Зара әрекеттегі психологиялық контакт
Психологиялық контакт, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара түсінушілігінен туындаған және бір-біріне сенімі және қызыққандығымен байланысты, адамдардың психикалық күйлерінің ортақтығының нәтижесінде пайда болады. Психикалық күй психологияда Н.Д. Левитовтың ізінше, адамның психикалық іс-әрекетінің белгілі бір уақыт кезеңіндегі, оның психикалық процестерінің өзіндік ағымын көрсететін, тұлға күйі мен қасиеттерінің алдында болатын тұтас сипаттамасы ретінде анықталады.
Контакт субъекттер үшін өзара әрекетті жағымды нығайтушы фактор болып табылып, олар оны саналы аңғарып, бастан кешіреді. Контакт жағдайында өзара әрекет субъекттерінің барлық тұлғалық қасиеттері неғұрлым толық айқындалады, оны орнату факті оларға интеллектуалдық және эмоционалдық қанағаттану әкеледі. Басқаша айтқанда, контакттің ішкі механизмдері эмоционалдық және интеллектуалдық көңіл-күйге ортақтасу, жәрдемдесу, ой бөлісу болып табылады.
Эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасу негізінде «жұқтыру» психикалық құбылысы жатыр, оның механизмі әлеуметтік психологияда топтық іс-әрекеті интеграциясының тәсілі ретінде қарастырылады. Шығу тегі бойынша көне және көрініс табуы бойынша саналуан «жұқтыру» құбылысы адам мінез-құлқының ішкі механизмінің формасы ретінде шығады. Жұқтыру көбінесе индивидтің белгілі бір психикалық күйлерге, үлкен эмоционалдық зарядқа ие психикалық көңіл-күйді беру арқылы, сезімдері мен құштарлығы асқыну арқылы санасыз, еріксіз шалдыққыштығын сипаттайды. Оқудағы өзара әрекет субъекттерінің эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасуы бір мезгілде контакттің фондық та, негізгі де механизмі болып табылады. Айта кету керек, контакт механизмі ретінде адамның эмоционалдық көңіл-күйге ортақтасуы ең алдымен, өзара әрекеттесуші субъекттердің тұлғалық ерекшеліктерінен, өзара әрекеттесу затының маңыздылығынан, жақтардың осы процеске қатынастарынан пайда болады. Бұл өзара әрекеттің өзара түсінісушілігін, ортақтығын және келісімділігін қамтамасыз етеді.
Өзара әрекеттесуге түскен жақтардың шынайы контактісінің басқа механизмі дегеніміз екі жақтың да қандай да бір проблеманы талдау бойынша бір белсенді іс-әрекетке араласуымен және белгілі бір ойлау тапсырмасын орындауға бағытталуымен анықталған ортақтасып ойлану, ойлауға жәрдемдесу болып келеді. Интеллектуалдық әрекеттесу деп аталатын бұл механизм өзара әрекеттесуші субъекттердің, мысалы мұғалім мен оқушының интеллектуалдық іс-әрекеттерінің бірлескендігімен шартталады.
Өзара әрекеттесуші жақтар арасында контакт пайда болуының ішкі шарты бір-біріне ақжүректік, шынай сыйлаудың, эмпатиялықтың және толеранттықтың көрінісі болып табылды. Контакттың сыртқы көрінісі өзара әрекеттесуші жақтардың мінез-құлқы болып табылады. Мысалға, сыныптағы контакт үшін зейін қою қалыбы, біршама алға ұмтылған дене қалыбы, мақұлдау көзқарастары мен қол қимылдары, жұмыстық, мұғалім тарапынан реттелінуші тыныштық, мұғалімнің толқу мен ойлану үзілісіндегі оқушылардың үндемеулері көрсетімді. Осы және басқа көрсеткіштерді қарым-қатынас теориясының әлеуметтік бөлігі – праксемика суреттейді.
Контакт – бұл оның субъекттерінің продуктивті өзара әрекеттесуінің, осы процесс пен оның нәтижесінің тиімділігін арттырудың шарты мен салдары. Оқу өзара әрекетінде психологиялық контакт табиғи, кедергісіз қарым-қатынас мүмкіндігін анықтайды, мұндай қарым-қатынастың болуы оның субъекттерінің табысты еңбектестігі үшін маңызды.
Тақырыбы: Оқу-педагогикалық еңбектестік.
Жоспары: 11.1.Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы.
11.2.Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы.
Лекция мәтіні:
11.1.Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы. Ресейдегі бүкіл білім беру жүйесі, соның ішінде жоғарғы білім беру де қазіргі күні идеялардың ықпалында болып отыр, бұл идеялар жалпы және педагогикалық психология теоретиктері (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили және т.б.) мен бүгінгі күнгі мектептердің алдыңғы қатарлы практиктерінің жұмыстарында тұжырымдалған. Бұл идеялар, жекелеп алғанда, еңбектестіктің қазіргі күнгі білім берудің анықтаушы негіздерінің бірі ретінде мақұлдануынан көрініс тауып отыр. «Еңбектестік – бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы....
Еңбектестік стратегиясының негізінде педагогтың оқушылары-ның танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр».
Оқытуды ұйымдастырудың осы формасының мәнінің ұлылығы сонша, бүкіл педагогикалық процесті еңбектестік педагогикасы ретінде қарастыру беталысы бар.
Оқудағы еңбектестік проблемасы (жұмыстың ұжымдық, кооперативтік, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда біздің еліміз бен шет елде белсенді және жан-жақты дамытылуда (Х.Й. Лийметс, В. Дойз, С.Г. Якобсон, Г.Г. Кравцов, А.В. Петровский, Т.А. Матис, Л.И. Айдарова, В.П. Панюшкин, Г.Магин, В.Я. Ляудис, Г.А. Цукерман, В.В. Рубцов, А.А. Тюков, А.И. Донцов, Д.И. Фельдштейн, Й. Ломпшер, А.К. Маркова және т.б.).
Оқушылардың тікелей өзара әрекетіне негізделген, оқу жұмысын белгілеу үшін, зерттеушілер «топтық жұмыс», «бірлескен оқу іс-әрекеті», «бірлесе бөліскен оқу іс-әрекеті», «ұжымдық-бөліскен оқу іс-әрекеті», «оқудағы еңбектестік» сияқты және т.б. атауларды қолданады. Қазіргі күні отандық педагогикалық психологияда көбінесе басқа терминдерге қатысты неғұрлым сиымды, іс-әрекетке-бағытталған және басқа терминдерге ортақ «оқудағы еңбектестік» термині пайдаланылады, ол сонымен бірге, оқу тобының ішіндегі көп жақты өзара әрекетті және мұғалімнің топпен өзара әрекетін білдіреді. Еңбектестік біріккен іс-әрекет ретінде, өзара әрекеттесуші субъекттердің белсенділігін ұйымдастырушы жүйе ретінде сипатталады: 1) кеңістік және уақыттық қатар болумен, 2) мақсаттардың бірлігімен 3) іс-әрекетті ұйымдастыру және басқарумен, 4) функцияларды, әрекеттерді, операцияларды бөлісумен 5) позитивті тұлға аралық қатынастардың болуымен.