Орытынды баға (балл) қою саясаты

Студенттерге арналған пәннің силлабусы

Пән бойынша ақпарат

пәннің атауы «Түзету педагогикасы» пәннің коды ТР4319 кредит саны - 2 Курс Семестр
мамандық атауы: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандық шифрі 5В010200 Кафедра Педагогика
Оқу нысаны күндізгі оқу тілі - қазақ
Кеңес беру уақыты оқытушының студенттермен келісімі бойынша
Өткізілетін орны,уақыты: ЕАГИ, М.Жұмабаев көшесі, 4
Оқытушы жайлы мәлімет: Тобагабылова Иристы Амзеевна     (телефон, e-mail)   Жұмыс тел. 56 23 32 қалта тел. 8 701 227 41 65
Кафедраның әдістемелік кеңесінде талқыланды № 9 хаттама 21.06.2016ж.
Институттың ғылыми - әдістемелік кеңесінде талқыланды № 98 хаттама 24.06.2016ж.
Кафедра меңгерушісі Сарсекеев Б.С.   орытынды баға (балл) қою саясаты - student2.ru
             

Курстың сипаттамасы

Курстың мақсаты: «Түзету педагогика» курсы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ой-өрісін кеңейтеді, оны орнын толтыру және түзету-дамыту сыныптарында ғана емес, сонымен қатар жалпы мектептің жалпы білім беру сыныптарында да оқитын ми қызметтерінің жеңіл тұрпаттағы ауытқуларымен, жеке психикалық процестердің толық дамымағандығымен, сөйлеу кемістіктерімен, эмоциялық-еріктік аясының жетілмегендігімен, соматикалық әлсіздігімен, қозғалыстық тежелудің шегіндірілуімен, қоршаған орта туралы елестер корларының шектелгендігімен, жұмыс қабілеттілігінің төмендігімен, оқу-танымдық іс-әрекетінің операциялық компоненттерінің қалыптаспағандығымен, сондай-ақ педагогикалық қараудан тыс қалуымен сипатталатын балалармен жұмыс істеуге даярлайды.

Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандықка кіріспе», «Педагогика», «Психология және адам дамуы», «Этнопедагогика».

Пәннің постреквизиттері: «Педагогикалық шеберлік», «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау», мектептегі педагогикалық, өндірістік практикалар.

Оқытудан күтілетін нәтижелер

Берілген курсты меңгергеннен кейін, студент білуі тиіс:

-балалардың психофизикалық және тұлғалық дамуындағы бастапқы, туынды және

кешенді ауытқулардың пайда болуы мен дамуын;

-даму ауытқулары бар балалардың психофизикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерін;

-арнайы және инклюзивті білім беру жүйесі жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

-теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде іске асыру;

-даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, реабилитациялық және түзету

-дамыту жұмысын жүргізу біліктері мен дағдыларын меңгеру;

-даму ауытқулары бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету.

Оқыту әдісі

Оқыту әдісі негізінен дәрістік кешенмен жүргізіледі, сонымен қатар келесі материалдарды қамтиды:

- презентация және талқылау

- кейстер

- қосымша материалдар

орытынды баға (балл) қою саясаты

Пәнді игеру емтиханмен немесе басқа бағалау (формасымен) түрімен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты – оқу бағдарламасының барлық тапсырмаларының (талаптарының) орындалуы болып табылады. 2 аралық бақылаудан жинақталған баллдардың қорытындылары негізге алынады (есептеледі).

Бағалау өлшемі(жүйесі)

Қорытынды бағаға жататындар:

Рейтингтік бақылау – 60%,

Емтихан – 40%.

Қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі U = [(Р1+ Р2) / 2]*0,6 + Е*0,4

Оның ішінде:

Р1 – бірінші рейтингтің сандық эквиваленті;

Р2 - екінші рейтингтің сандық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

Баллдық жүйедегі әріптік баға және сандық эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық құрамы бойынша төменде келтірілген кестеге сейкес анықталады:

Наши рекомендации