Ақ күмбезін көргенде

Жатырмысың мәңгі ұйықтап Кеңсайда,

Кейбіреулер түсінбейді көп жайға.

Өнеге ұрпағына үлгі айтып,

Қалдырмаса сіз сияқты не пайда?

Күмбезі Баян сұлу күмбезіндей,

Шуақ шашып тұрады күн көзіндей.

Ұқсастық табиғатта болады екен,

Пәктігі мен ақтығы дәл өзіндей.

Байқалмай өтіп жатыр жыл арасы,

Шуақ еді жеңгемнің көз қарасы.

Ағарып көрінеді Алатаудан,

Жыр шашқан махаббаттың мұнарасы.

Жақсының артта қалар үлгісі көп,

Әркім-ақ куштар болар білгісі кеп

Жеңгемнің өсиеті артта қалды,

Махаббат дастанының белгісі боп.

Жеңеше, артық еді қасиетің,

Жыр болып жазылды ғой өсиетің.

Құрметтеп өзіңіздің алдыңызда,

Әзекендей алып та бас иетін.

Сізсіз ғой ғашықтардың бір ардағы,

Сондықтан да қайныңыз жыр арнады.

Елу жыл аялаумен сізді сүйген,

Әзекендей алыптың жоқ арманы.

Өлімді басқа келмей білмейді екен,

Ақ өлім адам жанын билейді екен.

Өзінен ұлағатты өсиет қалса,

Ол адам мәнгі-бақи өлмейді екен.

27-шілде 2004 жыл.

ОСЫМША СӨЗ

Мен Халима апайды сонша неге құрметтеймін? Туғаным емес, туысқаным емес, не ауылдасым, не жерлесім емес. Сөйте тұра бұл менің ол кісіге арнап жазған екінші өлеңім. Неліктен?

Себебі мынадай.

Менің мамандығым машина жүргізуші шофер. Сол жұмыста жүріп, жазықсыз жаламен үш жылға сотталып, Өскемен түрмесіне қамалдым. Түрмеден Әзілхан ағаға хат жаздым. Жазықсыз сотталғанымды айтып, ол кісіден әділдік араша сұрадым.

Әзілхан аға ол кезде ауруханада жатыр екен. Халима женгей апарып ол кісіге оқып беріпті. "Социалистік Қазақстан" газет! редакторынын орынбасары, Әзілхан ағанын журналист інілерінің бірі сол ауруханада жатыр екен. Әзілхан аға сол інісін шақырып, менің хатымды қолына беріпті.

— Осы хатты Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшілеріңе жібер. Тексерсін. Егер шын жаламен жатқан болса, көмектесіндер, — деп өтініпті.

Содан кейін Әзілхан аға аурухана төсегінде шалқасынан жатып, өз аузымен айтып, Халима апайға хат жаздырыпты.

Ол хат түрмеге жатқан маған келді. Хат сыртындағы әдірісін оқып, кімнен келгенін білгенде қуанышымда шек болмады. Жолдастарыма көрсеттім. Олар атақты жазушыдан қалай хат алғаныма аң-таң болды. Хатта менің Әзілхан ағаға жолдаған хатымды ол кісінің "Социалистік Қазақстан" газеті редакторына тапсырғаны, редақция арнаулы адам жіберіп тексертетіні айтылыпты.

Редакция адамы келді. Тексерді. Газетте менің ақтығымды дәлелдеген мақала шықты. Іс қайта қаралды. Мен ақталдым. Үш жыл орнына 3-4 айдың ішінде түрмеден босатылдым.

Үйім Алматы іргесіндегі "Өжет" ауылында. Алматыта келгенен кейін, үйіме бармастан бұрын, Әзілхан ағаның үйіне соқтым. Алғысымды айтқым келді.

Келсем, Әзілхан аға тағы да ауруханада жатыр екен. Маған есікті Халима апай ашты.

—Кіріңіз, жоғары шығыңыз, — деді мені танымаса да.

Мен жөнімді айттым. Түрмеде жатқанымда Әзілхан ағаданалтан хатымды көрсеттім.

Халима апай оқып жіберді де:

— Ә, білемін. Әзілхан ауруханада жатқанда бұл хатты маған жаздырған болатын. Өз жазуымды танып тұрмын. Сізді құттықтаймын, — деді.

Содан кейін төрге шығарып, шай берді. Піскен суық ет бар екен, алдыма қойды. Бір бөтелке коньяқ алып келіп:

— Бұл сіздің бостандыққа шыққан тойыңыздың басы болсын. Ішіңіз, — деді.

Мен арақ ішпейтінімді айттым.

— Оныңыз жақсы екен, — деді апай.

Кетерімде Халима апай жаңағы коньяқты қағазға орап, менің колыма ұстатты.

— Мынаны үйіңізге құттықтай келген адамдарға ауыз тигізіңіз, — деді. Содан кейін үлкен қорап, кәмпит ұсынды. — Мұны балаларыңызға менен сәлемдеме деп апарып беріңіз. Бүгін кешке ауруханаға барып, сіздің бостандыққа шыққаныңызды айтып, Әзілханды қуантамын.

Осылай деп апай мені шығарып салды. Түрмеден шыққан бөтен кісіні қажыдан келген таныстарындай күтті. Мұндай мейірбан адамды өз өмірімде көргенім жоқ. Ондай кісіні қалай ұмытарсың?

Сол себептен де мен ол кісіге екі өлеңімді арнадым. Мен ауыл ақыны ғанамын ғой. Өлеңдерімнің көркемдік кемшіліктері болар. Бірақ, адал көніл, ақ ниеттен туғаны даусыз

.

Алматы қаласы, "Өжет " ауылы.

Сәки БЕКБАЕВА,

қарт ұстаз, Халимамен бірге болған,

мектепте бірге қызмет істеген ескі досы

Наши рекомендации