Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі.Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды тітіркендіреді. Олардың үштарында қозу пайда болады. Бұл қозу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жұтқыншақ және бет нервтерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, яғни эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.
Мұндай нәтижені сілекей бездерінің гормондары к а л и к р е и н мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін ондіруді реттейді. Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге мейлінше бай болады.
Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып әңгімелескенде де шығады. Бұл – И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс Бұрын көрген, жеген, иісін сезген, аты аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, Бұрын лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп тұрған мен немесе оны сөз қылғаннан сілекей бөлінбейді..
Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.
Ішек-қарынның қозғалысы (моторикасы).Ішектер мен қарынның қабырғалары қозғалып, ас қоймалжыңын олардың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылжытып отырады, онсыз астың қорытылып, бойға сіңуі мүмкін болмас еді.
Ішек-қарынның қабырғаларындағы ұзын жолақты және сақина тәрізді орналасқан тегіс еттер жиырылып, қысқарып түрлі қозғалыстар жасайды. Ондай қозғалыстың негізгі екі гүрі бар: маятник тәрізді және перистальтикалық. Перистальтикалық жиырылу кезінде ішек-қарын толқын іспетті бүлкілдейді де, ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші болімге ауысады. Маятник тәрізді ырғақты жиырылғанда ас қоймалжыңы ас қорыту сөлімен араласады. Қарынның томенгі жақ (пилорус) бөлімінің сфинктері ашылып-жабылуына қарай ас қоймалжыңы қарыннан он екі елі ішекке сығымдалып, бөлек-бөлек болып өтеді. Ас қоймалжыңы он екі елі ішекке өткенен кейін оның қабырғасындағы механорецепторлар, хеморецепторлар мен барорецепторлар тітіркеніп, олардан келген қозу импульстерінің әсерінен ас қорыту мүшелерінің қозғалысын реттейтін жүйке орталықтары қарынға жауап импульстер жібереді де, қарын сфинктері жабылады.
Ішектегі ас қорытудың реттелуі.Ішектегі ас қорытудың, бірінші кезеңі, тамақтың әсерінен ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Бұл кезеңде ферменттерге бай аздаған мөлшерде ұйқы безінің сөлі ішекке құйылады. Екінші кезеңі, қарын сөлінің бөлінуіне байланысты туады. Қарынның хеморецепторларының тітіркенуі кезеген нерв арқылы ас қорыту орталығына баратын импульстерді тудырады. Ас қорыту орталығынан қозу ащы ішекке, ұйқы безіне және бауырға келеді. Ас қоймалжыңының қарыннан ішекке өтуіне байланысты ұйқы безі көптеп сөл өндіре бастайды.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғарғы орталық – мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бүлінуі тойымсыздықты (көбінесе кәрі адам-дарда) тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орыны – ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импульстері келіп отырады. Мұны дәлелдейтін жағдай – тамақтың иісіне, тағамның аттарына, тамақ жайында әңгімелескенде шартты рефлекстер пайда болады.
Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы.Сәби баланың тұрақты тістері бірнеше жылдар бойы сүт тістерінің астында болатындықтан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің мөліметі бойынша қазіргі кезде балалардың ХО-90 %-ның тістері үнемі емдеп жүруді қажет ететін корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің осері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең гүрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын іиымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор мен фтор және витаминдердің мөлшерін геңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге корсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бүзылудан сақтайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін оте суық тағамдарды жеу оте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жаруға балаларға рүқсат етпеу керек.
Қорытынды:
Педагогтер ас қорыту мүшелерінің жүйке жүйесінің бақылауында екенін үмытпауы керек. Күнделікті өмір жағдайларына байланысты балаларда тамақтануға, әсіресе мезгілінде тамақ ішіп-жеуге байланысты шартты рефлекстер көптеп пайда болады. Үйреншікті уақытта қарын сөлі боліне бастайды. Сондықтан күнделікті тамақтану кестесін бүзуға болмайды. Бұл талапты орындау үшін түскі тамақты ішетін кезде оқу-тәрбие жұмысын тоқтатқан жөн. Астың дұрыс қорытылуына дастарханды жаю тәртібі де маңызды: тамақтың жағымды иісі, түрі, ас ішетін орынның маңайының тазалығы т. б. көп әсер етеді.
Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу – өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы – қоректік заттар – организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.
Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ түйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жүтыну орталығын қоздырады. Жүтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген және тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нәтижесінде ас қоймалжыңы өңешке өтеді.
Аталады
Асқорыту
Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы
Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау.
· Қоректік зат клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.
· Азык-түлік өсімдіктер мен жануарлардан алынып, өңдеу нәтижесіндегі адам керегіне айналатын заттар.
· Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады.
· Ac қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері); қозғалыс ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру - қоректік заттардың, судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі.
Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.
Ауыз куысындағы тіс санын тіс формуласы аркылы көрсетуге болады:
Алымда жоғары жақ сүйектерінің тіс саны, бөлімде: төменгі жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Сол жағы сол жақ сүйектерін, оң жағы оң жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді.
Балалар тісінің формуласы: Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде, алдыңғы тістер шыға бастайды. Олар сүт тістер деп аталады. Бала 2 жасқа келгенде, оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда, сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа келгенде аяқталады. Адам 18-19 жасқа келгенде, ең соңғы жұп - азу тістер (ақыл тістер) пайда болады.
Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.
Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы кажет. Ауру тістер микробтардың жиналатын орны. Тістер ауруының жиі кездесетіні парадонтоз және кариес. Екеуінде де тістің бұзылу себебі тіске бактериялардың жиналуы. Парадонтоз да тісті ұстайтын дәнекер ұлпаны қабындырады және бұзады. Микроорганизмдер тістің кіреукесін (эмалін) жөне дентинің пульпасын зақымдайды. Бұның себебі азық-түлік заттардың құрамында көп мөлшерде қанттың болуы және жеке бастың гигиенасын сақтамау.
Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Ауыз қуысында сілекей безі екі рефлекс арқылы реттеледі: піартты және шартсыз. Шартсыз рефлекс тамақты ауызға апарғанда, шартты рефлекс тамақтың иісін сезгенде, дәмін көргенде пайда болады.
Сілекей безінің қызметін И.П. Павлов тәжірибе арқылы дәлелдеді. Сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығарып тігіп, оған сілекей жинайтын шыны түтік орнатты. Организмді тамақтандырғанда, сілекей ауыздың ішінде бөлінбей, сілекей жинайтын шыны түтікке бөлінеді, сөйтіп, оның құрамы зерттеледі.
Сілекейдін, кұрамына бейорганикалық заттар: су және минералды тұздар (натрий, калий, хлор иондары және т.с.с.), органикалық заттар, ең бастысы, сілекейдің белогы: лизоцим (сілекей затын залалсыздандырады), муцин (табиғи белокты зат) птиалин мен мальтаза (солодтық крахмалды қантқа, одан әрі глюкозаға ыдыратуы) енеді.
Тіл - бұлшық етті мүше, сырты сілекейлі қабықшамен қапталған. Тілде көптеген қабылдағыштар орналасқан, солардың арқасында астың дәмін, механикалық қасиеттерін және температурасын сезеді.
Жұтыну. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады. Өңештің бүйірі толқынды жиырыла отырып, асты қарынға жылжытады. Өңештің кілегейлі қабықшасы жасап шығаратын кілегейлі зат астың жылжуын жеңілдетеді.
Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі, ұзындығы 5 см. Ол 3 бөлімнен тұрады: мұрын немесе кеңсірік, ауыз куысы және жұтқыншақ. Бұған ас қорыту жолы, жұтқыншақ және есту (евстахиев) түтікшесі ортаңғы құлақ жарғақшасына жеке ашылады. Өңештін, ауыз жағы есінеу арқылы ауыз қуысына ашылады. Жұтқыншақ бөлігінен жұтқыншаққа және ас қорыту жолында ас қорыту мен тыныс алу жолдары айқасады. Сілекейлі қабықшада лимфоидтық ұлпалардың жиынтығы болады.
Ac қорыту жолы. Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Ac қорыту жолының жоғарғы қабырғасы көлденең жолақты бұлшық еттен, ал ортаңғы және төменгі жағы тегіс бұлшық еттен тұрады.
Қарынның құрылысы және астың қорытылуы
Қарын - көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес, ең бірінші адам конституциясына байланысты болады. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен белок қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде белокты ісіндіріп, оны қорытатын ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар. Белокты ыдырататын пепсин ферменті үшін қышқылдан басқа қарындағы қызу 38-39°С-қа тең болуы қажет. Сондықтан тамақтану гигиенасын сақтамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарында қыжылдау сезіледі. Қарында ас қорытудың өзгеруі өне бойы ыстық немесе өте салқын және кұрғақ тағамдарды жиі ішуден болады. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйке жүйесі және гуморальды жолмен іске асады.
Шартсыз рефлекстік қарын сөлін бөлу орталығы мидың сопақша бөлігінде орналасқан. Шартты рефлекторлық қарын сөлінің бөлінуі бас миы сыңарларының (тәбетті сөл) қатысуымен болады. Қарын сөлінің рефлекггорлық бөлінуін И.П. Павлов «алдамшы қоректендіру» тәжірибесі арқылы дәледдеді. Иттің қарны түбін кесіп, одан кішкентай қарынша жасады. Ішкі сілекейлі қабықшасы бүтін қалпында сақталғандықтан, ас үлкен қарында қорытылған кезде кіші қарыншада («Павлов қарыншасы») сөл (астың сапасына байланысты) мөлдір таза қалпында иттің денесінде жабыстырылған тұтікке тамшылап ағады. Яғни ит қоректі жұтқанда қарынға түспесе де, қарын сөлінің бөлінуі байқалды.
Қарын безінің физиологиялық белсенділігі (ұзақтығы, сөл бөлінуі, әрекетшіддігі) қоректің химиялық құрамына (белок, май, көмірсулар), оның консистенциясына, температурасына, қарынның сілемейлі механикалық тітіркенісіне байланысты. Ішек-қарынның ең басты гормондарының бірі - қарын сілемейі өндіретін гастрин. Гастрин клеткалардың тұз қышқылын өндіруіне әрекет жасайды.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.
Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3,5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.
Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.
Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.
Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабықшасында бүр болмайды. Оның бездері құрамында ферменттері аз, ал кілегейлі заты көп сөл түзеді, осындай кілегейлі зат арқасында қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің дефекациясы - күрделі рефлекторлық акт, яғни бұл кезде диафрагма (көкет) мен қарын бұлшық етінің қабырғасы жиырылады. Бұл рефлекстің орталығы жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасып, оның әрекетін бас миы реттейді.
Ас қорытудың маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады. Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын — ас қорыту мүшелерінде болады. Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді. Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді. Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу — өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы — қоректік заттар — организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады. Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады. Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.