Коммуникация» ұғымын анықтау амалдарының алуан түрлілігін негіздеңіз
Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.«communicare»-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді.
Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.
«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.
Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн. Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін. Қандайда бiр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз, нақтырақ айтқанда белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте қолданылатын бiрнеше белгiлер жүйесi бар, соған сәйкес қылып коммуникативтiк процестiң классификциясын құруға болады. Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болады және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақраратты біреудің паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы.Қарым-қатынаспен қоса жүретін паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контекстін анықтайды. Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе, керісінше, оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған мен паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама –қайшылықты толық емес қарым-қатынас факторы ретінде қарастыру керек. Кез-келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым-қатынас жүреді. Ал егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым-қатынас жүрмейді, өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір-біріне қызыға қарағанда.
Адамның әлеуми болмысын талдауда іс-әрекет категориясына маңызды роль беріледі. Іс-әрекет жайлы маркстік-лениндік ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, экспериментальды және қолданбалы зерттеулердегі іс-әрекет талдамы арқылы адам психикасының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады.