Адамгершиликке тәрбиелеу проблемасымен айналыскан галымдар есимдери

Ежелгі ойшылар тәрбиелеудің мақсаты адамгершілікті тәрбиелеу болу тиіс екенімен келіскен. Атап айтсак Сократ. Платон. Аристотель. Я.А.Коменский. Дж.Локк. И.Песталоцци. И.Гербарт. А.Дистервег. .Д.Ушинский. В.А. Сухомлинский. А.Байтурсынов. Ж.Аймауытов. М.Жумабаев т.б.

Алайда нені адамгершілік деп есептеуге болады деген сұраққа олардың пікірлері әр-түрлі болған. Сократтың пікірінше тәрбиелеудің мақсатында заттың жаратылысын зерттеуде емес, өзін-өзі тану, адамгершілікті жетілдіруде болу тиіс. Сократтың шәкірті Платон сезім, қайрат, ақылды тәрбиелеу жөнінде ойларын айтқан. Платонның шәкірті Аристотель тәрбиелеудің мақсаты ақылды және қайратты адамның жоғары жақтарының дамуында тұратынын көрсеткен.

Демократиялық педагогиканың әйгілі өкілі чехтің педагог-демократы, жаңа заманның педагогикасының негізін қалаушысы Ян Амос Коменский тәрбиелеудің күшіне сенетін. Оның пікірінше, тәрбиелеу үш мақсатты жетуге бағытталған: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақылдық тәрбие), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбие) және имандылыққа ұмтылу (діни тәрбие). Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, ұстанымдары және мақсаттарын ашу барысында ол мұғалімнің тұлғасына, оның мектептегі оқу-әдістемелік жұмысының рөліне көп назар аударған.

Дж.Локктің педагогикалық жүйесі 3 аспектті қамтиды: дене шынықтыру тәрбиесі, жанның тәрбиесі (адамгершілік тәрбие) және білім. Адамгершілік тәрбиесінің негізін Дж.Локк мейірімділік туралы дұрыс түсінігін қалыптастыруда көрген, ал тәрбиенің басты мақсаты – «алдын-артын байқап және ойланып өз істерін жасау» адамды, джентльменді қалыптастыру.

Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. “Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо.

.

Адамгершілік тәрбиелеу мәселелеріне орыс педагогы К.Д.Ушинский ерекше үлес қосқан, ол мұғалімнің әлеуметтік және адамгершілік рөлін белгілеген. Ол мұғалімнің барлық іс-әрекеті халықтың қызығушылығына, қоғамдық өміріне әсер етуіне бағыну тиіс деп есептеген. Мұғалім – өмір және мектеп арасында делдал. Алайда, К.Д.Ушинский пікірінше, ол бұл қызметтерді қоғам алдындағы парызын, өзінің әлеуметтік және адамгершілік рөлін, үлкен белсенділігін түсінсе, қоғам дамуының, өмір талабының шынайы тенденцияларын сезгенде ғана орындау мүмкін.

К.Д.Ушин­ский мұғалімнің тұлғалық қасиеттеріне ерекше талаптар қойған. Тәрбиелеуде бәрі тәрбиешінің тұлғасына негізделу тиіс, өйткені тәрбиелеу күші тек адам тұлғасының жанды қайнар көзінен ғана шыға алады.

Адамгершілік тәрбиесінде басты орындарының бірі патриотизмге мән берген. Оның бала тәрбиесі жүйесінде авторитарлық деген ұғым жоқ, ол жағымды үлгінің, мұғалімнің адамгершілік ықпалдың күшінде құрылып, адамға белсенді түрде сүйіспеншіліктің дамуын талап етті.

Тәрбиенің басты мақсаты ретінде Пирогов Н.И. қоғам үшін өз өзімшілдік ұмтылуынан бас тартуға дайын жоғары адамгершілік тұлғаны белгілеген. Ол үшін адамгершілік пен демократизм ұстанымдарының негізінде барлық білім жүйесін қайта құру қажет. Тәрбиелеу үрдісінде жоғары тұтас көзқарасы жәнеадамгершілік сенімдерді жасауына көп назар аударған. Оқытудың міндеттерін ол тұлғаның адамгершілік дамуы және тәрбиеге бағымды деп есептеген.

Л.Н.Толстойдың барлық педагогикалық шығармашылығының негізі тұлға дамуы рухани-адамгершілік негіздерінің мәселесі болған. Тұлғаның дамуын жазушы іс-әрекеттің әр-түрлі саласында адамгершілікті қалыптастыру деп түсінген. Л.Н.Толстойдың діни-адамгершілік ілімінде адамның рухани өсу идеясы орталық орын алып отыр.

П.П.Блонскийдің пікірінше адамгершілікті, тәрбиелі және білімді адамдар мұғалімдер болу тиіс деп есептеген. Олар өз білігін және шеберлігін үзіліссіз жетілдіру, олар өмірді сүйетін, қызықты тұлғалар болу тиіс. Оның айтуынша балаларды қалай дамыту екенін үйретуде асықпау керек, біріншіден өзін-өзі қалай дамытуды үйрету керек, яғни балалардың адамгершілік тәрбиесі алдында өзін-өзі тәрбиелеуі болу керек Педагог-гуманист Сухомлинский В.А. В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу.

Адамгершілік адамның тұлғалық мінездемесі болып табылады және ұжымдық, тәртіп сақтаушылық, еңбекқор, әділеттік, адалдық, шындық, мейірімділік сияқты қасиеттерді біріктейді. Сондықтан ұлы Абайдың шығармашылығында адамгершілік тақырыбы кездейсоқ емес, ол адамның ұжданына, даналығына бет бұрып, әрқайсымызды «Адам бол», «Өзін-өзінде адамилығынды сақта» деп шақырған.

Ж.Аймауытов балардың оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін «Тәрбие», «Әдеттер рөлі туралы» және т.б. еңбектерінде қарастырған. Ол Сократ, Аристотельдің еңбектерінде антикалық заманында тәрбие ерекшеліктеріне сипаттама беріп, шетел педагогтар Я.А.Коменский, Д.Локк, К.Н.Руссо, И.Г.Песталоцци мұғаліммен, оның рухани бейнесімен, білімімен, шеберлігімен және педагогикалық дайындығымен анықталады. Мұғалім –мектеп жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болады, яғни оқушылардың білім сапасы мұғалімнің дайындығы және оқыту әдістерін қаншаға игергеніне байланысты.

Оқытудың теориясы мен практикасының сұрақтарын және оның дайындық кезеңін неғұрлым жан-жақты және толық М.Жұмабаевтың көптеген жұмыстарында мазмұндама алған, ол қазақ тіліндегі жазылған педагогика бойынша оқулықтын тұнғыш авторы. Оның «Педаго­гика», «Үлкендер үшін әліппе» атты еңбектері және басқа да оқу, әдістемелік құралдары қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өзіне теңдесі жоқ. М.Жұмабаев тәрбиені төрт негізгі түрге бөлген: дене шынықтыру, ақылдық, эстетикалық және мінездің тәрбиесі. Осында ол тәрбиенің мақсатына, сондай-ақ баланың даму сұрақтарын, оның білігі мен ақылы, қайраты, түйсіктері, зейіні және қиялының тәрбие сұрақтарын анықтауға назар аударған.

Наши рекомендации