Рейленуді жоюға байланысты аутотренинг арқылы кеңес беру жолдарын ұсыныңыз

Қазіргі уақытта психологияда стресспен тиімді күресуге көмектесетін арт- терапияның көптеген әдістеріне көңіл бөлінеді. Хедер Уильямс «Сөйлейтін сурет немесе өзіңді қалай тану керек» кітабінда стреспен күресуге байланысты кеңестер береледі. Хедер Уильямс «Үрейді көрсетеміз» деген жаттығуды ұсынады: адамның өзіне ыңғайлы поза тауып, өзінің үрейлену сезімін табуға тырысуы ( ол қайда орналасқан: адамның басында ма, бетінде ме, аяғында немесе ішінде ме, т.б. Әр түрлі қарандаштарды алып субдоминантты қолмен өзіңізден үрейді шығарып тастаған болып, оны қағаздың бетіне түсіру керек [10]. А.М. Шевченко тәжірибелі психолог, арт- терапевт өз жұмысында«Мәселені кесіп алып тастаймын» деген жаттығуды сиппаттап көрсетеді. Автордың ұсынысы бойынша адам өзінің мәселесін өзінің оң жағынан домалақтап, шатасып қалған жіптер ретінде салып, ал өзін сол жағына салуы керек. Содан кейін қайшыны алып, мәселе салынып тұрған бөлігін кесіп алып тастау керек. Арт-терапевтің пікірі бойынша, дәл осы әрекет адамның миында пайда болған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жазбаша түрде белгіленген адамның ойлары голограммалар ретінде сипатталады және осылай оларды жеңуге, яғни жағымсыз эмоциялар мен ойлардан осылайша құтылуға болады [11]. Барбара Ганим бойынша экспрессивті өнердің арқасында біздің денеміздің қабілеттерін тежейтін жағымсыз ойларды жеңуге болады. Оның пікірі бойынша, көптеген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей адамның иммундық жүйесін әлсірететін, стресстің пайда болуына әкелетін эмоциялардан айырылуға көмектеседі. «Өнер арқылы емделу» деген кітаптың авторы Барбара Ганим жағымсыз эмоциялар көзбен көретін бейне ретінде салынса, мысалы сурет, мүсін ретінде, оларды жеңеге мүмкіндік туады деп көрсетті. Жағымсыз эмоциялар мен ойлар стресс қалпына әкеледі, ал ұзақ уақыт адамның бойында сақталған психологиялық қысымдылық адамның иммундық жүйесін әлсіретіп, әр түрлі ауыр ауруларға әкелуі мүмкін. Басқа да арт-терапевттер көрсеткендей, оның да ұсыныстары бойынша адам еңбек іс-әрекетінде көп жұмыс істейтін қолымен емес, басқа қолымен сурет салуды ұсынады. Бұл адамның өз жұмысына сынап, бағаламағанын білдіреді және өз әрекеттерін аз бақылағандығын байқатады. Өзінің бақылауларынан ол сурет сала алмайтын адамдар жақсы нәтижеге жететінін көрсетті. Сурет салу барысында жағымды музыка болғаны дұрыс. Жағымсыз эмоциялар суретте түрлі бояулар, бейнелер, сызулар арқылы көрінуі мүмкін. Жағымсыз эмоцияларды қағазға салу біздің денеміздегі қысымдылықты болдырмайды және денсаулығымызға қауіп келтіре алмайды [12]. Люсия Капаччионе стресспен күресу үшін екі қолмен сурет салуды ұсынады. Оның пікірі бойынша бұл жаттығу екі қол мен бас миының екі жарты шарын белсендетуге мүмкіндік береді. Бұл жаттығу адам санасын көңілсіз, жағымсыз, қажетсіз эмоциялардан тазалайды, көңілін тыныштандырады [13].Арт- терапия стресспен күресу жұмыстарының ішіндегі күшті әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта әлем бойынша көптеген адамдар стресс қалпында түседі. Бұл олардың әр түрлі өмірлік мәселелерінің негізінде пайда болатын жағымсыз эмоциялармен байланысты болады. Адамда стресс әр түрлі себептерден пайда болуы мүмкін: отбасындағы қолайсыз жағдайлар, жұмысындағы қиындықтар, жаңа ортаға бейімделу мәселесі, адамның ерекше жағдайға түсіп қалуы, т.б. Стресс адамның жас ерекшелігіне байланысты да әр түрлі болады: мысалы, балаларда мектептегі сабақ үлгерімінің нашар болуына байланысты ата-анасынан қорқуы немесе жаңа ортаға толық бейімделе алмауы стресске әкеледі. Студенттерде стресс емтихан тапсыру уақытында жиі кездеседі. Адам үнемі стресс қалыпында жүрсе, онда бұл психосоматикадық ауруларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты психология саласында стресс жағдайын, оның түрлерін анықтауға байланысты және адамның мінез-құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, стрессті жеңуге бағытталған зерттеулер жүргізіледі.

Мектептен әлеуметтік педагогтың 1 апталық жоспарын құрастырыңыз
Мазмұны Мерзімі Обьекті Жауапты Бақылау түрі Мақсаты
    «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру Акцияға бизнес-құрылымдардан, үкіметтік емес ұйымдардан меценаттар мен демеушілерді тарту дүйсенбі Шұғыл көмек ететін көп балалы, тұрмысы төмен жетім балалар Мектеп әкімшілігі, Тәрбие ісі орынбасары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог Жалпылама Оқумен қамтылған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу
Жағдайы төмен оқушылар жөнінде мәлімет және отбасына қатысты құжаттарын жинап тізімін жасақтау Сейсенбі 5-11 сынып оқушылары Сынып жетекшілері Жалпылама Мектеп бойынша көп балалы, тұрмысы төмен жетім, оралман отбасы оқушыларын анықтау
Мектептің әлеуметтік паспортын дайындау Сәрсенбі Жетім, жартылай жетім, көп балалы, сәтсіз және оралман отбасылар Сынып жетекшілері Әлеуметтік педагог, мектеп психологы, ДТІЖО Жетім, жартылай жетім, көп балалы, сәтсіз және оралман отбасы балаларының санын анықтау
Ыстық тамақты ұйымдастыру Бейсенбі 5-11 сынып оқушылары Сынып жетекшілері Әлеуметтік педагог, ДТЖО мектеп медбикесі Мектеп бойынша көп балалы, тұрмысы төмен жетім, оралман отбасы оқушыларын ыстық тамақпен қамту
Ата-аналармен жұмыс Жұма Көп балалы тұрмысы төмен, оралман, сәтсіз отбасылармен жұмыс Сынып жетекшілері, мектеп психологымен біріккен жұмыс Жалпылама Құжаттарының жинақталғанына байланысты бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту
Сәтсіз отбасы балаларына, мүжәлсіз отбасы балаларына психолог көмек көрсету Сенбі Сәтсіз және мүжәлсіз отбасы балалары Сынып жетекшілері Мектеп психологы Балаларға психолог қолдау көрсету, олардың тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау
Жетім балалармен жұмыс Жексенбі Ата анасыз қалған, қамқорлыққа алынған оқушылар Сынып жетекшілері, қамқоршылар мен қорғаншылар, білім департаментінің балаларды қорғау және қамқорлыққа алу бөлім инспекторы Әлеуметтік педагог Баланың үздіксіз білім алуына жағдай жасау, тегін тамақ, оқулықпен қамтылуын қадағалау, аса назар аудару

Арым-қатынасқа түсуде қиындықтарды сезінетін кейбір адамдарға жеке дара кеңес беруге бағытталған сауалдар құрастырыңыз

Наши рекомендации