Танымдық іс-әрекеттің дамуы. O Көлемі, формасы, түсі бойынша бағдар алуды дамытуды, түстерді тұтастай қабылдауды жаттықтыруды жалғастыру.
1) Сенсорлық тәрбие
o Көлемі, формасы, түсі бойынша бағдар алуды дамытуды, түстерді тұтастай қабылдауды жаттықтыруды жалғастыру.
o Баланы түстер бойынша іріктеп алуды үйрету: екі түстен бастаңыз-ақ және қызыл, ақ және қызыл түсті бірнеше кубиктерді іріктеп алыңыз, кубиктерді екі бөлек алыңыз: қызылдарын - бір бөлек, ақтарын-бір бөлек және ым-ишарамен көрсетіңіз: қызылдарды мұнда, ақтарын - мына жерге, содан кейін балаға кубиктерді түстері бойынша бөліп қоюды ұсыныңыз.
o Бала екі түсті меңгергенде, тағы бір түс-сары түсті қосыңыз, содан кейін біртіндеп басқа түстерді қосыңыз-жасыл, көк, қоңыр, күлгін көк, тоқ сары және т.б.
o Түстері бойынша бірдей заттарды сәйкестендіруді үйрету (осындай-осындай емес), содан кейін олармен заттарды сәйкестендіруді үйрету (қияр жасыл, кубик қызыл, шырша жасыл және т.б.).
o Заттарды формасы бойынша ажыратуды үйрету, «Пошта жәшігін» қолдануға болады, балаға өз бетімен фигураны тиісті тесігіне салғызу. Тесіктерді әртүрлі түстермен қоршап сызу, бала қызыл кубикті қызыл тесікке немесе көк үшбұрышты көк тесікке, немесе қара тесікке немесе көк үшбұрышты көк тесікке, немесе қара төртбұрышты қара тесікке салу керектігін көру керек.
o Екі-үш затты көлемі бойынша іріктеп алуды үйрету: үлкен, кішкентай, өте кішкентай. Бұл үшін бір түрлі үлкен және кішкентай заттардың жинағын жинаңыз (үлкен және кішкентай қарындаштар, қуыршақтар, тастар, тарелкалар, қасықтар, конверттер, матрешкалар және т.б.). Оларды атап және балаға үлкен және кіші заттарды көрсетіңіз; мысалы: үлкен шырша-кішкентай шырша, үлкен шелек-кішкентай шелек және т.б.
Үлкен шелек қақпағымен жабық, оның ішінде ойыншықтар бар деп, ересек адам түсіндіреді. Балаға қақпағын ашып оларды алуды ұсынады. Барлық кубиктерді қараған соң, баладан оларды шелекке салып және қақпағын жабуды сұрайды, осыны кішкене шелектенде жасауды үйретеді.
Ересек баламен бірге заттарды көлемі бойынша іріктейді, үлкен кубиктерді үлкен шелекке салады, қалған кішкене кубиктерді бала кішкентай шелекке салады. Баланың алдында үлкен және кішкентай қарындаш қойыңыз, үлкен қарындашты алып, және қағазға үлкен қарындашпен сызық жүргізуді өтініңіз. Басқа заттармен де қайталаңыз, балаға үйден үлкен және кішкентай заттарды табуды сұраңыз немесе егер көшеде серуендеп жүрген болсаңыз көрсетіңіз: міне үлкен ағаш, ал мынау - кішкентай.
o Қимыл-қозғалыста «үлкен» және «кішкентай» түсініктерін бекіту, балаға үлкен және кішкентай қадамға секіруді, үлкен және кішкентай орындыққа отыруды ұсыну және т.с.с.
o 2-3 бөлікке қиылған суретті қайта құруды үйрету-матрешка; сиыр; бір түсті 5-7 сақинадан тұратын пирамида жинау, 5 матрешкадан матрешка жинау, бөшкелер, жұмыртқалар және т.б.
o Суреттегі бейнелерге сәйкес келетін геометриялық фигураларды іріктеуді үйрету.
Үшбұрыш, шеңбер, квадратты алыңыз. Ең алдымен суретте салынған көк квадратқа сәйкес келетін көк квадратты таңдап алғызыңыз, қара шеңберді салынған қара шеңберге, қызыл үшбұрыштарды суретте салынған қызыл үшбұрыштарға - бала белгілі формаларды боялып салынған фигураларға іріктеп алуды үйренген соң, осы формалардың контурлық (боялмаған) суреттемесіне көшіңіз.
o Дыбыс еліктеуі бойынша жануарлар және құстарды ажыратуды үйрету: «Кімнің дауысы?»- сауысқан, көкек, «Кім үреді?» - ит және т.с.с
2) Көрнекі-бейнелі ойлаудың қалыптасуы
o Баланы шешілу жолын табуды қажет ететін жағдаймен таныстыру, қолымен затты немесе ойыншықты ала алмаған жағдайда, қосымша құралдарды іздеу қажет болғанда (таяқ, қалақша және т.с.с).
o Баланы табиғат құбылыстарымен таныстыру, мысалы: қыста қар жауады, жазда күн ыстық, жаңбыр жауады, көктемде қар ериді, жылға ағады, күзде күн салқын, сары жапырақтар түседі және т.с.с.
o Үй жануарлары туралы көзқарас қалыптастыру; ит, мысық, сиыр, жылқы (басы, денесі, құйрығы, көздері, құлақтары, ауызы, тұмсығы); олардың төлдерімен таныстыру (итте-күшік, сиырда-бұзау, жылқыда-құлын, мысықта-мысық).
o Дала жануарлары туралы көзқарас қалыптастыру: аю, қасқыр, қоян, түлкі, тиын және т.с.с
o Суреттерді атқаратын қызметтері бойынша топтастыруды үйрету: бір жағына ойыншықтарды, екінші жағына –ыдыс-аяқты.
o Жемістер және көкеністермен таныстыру; көкеністер: сәбіз, сарымсақ, қырық қабат, қияр, қызанақ, картоп. Жемістер: алма, алмұрт, лимон, банан, апельсин, мандарин.
o Құстармен таныстыру: сауысқан, торғай, көгершін, үйрек, қаздар және т.с.с.
o Үй жиһаздарымен таныстыру: шкаф, креслолар, стол, орындықтар.
o Серуенде қозғалыстар және ойын әрекеттерін дамытуды жалғастыру: қыста қармен ойнау, жазда құмды қайта сеуіп, одан бір нәрсе қалау және т.с.с
3) Сандық көзқарастар қалыптастыру
o Мөлшерді ажыратуды үйрету: бос-толық.
o Еліктеу, үлгі бойынша 1,2 затты топтың ішінен бөліп алуды үйрету.
o 1,2 заттың санын саусақтардың санымен сәйкестендіру- «неше?» сұрағына жауап беру.
o Қоршаған ортадан бір түрге біртекті түрге жататын заттар санын анықтауды үйрету.
o Дене және беттің бір және жұпты бөлшектерін көрсету (бір мұрын, бір ауыз, екі аяқ, екі қол, екі көз).
o 4-5 шеңберінде санау операцияларын орындауды үйрету.
Мысалы, үстелде неше қуыршақ болса, сонша рет қол шапалақтау қажет екендігін үйрету, әрбір заттың алдында бір рет шапалақтауды үйрету.
Тілдің дамуы.
1) Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу:
o еріндерін күлімсіреп созу, оларды созу, ауызын кеңінен ашу және тістерін көрсету;
o ауызында тілін белгілі қалыпта қимылсыз ұстап тұру (5-ке дейін санағанша), «кесе» жасау, тілмен ерінін сағат тілі және оған қарсы жалау және т.б;
o ауа жолын дамыту: жеңіл заттарға үрлеу-мата, шариктер, көбелектер және т.с.с.
2) Айтылған сөздің мағынасын түсінуді дамыту
o Ересек адам баламен қарым-қатынас орнату кезінде оның бетіне қарап сөйлеуі қажет, бала оның еріндерін көріп тұруы қажет, сөздерді созбай, түсінікті сөйлеуі қажет.
o Әрекеттерді ым-ишара арқылы орындауды үйрету, «аға, тәте қай жерде, көрсет?».
o Балаға дыбыстарды, буындарды, дара сөздерді өзінің мүмкіндіктерінің деңгейінде қайталауды үйрету.
3) Белсенді сөздік қордың қалыптасуы
o Бетке артикуляциялық массаж жасау (саусақтармен, ысқышпен).
o Ерін қимылдарына еліктеуді үйрету «по-пу-пы», «мо-мы» және т.с.с.
o Дыбысқа еліктеуге және сөзді айтуға үйрету (балада сурет, немесе ойыншық болады).
o Айтылған бір буындарды бекіту: «Да-да-да! Ма-ма-ма! Па-па-па-па!».
o Айтылған дыбысқа еліктеулерді бекіту «гав-гав, му-му, мяу-мяу, пи-пи».
o Ерін бойынша оқып ауызша тілдесу.
o Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
o Бірқатар ойын-әрекеттерін орындауды үйрету (3-4 әрекет): тамақ беру, қуыршақты ұйықтауға жатқызу, құрылыс ойындары-кубиктерді саламыз, үй салуға, дүкен салуға апарамыз.
o Сюжеттік-рөлдік ойын барысында аспазшы, дәрігер және т.б. рөлдерді орындауды үйрету.