Кестелік процессорлардыңнегізгі мүмкіндіктері.
Есептеулерді (бухгалтерлік, шаруашылық т.б) жүргізуге арналған программаларды кестелік процессорлардепатайды. Көп қолданылатын процессорлар: Microsoft Excel, SuperCalc, Lotus 1-2-3, Quatro Pro. Кестелерді өңдеуге жататын негізгі іс-әрекеттер:
Электрондық кестелерді құру және редакциялау;
· & nbsp; Көпкестелік құжаттарды құру;
· Электрондық кестелерді көркемдеу және баспаға шығару;
· Кестелерді сұрыптау, сұраулар бойынша берілгендерді іріктеу;
· Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып есептеулер жүргізу;
· Түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу;
· Тиімді ету мәселелерін зерттеу;
· Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу;
· Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;
· Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәлеметm 0;ердің негізінде түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қорын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Кестелік процессорлардағы негізгі объектілер
Кез-келген кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (текст, сан, формула) енгізеді. Кестеде жол нөмірленеді, бағаналар латынның бас әріптерімен белгіленеді.
Жол нөмірі электрондықкестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс тақтасының сол жағында жазылады.
Бағана әріптері электрондық кестеде блоктарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының бастапқы жолында (6-шы жол) жазылады. Блоктар келесі ретпен нөмірленеді: A-Z,одан соң AA-AZ, одан соң BA-BZ, одан соң CA-CZ т.с.с.
Ұяшық – кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта текст, сан, формула, деректер жазылады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші жылтырауық төртбұрыш түрінде кескінделеді.
Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді.
Блок – сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрышты аудан. Блок бір немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.
Блок адресі қарама-қарсы (сол жақ жоғары, оң жақ төмен) жатқан бұрыштарының координаталары арқылы белгіленеді.
Ұяшықтар мен блоктарды абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестеу
Әрбір ұяшықтың өзіндік адресі бар. Егер ұяшыққа формула енгізілсе, онда оны содан кейін жылжытуға, көшіруге немесе ұяшықтар блогына таратуға болады. Формуланы кестедегі жаңа орынға ауыстырғанда формуладағы сілтемелер өзгермейді, ал бұрын формула тұрған ұяшық бос қалады. Көшіру кезінде формула кестедегі жаңа орынға ауысады, сілтемелер өзгереді, бірақ бұрын формула тұрған ұяшық өзгеріссіз қалады. Формулаларды көшіру кезінде ұяшықтар немесе сілтемелер адрестерінің өзгерістерін басқару қажеттілігі туындайды. Ол үшін ұяшықтар немесе сілтемелер адрестері символдарының алдына "$" символдары қойылады. Алдына "$" символы қойылмаған ұяшық адрестерінің атрибуттары ғана өзгереді. Егер ұяшық адрестерінің барлық атрибуттары алдына "$" символы қойылса, онда формуланы көшіру кезінде сілтеме өзгермейді. Егер сілтемеде "$" символы қолданылатын болса, онда ол абсолюттік, ал қолданылмаса салыстырмалы деп аталады. Абсолюттік адрестер формуланы көшіру кезінде өзгермейді, ал салыстырмалы адрестерде белгілі бір шамаға жылжу орын алады.
Формула және функция
Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=uot; таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек.
Жиі қолданылатын функциялар үшін саймандар тақтасында батырмалар бекітілген. Формулалар жұмысының нәтижесінде жаңа мән алынады. Егер формулада сілтеме көрсетілген ұяшықтардағы мән өзгертілсе, нәтиже автоматты түрде өзгереді. MS Excel-де функциялар жұмысшы кітаптарда стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады. Функцияны есептеу үшін қолданылатын мәндер аргументтер деп аталады. Функцияны қолдану үшін оны формуланың бір бөлігі ретінде ұяшыққа енгізу керек. Функция аргументтері функция атынан кейін дөңгелек жақшаға жазылады және бір бірінен ";" символымен ажыратылады. Аргумент ретінде сандарды, текстті, логикалық мәндерді, массивтерді, сілтемелерді қолдануға болады. Жұмыс істеуге қолайлы болу үшін функциялар мынадай категорияларға бөлінген: 1)мәліметтер қорын және тізімдерді басқару функциялары; 2) күн және уақыт функциялары; 3) инженерлік функциялар; 4) қаржылық функциялар; 5)логикалық функциялар; 6) стстистикалық функциялар; 7) текстік функциялар; 8) математикалық функциялар.
Диаграмма құру
Excel-дің бір жақсы қабілеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыра алады.
Диаграммалар– деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы. Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, бұл жұмыс парағының әр ұяшығын мұқият қараудан жеңіл әрі түсінікті. Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған қателерді көруге көмектеседі.
Excel-де 14 түрлі екі-үш өлшемді диаграммалар бар. Диаграмма мен графикті Диаграмма шебері арқылы құрған жеңіл. Excel-дің бұл функциясы бес диалогты терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Құрылған диаграммаға әр түрлі өзгерістер енгізуге болады. Диаграмма типіне байланысты оның әр түрлі бөліктерін бөліп алып форматтауға болады. Егер кестеге өзгерісm 0;ер енгізілсе, сәйкес диаграммада да өзгерістер болады.