АныҚтамалар мен ҚысҚартулар

ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 
 
«БЕКІТЕМІН» Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті ______________ У.С.Абдибеков «____»____________201 ж.

В060100, 6М060100 – «МАТЕМАТИКА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТҮРКІСТАН - 2016

РАСТЫРҒАНДАР

5B060100– «Математика», 6М060100-«Математика»мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасын жасау бойынша құрылған жұмыс тобының құрамы:

М.Д. Қошанова, «Математика» кафедрасының меңгерушісі, техн.ғ.к., доцент м.а.

Қ.Ы. Усманов «Математика» кафедрасының аға оқытушысы, ф.-м.ғ.к.

Ж.С. Еркишева, «Математика» кафедрасының аға оқытушысы

5B060100 – «Математика», 6М060100-«Математика»мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы «Математика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №5, 05.01.2016ж

Жаратылыстану факультетінің ғылыми кеңесінде талқыланды.

Хаттама № , « »2016 ж

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды

Хаттама №___ «____»_____ 2016 ж.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің Сенат мәжілісінде бекітілді

Хаттама №___ «____»_____ 2016 ж.

 
  аныҚтамалар мен ҚысҚартулар - student2.ru

МАЗМҰНЫ

   
  Негізге алынған құжаттар Анықтамалар мен қысқартулар Кіріспе Түсушілерге қойылатын талаптар, Бітірушілерге қойылатын жалпы талаптар  
  Құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламалары
  5В060100 – Математика бакалаврының құзыреттері
  Бакалавриат модульдері бойынша құзыреттіліктердің үйлестірілуі
  Бакалавриат пәндері бойынша құзыреттіліктердің үйлестірілуі
  Құзыреттілік бағытпен оқытудағы соңғы нәтижелер
  5B060100- «Математика» мамандығының технологиялық картасы
  6М060100 – Математика магистрінің құзыреттері
  Магистратура модульдері бойынша құзыреттіліктердің үйлестірілуі
  Магистратура пәндері бойынша құзыреттіліктердің үйлестірілуі
  Құзыреттілік бағытпен оқытудағы соңғы нәтижелер
  6M060100- «Математика» мамандығының технологиялық карта  
    Бақылау нәтижелерін бағалаудың жалпы ережелері  
     
  НЕГІЗГЕ АЛЫНҒАН ҚҰЖАТТАР: «Білім туралы» Заңы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ (04.12.2015 жылғы өзгерістері мен толықтыруларымен) «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Еуропалық біліктілік шеңбері» 2008 жылы 22 сәуірде Еуропалық Парламент пен Кеңесінде қабылданған «Ұлттық біліктілік шеңбері» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі №444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығы мен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген   «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы мен бекітілген (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).   «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрiнiң 2010.04.13 №168, 2010.11.01 №506, 2011.03.16 № 94, 2013.11.04 №445 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген).        
           

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Еуропалық біліктілік шеңбері (EQF) – ұлттық біліктіліктерді салыстыатын және білім терминінде, құзыреттілік және дағды терминдерінде әр қайсысы сипатталған, бір біліктіліктің екінші біліктіліктен сапалық артықшылығын көрсететін сегіз деңгейден тұратын құрылымдық кестені көрсетеді.

Ұлттық біліктілік шеңбері - сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған білім деңгейлеріне сәйкес келеді. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шәкілін айқындайды.

Дескрипторлар - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы.

Құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.

Профессиограмма - кәсіп туралы және адамға қойылатын кәсіби талаптар жүйесі туралы білім жайындағы мәлімет.

Б – бакалавриат

М – магистратура

КІРІСПЕ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жаратылыстану саласындағы білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына, Ұлттық біліктілік шеңберіне, Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Дублин дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік шеңбері негізінде әзірленді.

Жаратылыстану саласындағы білім беру бағдарламасы Университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардың жастарына бір шаңырақ астында терең тарихи құндылықтарға және демократиялық, заиырлы қоғам негіздеріне сүйене отырып, заман талаптарын қанағаттандыратын деңгейде білім беріп, оларды Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілігі қалыптасқан, ұлттық және рухани құндылықтарға берік, адам құқықтарын құрметтейтін, төзімділік, достық, ынтымақтастық маңызын түсінетін, өмір бойы білім алатын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыру.

5В060100,6M060100- «Математика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың нәтижелеріне бағытталып дайындалды. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі негізінде анықталып, құзыреттер арқылы көрсетілді. Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталды.

5В060100,6M060100- «Математика» мамандығы бойынша білім алушыларды даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

- Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;

- білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары математик мамандарды даярлау;

5В060100, 6M060100- «Математика» мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету.

Наши рекомендации