Бақылау сұрақтары. 1. Математикадан сыныптан тыс сабақты оқыту міндеттерін ата.
1. Математикадан сыныптан тыс сабақты оқыту міндеттерін ата.
2. Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдарды ата.
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын окулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. Алматы: «Атамұра», 2005.
2. М.И. Палий. Наглядность при изучении математике – М., 1995.
3. Л.М. Фридман. Наглядность и моделирование в обучении. – М., 1999.
4. М.А Пышкало., Е.Г. Гаврилов. Наглядные пособия по математике – М., 1996.
5. Оспанов Т.Қ. және т.б Математика. 1 -4-сыныптар..Алматы: «Атамұра», 2011
6. Т.Қ.Оспанов Т.К, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. «Фолиант» баспасы, Астана-2007
7. Н.Н. Никитин. Наглядные пособия по математике в начальной школе – М., 1998.
8. Оспанов Т.Қ Математика. Дидактикалық материалдар.4-сынып. Алматы: «Атамұра», 2010.
Лекция 28
Сабақтың тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар
Жоспар
1. Бастауыш сыныптарда қызықты тапсырмаларды оқытудағы дидактикалық материалдар.
1.Мектептің қазіргі кездегі маңызды міндеттерінің бірі- баланың логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденушілігін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеу барысында , математика сабақтарында математикалық ертегілерді қолданудың тиімді жақтары бар екндігіне көзіміз жетті.
Ертегі – баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Математика сабағында ертегіні қолдану оқушының оқу материалдарын терең түсінуін жеңілдетеді, зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытады.
Асқыр , қой және шөпті судан өткізу.
Ерте заманда бір адамға қасқыр, қой және бір бау шөпті бірін-біріне жегізбей ,судан алып өту қажет болған. Судың жағасында бір ғана қайық бар және қайыққа әлгі адам өзімен бірге бір ғана орынға не қасқырды , не қойды , не шөпті алып өте алады. Сонда әлгі адам бір бірден қандай әдіспен үшеуін судың арғы жағына алып өте алады?
Шешуі :
Бірінші қойды алып өтеді, өйткені қасқыр шөпті жемейді, екінші шөпті алып өтеді де, қой шөпті жемес үшін, қойды қайта екінші жаққа алып өтеді. Сол жағаға қойды қалдырып, қасқырды алып өтеді. Ақырында қойды қайтадан алып кетеді.
Бұл есеп оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Асқыр мен түлкі.
Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты.
Сонда қасқыр:
“Түлкі сен маған қарағанда есептерді жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші”- депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтынын байқап, былай дейді:
-Біреуі саған,екеуі маған,үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған алтауы маған, жетеуі саған сегізі маған, тоғызы саған оны маған.
Сонда олардың жегені қанша балықтан болды?
Қасқыр тақ сандар :1+3+5+7+9 =25
Түлкіге жұп сандар :2+4+6+8+10 =30.
Ал енді математика және басқа тәлім –тәрбиеге байланысты мақал –мәтелдерге тоқталайық.
1)“Қырық кісі бір-жақ, қыңыр кісі бір жақ ”
2)“Бір тал кессең –он тал ек”
3)“Оқымаған бір бала, оқыса екі бала”
4) “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”
5)“Екеу болсаң бір-біріңмен кеңес,біреу болсаң қабырғаңмен кеңес”
6)“Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем”
7)“Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар”
8)“Бір теңге беріп жырлатып,мың теңге беріп қойдыра алмйды”
9)“Алты жасар бала тақа мінсе,алпыстағы шал алдыңнан шығар”
10)“Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас”
11)“Қырықтың бірі қыдыр”.
Ұлт ойындары ұлттың ғасырлар бойы жасаған мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік педагогикалық мүмкіншілігі зор тәрбие құралы.
Математика сабағында ұлттық ойындары пайдалану оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Ойында , оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойын бала үшін нағыз өмір. Срндықтын мұғалім математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын дамыту, яғни пәнге деген сүйіспеншілдігі, қызығушылдығы қалыптастырылады. Халқымыз ойындарға тек балаларды ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының ,қырығылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін ,тапқырлығын, батылдығын байқатқан. Өкінішке орай ,қазақтың көне ұлттық ойындардың бір ерекшелігі сонда,олардың сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарға тиімді пайдалануға болады.
Математиканы оқытуда бағдарламаның негізгі тақырыптарын оқып-үйренгенде қолданылатын ойындар оқушылардың математикалық ұғымдарын арттырады. Есептеу дағдыларын шыңдай түседі, балалардың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын дамытады, теориялық мәселелерді меңгеруге және оларды практикада қолдануға машықтандырады, жалпы алғанда олардың ынтасын арттырады.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі,балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі.
Хан талапай” ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Санау дағдыларын бекіту. Артық , кем түсінікткрін тиянақтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: Асық(саны 20).
Мазмұны: Ойынды сыныппен жарыс түрінде өткізуге болады.
Талапай-ау , талапай.
Табылды ойын, алақай.
Асықты алға шашамыз.
Талапайға басамыз –деп өлең шумағын айтып, асықты шашып жібереді.Оқушылар шашылған асықты жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы асықты сыныппен қосыла хормен санап шығады. Асықтардың саны анықталған соң, салыстыру жұмысы жүргізіледі. Кім асықты көп жинады?
Нешеу? Қаншасы артық? сияқты сұрақ қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды.