Дәріс.Мүліктікемессипаттағыатқарушылыққұжаттардыорындау 2 страница

Сот билігінің континентальды үлгісінің негізгі белгілері: соттарды ұйымдастыру мен оның қызметін айқындайтын күшті дамыған заңнамалық база; құқық көзі ретінде сот прецендентін шартты түрде мойындамау. Сот шешімдеріне шағым берудің аппеляциялық нысанымен қатар кассациялық және телидарлық нысандарын пайдалану; процесте судьяның белсенді ролі; алқа билері мен әлемдік судьялар институттарының аз таралуы; төмен деңгейдегі кәсіпқой судьяларды ерекше тағайындау; кадрлық функциялар мен өкілеттіктермен бірге толық немесе ішінара судьялық өзін-өзі басқару органдарын құру болып табылады.

Белгілі Ресей ғалымы В.Е.Чиркин шет елдердегі сот органдарының мынадай түрлерін бөліп көрсетеді.

Сотқа дейін іс қарау органы, мысалы Франциядағы, Италиядағы медиаторлар, консилиаторлар( делдалдар,бітімшілер). Оларды әдетте муниципалитет-жергілікті өзін-өзі басқару органдары отставкадағы мемлекеттік қызметшілердің ішінен құқық негіздерін білетін және көршілер арасындағы ұсақ дауларды, құқық бұзушылықтарды қарайтын жолдастық соттар қолданылған. Тараптар келіспеген кезде осы соттардың шешімдері бірінші сатыдағы сот бекіткеннен кейін ғана күшіне ие болады. Жолдастық соттардың шешімдеріне сотқа шағым беруге болады.

Мәнісі бойынша, әсіресе беделді әрі өкілеттіктері жоғары қоғамдық соттардың ролін АҚШ-та мекемелердегі әкімшілік соттар, ал Ұлыбританияда - әкімшілік трибуналдар орындайды. Екеуі де әдетте әкімшілік әділетке жатады, бірақ, мысалы Францияда немесе Италияда әкімшілік әділеттің біріңғай жүйесін құрамайды. Сонымен қатар, олар тек таза әкімшілік істерді ғана емес, басқа да мәселелерді қарайды (Ұлыбританияда – еңбек, салық даулары, пәтерақы туралы даулар, денсаулық сақтауға байланысты мәселелер және т.б.). Қоғам қайраткерлері, заңгерлер трибунал мүшелері болып табылады, ал мемлекеттік қызметшілер бола алмайды. Осы санаттағылардан АҚШ-та көбінесе әкімшілік судьялар іріктеледі, бірақ соңғылары әдетте осы мекеменің қызметшілері болып табылады. Әкімшілік судьялар мен трибуналдардың шешімдеріне сотқа шағым берілуі, ал АҚШ-та мекеме бастығымен күші жойылуы мүмкін.

Қылмыстық істерді, азаматтық және еңбек дауларын және т.б. қарайтын жалпы құзырлы соттар. Әкімшілік соттар жоқ кейбір постсоциалистік елдерде олар әкімшілік әділеттің кейбір функцияларын орындайды. Жалпы соттар жүйесі жоғарыды төменгі дейінгі соттардың түрлі буындарын қамтиды, бірақ оларды құру тәсілдері әртүрлі. Жалпы соттар төрт үлгі бойынша топтастырылуы мүмкін: англо-американдық, романо-германдық, әлеуметтік және мұсылмандық.

Англосаксондық үлгіде әдетте жоғары соттардың басқаруымен біріңғай сот жүйесі қолданылады. Бұл үлгіде сот преценденті кеңінен пайдаланылады, осыдан заң шығару ролі едәуір төмендейді. Судья сот процесінде бәсең, ол тек отырысты жүргізеді және қылмыстық істерде судья мен алқа заседательдерінің өкілеттігі бөлінгендіктен, кінәлілігі туралы мәселені шешеді.

Романо-германдық үлгіде әдетте сотта бір жүйе жоқ, ол – жартылай жүйе. Мамандырылған әртүрлі сот жүйесінде өздерінің жоғары органдары болады. Сондықтан олар толығымен алғанда ғана “жалпы соттарды” білдіреді. Мысалы, Германияда – бес жоғары федерация соты, Бразилияда да жоғары федералды соттар бірнеше. Бұл орайда сот қызметінің жүйесі кең дамыған заңнамамен айқындалады, сот преценденті жиі қолданылады; аппеляциямен қатар кассациялық және ревизиялық шағым беру тәртібі қолданылады, англосаксондық үлгіде ол жоқ; процесте судья белсенді, ол баға беріп қоймай, дәлелдемелерді өзі де жинайды; “халықтан шыққан судьялар”, “кәсіпқой емес судьялар” судьямен бірге жазаны белгілеуге қатысады.

Әлеуметтік үлгіде: барлық судьялар мен халық заседательдерін таңдау; судьялар мен халық заседательдері құқықтарының теңдігі; әкімшілік-аумақтық бөліністер мен сот округтері шекараларының сәйкес келуі тән. Жергілікті кеңес сайлаған сот оның аумағында әреке етеді, осы аумақтық шекараларында тиісті коммунистік партия органы да әрекет етеді.

Мұсылмандық үлгі дербес сипатқа ие: мұсылмандық сотқа тек діндес немесе осындай сотқа келіскен адамдар жатады; халық заседательдері, ассистер, алқа билері болмайды; азаматтық, қылмыстық құқықта да процесс жауапкершіліктің өзгеше нысандарымен шариғат ережелері бойынша жүзеге асырылады. Кейбір мұсылман елдерінде сот шешімдеріне шағым беру рәсімі болмайды, тек имамға – қосымша монарх болып табылатын жоғары дін иесіне жүгінеді, мысалы Нигерияда жоғары тұрған мұсылман соттары болады.

Арнайы соттар: әскери (әскери қызметшілер үшін), жасөспірімдер, еңбек, жер және су даулары, наразылық, коммерциялық және т.б. істері жөніндегі соттар. Осы соттардағы судьялардың кейде заңгерлікпен қатар, басқа да білімдері болады (мысалы, жасөспірімдер істер жөніндегі соттарда педагогикалық), еңбек даулары бойынша соттарда судьялар көбінесе кәсіподақ қайраткерлері болып табылады. Осындай соттарда істер кәсіпқой судьялардың алқасында заседательдерсіз қаралады, процесс жеделдетілген, оларда әдетте жоғарыда тұрған ұқсас соттар жүйесі жоқ, кейде жалпы соттар жанындағы бөлімшілер болып табылады. Алайда кейбір елдерде арнайы соттар жүйесі сатылық құрылымда болып келеді(мысалы Германияда).

Азаматтардың құқықтары бұзылуына байланысты басқару мәселелері бойынша азаматтың мемлекет шенеуніктері мен органдарымен дауларын қарайтын өкімшілік соттар (ерекше арнайы соттар). Бұл соттар кейде министрліктердің, басқару органдары жанынан құрылады, бірақ олар әдетте тұтас жүйені құрайды: Францияда, Швецияда, басқа елдерде жоғарғы әкімшілік соттар (Францияда – Мемлекеттік кеңес), ірі аумақтық округтердің әкімшілік соттары, төменгі әкімшілік соттар. Әкімшілік соттарға, егер шенеунік заңды бұзбаса, шағым беруге болмайды, өйткені нақты істерді шешу кезінде шенеунік өз қарауынша қарайды және заң шегінде дербес әрекет етуге құқығы бар(дискрециялық өкілеттіктер).

Кәдімгі құқық соттары – көсемдер, ақсақалдар қатысатын тайпа соттары. Олар көршілер арасындағы дауларды, жерді орманды, жайылымдарды пайдалану туралы дауларды, тайпа дәстүрінің негізінде кейбір отбасылық құқық мәселелерін қарайды. Қылмыстық істерді мұндай соттар қарай алмайды. Егер олар заңға қайшы келсе, олардың шешімдері танылмайды. Тайпа соттарының шешімдеріне жалпы құзырлы соттарға шағым беруге болады.

Конституциялық соттар, сондай-ақ жоғары лауазымды адамдардың конституциялық жауапкершілігі мәселелерін қарайтын соттар ерекше орын алады( мысалы, Франциядағы Жоғары сот төрелігі соты, Польшада Мемлекеттік трибунал).

Кебір елдерде шіркеу қызметкерлерінің ісін қарайтын шіркеу соттары әрекет етеді, бірақ келушілерді жазалай алады.

Конституцияда төтенше соттарды, яғни конституцияда және заңдарда белгіленгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын, сот рәсімдері ережелерінен тыс әрекет ететін, кейде қылмыстық кодексте көзделмеген жаза қолданатындарды құруға тыйым салынады. Алайда әскери режим жағдайында мұндай соттар әдетте құрылады.

2. Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья – бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие. Обьективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі бір талаптар қойылады:

Ол талаптар төмендегідей:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын бұлжытпай сақтау;

2) Сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің Конституциялық міндетін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болу;

3) Сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұру;

4) Судьялар кеңесінің құпиясын сақтау;

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сайыспайды.

Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды.

Осы көрсетілген аса жоғары талаптарға байланысты, Алматы облыстық және аудандық соттар тәжірибесінен төмендегі мысалды келтіруге болады.

1999 жылы Алматы облысының аудандық( қалалық) соттарында шешім шығару жолымен барлығы 10804 азаматтық іс қаралған.

Ал облыстық сотқа кассациялық сатыда қарау үшін 536 іс келіп түсіп, істерді қараудың нәтижесінде 152 сот шешімдері бұзылып, 44 сот шешімі өзгерген( тиісінше 28,35 және 8,2).

Азаматтық істерді бақылау тәртібімен қараған кезде 236 сот шешімі бұзылып, 119 сот шешімі өзгерген.

Сот шешімдерінің бұзылуы мен өзгеруіне судьялардың теориялық дайындықтарының төмен болғандығы, тәжірибелерінің аздығы, материалды және іс жүргізу заңдырының талаптарын сақтамау сияқты жағдайлар себеп болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес судьялар Сот төрелігін жүргізген кезде ешкімнің де алдында есеп бермейді. Олар қаралған немесе өндірісте жатқан істер жөнінде қандай да түсініктер беруге, заңда көзделген жағдайлар мен тәртіп ретінде болмаса, ол істерді танысу үшін әлдекімдерге беруге міндетті емес. Егер судья сауатты және аса тәжірибелі болса, онда Конституцияның бұл ережесінің іске пайдасы тиеді, яғни сот қызметіне араласуға болмайды. Егер судьяның білімі жеткіліксіз болса, онда сот процесінің нәтижесі күткендегідей болмайды.

Орыстың осы заманғы көрнекті ойшылдарының бірі судьяның қызметін тарихшының қызметімен салыстарған болатын. Тарихшыға да ірі қорытындылар мен тұжырымдар жасау үшін салмақты да сындарлы фактілер қажет, судьяға да шешім шығару үшін айғақты, күмәнсіз фактілер керек. Судья мен тарихшы арасындағы айырмашылық мақсаттарында (ақиқатқа көз жеткізуде), құралдарында да (фактілер мен логикалық ойлауларында) емес – айырмашылық сендіру нәтижелерінде ғана. Тарихшы қателесті делік, ол өзінің, негізсіз айыптауларымен немесе масқара жаласымен ұлы адамның атына кір келтіреді, мұның зардабы сонша ауыр болмаса керек-ті. Мұндай үкімнің дұрыс еместігі туралы барлық кезде келешек ұрпаққа шағымдануға жол беріледі: сөйтіп, екінші бір тарихшы деректерден ғасыр шаңын қайта қағып, қателікті түзетіп, шындықты қалпына келтіреді. Ал сот үкіміне сотталушының ар-ожданы, бостандығы мен өмірі тікелей байланысты. Судьяның қателігін асығыс ойламай жасаған шешімінің зардабын күнәсіз жан көз жасымен, қайғы-қасіретімен, төгілген қанымен өтейтін болады.

Нәтижесінде кінәсіз адамдар зардап шегуі немесе керісінше, қылмыскер ақталып кетуі мүмкін, сот қателіктеріне жол бермеу мақсатында кезінде сот қызметкерлеріне аттестация да жүргізілген болатын, бұл судьялардың заңдарды білуін қаматамасыз етуге және олардың сапалық жағынан жаңа сот құрылысын қалыптастыру ісіне қолдануына, соның негізінде сот төрелігінің шынайы құндылығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, тиісті органдар судьялар мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Судьяға және оның мүлкіне, кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасының Президентінің келісіміесіз, ал Конституцияның 55-бабыныңт 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяларға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады.

Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік береді.

Заң адал, өз ісіне қалтықсыз берілген, заңдылықты сақтаудың озық үлгісін көрсеткен судьяларды қорғау жағдайларын, ал өз қызмет бабына салақ, немқұрайлы қарайтын, судьялар әдебі кодексін, заң талаптарын бұзуға жол берген судьяларды қызметтен босатудың себептерін қарастырған.

Судьяны қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтатудың негіздері мына жағдайларда орын алады:

1) орнына түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетте қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;

4) судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтағынан айырылғанда;

6) Судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

7) Судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

8) Егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, сот таратылған немесе оның өкілеттік мерзімі өткен жағдайда.

Судьяны қызметтен босату туралы шешім:

1) Жоғары Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысымен;

2) Облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қабылданады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер енгізу көзделген:

1) судьяның кәсіпқойлығына талаптарды күшейту;

2) әділеттілікті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтаудағы жауапкершілікті арттыру;

3) Сот жүйесінде жаңа институт – Жоғарғы Сот негізінде Сот қазылар алқасын құру. Бұл орган судьялардың кәсіпқойлық жарамдылығын бағалайды. Оның қорытындысы судьяны қызметінен босатуға, әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруына негіз бола алады.

4) Судьяға кандидаттар туралы мәліметтерді бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы көпшілік қауымға жеткізу.

Республиканың сот құрылысы ұдайы жетілу үстінде. 1994 жылы-ақ елде құқықтық реформа басталды. 1999 жылғы тамызда реформаның екінші кезеңін жүзеге асыруға байланысты бағдарламалар талқыланды. Оның мақсаты – қол жеткенді баянды етіп, Қазақстан Республикасында сот құрылысын одан әрі жетілдірі. Бұл, сөзсіз, демократиялық мемлекеттегі басты Конституциялық кепілдік – сот немесе нақты сот төрелігі деп тұжырым жасайтын жалпы жұрт таныған ережелерден туындайды. Сот мемлекеттік орган ретінде әрекет ете отырып, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына әлеуметтік бақылау жасау, өмірдің кез келген саласында қоғам мүшелері мен мемлекет арасындағы дауларды шешу сияқты өзіндік ерекшілігі бар функцияларды жүзеге асырады.

9-дәріс.Әкімшілік сотта сот орындаушы қызметінің мемлекеттік құрылымдарға бақылау жасаудың бір жолы ретінде әсері

Жоспар:

1. Әкімшілік сот - мемлекеттік құрылымдарға бақылау жасаудың бір жалпы түсінігі

2. Сот жүйесінің түсінігі

Негізгі ұғымдар: Әкімшілік сот, сот жүйесі

1.Coт жүйесіндегі соны жаңалыкщардың бірі әкімшілік соттарды құрумен байланысты. Coт ісін атқарудың бұл түрінің өмірмен тығыз қабысып кетуінде де басы ашылмаған мәселелер баршылық. Жуырда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Германияның coт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанда әкімшілік соттарды құрудың кажеттігі және оны заңдармен қамтамасыз ету проблемалары" атты халықаралық ғылыми конференция осы жағдайды таразылауға арналды. Назарларыңызға Парламент Мәжілісінің депутаты, заңдар және сот-құкыктык, реформа жөніндегі комитет мүшесі Рамазан САРПЕКОВТЫҢ жиында сөйлеген баяндамасын ықшамдап ұсынып отырмыз.

Қазақстанда әкімшілік юстиция құрудың қажеттілігін сот және құкық қорғау жүйесінің қызметкерлері ғана емес, осы саладағы ғалымдар да мойындап отыр. Сондықтан, Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған әкімшілік соттардың құрылуын сот реформасының заңға негізделген жалғасы деп бағалау керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы 2-тармағына сәйкес, сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Бұл конституциялық негіз болса, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі" туралы конституциялық заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында мамандандырылған соттарды құру мүмкіндігі тағы бар. Бұны заңдылық негіз деп қабылдауымыз керек.

Қазақстанда әкімшілік соттардың құрылып, одан әрі жұмыс істеу қажеттігі, меніңше, мынадай факторлармен де байланысты. Біріншіден, республикада мемлекеттік реттеу, оның азаматтық қоғамдық құрылымдарға қатысу үлесі және азаматтардың күнделікті өміріндегі іс-әрекетіне араласуы әлі де болса жоғары. Екіншіден, басқару ісіндегі әсіресе атқарушы биліктің заңсыз актілерінің күшін жою құқығын соттарға берудің қажеттігі. Үшіншіден, қазақстандық судьялардың жұмыс көлемінің шамадан тыс көптігі (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің қабылдануына байланысты бұл көрсеткіш тіпті көбейіп отыр). Төртіншіден, азаматтардың құкықтарын бұзатын атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың билеп-төстеуі мен әділетсіз төрешілдігінің көптеп кездесу фактілері. Бесіншіден, соңғы жылдардағы азаматтардың өз құкықтарын қорғау жолында соттарға жүгіну көрсеткішінің өсу фактісі.

2.Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.

Сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен сотқа құқық мәселелері мен фактілерді шешуде көлемді құзырет берілген.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелеріне сүйене отырып, Қ.Ә.Мәми сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетеді:

Бірінші белгі – бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады. Осыған байланысты оны мемлекеттік қызметтің түрі деп толық айқындауға болмайды, не көптеген мемлекеттік органдар билік тармағының табиғатына келе бермейтін қызметтерді орындайды.

Екінші белгі – сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі.

Үшінші белгі – оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын арнайы мемлекеттік органдарда құруда; сот алдында жеке міндеттері мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке құзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық, функционалдық және қаржылық дербестікке ұсынатын сот билігінің тәуелсіздігі.

Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсалюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерін тек сот күшін жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді.

Наши рекомендации