Дәріс.Мүліктікемессипаттағыатқарушылыққұжаттардыорындау 4 страница

Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер қайта келмеген жағдайда оның өтініші қаралмайды және ол ұсынған құжаттармен бірге қайтарылады.

Жеке сот орындаушысы лицензиясы. Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдама мен аттестаттаудан өткеннен кейін береді. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

Жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Жеке сот орындаушысының лицензиясын беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Жеке сот орындаушысы лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалады.

Жеке сот орындаушысы лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде екі жыл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау немесе арнаулы органдарда жұмыс істеген адамдар, прокурор, тергеуші лауазымында немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын не қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болған кезде тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.

Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысынтоқтата тұру. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарының және Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және өңірлік палаталары тәртіптік комиссиясының ұсынуы негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:

- жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;

- жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;

- атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;

- осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және 77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;

- осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;

- жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағыныңталаптарын бірнеше рет бұзғанда;

- егер жеке сот орындаушысы мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша үш айдан аспайтын берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

- Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады.

- Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.

- Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.

- Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.

Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуынтоқтату. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;

2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылмаған;

3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;

4) жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін дәлелсіз себептермен үш күннен астам жүзеге асырмаған;

5) денсаулық жағдайы бойынша кәсіби міндеттерін орындау мүмкін болмаған;

6) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан;

7) Республикалық палатадан шығарылған жағдайда, сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша:

1) жеке сот орындаушысы өз еркімен өтініш берген;

2) жеке сот орындаушысының азаматтығы өзгерген немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

3) жеке сот орындаушысы қылмыс жасағаны үшін сотталған жағдайда - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;

4) сот жеке сот орындаушысын қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған;

5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;

6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;

7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

8) жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ұсынысты уәкілетті органға прокуратура, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы немесе аумақтық орган енгізеді.

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде, сондай-ақ жеке сот орындаушысының лицензиясын оны уәкілетті органға тапсыру үшін алып қою және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде қызметін тоқтатқан жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына билік етушіні алмастыруды жүргізеді.

Егер жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалған болса, онда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым берілуі мүмкін.

Жеке сот орындаушысының қызметінжүзеге асыруының ерекше шарттары.Жеке сот орындаушысы, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

Жеке сот орындаушысы, егер өндіріп алу сомасы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын болса, атқарушылық әрекеттерді жасауға құқылы емес.

Егер жеке сот орындаушысы тиісті атқарушылық әрекеттер жасауды қаласа, бірақ азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өндіріп алатын сомадан аз болса, ол жетіспейтін сомаға азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

Егер келтірілген зиянның мөлшері жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, төлемдер Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша жүргізіледі.

Егер келтірілген зиянның мөлшері Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен және ақшамен қайтарады.

Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.

11-дәріс.Жеке сот орындаушыларының құқықтары,міндеттері мен жауапкершілігі

Жоспар:

1. Атқарушылық әрекеттерді жасау тәртібі

2. Жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру

3. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы. Республикалық палата

Негізгі ұғымдар: Өңірлік палата, республикалық палата

1.Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау. Сот орындаушысы, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өндіріп алушының арызы бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды.

Арызға өндіріп алушы не оның өкілі қол қояды. Өкіл оның өкілеттігін куәландыратын сенімхатты немесе өзге де құжатты арызға қоса береді. Арызда атқарушылық құжаттағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкер үшін осы Заңда көзделген шектеулерді белгілеу туралы өтініш болуы мүмкін.

Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.

Атқарушылық құжат өзіне осы Заңның 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жіберілген жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.

Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл туралы қаулы шығарады.

Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, ол анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.

Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін кез келген орындауы сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізілуге тиіс.

Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудыңнегіздері, салдары және оның себептерін жою.Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:

- атқарушылық құжат өндіріп алушының арызынсыз берілсе не атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызынсыз қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоймаса;

- атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмесе;

- атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе;

- құжат атқарушылық құжат болып табылмаса не атқарушылық құжатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;

- атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағындакөзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса;

- сот актісі, атқарушылық құжат болып табылатын немесе соның негізінде, дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжатты беретін органның (лауазымды адамның) актісі заңды күшіне енбесе;

- өндіріп алушы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізбеген болса;

- атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;

- уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

Жеке сот орындаушысы құжатты өндіріп алушыға қайтарады. Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.

Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.

Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшiлiктері жойылмай келiп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жiберген органға немесе адамға қайтарылады.

Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi.Мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.

Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.

Осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін.

Атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.

Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оныңтәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомалардыиндекстеу.Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.

Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.

Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудiтоқтата тұру мiндетi. Атқарушылық іс жүргізу:

- егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, борышкер немесе өндіріп алушы қайтыс болған, борышкерді немесе өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

- борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;

- өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

- әкімшілік жаза қолданған органдардың (лауазымды адамдардың) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне сотқа шағым берілген;

- сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;

- халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған;

- сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы (тыйым салудан босату) талап қойылған;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;

- сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;

- сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;

- сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;

- атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);

- өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;

- өндіріп алушы жазбаша өтініш жасаған;

- осындай құқық берілген сот, прокуратура немесе өзге де құқық қорғау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткен;

- егер сот борышкерге қатысты іздеу жариялаған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.

Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi. Атқарушылық іс жүргізу:

- осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (борышкер) банкрот деп жарияланғанға дейін;

- осы Заңның 42-бабының 5), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;

- осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда – қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;

Наши рекомендации