Музыкалық релаксация

Ана мен бала» тақырыбы

Музыкалық әуенмен: «AVE MARIA» Ф. Шуберттің аспаптық әуені ойналады.

Психолог:

«Ана мен бала» әдебиетте, кескіндемеде, музыкада, өнерде толығымен мәңгі тақырып. Әлі ана болмаған, бірақ болашақта дайындалып әйел адам әлемді басқаша қабылдайды. Ол оны екеуі үшін сезінеді.

Сіз балаңыздың алғашқы қимылын қалай сезінгеніңізді есіңізге түсіріп көріңізші. Оның әрбір жаңа қадамдарына қуанғаныңызды және оларға құлақ салғаныңызды есіңізге түсіріңізші.

Жаңа өмірді алып жүрген әйел адам өмірге екі жұп көзбен қарайды, тыныс алады, өзі және болашақ сәбиі үшін қоршаған ортаны сезінеді. Сол кезде Сіз қандай түрлену өнерінің болғанын есіңізге түсіріп көрші.

Ұзақ 9 ай бойы кішкентай кереметтің жарыққа келуін, өмірінің бақытты жалғасын күтеді. Осы сәтті күтуде біртіндеп бақытқа толғанын есіңе түсіріп көріңізші.

Міне, енді оның дүниеге келген кезі, ұзақ күткен, ыстық махаббатқа толы, қаның мен тәніңнен жаратылған. Сәбиіңіз дүниеге келді. Бала дүниеге келгеннен кейінгі Сіздің өмір сүруіңізге одан да көп салмақ түскенін есіңізге рақатты түсіріп көріңізші. Көзі жасы мен алаңдаулардан кейін Бақыт келді. Ол дүниеге келді!!!

Сол кезде қандай бақытты болғаныңызды есіңе түсіріп көріңіз. Сәбиіңізге күлімсіреңіз. Күліңіз. Оны қолыңызға алыңыз. Кеудеңізге жатқызыңыз. Тербетіңіз. Ол тек Сіздікі, Сіздікі ғана. Әрқашанда Сіздікі. Сіздің оған деген махаббатыңыз күшті және шексіз!

Терең тыныс алыңыз. Көзіңізді ашыңыз!!!

ПОЗИТИВТІ КӨРУ ІСКЕРЛІГІ» жаттығуы

Психотерапевттер – адам өмірдің позитивті жақтарын көрген кезде дені сау болады деген формула енгізген.

Ханның бақшасы болады екен. Бақшасының сәні тауыс құсы болды. Ханның қонақтары соған тамсанған. Сол кезде сауысқан ұшып келіп, мынадай тауыс құсына сын айтқан: «Қараңдаршы, оның аяғы қандай қисық, саусақтары да қисық». Бір күні тауыс құсы шыдамай, сауысқаннан сұрайды: «Неге менің тек қисық аяғымды көресің? Неге менің тамаша, әдемі қауырсындарымды көрмейсің?»

«Мен жақсымын» шығармасы.

Кофе-брейк

Тренингтің қорытындысын шығару

Психолог:

«Біздің бірінші сабағымыз аяқталды. Сабақта дем алдыңыздар, проблемаларыңыздан арылдыңыздар, ең бастысы балаңызға байланысты проблемалардан арылдыңыздар деп үміттенемін. Сондай-ақ сабақ сіздерді қызықтырды деп үміттенемін, себебі сіз үшін ең басты не туралы ойлайтыныңыз және өмір сүруіңіз жайлы айтылды. Біздің әрбір кездесуімізден кейінгі сезімімізді сақтап қалу, сосын оларды салыстыру үшін Сізден күнделік бастауды өтінемін. Бұл жай дәптер бола берсін, бірақ сіз оған өзіңіздің ең қымбат сырларыңызды және үміттеріңізді сене аласыз».

Оштасу

Психолог:

«Ал енді қоштасар алдында мынаны айтқым келеді, сіздермен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Ал сіздер ше? (Топтың қатысушылары өз ойларын айтады). Барлықтарыңызға көмектескендеріңіз үшін алғысымды білдіремін». Психолог барлығына шеңберге тұрып, қоштасар алдында бір-біріне мейрімді сөздер айтуды және қайталап кездескенде осы сөздерді айтуды қажеттілігін айтады.

№2 сабақ

Жаттығу

Сәлемдесу

Психолог:

«Барлық мәселелеріңізді ығыстырып қойыңыз. Барлық мәселелеріңізді есіктен кірмес бұрын тастап кетіңіз.

Әрбіреулеріңіз өз іштеріңізден, сосын барлық амандасқандарға күлімсіреңіздер.

Бәрекелді жарайсыңдар!

Мен тағы да барлығымыз кездесіп отырғанымызға, сіздердің көздеріңіз бен күлкілеріңізді көргеніме қуаныштымын!». Психолог тағы да топ жұмысының Ережелеріне назар аударады. Олар қатысушылардың біреуімен немесе психолог дауыстап оқылады:

а) топтағы контактіні дамытуға арналған жаттығулар.

«ӨЗІҢНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМІҢДІ БАСҚАҒА БЕР» ойыны (тактильді контакт)

«СЕРІКТЕСІҢНІҢ СЕЗІМДЕРІН ТАП» ойыны (тактильді контакт).

Жаттығулардың екеуі де №1 сабақтың жаттығулары аналогиялары бойынша өткізіледі.

б) «Тек бүгін ғана позитивті ойлауды жаттықтыру» мәтінін оқу. Күнде таңертең өзіңізге осы мәтінді іштей қайталаңыз. Өзіңізді әрекетке ынталандырыңыз. Өзіңізге уағыздау сөздерін айтуды ұмытпаңыз. Қайсарлық пен бақыт, жігерлік пен тыныштық туралы ойлаңыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін!

Наши рекомендации