Дәріс: Кіріспе. Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны

Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті, жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етедi. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.

Бүгінгі күннің талабына сай ғылыммен техниканың дамуына байланысты оқушылардың ерекшелігімен қабілетін ескере отырып, білім берудің жаңа технологияларын енгізудің қажеттілігі туып отыр. Бұрынғы беріп келе жатқан баяндау, түсіндіру сабақтарымыз оқушыны жаттап айтуға, сабаққа жауап беруге ғана негізделіп, ал өздігінен ойлануы қабылетімен белсенділігін тежеп отырды. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқытудың әдіс-тәсілдерінің бірі - басқару жүйесі.

Басқару - бұл өндіріс процесінде неғұрлым төмен шығындар мен табысты нәтижелерге жету мақсатында адамдар ұжымының қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етудің үздіксіз процесі.

Басқарушылар өз білімдері мен тәжірибелерін қолдана отырып басқарады. Білімдер қажетті стратегияны анықтап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді, ал интуиция дәл басқару мен бақылауға негіз болады. Сондықтан басқару тек ғылым ғана емес, яғни білімдер жүйесі, сонымен қатар өнер болып табылады.

Қабілеттілік теориясымен айналысатын психологтар тұлғаның ерекшеліктері мен (жеке) жалпы қабілеттіліктерін бөліп қарастырады. Бірақ басқарушы қызметінің табыстылығы оның тәжірибесінен де (білімі, дағдысы мен ептілігі), сонымен қатар тұлға қасиеттерінен де тәуелді.

Басқару бұл шығармашылық процесі және мұнда тек арнайы білімдер мен басқару теорияларының жалпы негіздерінің білімі ғана емес, сол сияқты өндірістің белгілі бір бөлімшесінде пайда болған нақты жағдайларды дұрыс сараптамаланып, олардың талдауларынан дұрыс қорытынды шығару.

Жалпы білім басқармасы – білім беру мекемелерін элементінің бip-бipiмен байланыстығын және бip-бipiмeн тәуелділігін педагогикалық жүйе ретінде қарайды.

Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымѓа қатысты, өйткені ол өндірісті басқару мен тұтас экономика процесінде адамдардың қарым – қатынасын, байланысын зерделейді.

Басқару бұл белгілі бір жағдайда жақсы нәтижеге жету мақсатымен ұйымның, топтың және жеке адамның қызметіне әсер ету. Басқару - адамдарды және қызметті басқарудан тұрады. Ұжымның алдында тұрған мақсатқа жету және міндеттерді орындау үшін адами және материалдық қордың өзара бірлігін үйлесімді ұштастырудың өзі басқару болып табылады.

Басқару өнері мен білімдерін меңгере отырып, ұйымдастырушы мақсатқа жету құралдарын анықтайтын стратегиясын өңдеп, өз қызметінің мақсаттарын таңдай білу керек, өңделген стратегияға сәйкес шешімдер қабылдап, соларға персоналды (арнаулы) жауапкершілікте болу; оның қарамағындағы адамдар көмегімен қабылданған шешімдерді іске асыру, яғни олармен басқара білу керек.

Сондықтан басқару тек ғылым ғана емес, ол өнер мен білімдер жүйесі болып табылады.

Егер де «басқару» мен «менеджмент» сөздерін салыстыратын болсақ, онда біріншісі екіншісіне қарағанда кеңірек мағына беретінін көреміз.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган.

«Педагогика менеджменті» немесе «Білім саласының менеджері» деген атау қазір жиі қолданылатын болды, өйткені ол білім саласын жетік меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және психология ғылымдарымен қаруланған маман.

«Менеджмент» термині ағылшын тілінде басқару, яғни, «басшылық жасау», «меңгеру» ұғымдарын береді.

Әдебиеттер: [1; 2; 4; 5]

2 дәріс: Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі көзқарастар

Педагогикалық басқарма педагогикалық ғылым анықтайтын оқыту әрекетінің қызметін жасөспірім буындары мен үлкен адамдары заңдылыққа сәйкес оқыту және тәрбиелеу басқармасы.

Педагогикалық басқарма өзінің қайталанбас объектісімен ерекшеленеді (кәсіптік оқытудың оқушылары, оқытушылары, шеберлері, білім ордасы, білім беру мекемелерінің өзара іскерлігі, білімділік, ұйымның өндіріспен, ғылыммен, мәдениетпен және тағы да басқалары).

Педагогикалық басқарма екі алуан түрлілігінен іс жүзінде және теориялық түрде көрсетеді.

Бірінші құрамдас бөлігі- басқару қағидасы, яғни іс жүзінде оқу бөлімінің жетекшілігінің іске асыратын негізгі мақсат пен талабы.

Екінші құрамдас бөлігі - басқарудың міндетінің құрылымы болып табылады: оқу - тәрбие ісінің талдану; оқу бөлімінің жұмысының сарабы және есебі, бақылауы.

Үшінші құрамдас бөлігі - басқарудағы әдіс мектептің басқару әдістері негізінде міндеттердің солармен шешілуімен айырылады және басқа басқару жүйесінің әдісінен айрықша ажыратылады.

Төртінші құрамдас бөлігі - басқару құралы болып табылады: статистикалық (санақтық), экрандық кескіндеме жоба құралы; динамикалық экрандық жобаның құралы; техникалық құрал, басқарушылық еңбегінің техникалық жабдықталуы; басқаруда техникалық құралды пайдалану құралы

Осындай түрде білім беру мекемелерін жетекшілерінің іс- әрекетінің үлгісіне ғылыми негізделген тәсіл үшін айқындалған өлшем белгі жасап шығару міндеті тұрады.

Әдебиеттер: [1-5; 7]

3 дәріс: Жүйе және басқару

Білім беру жүйесінің - мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік экономикалық, саяси, халықаралық саласындағы жетістіктерін байланыстырылады.

Білім беру менеджері қызметінің негізгі принциптеріне мыналар жатады:

1) Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы.

2) Қызметтік мақсатқа лайықтылығы.

3) Басқару процесінің пәрменділігі.

Басқару іс-әрекеттері процесінде темендегідей қызметтер орындалады:

- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңінің соңғы нәтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен әр жылға жоспар түзу);

- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру және бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс - әрекеттерін үйлестіру);

- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми - зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау оқытушылардың ру-хани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);

- қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру)

- педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарының білім мекемесінің материалдык қорын, қаржы - экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).

Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады:

1) ұйымдастыру - бақылау жұмыстары (басқарымдағы-лардың іс-әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.);

2) басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс- әрекеттердің технологиялық негізін қалау).

Басқару дәрежесін өндірістік - шаруашылық міндетін сәтті шешу үшін жетекшінің басқарудың әр түрлі әдістерімен еңбеке деген стимулдарын кешенді түрде қолдануы қажет (сурет 1).

Дәріс: Кіріспе. Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны - student2.ru

Сурет 1 Басқару әдістері

Басқарудың экономикалық әдістері - кєсіпорын жұмыскерлерінің қажетті бағытта єрекет етуіне жєне алға қойылған міндеттерді шешуге талпыныстарын оятатын экономикалық жаѓдайларды тудыру жолымен ықпал ету тєсілдерінің жиынтығы.

Басќарудыњ психологиялық-педагогикалық єдістері - бұл қоғамдыќ жєне жекелеген мәні бар өнегелік құндылыќтарды қалыптастыруға, психологиялық-педагогикалық факторларды пайдалануға негізделген басқару объектісіне ықпал ету тєсілдері.

Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістері дегеніміз, ол нақты мақсаттарға қол жеткізудің ұйымдастырушылық жағына ықпал ету ж‰йесі болып табылады.

Әдебиеттер: [2-4; 6; 8]

4 дәріс: Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерiн және оны iске асыру тетiктерiн айқындайды әрi Қазақстан Республикасының заңнамасына, бiлiм беру жүйесiн басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтiк саясатқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады. Осы бағдарламаны әзiрлеу жаңа экономикалық және әлеуметтiк - мәдени жағдайларда қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған бiлiм беру сапасын арттыруға, стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталған түбегейлi қайта өзгертулердiң қажеттiгінен туындады.

Қазіргі кезеңде барлық деңгейдегi бiлiм беру ұйымдарында (білім беру мекемелері) өзiн-өзi басқару принципi енгiзiлуге тиiс. Осымен бiр мезгiлде олардың қаржылық есеп беру деңгейiн көтеру және мүмкiндiгiне қарай шығынды өтеу мен қаражатты үнемдеудi ынталандыру керек. Бiлiм беру саласында елдiң алдына қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi рұқсат еткен оқулықтардың пайдаланылуына және оқытуда қолданылатын әдiстемелерге байланысты мәселелердi мектеп басшылығының өздерi шешедi.

Бiлiм беру жүйесi тұтастай алғанда бiлiм беру жүйесiнiң аса маңызды элементi болып табылады және жоғары оқу орнына оқуға бармайтын оқушылар бойынша еңбек дағдысын сiңiредi. Бұл жүйедегi мекемелерге өз оқу жоспарларының кәсiби бағдарын таңдау мәселелерiн шешуде еркiндiк беру қажет.

Әдебиеттер: [1-4; 6]

5 дәріс:Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару

Педагогикалық менеджмент - білім беру, басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың шығармашылық потенциялын көрсетіп қана қоймай, оқытушылар мен оқушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді.

Кез келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап жатады:

1) Өз қармағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;

2) Оларға сенім білдіру;

3) Олардың іс - әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.

Педагогикалық менеджмент- нәтижелілікті жоғарлатуға бағытталған, принциптер кешені, әдістер, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдерді басқарудың оқу-тәрбие, оқу-таным процесі.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы - проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш – біріктіру, оқытушылар, оқушылар мен ата – аналарға оқу – процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кен құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің – мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік экономикалық, саяси, халықаралық саласындағы жетістіктерін байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесіндегі материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді. Білім беру менеджментіне дәстүрлі басқару түрлерінен басқа соңғы уақытта педагогикалық жүйені басқарудың ғылыми негізі ретінде кибернетика заңдылықтарын мақсатты пайдадануға көшуде. Бұл жағдайда білім беру аясының менеджері өз жұмыс бағдарын ғылыми негізделген басқару технологиялары негізінде жүргізуі қажет. Білім беру менеджері субъект қызметін басқаруда белгілі бір кәсіп саласын игеруге, ондағы білім мазмұны мен деңгейіне өз ісін бағыттау керек.

Педагогикалық басқарма педагогикалық ғылым анықтайтын оқыту әрекетінің қызметін жасөспірім буындары мен үлкен адамдары заңдылыққа сәйкес оқыту және тәрбиелеу басқармасы.

Педагогикалық басқарма екі алуан түрлілігінен іс жүзінде және теориялық түрде көрсетеді.

Басқарушылық іс жүзіндегі әрекеттің объектісі - адам (оқушы, оқытушы, өндірістік оқытудың шебері, жетекші), адамдар ұжымы немесе білімнің бөлек құрылымдық бөлігі. Теориялық іс-әрекеттің объектісі - осы бөліктердің басқару әрекеті, басқарушылық айғақ, педагогикалық құбылыс.

Әдебиеттер: [2-4; 6; 8-9]

6 дәрісПедагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

Заман ағымына сай адамдардың алдына жаңа қызметтік талаптар қойыла бастады, жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қабілеттер мен біліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кезеңдерінде әрі қарай дамуы керек.

Білім беруді ақпараттандыру арқылы:

- білімнің болашағы жаңа ақпараттық технологияға байланысты деген ұғымды тек компьютер арқылы ғана шешпейді, студенттердің білімін жетілдіретін, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін компьютердің базасында жаңа ғылыми негізін құру қажет;

- компьютерді оқытуда қолданудың негізін және болашағы үлкен екі тәсілін құру керек, біріншісі – компьютермен байланысты пәндік бағыттандырылған оқу құралдарының қажеттігі, екіншісі - студент мен оқытушы арасындағы сыбайластық негізі;

- жаңа педагогикалық технологияны білім жүйесін енгізгеннен кейін компьютерлік оқытудың студенттердің психологиясы мен ақыл-ойларының дамуына әсер етуіне бақылау жасау керек болады.

Бұрынғы оқыту технологиясының негізінен сөз арқылы мәлімет беруге сүйенетіні белгілі. Ал бірақ адам жадында кез келген мәлімет басқаша жинақы түрде сақталатынын ғалымдар анықтаған болатын, онда олар компьютерлік технологиялар арқылы оңай көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар немесе схемалар тәрізді күйде орналасады екен. Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар ұйымдастырылып, онда оқыту процесінде қолдануға ұсынылған электрондық басылымдар, арнайы әзірленген оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар болуы тиіс. Білім беру үрдісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа түрлері пайда болғандығын атап өту қажет. Олар – гипермәтін түрінде ұсынылған дәріс материалдарының электронды нұсқасы немесе мультимедиалық курстар және интерактивтік оқыту бағдарламалары түріндегі электронды нұсқалар.

Болашақ кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіруде оқыту құралдары ерекше мәнге ие болады. Олардың негізгі атқартын қызметін былай бөліп көрсетуге болады:

- көрнекілік қызмет, яғни берілетін оқу материалын, ақпаратты студенттердің саналы қабылдауын қамтамасыз етеді;

- ақпараттық қызмет, оқыту құралдары ақпаратты жеткізу көзі болып табылады;

- орнын толтырушылық қызмет, оқу процесін оңтайландыруды қамтамасыз етеді, уақытты және танымдық күшті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;

- бейімделушілік қызмет, оқу процесінде қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бере отырып, білімнің сабақтастығын қамтамасыз етеді;

- кіріктіру қызметі, белгілі бір объектіні немесе құбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет оқу құралдарын кешенді түрде қолдану және жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Дегенмен, жаңа ақпараттық технологияларды өмірге енгізудің әлі де әлсіз жақтарына электрондық түрдегі оқу материалдарының аздығы, ал бар болған жағдайда оларды пайдалануға білікті мамандардың қажет ететіні жатады.

Әдебиеттер: [2-5; 7-8]

7 дәріс: Педагогикалық ұжымдағы тұлғалараралық қатынастар

Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кезде қолданылатын педагогиканың «дәрмензіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру кереу.

Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлердің мен ықпалдар екі топқа – ішкі және сыртқы болып бөлінетін болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы формаларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлерінің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері - барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Алайда, маманның кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне және таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егер де ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нәтижелігін және оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кәсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кәсіби біліктілігінің маңызын мойындауға және өмірінің негізгі саласы болған, балаларды тәрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді.

Егер педагог жеке тұлғаның құндылықтарын жоғары бағаласа, онда ол шығармашылық іс-әрекеті онсыз жүзеге аспайтын, яғни ол басқа педагогтармен қарым-қатынасы, олармен тығыз байланысын саналы түрде түсінеді. Өзінің әріптестеріне деген қарым-қатынасы кәсіби ынтымақтастығы – кәсіби оқыту педагогының еңбегіндегі өте маңызды, аса қажетті шарттардың бірі болып саналады, ол басқа педагогтармен тығыз байланыста болмаса, онда оның түпкі ойы, ниеті жүзеге аспайды деуге болады.

Жоғарыда аталған барлық қарым-қатынастардың байланысы жалпы өмірге деген қарым-қатынастың барлық көріністерін ашып көрсетеді: табиғи, әлеуметтік, техникалық, ғылыми-танымдық, заттық-пәндік. Мұнда өмірге деген қарым-қатынасты жеке объект, өмірдің феномені ретінде, өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктері бар объект ретінде қарастырады. Кәсіби оқыту педагогі жеке тұлғаның ой мүдделері мен рухани дамуында өмірді сыйлау оған қарым-қатынасы сияқты көріністер шарттары байқалады, ал ол абстракцияның жоғары деңгейіне көтеруге көмектеседі.

Кәсіби оқыту педагогының қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық сыртқы көріністер адамдармен қабылданатын және оған сәйкес тәртіп реакциялары мен әрекеттерін, ситуациялық жағдайларды тудыратын көріністер педагогикалық жағдайға, сонымен қатар жалпы тәрбиенің қорытындысына әсер етеді. Ал бұл қатынастар педагогтың кәсіби іс-әрекетіне әсер етеді.

Әдебиеттер: [2-4; 6;9]

Наши рекомендации