

Курс мазмұны жоғары мектептегі оқу-тәрбиелеу үдерісін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізгілендіру мен демократияландырудың қазіргі үрдістерін көрсетеді, педагогикалық қызметтің дара жеке шығармашылық стиліне бағдар береді.

Курс мақсаты –жоғары мектеп оқытушыларына негізгі кәсіби-педагогикалық мәдениетті меңгерту және болашақ оқытушыларды жалпы мәселелермен және жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерімен, қазіргі заманғы талдау, оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау, ұйымдастыру технологияларымен, ЖОО білім беру үдерісінде оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің субъект-субъектілі, қарым – қатынас технологиясымен таныстыру.

Курс бойынша меңгеруі тиіс:

· педагогика ғылымы мен қазіргі жоғары білімнің өзекті мәселелерін;

· ЖОО – да оқытушының педагогикалық әрекетінің мәнін;

· болашақ маманды кәсіби даярлауда пәндік білімінің рөлін;

· кәсіби әрекеттің субъектісі ретінде өзінің кәсіби әрекетін талдау және өзіндік анықтау қабілетін.

Игеру керек:

· педагогикалық теориялар, түсіндірмелер, жобалау және даму заңдылықтарына сүйене отырып, қоршаған орта шындығынан педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, жағдаяттарды бөліп алып, оларға педагогика ғылымының тілінде сипаттама беру;

· оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамаларына негізделе отырып, оқу-тәрбие үдерісін құрастыру;

· оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде шығармашылықты – дамыту ортасын жасау.

Сіздің алатын дағдыларыңыз:

· педагогикалық жоғары білім беру мен оны әрі қарай дамыту;

· ЖОО – дағы оқытудың тиімді технологияларын пайдалану;

· педагогикалық коммуникативті өзара әрекеттестіктің негізгі түрлерінде бақылаусыз оқытудың құралдары мен технологияларында;

· өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу, қол жеткізілген нәтижелерді бағалауда;

· студенттер іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқаруда;

Барлық мамандықтағы магистранттарына арналған.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Бөлім атауы
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы
Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі
Педагогика ғылымының әдіснамасы
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі
Жоғарғы мектептегі оқыту теориясы (Дидактика)
Жоғары білім беру мазмұны
Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру
Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы
Жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы. СҒЗЖ
Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде. Жоғары білім беру жүйесіндегі куратор.
Жоғары білім беру менеджменті

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Наши рекомендации