Студенттердің білімі мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар
Гуманитарлық факультет
Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________ Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016 ж.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиті
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған 2016ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтарына п.ғ.к., доцент Д.С.Аңсабаев кұрастырған.
(оқытушының қолы)
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қарастырылды.
«____ »________ 20___ ж. №______ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________PhD., А.М.Рахимова
«_____»__________ ___20____ жыл. №______ хаттама
тарих-филология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш.С.Жаукумова
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016 | Ф.4.09-27 |
Гуманитарлық факультет
Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________ Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016 ж.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің
ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандықтар: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу формасы: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
Талдықорған 2016ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтарына п.ғ.к., доцент Д.С.Аңсабаев кұрастырған.
(оқытушының қолы)
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында қарастырылды.
«____ »________ 20___ ж. №______ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________PhD., А.М.Рахимова
«_____»__________ ___20____ жыл. №______ хаттама
тарих-филология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш.С.Жаукумова
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016 | Ф.4.09-28 |
Гуманитарлық факультет
Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
С И Л Л А Б У С
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - мамандығы
Оқыту түрі: күндізгі, жеделдетілген күндізгі
курс: 3
семестр: 6
кредит саны: 3
барлық сағат саны: 135
дәрісханалық сағат саны: 45, соның ішінде:
дәріс сабақтар: 30
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ) 90
Аралық бақылау: 2
Емтихан: 2 семестр
Талдықорған, 2016 ж.
Түсінік хат
Тәуелсіздікке ие болған елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңарулар, ізгілендірілген қоғам құру жолындағы ізденістер туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейкесті мәселелерді алға қойып отыр.
Мектептегі демократияландыру дегенде оның тек мемлекеттік мекеме болмауын ғана емес, сонымен бірге оның қоғам қажетін, соған қоса жеке адамдардың да сұраныс талабын өтейтін дәрежеде еңбек ететін қоғамдық-мемлекеттік жүйе болуын білдіреді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, сенімі көрінеді.
Сондықтан да қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мұғалімі мен оқушысына, мектепке де сеніммен қарау – білім мен тәрбие беруді ізгілендіру деген сөз. Шәкірт пен ұстаз арасындағы ынтымақтастық, әр әдебиетші мұғалімнің оқушыға бұрынғыдай тәуелді, өзінен төмен орындаушы деп қарамауы, оны тек білім мен тәрбие алудың объектісі деп санамауы, ең бастысы әр оқушыны бас бостандығы өзіндегі еліміздің болашағы, соның бір азаматы деп тануы деген сөз.
Қорыта келгенде, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мұғалімі оқушыларды өз қабілеті, сұранымына қарай шығармашылықпен мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары жұмыс істеу керек.
ОСӨЖ тақырыптары
1. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі
2. 1990-2000 жылдардағы жалпы орта білім жүйесіндегі бетбұрыс
3. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» еңбегімен танысу, талдау жүргізу.
4. «Әдеби білім тұжырымдамасы»(1991-1992). «Қазақ әдебиетін оқыту
тұжырымдамасы» (1997)
5. Әдістемелік басылымдардың әдебиетті оқыту әдістемесін қалыптастырудағы ролі.
6. Оқу-тәрбие процесін жоспарлау.
7. Сабақ жоспарын дұрыс құрудың тиімділігі
8. Мәнерлеп оқу мәселелері.
9. Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісі. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне байланысты оқып-үйрену
10. Әдебиет сабағы, оның үлгілері.
11. Прозаны оқытуға қойылатын талаптар
12. Драманы оқытуға қойылатын талаптар
13. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы» еңбегімен танысу.
14. Факультативтік сабақты ұйымдастыру
15. Сынып сағаттары мен тәрбие сабақтарын жүргізу.
СӨЖ тақырыптары
1. Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері, бағыттары
2. Лириканы оқыту.
3. Әдебиет сабақтарында жазба жұмыс түрлерінің бірі – мазмұндама.
4. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі – ғылыми пән.
5. Ақын-жазушылардың поэзиялық, прозалық шығармаларына сабақ жоспарын құру.
6. Педагогикалық шеберлік.
7. Хаттарды, эпистолярлық жанрды оқыту ерекшеліктері
8. Шығарма жұмысының түрлерін атап, үлгісін көрсетіңіз.
9. Мысал жанрын оқытуға байланысты сабақ жоспарын жасаңыз.
10. Шолу тақырыптарын оқыту жолдары
11. Көркем шығармаларды образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
12. Әдебиет сабағындағы көрнекіліктер
Оқытушы туралы мәлімет:
Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы
Филология және журналистика кафедрасының доценті
Жұмыс телефоны: 22-21-23 – 1145; үй телефоны:
Email: [email protected] ұялы телефон: 8777 358 56 67
Сабақ уақыты: кесте бойынша
Консультация уақыты: бейсенбі 14.40, кабинет 122, бас ғимарат
Пәннің пререквизиті мен постреквизиті:Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі- дербес ғылым саласы. Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесінің бастау көздері және қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзіндік зерттеу әдістері бар. Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары бүгінгі таңдары айқындалған. Бұл пән негізінен мектепте қазақ әдебиетін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат міндеттерін қарастырады. Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытуды оқу-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктері көрсетеді. Қазақ тілін орта мектеп пен тереңдетілген мектептерде оқытудың өзара байланыстылығы мен ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ әдебиеті жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелерін (прозаны оқыту әдістемесі, лириканы оқыту әдістемесі, драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі, әдеби сын еңбектерді оқыту әдістемесі, әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту әдістемесі,көркем шығармаларды оқыту және талдау әдістемесі) қамтиды.
Пәннің қысқаша түсініктемесі.Дәрісте қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытудың теориялық мәселелері қарастырылып, практикалық сабақтардақазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытудың нақты әдістемелері талданады, оқу- әджістемелік әдебиеттер талданады, қазақ әдебиеті сабақтарының болмысы танылады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері:Курстың негізгі мақсаты– студенттерге жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесі - ғылым саласы ретінде оқыту теориясының жеке бөлігі болуымен қатар, өзінің зерттеу обьектісіне ие болып отырған пән.
Студенттердің білімі мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар
Студенттер қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ әдебиеті мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ әдебиеті мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
- мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін жоғары мектепте
оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;
- әрбір сынып оқушыларының қазақ әдебиеті өз ана тілінің теориялық
болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу іскерлігі;
- әрбір қазақ әдебиет сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық
потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;
- оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының
танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, әдеби, шығармашылық ойлауымен қабілетін жетілдіріп, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
- қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерудегі
өзіндік орны мен ерекшеліктері мен байланыстыра оқыту іскерлігі;
- оқушының қазақ әдебиетін оқуға деген мотивтерін анықтап, оны дамыта
білу іскерлігі;
- сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын
сақтай білу іскерлігі;
- жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерлігі.
Нақтылай түскенде, осы көрсетілген әрбір пунктінің өзі әрі қарай жіктеле береді: сұрақты дұрыс қоя білу, оқушы білімін дұрыс та обьективті бағалай білу, бір сабақта түрлі әдісерді үйлесімді етіп қолдана білу,оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу т.б.
Қалыптастыратын құзыреттіліктер:
Жалпы білімділік:
- ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру;
- кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу дағдысын игеру;
Әлеуметтік-этикалық:
− қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіби қызметінде соларға сүйену;
− іскери этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;
Коммуникативтік:
- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде қатынас дағдыларының болуы, ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану.
Ақпараттық-технологиялық:
- өз бетінше интернет-ресурстарынан қазақ тілі теориясына, зерттелуіне қатысты ақпараттарды іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Бағалау саясаты