Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика факультеті

«Биология және география» кафедрасы

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнінен

курстық жұмысты орындау бойынша

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В011600– «География» мамандығы студенттеріне арналған

Ақтау, 2015

Құрастырған:

«Биология және география» кафедрасының аға оқытушысы Жидебаева А.Е.

«Биология және география» кафедрасының отырысында бекітілді

«____» ____ 2015 ж. Хаттама №___

Кафедра меңгерушісі _________________ Демеев А.Д.

Педагогика факультетінің Оқу-Әдістемелік Бюросы отырысында мақұлданды

« __»______ 2015 ж. Хаттама №_______

ОӘБ төрағасы _______________ Б.Ә.Көшімова

Мазмұны

   
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Курстық жұмыстардың жіктелуі
2.1 Теориялық–логикалық сипаттағы курстық жұмыстар
Курстық жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары
Курстық жұмыстарды орындау жоспары және кезеңдері
Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыру
Курстық жұмыстарға қойылған талаптар
  Қосымшалар

Кіріспе

Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулар білім беру саласында реформа жасауға алып келді.

Соңғы жылдары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған нұсқаулар мен ержелер бар маңызды құжаттар жарияланды, онда қазіргі заман талабына сай келетін болашақ мамандарды дайындау мәселесінің өзектілігі ерекше атап көрсетілген. «Білім беру саласындағы мемілекеттік саясат» концепциясында (жоғары білім білім беру бойынша заңдылық және нормативтік құжаттар жинағы) білім беру «қоғам дамуының тек қана интелектуалдық қана емес, сонымен бірге экономикалық базасын құрайды» деп айтылады. Бүгінгі күні, кадрлар даярлау, оның ішінде педагогика саласында бастысы инновациялық типтегі ойлайтын жаңа адамды, жоғары мәдениетті маманды қалыптастыру болып табылады.

Болашақ педагогтың негізгі деңгейін көтерумен бірге педагогикалық білім берудің бағыттылығын оқып білу, оның инновациялық компонентін күшейту ерекше маңызға ие болып отыр.

География мұғалімін дайындауда «Географияны оқыту әдістемесі» курсы маңызды орын алады. География мамандығы бойынша оқитын студенттердің назарына ұсынылып отырған бұл әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың құрлымы мен мазмұнына педагогикалық ғылымның қазіргі жетістіктері негізінде жаңа тәсілді қолдануға әрекет жасалған.

Курстық жұмыс студенттердің білімдерін қолдана отырып зерттеу жұмысының ғылыми білімдері мен дағдыларын меңгерудің белгілі бір кезеңі болып табылады. Курстық жұмыс (студенттердің зерттеу практикасындағы бастапқы кезеңі ретінде) болашақ дипломдық жұмыстың негізін қалауы тиіс. Сонымен, студент курстық жұмыстың мазмұнын тереңдете және кеңейте отырып, дипломдық жұмыстың деңгейіне дейін көтере отырып курстық жұмыстың тақырыбын зерттеуді ары қарай жалғастырады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Қазіргі таңда болашақ педагогты жан–жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең ұрпақты оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде.

Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.

Курстық жұмыс және оның мақсаты –студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми – зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- студенттің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;

- олардың ғылымилық, жүйелік, теориялық практикада тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, дидактикалық қарама– қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;

- студенттердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.

Наши рекомендации