Оқушыларға талаптар

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы

Силлабус

Пән: Хирургиялық стоматология

Пәннің коды: HS 6310

Мамандық: Стоматология

Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі: 6/270

Оқыту курсы мен семестрі: 6 курс, 11 семестр

Ақтөбе, 2016

Силлабусты жұмыс бағдарламасын интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы «Хирургиялық стоматология» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған.

Кафедра отырысында талқыланған 31.08.2016ж.

Хаттама №1

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д. _____________________ Жаналина Б.С.

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1. Жаналина Бахыт Секербековна – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.. Медициналық стаж – 33 жыл, педагогикалық стаж – 30 жыл. 110 ғылыми жұмысы бар.

2. Утепов Анарбек Хамбарович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 7 жыл, педагогикалық тәжірибесі 3 жыл. 3 ғылыми мақаласы бар.

3. Коваль Владимир Павлович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 6 жыл, педагогикалық тәжірибесі 1 жыл. 1 ғылыми мақаласы бар.

Байланыс ақпараты:. Ақтөбе қ, Маресьева 76 көшесі, тел: 8(7132) 56 49 76

Пәнніңсаясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

-Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- Аудиториялы сабақтарды және БӨЖ өткізуге қойылатын

талаптар

- Оқушыларға талаптар

Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен интерндердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, ИӨЖ интерндерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Аудиториялы сабақтарды және ИӨЖ өткізуге қойылатынталаптар

- барлық аудиториялы және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқушыларға талаптар

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

1. Кіріспе:

Интернатура жоғарғы медицинлақы білім беру мекемелерімен жүзеге асыратын бакалавра – стоматологтың мамандығының үздік жұмысы үшін біржылдықарнай дайындалуы болып табылады.

Жоғарғы тіжірибелі дәрігер стоматолог балаларға және ересектерге стоматологиялық көмек көрсетуде қоғам қажеттілігін қанағаттандыра алатын, ғылымда және тәжірибеде стоматологиядағы инновациялық технологияларды дамыта және қолдана алатын, информациялық және коммуникациялық жетістіктерді қолдана отырып халық денсаулығын нығайтатын жоғарғы білікті маман болуы тиіс.

2. Пәннің мақсаты:Дәлелдеу медицинасының қағидалары мен емдеу-диагностикалау технологиясының замануи жетістіктеріне сүйене отырып стрматологиялық науқастарға жетілдірілген медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлік жалпы дайындық.

3. Оқыту міндеттері:

  • Стоматологиялық аурулар мен күйзеліс жағдайында тұрғындарға жетілдірілген дәрігерлік стоматологиялық көмек көрсету үшін негізгі емдеу-диагностикалық және адын алу шараларының дағдыларын бекіту;
  • Интерннің стоматологиялық аурулары бар науқастарды замануи және инструментальды тексерістерін тұжырымдауда және нақтылауда білімдерін арттыру;
  • Жеке науқасты емдеу барысында білімі мен дағдысын ұштастыра білуін қамтамасыз ету; дәлелдеу медицинасы қағидалары негізінде мамандандырылған шешім қабылдай білу;
  • Тұлға мен жан-ұяның салауатты өмір салтын қалыптастыруда білім қағидалары мен тәсілдерін жетілдіру;
  • Еңбек жолында үздіксіз мамандығын және өзінің білімі мен дағдыларын жетілдіруге сұранысын арттыруды қалыптастыр;

· Альтуризм, жанашырлық, жауапкершілік, адалдық сияқты құндылықтарды және конфиденциальдық қағидаларының ұстанымдарын енгізу;

  • Топта жұмыс істеу, ұйымдастыру және диагностикалау мен емдеу барысында басқару дағдыларын;
  • Ағымдағы, тіркеу-есеп беру құжаттарын жүргізу дағдысын бекіту.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Жанаспалы сағаттар– тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау.

ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, стационарда науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың консилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б.

Ақырғы нәтиже:

Наши рекомендации