Курстық жұмыстың міндеттері.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу–бүгінгі заманның талабы.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.
Мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін жетік меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, мәдени сөйлеу тілдерін дамыту.

Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың "Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытуы керек,"- деген пікірі қазіргі кезде қазақ тілін оқыту және тіл дамыту үрдісінде өміршеңдігін жойған жоқ.

Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өздік жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады.

Оқушылардың өздік жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздік жұмыс жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.

Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады.

В.П.Беспалько өздік жұмыс ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, өздік жұмыс – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз бетімен жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет.

Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. өз бетімен жұмысты – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол оқушының алдын қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады деді. Б.П.Есипов оқушылардың өздік жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды.

Осы ретте оқушылардың өздік жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады.

Соңғы жылдары мектептерде оқушылардың өздік жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Осындай бір оқушылардың ой - өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақтарында дәйекті түрде пайдаланып, бүкіл ұжым болып осы іске бет бұрған мектептер баршылық. Соған орай мен өз курстық жұмысымда осы тақырыпты өзекті тақырып етіп алып отырмын.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі:бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыс жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез – құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.

Зерттеу орны:Астана қаласы №15 мектеп - лицейі.

Зерттеу нысаны:2 «Ә» сыныбы.

Зерттеу пәні:қазақ тілін оқыту әдістемесі

Курстық жұмысының мақсаты: бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылардың өздік орындайтын жұмыс түрлеріне сипаттама бере отырып, оқу үрдісінде оқушылардың өздік орындайтын жұмыстаны ұйымдастыру жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері.

1. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарын теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Өздік жұмыстар арқылы оқушылардың іздемпаздығын, өзбетінше жұмысқа баулуды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жайын анықтау.

3. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

4. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарын қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.

Курстық жұмысытың құрылымы:кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, экспериментжұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Наши рекомендации