Педагогикалық сараманның нәтижелеріне баға беру

Педагогикалық сараманның қорытындысы бойынша, студенттер сәйкес кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісі және консультантымен тексеріледі, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Студенттердің педагогикалық практикасының бағасы мектепте өткізілген педагогикалық кенестің қорытынды бағасымен комиссия мүшелерінің қойған бағасы арқылы қорытындыланады.

Педагогикалық практика нәтижесін қорытындылайтын комиссия мүшелері:

1. Кафедра менгерушісі

2. Жұмыс беруші.

3 Физика, математика кафедрасың әдіскері.

4 Педагогика кафедрасының

5 Мектеп гигиенасы бойынша әдіскер.

Педагогикалық сараманның нәтижесін бағалаудың негізгі критериялары төмендегідей болып табылады:

- кәсіби – педагогикалық іскерлікті қалыптастыру сатысы;

- өзінің практикалық қызметінде (оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері) студенттердің теориялық түсіну деңгейі;

- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылық деңгейі, олардың әлеуметтік белсенділігі (педагогикалық мамандыққа қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, жұмысқа деген жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынас т.б.).

Студенттердін педагогикалық сараманының нәтижелеріне негізгі баға беру өлшемдері мыналар:

- студенттердің өз мамандығы бойынша теориялық дайындық деңгейі;

- "мұғалім-оқушылар" жүйесіндегі педагогикалық ерекшеліктерін білу;

- тұтас педагогикалық процестің ізгілендіру жағдайында тұлғалық бағдар негізінде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыра білу;

- кәсіби педагогикалық іскерліктің қалыптасуы;

- оқушының жеке тұлғасын зерттеу және тұтас оқу-тәрбие жұмысын зерттеу әдістемесін меңгеру;

- сыныптағы педагогикалық процесс жағдайын меңгеру үшін зерттеу әдістерін қолдана білу, оны жоспарлау және түзете білу іскерлігі;

- студенттердің кәсіби педагогикалық бағыттылық денгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағыттау, әлеуметтік белсенділігі, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы , педагогикалық практикаға қатынасты.

Баға критериі Әріптік Сандық Пайызбен Дәстүрлі
Студент сабақ пен кластан тыс тапсырмаларды жоғары ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде орындаса, оқытудың жаңаша әдістерін оқушылар белсенділігіне сай қолданса және оқу дидактикалық жадығатты талдауды өзіндік шығармашылық іскерлігін танытқан болса А   95-100 Өте жақсы
Сабақта білімділік-тәрбиелік міндеттер нақты қойылған және тиімді шешілген болса; оқытудың алуан түрлі әдістері, оқушылардың жаса мен жеке басының ерекшеліктері ескерілумен, олардың белсенділігін арттырудың тәсілдері ұжымды үлгіде қолданылған болса А- 3,67 90-94 Өте жақсы
Сабақ сәтіндегі және сыныптан тыс оқу жұмысы жоғары ғылыми дәрежеде өткізілсе; егер онда білімділік пен тәрбиелік міндеттер ойдағыдай шешімін тапса;бірақ оқушылар белсендігін арттырудың жекелеген әдістемелік тәсілдері жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмаған болса В+ 3,33 85-89 Жақсы
Сабақта білімділік пен тәрбиелік міндеттер ойдағыдай шешімін тапса,студент психологиялық-педагогикалық теориядан білімін, оқу және дидактикалық жадығатты іріктеп алуда өзіндік іскерлікті толық көрсетпесе сонымен бірге сабақ өткізу мен құрылымында азғана кемшіліктер жіберсе . В   80-84 Жақсы
Егер студент психологиялық-педагогикалық теориядан білімін, оқу және дидактикалық жадығатты іріктеп алуда өзіндік іскерлік көрсеткенімен, өткізу мен құрылымында бірер қателер жіберген болса В- 2,67 75-79 Жақсы
Сабақта білімділік пен тәрбиелік міндеттер ойдағыдай шешкенмен, оқытудың әдістерін жеткіліксіз қолданса С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
Студент білімдік- тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда қателіктер жіберген болса, психологиялық-педагогикалық теорияны,оқушыларды танымдық қызметке белсендіре алмаса С   65-69 Қанағаттанарлық
Оқу жадығатын түсіндіруде елеулі қателіктер жіберген болса,оқушылармен байланысты үнемі жасай алмаса, сабақты талдау кезінде өзінің қателіктерімен кемшіліктерін байқамаған F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Жетінші бөлім. Студенттерге құжаттар дайындауға қажетті үлгілер

Наши рекомендации