Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау. 2 страница

МАДАҚ ЖЫРЫ

Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кіріс-ті,
Айдаса — қойдың көсемі,
Сөйлесе — қызыл тілдің шешені,
Ұстаса — қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!!!

Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;
Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым

Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!

Алаң да алаң, алаң жүрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,

Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.

ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд”(Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этник. мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этник. тегі, этнографиясысы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірдеқыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр.

Тарихы[өңдеу]

Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің "Аталар сөзі" атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен бір эпосқа (жырға) айналған.Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек,онда оң шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, оң шақты ру, тайпа ұлытарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі Алтыйда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде немесе Сыр бойында, Сардала мен Кавказда өтіп жатады. Бұлай болуы оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді жайлап өткендігіне байланысты еді. Сондықтан Қорқыт ата кітабына бір ел, не бір ғана халық ие боп меншіктей алмайды,онда бірнеше хаықтың үлесі.

Кейіпкерлер[өңдеу]

Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор,Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз,Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстем|Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.

Қорқыт ата кітабынан үзінділер

Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата). “Қорқыт Атаның кітабында” Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев,Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты (1999).[1]

«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.

Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.

Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.

Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен.[1]

Құтадғу Біліг [2]– Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды.Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.

Aудармашылар[өңдеу]

Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.

Дастан[өңдеу]

Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.

Дастанның идеясы[өңдеу]

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.

Туындысынан үзінді[өңдеу]

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

Әзіз уа ұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады

Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!

Шексіз құрмет, шүкірлік[1] мың да бір,

Ол мәңгілік, Хаққа[2] лайық кіл қадір.

Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.

Қалады да, жаратты бар болмысты,

«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды.

Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,

Ием ғана, Жалғыз, шері, мұңы жоқ.

Ай, ерікті, Күшті, Мұңсыз құдайым,

Бұл есімдер Саған ғана лайық!

Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,

Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең!

Саған өзге кіріге алмас Дарасың,

Әуелгі де соңғы да Өзің, Сарасың.

Күмәнсіз, Хақ, Мәңгілік Сен, Бір ғана,

Санақтан тыс, қатынассыз бір Дара.

Іш пен тысты бірдей білген Асылсың,

Көзден - жырақ, көңіліме жақынсың.

Жараттың Сен кішісін де, ірісін,

Өтер бәрі, Өзің мәңгі Тірісің.

Жаралғанға түгел танық Жаратқан,

Қос дүниені анық қолға қаратқан.

Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен,

Қара түнді жарық еттің күндізбен.

Қанша ұшқан, жүрген, жүзген, інде өскен,

Ішіп-жемі Сенен болып күн кешкен.

Көк үсті мен жер қойнының арасы,

Мұқтаж Саған, жоқ өзгеше шарасы.

Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,

Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр!

Мұңсыз Ием! Мен бір мұңлық құлыңмын,

Күнәмді кеш мейіріміңе жылындыр.

Сыйындым мен, Сенде үміт, сенім де,

Өзің қолда мұңға батқан жерімде!

Аллаһтың Елшісі туралы айтылады, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Рахымды Ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!

Ол Аллаһтың жаршысы, ерім, білгейсің,

Сен содан соң, тура жолға кіргенсің.

Ата-анадан жетім қалып келді ол,

Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!

Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады,

Сені жақтап, қолдамады басқаны.

Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн,

Салауат айт[3], мақта, ақта үмітін!

Елге деген рахымы ол құдайдың,

Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.

Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді,

Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.

Пейіл бұрдым енді оның жолына,

Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.

Ия иләһім[4], қорғап менің көңілімді,

Қияметте пайғамбармен бір еткін!

Қияметте көрсет толық жүзіңді,

Рақым етіп, Раббым, өткіз өзімді!

Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы[өңдеу]

Төрт серігі бар еді оның сенетін,

Әрбір істе бірге қолдап еретін.

Бәрінен де Атық[5] ұлы, ірі де,

Хаққа түзу көңілі де, ділі де!

Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,

Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.

Сонсоң, Фаруқ[6] еді кісі сарасы,

Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.

Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,

Шариғатты халыққа кең ашқан сол[7].

Үшіншісі, Оспан - жомарт, ақылды,

Тандаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.

Әли - сонсоң, жігерлі, мәрт, ер-ді,

Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.

Қолы ашық, сара-таза жүрегі,

Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді.

Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,

Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.

Бұл төртеуі төрт тұғырдай мен үшін,

Түзілсе олар, болар тірлік, келісім.

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................3

І. Лирикалық шығармалардың түрлері және оны оқудың мақсаттары

1.1. Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелуі....................................5

1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік

мақсат-міндеттері.....................................................................................10

ІІ. Лирикалық шығармаларды оқытудың жолдары

2.1. 5-9- сыныптарда лирикалық шығармаларды оқыту жолдары............14

2.2. Жоғары сынып бағдарламасындағы лирикалық шығармаларды

оқытуда педагогикалық инновацияның мүмкіндіктерін

пайдалану жолдары.................................................................................18

Қорытынды......................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................27.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына. оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын «мектептегі басты тұлға-мұғалім» десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын өлең өнерін («қазақтың қасиетті қара өлеңін») оқыту үрдісі оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы мектеп проблемасы «Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын артгыру» оқушылардың өз «менін» қалыптастыру болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.

Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде [1] қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.

Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу жұмыстары кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар М.А.Рыбникова, В.В.Голубов, Н.И.Кудрящев, В.А.Николтский , З.Я. Рез еңбектерінде кеңінен жүзеге [2] асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ү-ІХ сыныптардағы оқытылатын лирикалық шығармалардың әдістемелік тұрғыдан негізгі сипаттарын ашу, талдау, оқыту үлгілерін көрсету, оқыту үрдісінде лириканың табиғатын терең таныту, мектеп бағдарламасында берілген лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері мен оқушылардың қабылдауға байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып білім негізін беру.

Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік бітіміне, өлең сырына бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық , эстетикалық ләззат, әсер беру жолдарын қарастыру. Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты - ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздік құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын оятып, құмарлығын арттыру арқылы олардың жан дүниесін байыта отырып, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру.

Курсттық жұмыстың міндеттері: Ү-ІХ сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- лирикалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;

- мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармаларға шолу жасау, жүйелеу;

- лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісшдс танытудың жолдарын саралап қарастыру;

- лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;

- оқушыларға лириканы дұрыс қабылдай білуге үйрету;

- лирикалық шығармалардың құрылысын меңгерту;

- лириканы оқытуда «жеңілден - ауырға, түсініктіден-түсініксізге, жалқыдан-жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету

Курстық жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда, «Лирикалық шығармалардың табиғатын таныту» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептеймін

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Наши рекомендации