К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.

Ушинский ұлы орыс педагогі, Ресейде халық мектебінің негізін салушы, белгілі педагогикалық жүйені құрушы, тамаша оқу кітаптарының авторы болып табылады. Ол – “орыс мұғалімдерінің мұғалімі” – мұғалімдер семинариясында халық мұғалімдерін даярлаудың жүйесін жасады, алдыңғы қатарлы халық мұғалімдері өзінің педагогикалық жұмысында Ушинскийдің шығармаларын басшылыққа алды.

Пушкиннің ақындық ғұламалығы өмірге бір топ пушкин мектебінің ақындарын әкелсе, сол сияқты Ушинскийдің педагогикалық ғұламалығы 60-70 жылдардың тамаша педагогтардың жаңа тобының, Ушинский ізбасарларының Н.Ф.Бунаковтың, Н.А.Карфтың, В.И.Водовозовтың, Д.Д.Семеновтың, Л.Н.Мадзалевскийдің, В.П.Вахтеревтің, Д.И.Тихомировтың, И.Н.Уляновтың және т.б. пайда болуына көмектесті.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы туралы айтқанда, ең алдымен ауызға ілінетіні тәрбие пәні адам туралы терең де ғылыми біліммен қаруланған, жан-жақты білімді ойшыл-гуманист ретінде педагогика теориясын, оның ішінде педагогика ғылымы және тәрбие өнері туралы айтқан құнды ойлары, тәрбиенің халықтық идеясын күн тәртібіне орынды қоя білуі, жеке адамды қалыптастыру және жан-жақты тәрбиелеу, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы орны, еңбектің тәрбиелік және психологиялық сипаты туралы, дидактиканың көптеген мәселелерін жан-жақты талдауы, мұғалім туралы айтқан пікірлері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен астарласып жатыр.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қазақтың, грузиннің, армяннің, татардың, азербайжанның, чуваштың және т.б. озық ойлы, алдыңғы қатарлы педагогтарына тигізген әсері орасан зор болды.

Ендеше сол кездегі педагогикалық ойдың биік шынары К.Д.Ушинскийдің жүйесі Ресейдің шет аймақтарын мекендеген халықтардың алдыңғы қатарлы прогресшіл қайраткерлеріне ерекше ықпалын тигізгені анық. Қазақстанда, К.Д.Ушинскийдің ілімін тікелей жалғастырушы, оны нақты осы өңірде іске асырушы, халқымыздың тұңғыш педагогы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин болды. Ыбырай Алтынсарин орыс педагогтарының еңбектерін, оның ішінде К.Д.Ушинскийдің еңбектерін жан-жақты зерттеудің негізінде халық мектебінің қоғамдық міндеттерін толық ашып берді.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ресейдегі бастауыш білім берудің негізін салушылар, сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар – К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Д.Карф және т.б. үлкен әсер етті. Ыбырай К.Д.Ушинский сынды өз ұстаздары ізімен жүре отырып, 1864 жылы қазақ даласында тұңғыш білім ордасын ашты. Әсіресе, бұл ретте де оған Ушинскийдің Ресейде әйелдерге білім беруде атқарған шараларының үлкен әсері тигендігі аңғарылды.

Ендігі кезекте Ыбырай оқушыларға білім беру және оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана тілі” үлгісімен орыс-қазақ бастауыш мектептері үшін жаңа оқулықтар жазуды көздеді.

Бұдан біз Ыбырайдың қазақ мектептері үшін оқулықтар жасауда Ушинскийден тікелей үйренгендігін аңғарамыз және де Ушинскийдің сол үлгісін, қазақ халқының тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзіне асырғандығы оның “Қазақ хрестоматиясынан” да айқын көрінеді. Осы сөзімізге Ы.Алтынсарин жазған “Қазақ мектептеріне орыс тілін үйретуге басшылық” деген екі оқу құралы да бұлтартпас дәлел.

Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” өмірге әкелуіне Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның “Балалар әлемінің” зор ықпалы болды.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының психологиялық негіздерін тұңғыш зерттеген Қазақстанның көрнекті педагог-ғалымы, әрі психологы, педагогика ғалымдарының тілінде ол бірінші болып, К.Д.Ушинскийдің орыс психологиясының тарихына қосқан зор еңбегін жан-жақты зерттеп, оған талдау жасады. Соның нәтижесінде ғалымның “Ушинскийдің психологиясы және педагогикалық психологиясы” атты монографиясы дүниеге келді. Бұл Ушинскийдің педагогикалық және психологиялық мұрасына арналған тұңғыш ғылыми-зерттеу еңбегі болды.Ұлы педагог К.Д.Ушинский жайында Т.Тажибаев: “Педагогика ғылымының саласында К.Д.Ушинскийді педагогикалық ойдың асқан алыптары Я.А.Клменский және Песталоццимен қатар қоюға болады. Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлері Ломоносов, Менделеев, Лобочевский, Павлов және басқалары қадірлі болса, Ушинский де сондай қадірлі”, — деп ерекше жоғары бағаланған болатынды.

Наши рекомендации