Музыкалық релаксация. Музыкалық демеу: П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен әуен.
Тақырыбы «Тамаша гүл»
Музыкалық демеу: П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен әуен.
Психолог:
«Бүгін біз сіздермен ертегі және балет әлеміне, сыйқырлы әлемге саяхат жасаймыз. Қане, барлығымыз бұл сиқырлықты денеміздің қимылы көмегімен бейнелеп көрейік.
Өзіңізді кішкентай, жерде көрінбей жатқан кішкентай дән деп елестетіп көріңіз. Тізе бүгіп отырыңыз және еңкейіңіз. Қаншалықты еңкейе аласыз, сонша еңкейіңіз. Өзіңізді соншалықты кішкентай деп сезініңіз. Міне, кішкентай өскін пайда болады (біраз басыңызды көтеріңіз). Ол жоғарыға жердің қалыңдығы арқылы созылады. Оған қатты, қалың, қайсар жерден жарып өту асқан қиын (барлық денеңізбен оның қандай қиын екенін көрсетіңіз).
Әйтеуір өскін сыртқа жарып шықты және сыртқа өсіп шығуға тырысты (ақырындап көтеріліңіз, тезірек, тезірек). Оның сабақтары қатая түседі, түбірі жердің шырынымен қоректенеді. Олар дің арқылы жапыраққа және өзінің гүліне жоғарыға биіктей түседі (сабақтары қалай күш алатынын көрсетіңіз және сезініңіз). Гүл басын күнге қарай көтереді (көтеріліңіз, өзіңіздегі жаңа күштің тасуын және осыған байланысты ішкі жағдайыңыздың өзгергенін сезініңіз).
Күн гүлге өмір энергиясымен әсер етеді. Гүл ашылады. Ол керемет. Күн гүлге және бізге жарық энергиясын, қуаныш энергиясын және бақыт беерді. Сіздер күн энергиясына толасыздар. (Менімен бірге қайталаңыздар). Менде күн энергиясы бар. МЕН КҮШТІМІН, ҚУАНЫШТЫМЫН, БАҚЫТТЫМЫН. МЕН ОСЫ ҒАЖАЙЫП ГҮЛ СИЯҚТЫ КЕРЕМЕТПІН».
Әсерлеріңізбен бөлісіңіздер.
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы: әдетте балаңызды еркелетіп атайтын сөздерді күнделікке жазып келіңіз. Қоштасу.
№5 сабақ
Жаттығу
Сәлемдесу
а) Топтағы қысымды болдырмауға арналған жаттығулар. Пантомима (музыкалық жаттығулар);
б) күнделіктегі жазуларды талқылау;
в) «Тек бүгін ғана» жаттығуы, №6 пункті.
Негізгі бөлім
«Адам қасиетін бағаалй» және «Баламдағы нені жақсы көремін және нені ұнатпаймын» тақырыптары бойынша сауалнама.
Психолог ата-аналардан қиын балаларымен өзара қарым-қатынастағы ерекшеліктерді түсінуде толық ашып атайды сұрайды. Сосын баланың анықталған қасиеті мен оларға қатынасын талқылайды.
Аутотренинг
Алдындағы схема бойынша жүргізіледі.
Музыкалық релаксация
Тақырыбы «Ана мен бала»
Музыкалық демеу
Психолог:
Ана мен бала - әдебиетте, кескіндемеде, музыкада, өнерде толығымен мәңгі тақырып. Әлі ана болмаған, бірақ болашақта дайындалып әйел адам әлемді басқаша қабылдайды. Ол оны екеуі үшін сезінеді. Сіз балаңыздың алғашқы қимылын қалай сезінгеніңізді есіңізге түсіріп көріңізші. Оның әрбір жаңа қадамдарына қуанғаныңызды және оларға құлақ салғаныңызды есіңізге түсіріңізші. Жаңа өмірді алып жүрген әйел адам өмірге екі жұп көзбен қарайды, тыныс алады, өзі және болашақ сәбиі үшін қоршаған ортаны сезінеді.Сол кезде Сіз қандай түрлену өнерінің болғанын есіңізге түсіріп көрші.
Ұзақ 9 ай бойы кішкентай кереметтің жарыққа келуін, өмірінің бақытты жалғасын күтеді. Осы сәтті күтуде біртіндеп бақытқа толғанын есіңе түсіріп көріңізші.
Міне, енді оның дүниеге келген кезі, ұзақ күткен, ыстық махаббатқа толы, қаны мен тәнінен жаратылған. СӘБИІҢІЗ дүниеге келді. Бала дүниеге келгеннен кейінгі Сіздің өмір сүруіңізге одан да көп салмақ түскенін есіңізге рақатты түсіріп көріңізші. Көзі жасы мен алаңдаулардан кейін БАҚЫТ келді.
ОЛ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ!!! Сол кезде қандай бақытты болғаныңызды есіңе түсіріп көріңіз. Сәбиіңізге күлімсіреңіз. Күліңіз. Оны қолыңызға алыңыз. Кеудеңізге жатқызыңыз. Тербетіңіз. ОЛ ТЕК СІЗДІКІ, СІЗДІКІ ҒАНА. ӘРҚАШАНДА СІЗДІКІ. СІЗДІҢ ОҒАН ДЕГЕН МАХАББАТЫҢЫЗ КҮШТІ ЖӘНЕ ШЕКСІЗ!
Терең тыныс алыңыз. Көзіңізді ашыңыз!!!
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы: өміріңіздегі позитивті болған жағдайларды есіңізге түсіріп көріңіз, оларды күнделігіңізге баяндаңыз. Қоштасу.
№6 сабақ
Жаттығу
а) күнделіктегі жазуларды талқылау;
б) өзін танытуды дамытуға және өзіндік бағасын жоғарлатуға арналған жаттығулар.
«МЕН БІЛЕМІН» ойыны («Мен істей аламын» ойынының аналогиясы бойынша жүзеге асырылады).
в) «Тек бүгін ғана» жаттығуы, №7 тармағы.
Негізгі бөлім
«Сіздің балаңыз – бұл мүлде бақса іс. Ол менікідей емес» әңгімені талқылау.
«Светлана Николаевна мектеп қызын алуға асығып бара жатқан. Ішке кіріп Ксюшаны сыныптағы балалары қоршап алғанын көреді. Ксюша жақсы көрінді. Ақыл-ойы артта қалған қызының сыртқы белгілері, ол арнайы қосалқы мектепке оқитын, Светлана Николаевнаға онша байқалмайтын.
Ксюша киінгенше, Светлана Николаевна оны күтіп тұрды, сол кезде оған Костяның анасы жақындайды, қызының сыныптастарының бірінің анасы. Олар әңгімелеседі. Костяның анасы Ксюша үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайтынын сұрайды. Светлана Николаевна әр түрлі: кейде көп, кейде аз уақыт кетеді деп жауап береді.
- Ал Костя болса тындағысы келмейді, дәптерге жаман жазады және нашар баға ала бастады.
Анасының дауысынан мұңды ырғағы естілді.
- Қиналмаңыз, ондай жағдай барлығында болады, - деп Светлана Николаевна оны жұбатады.
Сол кезде киініп, арқасында сөмкесін іліп алған Ксюша келеді. Ол Костяның анасымен амандасады.
Костяның анасы Ксюшаға бұрылып, басалды түрде сұрай бастайды. Оған үй тапсырмасы, өткен жексенбіде не істегені, келесі жексенбі не істейтіні туралы сұрақтар қояды.
Светлана Николаевна Костяның анасының көзі жайнап, бетінде бір уақытта қайран қалу мен өкініш, көңілі қайтқан бейнесі көрінеді. Ксюшамен әңгімелесу кезінде Костяның анасы күрделі, мүмкін ауыр сезім сезінгенін болар.
Костя жақындап, анасына бір нәрсе айтпақ болады. Ол селқос тыңдай салып, қайтадан Ксюшаға бұрылып сөйлеседі. Костя анасының қолын тартады.
- Сен бір минутта күте алмайсың ба! Көрмейсің бе мен Ксюшамен сөйлесіп тұрмын ғой, - Костяның анасы сөзін бөліп жібереді. Костя өкпелеп, шетке кетіп қалды.
- Сіздер дайынсыздар ма? – деп Ксюшаның анасы сұрайды, - Барыңыздар?
- Ия, қазір, - деп Костя анасы жауап береді. Ол Ксюшадан еш көзін ала алмайды. Оның көзқарасы қызды басынан, бәтеңкесінен, иығынан, көйлегінен сипаплап тұрғандай. Сосын, Костяның анасы терең тыныс алып, Светлана Николаевнаға былай дейді:
- Сіздің қызыңыз қандай жақсы! Еркелемейді. Сабақты да жақсы оқиды.
Былай дейді: барлығы түсінікті. Әдепті, жайдары. Ал менің Костям..., анасының көзінде жас келді, - тіпті не істерімді білмеймін. Қайсыбір дарынсыз. Үнемі біреулермен төбелесіп жүруге тырысады. Әрине, қыздардың жөні бөлек. Ал Сіздің Ксюшаңыз..., сондай ерекше.
Ол тағы да Ксюшаға қарап, біраз көзін алмай қарайды. Светлана Николаевнаға бұдан біртүрлі болады. Ол Ксюша деп шақырып, олар тез қоштасып, метроға бағыт алады».
Психолог:
Сіз қалай ойлайсыз, не болды?
Осы ұқсас жағдайлар сізбен және балаңызда болды ма?
Оқылған жөнінде өзіңіздің әсеріңізбен бөлісіңіз.
Сіздің ойыңызша, науқас балалары бар аналар арасында бақталастық сезімі болады ма?
Сізге іштей мына сұрақ мазалайды ма: Ал менің (балам) ... қарағанда нашар ма? Неліктен?
Осы сияқты көңіл-күйлерден арылу үшін Сізге не көмектеседі?
Аутотренинг
Алдынғыдағы схема бойынша жүргізіледі.