Лекция.Математикалық білім беру жүйесі.

Экономикасы дамыған елдердегі білім берудің негізгі тенденциялары: міндетті білім берудің 12 жыл ұзақтығы бар әртүрлі елдердің білім беру жүйесіндегі ұқсас және ерекше проблемалар. Лекция.Математикалық білім беру жүйесі. - student2.ru Студенттерге педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы мектепте оқыту әдістемесін оқыту технологиясын жасау қажеттігі.

Лекция.Математикалық білім беру жүйесі. - student2.ru Математикалық білім беру жүйесінің ресурстары, факторлары мен тенденцеялары.

Ғылыми білімдер әртүрлі негіз бойынша классификацияланады (топталады).

1) Пәндік білім салаларының топтары бойынша білімдер: математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық болып бөлінеді.

2) Білімнің мәнін бейнелеу әдісі бойынша білімдер феноменталистік (суреттеуші) және эссенциалистік (түсіндіруші) болып бөлінеді.

Феноменталистік білімдер көбінесе сөзбен баяндап суреттеуші функциялар жүктелетін сапалық теориялар болып табылады (мысалы, биологияның, географияның кейбір бөлімдері, психология, педагогика т.б.).

Эссенциалистік білімдер талдаудың сандық құралдарынан құрылатын түсіндіру теориялары болып табылады.

3) Білімнің қайсібір субъекттерінің (жеке тұлғаларының) әрекеттеріне байланысты ғылыми білімдер дискриптивтік (суреттелетін) және прескрептивтік, нормативтік (әрекет етудің нақты сілтемелері мен жол көрсеткіштері бар) болып бөлінеді.

4) Функцияналдық қызметіне қарай білімдер фундаментальдық, қолданбалы т.б. болып бөлінеді.

Педагогикалық білімдердің мамандық бойынша бөлінуі:

- пән салалары боынша (мысалы, математика, химия, физика т.б.),

- оқушылардың жас мөлшерлері бойынша (мектепке дейін, кіші мектеп, жас өспірімдер, ересектер, қарттар);

- жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне байланысты психофизикалық және әлеуметтік факторлар бойынша (есті, көру нашарлығына, ақыл-ой дамуының артта қалуына, девианттық тәртібіне байланысты т.б.);

Педагогтардың компетенттігінің жеткіліксіздігін болдырмау жолдарының бірі – үздіксіз білім беру (жоғарғы оқу орнына дейін, жоғарғы оқу орнында, жоғарғы оқу орнынан кейін) болып табылады. Бұл жүйе дүние жүзілік көлемде 60 жыл бұрын пайда болып, іске асырылуда. Лекция.Математикалық білім беру жүйесі. - student2.ru Математикалық компетенция мағынасы.

Лекция.Математикалық білім беру жүйесі. - student2.ru Математикалық сауаттылықтың мәні. Лекция.Математикалық білім беру жүйесі. - student2.ru Халықаралық математикалық сауаттылық деңгейін анықтау модельдері. Лекция.Математикалық білім беру жүйесі. - student2.ru Қазіргі заманда математикалық білім берудің категориялары, принциптері және проблемалары.

Методологияның негіздері.Оқыту теориясының методологиясы ретінде ғылыми негіз төрт деңгейлік кешенге бөлінеді:

1) фәлсафалық (ғылыми жетекшілік) – ғылыми таным процедурасын ұйымдастырудың негізгі нормативтерін қарастырады;

2) жалпығылыми – зерттеу жолдарының (жүйелілік, әрекеттік, аксиологиялық, мәдени білімдік, герменевтикалық) мәнін бейнелейді;

3) жеке ғылыми (нақты-ғылыми) – қарастырылып отырған әрекет сферасының негізгі принциптері мен заңдылықтарына бағыт ұстауды ұсынады;

4) нақты зерттеу деңгейі (технологиялық әдіс) – қойылған танымдық міндетке аддекваттық жеке әдістемелерді іріктеп алу логикасын анықтайды.

Методологияның барлық төрт деңгейі күрделі жүйе құрайды және өзара белгілі бір байланыста бір-біріне бағынады. Мұнда фәлсафалық деңгей кез келген методологияның мазмұнды негізі болып табылады. Ол таным үрдісі мен нақты дүниені түрлендіруде дүниетанымдық қатынасты анықтайды.

Әдекет етуді ұйымдастару жөніндегі ғылым ретінде метология, әрине, ғылыми білімге арқа сүйейді.

Мысалы, оқушы есептерді құлшынып шығарғанда, әсіресе, өзі есеп құрастырғанда оның есептеу дағдысы да қалыптасады. Мысалы, арифметикалық және геометриялық прогрессия тақырыптарын сиқырлы квадраттарды құрудан бастау тиімді. Оқушылар мұнда жалпы формуланы табуға тырысып, тақырыпты өтуге, оны еркін меңгеруге құлшынады. Мұндай тапсырмалар, уақыт үнемдеу үшін өтілетін тақырыптың алдан-ала, үйде орындалады. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде «қызықты математиканы» пайдаланатын математика сабақтарының әдістемелік құрылымын қарастырайық (2-кесте).

Сабақ дегеніміз – оқытудың ұйымдастырылған формасы, мұнда мұғалім нақты белгіленген уақыт аралығында, әдейі белгіленген орында оқушылардың коллективтік танымдық әрекетіне әрбір оқушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі құралдарды пайдалана отырып, барлық оқушылар оқитын материалдың негізін нақты оқыту процесінде қабылдауын қамтамасыз ете отырып, тәрбиелеуге және танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай тудыра отырып жетекшілік етеді.

2-кесте – Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде «қызықты математиканы» пайдаланатын математика сабақтарының әдістемелік құрылымы

Сабақтың кезеңдері Оқушының іс-әрекеті Оқытушының іс-әрекеті Мотивацияның қалыптасуы
Ахуалдар тудыру Таныс емес тақырып туралы ойлануға уақыты болады Келесі тақырыпты алдын ала хабарлап, қызықты тапсырма береді. Қызығушылықты тудыру, логикалық ойлау, өзіне сұрақ қою
Өтілетін тақырыпқа байланысты қызықты тапсырмалар Өтілетін тақырыпқа байланысты үйде қызықты тапсырмаларды орындайды Қызықты тапсырмалар береді, жетекші сұрақтар, жоспар дайындайды. Сезіну, логикалық ойлау, жаңа тақырыпты меңгеруге дайын болу.
Сабақтың кезеңдері Оқушының іс-әрекеті Оқытушының іс-әрекеті Мотивацияның қалыптасуы
Тақырыпты құру Тақырыпты болжайды Терминдерді ендіріп, бағыт береді Қабылдау, логикалық ойлау.
Мақсат қою Мақсатты болжайды Бағыт береді Елестету, Логикалық ойлау
Тақырып анықталады Ахуалды анықтайды Бағыт береді, толықтырады. Жадыны іске қосу, Логикалық ойлау
Ахуалдар дәлелденеді Сұрақтарға жауап береді, ахуалды дәлелдейді. Дұрыс бағыт, жетекші сұрақтар, көрнекіліктер береді. Түсіну. Мақсатқа талпыныс, жаңалық ашу, білімді кеңейту.
Формуламен жұмыс. Стандарт есептер шығару. Есептер шығару, құрастыру, жұмыстарын тексеру, алмасу. Әдістермен қамтамасыз етеді, есептерді тексеруге қатысады. Таным. Білімді бекіту, әдістерді игеру, қолдану, білік, табандылыққа үйрену.
Стандарт емес есептер. Басқа ситуацияларға қолданады. Табиғатқа жақын есептер құруға жетелейді. Ситуациядан шығу, білімді бекіту, білік, дағдыны қалыптаст.
Қорытынды. Бағалау. Өзін-өзі бағалайды. Коментарий жасайды. Даму. Дұрыс шешім, эмоция.
Үйге тапсырма. Әр формадағы есептерден бір-біріне өту Тапсырманы шолып шығады, сұрақтар береді. Әдістермен қамтамасыз етеді. Білімді бекіту, келесі жұмысты жаспарлау. Бір есептің әртүрлі түрде берілуін игеру.
Келесі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлау. Қызықты тапсырма беру. Қызықты тапсырмалар алады және олардың орындалу әдістерін меңгереді Келесі тақырыпқа байланысты қызықты тапсырмалар береді, әдісін түсіндіреді Қызығушылық тудыру, логикалық ойлау, тосындықты болдырмау, өздігінен әрекет етуге үйрену.
Реферат тақырыбын таңдау Шығармашылық ізденеді Шығармашылық ізденуге ықпал етеді Творчестволық даму, логикалық ойлаудың дамуы.

Наши рекомендации