Еңбекке тәрбиелеу тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар
Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке тәрбиелеудің негізгі түрі- еңбек сабағы, оның саны әр сыныптарда оқу жоспары бойынша 2 сағаттан қарастырылған: 5-7- сыныпта аптасына бір рет екі еселенген сабақ жүргізіледі, 8-9- сыныпта еңбек сабағы үшін аптасына 3 сағат, 10-11- сыныптар үшін 4 сағат бөлінеді.
5-10 -сынып оқушылары үшін жыл сайын еңбек іс- тәжірибесі өткізіледі:оның ұзақтығы 5-7- сыныптар үшін күніне 3 сағаттан, 8-9 сынып оқушылары үшін 4 сағаттан 10-11 сыныптарда 6 сағаттан аспауы керек. Еңбек бірлестіктерінде болу уақыты 3-4 аптадан аспауы керек.
Еңбек сабақтары түске дейінгі кезеңдерде 3-4 сабақтарда және түстен кейінгі кезеңде 1-2 сабақтарда жүргізілсе ең тиімдірек уақыттарға қойылған болып саналады. Апта ішіндегі күндерден еңбек сабағына сәрсенбі және бейсенбі күндерін алған дұрыс. Осындай тәртіп мектеп оқушыларының қызмет қабілетінің төмендемеуінің алдын алудың ең тиімді жолы болып табылады. Мектеп шеберханаларының мүмкіндіктері шектеулі болған жағдайда, мұндай тәртіп, оқу жағдайлары қиын сыныптар үшін ұсынылады (жаңа тәртіптерді бастайтын, соңғы емтихандар тапсыратын т.б.)
Балалар организмі қозу, зат алмасу процесстерінің жоғарлығымен және төзімділігінің аздығымен сипатталады. Сондықтан, үзіліссіз еңбектің ұзақтығы бірінші сы-ныптарда 5 минут, 2-ші сыныпта 5-7 минут, 4-ші сыныпта 10 минут, 5-7 сыныптарда 15 минут болуы керек. Егер жұмыс процесстері қиын болса, онда көрсетілген уақыттар одан да көбірек қысқарады. 1-2 сыныптарда практикалық жұмыстардың жалпы ұзақтығы 20-25 минуттан, ал, 3-4 сыныптарда 30-35 минуттан көп болмауы керек. Бүтіндей алғанда, жеңіл операцияларды қоса есептегенде еңбек сабағының тығыздығы жалпы уақыттың 80%-нан жоғары болмауы керек. Еңбек сабағының тәртібіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:
Мектеп оқушыларының еңбек сабағынан алатын тапсырмалары 3-5 операциядан кем болмауы керек;
Операцияларды жасау арасында, құрал-саймандарды ауыстыру үшін 1-3 минуттық үзіліс жасалуы керек және мұндай үзілістер жақсы демалыспен қамтамсыз етілуі керек;
Бастауыш мектептерде екі еңбек сабағын қатар жүргізуге болмайды;
Жұмысқа қалыптасқан стеротипті бұзып алмау үшін, денешынықтыру үзілісі бірінші сабақтың соңында немесе екінші сабақтың басында жүргізілуі керек, ал, қосалқы емес жеке сабақтарда 15-20 миуттан кейін жүргізіледі. Қосалқы сабақтардың арасында міндетті түрде 10 минуттық үзіліс жасалуы керек.
Сабақтың тығыздығы, оның жалпы ұзақтығының 60-80% мөлшерінде болуы керек, өйткені тығыздығы одан төмен болса динамикалық стереотип қалыптаспайды.
Денсаулығында кемшіліктері бар мектеп оқушылары ерекше бақылауға алынады.
8-11 сыныптағы мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеу үшін 6-7 сағаттан тұратын аптасына 1 күн бөлінеді, оның 3-4 сағаты сабақ түрінде өтуге, ал, қалған 2-3 сағаты міндетті түрде өткізілетін қоғамға пайдалы еңбекке арналады. Мұндай еңбекке тәрбиелеу тәртібінің күнделікті оқу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Әрбір 45 минуттан кейін 10 минуттық үзіліс жасалады, ал, түс кезінде тамақтануға 30минут уақыт берілді. Алғашқыда 1-2 теориялық сабақ, одан соң 3-5 тәжірибелік сабақ жүргізіледі.
Мектеп оқушыларының жыл сайынғы іс-тәжірибесі еңбек күнінің бірінші жартысында, ал, өндірістік жұмыс орнында өтетін болса 1-аусымда жүргізілуі керек. Мұндай жұмысты түнгі ауысымға қоюға тиым салынады. Жұмыс істеген кезде, дене тұлғасы амалсыздан ыңғайсыз жағдайда тұрса және жұмыс едәуір жүктеме түсіретін болса, әрбір 45-60 минуттан кейін міндетті түрде 10 минуттық үзіліс жасалады. Барлық мектеп оқушыларына, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына әртүрлі жұмыс түрлерін кезекпен жүргізу керек, құрал-саймандар балалардың жасына сәйкес болуы керек.
Балалардың да, жасөспірімдердің де еңбекке төзімділіктері ересек адамдарға қарағанда төмен болады. Оларда жұмысқа үйреніп, дағдылану кезеңі ең жақсы жұмыс қабілеті кезеңінен жоғарырақ және жұмысқа қабілетін қайтадан қалыптастыру кезеңі ұзағырақ болады. Сондықтан, мектеп оқушыларының организмі қысқартылған жұмыс күнінің өзінде, әрбір 2,5-3 сағат жұмыстан соң үзіліс қажет етеді. Сол үзіліс өндірістегі жалпы түскі үзіліске сәйкес келуі үшін, мектеп оқушыларының жұмыс күнін жұмысшыларға қарағанда 1 сағат кейін бастау керек. Жұмыс уақытының ең қолайлы ұзақтығы, әрбір мамандықтың өз ерекшеліктеріне байланысты болады.
Мектеп оқушыларына міндетті түрде өткізілетін қоғамға пайдалы еңбектердің тәртібі, оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сыныпта немесе асханада кезекші болу, оқу жүріп жатқан күндері өткізіледі, ал, бөлме жинау, табиғатты қорғау, екінші шикізат жинау өндірістік еңбекке оқыту уақытынан тыс жүргізіледі. Мұндағы ең бастапқы мақсат, мектеп оқушылырының организміне үлкен жүктеме түсірмеу және денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау. Сонымен қатар, олардың ынтасын жойып, қажытатын және тәрбиелеу сапасын кемітетін ұзақ уақыт біржақты тапсырмалар беруден сақтану керек. Кезекшіліктің кестесі ыңғайлы жасалған болуы керек.
Жазғы каникул кезіндегі пайдалы еңбек оқушылардың күн тәрті- бінде ескерілуі керек және тек қана таңертеңгі уақыттарға жоспарлануы керек. Оқушыларға кешкі және түнгі жүмыстарды істеуге мүлде болмайды. Түнгі ұйқының уақыты қысқармауы үшін оларды таңертең өте ерте оятуға болмайды. Мектеп оқушылары өндіріс орындарында жұмыс істеген кезде, өздері тапқан есеп ақы есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.